Водный кодекс Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
МАЗМҰНЫ Қазақстан Республикасының Су Кодексі
Бөлім 1. 1-БӨЛIМ. Жалпы ережелер
1-БӨЛIМ. Жалпы ережелер "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органға" деген сөздер тиiсiнше "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен", "жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға", Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы", "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына" деген сөздер тиiсiнше "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2007.01.09 № 213 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның", "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға" "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органмен", "уәкілетті органның", "уәкілетті органға" "уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.02.12 № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; "жануарлар мен өсімдіктер" деген сөздер "өсімдіктер мен жануарлар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; «жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі», «жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі» деген сөздер «жер қойнауын зерттеу жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның», «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органға» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға» және «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 1. 1-тарау. Негізгі ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
Бап 1. 1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) ағын су - ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;
Тармақша 2
2) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;
Тармақша 2-1
2-1) ауызсу – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;
Тармақша 3
3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;
Тармақша 3-1
3-1) ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (бұдан әрі – ауызсумен жабдықтау) – ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;
Тармақша 3-2
3-2) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі;
Тармақша 3-3
3-3) балық өсіру объектілері – техникалық персоналдың болуына және уылдырықты инкубациялау жабдықтарына және балық жіберу үшін балық шабақтарын өсіру жабдықтарына, балық өсіру шаруашылығын күзетуге, балық азықтарын, кәсіпшілік және кәсіпшілік емес құрал-сайман түрлерін, сондай-ақ тор қоршамаларды сақтауға арналған күрделі емес құрылысжайлар (мобильді кешен, бір шатыр астындағы немесе жеке тұрған контейнер тәріздес құрылыстар);
Тармақша 4
4) басқарудың бассейндік принципі - өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;
Тармақша 4-1
4-1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш гидротехникалық құрылыс;
Тармақша 4-2
4-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау – заңды тұлғаның бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындауға құқықтылығын уәкілетті орган ведомствосының ресми тануы;
Тармақша 4-3
4-3) бөгеттің қауіпсіздігі – бөгеттің апаттық бұзылудан қорғалу жай-күйі;
Тармақша 5
5) гидромелиорациялық жүйе - жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;
Тармақша 6
6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар - ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
Тармақша 6-1
6-1) гидромелиорациялық іс-шаралар – гидромелиорациялық жүйелер, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстар көмегімен топырақтың су режимін реттеу;
Тармақша 7
7) гидротехникалық құрылыстар - су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
Тармақша 7-1
7-1) елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі – су тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз етуге арналған су тарту құрылыстарын, су құбырын тазартқыш құрылыстарды, таза су резервуарларын, су құбырының сорғы стансалары мен желілерін біріктіретін, өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;
Тармақша 8
8) жағалау белдеуі - экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған су объектілері жағалауының бойындағы жағалау жиегінен ені жиырма метр құрлық белдеуі;
Тармақша 9
9) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;
Тармақша 9-1
9-1) жерасты сулары – жер қойнауындағы су шоғырланымдары;
Тармақша 10
10) жер асты суларының бассейні - жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы;
Тармақша 11
11) жер асты суларының көздері мен учаскелері - шегінде жер асты суларын шығару мен алу үшін қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердің бөліктері;
Тармақша 12
12) жер асты шаруашылық-ауыз сулары - өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және шаруашылық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары;
Тармақша 13
13) жер үсті су объектілері - шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;
Тармақша 13-1
13-1) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы – су бұру жүйесіне ағызылатын, су тұтынушының сарқынды суларында болатын зиянды заттардың жол берілетін шамасы;
Тармақша 13-2
13-2) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 13-3
13-3) көпфакторлы зерттеп-қарау – судың зиянды әсерінің алдын алу мақсатында гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықтың техникалық жай-күйін бағалау, көзбен қарап-тексеру әдісімен және инженерлік (геодезиялық, геофизикалық, геотехникалық, гидрографиялық және басқа да) зерттеулер кешенін жүргізу арқылы олардың элементтерінің қалған ресурсын айқындау;
Тармақша 14
14) қайтарымды сулар - суармалы аумақтардан ағатын жер асты және жер үсті сулары немесе өнеркәсіп орындары, тұрмыстық сумен жабдықтау құрылғылары және коммуналдық кәсіпорындар ағызатын сулар;
Тармақша 15
15) құбырлы сүзгіш құдық – су тұтқыш қабаттың үстіңгі бетінің біріншісіне бекітілетін бірқатар тесіктері бар құбыр кесіндісі;
Тармақша 16
16) мелиорацияланған жерлер - мелиорациялық (агроорман-мелиорациялық, агротехникалық, гидромелиорациялық, химиялық) іс-шаралар жүргізілген жерлер;
Тармақша 17
17) минералды жерасты сулары - өзінің құрамы және (немесе) кейбір ерекше компоненттерінің мөлшері бойынша оң бальнеологиялық әсер ететін жерасты сулары;
Тармақша 18
18) өзендерге теңестірілген каналдар - суды бір бассейннен екіншісіне, сондай-ақ бір өзен жүйесінен екіншісіне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар;
Тармақша 18-1
18-1) өнеркәсіптік жерасты сулары – құрамындағы пайдалы қазбаларды (сирек кездесетін элементтер, галогендер және басқалар) айырып алу үшін пайдаланылатын жерасты сулары;
Тармақша 19
19) өндірістік-техникалық жерасты сулары - өзінің сапасы мен физикалық қасиеттері бойынша өндірістік-техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары;
Тармақша 19-1
19-1) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;
Тармақша 20
20) санитарлық қорғау аймағы - су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатында белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылыстарының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ;
Тармақша 21
21) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;
Тармақша 21-1
21-1) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері – сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілерін қоса алғанда, химиялық реагенттерді қолданып немесе қолданбай, елді мекендердің сарқынды суларын механикалық және биологиялық тазарту құрылыстары;
Тармақша 21-2
21-2) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілері – жинағыш тоғандар, буландырғыш тоғандар, биологиялық тоғандар, сүзгі алқаптары, суару алқаптары;
Тармақша 21-3
21-3) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау – суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалауға және оларды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған іздестіру жұмыстарының кешені;
Тармақша 22
22) суару каналы - суару көздерінен суаруды қажет ететін учаскелерге су тасымалдауға арналған жасанды құрылыс;
Тармақша 23
23) су бұру - сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;
Тармақша 23-1
23-1) су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстары – су тұтынушының өзінің сарқынды суларын тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;
Тармақша 24
24) су бұру жүйесі - сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға бағытталған инженерлік желілер мен құрылыстардың кешені;
Тармақша 25
25) су бөлу орны - су пайдаланушы су көзінен су алатын орын, сондай-ақ, су пайдаланушы су тұтынушыға су ресурстарын беретін орындағы гидробекет;
Тармақша 25-1
25-1) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
Тармақша 25-2
25-2) суды коммерциялық есепке алу – сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шарт бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті су көлемін есепке алу;
Тармақша 26
26) су жинау алаңы - шекарасы шегінде су объектісінің су ресурстары қалыптастырылатын аумақ;
Тармақша 27
27) су жіберу - ағын судың төменгі учаскесіндегі су шығынын немесе деңгейін немесе су қоймасының өзіндегі судың деңгейін реттеу үшін су қоймасынан суды кезең-кезеңмен немесе мезгіл деп беру;
Тармақша 28
28) су қорғау аймағы – судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметтің арнайы режимі белгіленетін су объектілеріне іргелес аумақ;
Тармақша 29
29) су қорғау белдеуі - шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленетін, су объектісіне іргелес жатқан су қорғау аймағы шегіндегі ені кемінде отыз бес метр аумақ;
Тармақша 30
30) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 31
31) су қорының жерлері: су объектілері (өзендер және соларға теңестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар, мұздықтар, батпақтар) және су көздеріндегі ағысты реттеуге арналған су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер; су объектілерінің су қорғау белдеулеріне бөлініп берілген жерлер; ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер;
Тармақша 31-1
31-1) су құбырын енгізу – қосылу нүктесіндегі бекіту арматурасы бар құдықты қоса алғанда, сумен жабдықтаудың тарату желісінен ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі құбыржол;
Тармақша 32
32) сулар - су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;
Тармақша 33
33) сулардың зиянды әсері - су тасу, су басу, топан су басу мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына немесе олардың пайда болуы қатеріне негіз болған сулардың өзге де теріс әсер етуі;
Тармақша 34
34) сулы-батпақты алқап - батпақты, фенді, шымтезекті пайдаланатын жерлер ауданы немесе тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңіз акваторияларын қоса алғанда, табиғи немесе жасанды, тұрақты немесе уақытша, ағынсыз немесе ағынды, тұщы, тұздылау немесе тұзды су қоймалары;
Тармақша 35
35) сумен жабдықтау - суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 36
36) сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелері - басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы бар және уәкілетті орган сумен жабдықтаудың ерекше маңызды жүйелерінің санаттарына жатқызған ауыз сумен жабдықтаудың топтық және оқшау жүйелері;
Тармақша 36-1
36-1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;
Тармақша 37
37) сумен жабдықтау жүйесі - суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
Тармақша 38
38) су объектілерін қорғау - су объектілерін сақтауға, қалпына келтіруге және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсеріне жол бермеуге бағытталған қызмет;
Тармақша 39
39) су объектілерін пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су объектілерінің пайдалы табиғи қасиеттерін алу;
Тармақша 40
40) су объектісінің бассейні - гидравликалық жағынан байланысты су айдындары мен ағын сулардың су жинау алаңдарын қамтитын аумақ;
Тармақша 41
41) су пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;
Тармақша 42
42) су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 43
43) су режимі - су объектілері мен топырақ қабатындағы су деңгейінің, шығыстары мен көлемінің уақытқа қарай өзгеруі;
Тармақша 43-1
43-1) су сапасының нормативтері – жерүсті су объектілері жай-күйінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін сақталуға тиіс судың шекті гидрохимиялық, микробиологиялық, физикалық сипаттамаларының сандық көрсеткіштері;
Тармақша 44
44) су сервитуты - су объектісін шектеулі пайдалану құқығы;
Тармақша 45
45) су тарту құрылысы - су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;
Тармақша 46
46) су торабы - бір тұстамада орналасқан әртүрлі мақсаттағы технологиялық байланысқан гидротехникалық құрылыстар тобы;
Тармақша 46-1
46-1) су тұтынудың немесе су бұрудың үлестік нормасы – жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы кезінде өндірілетін өнімнің бір бірлігіне (орындалатын жұмыстың белгілі бір көлеміне) тұтынылатын немесе бөлінетін сарқынды судың белгіленген мөлшері;
Тармақша 46-2
46-2) су тұтынудың немесе су бұрудың ірілендірілген нормасы – экономика салалары үшін су тұтынудың немесе су бұрудың үлестік нормасы;
Тармақша 47
47) су тұтынушы - су объектілерінен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерінен су алушы жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 48
48) су үнемдеу - су ресурстарының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;
Тармақша 49
49) су шаруашылығы - су объектілерін пайдалануға, қорғауға және ұдайы молайтуға байланысты экономика саласы;
Тармақша 50
50) су шаруашылығы жүйесі - өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;
Тармақша 51
51) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі - су шаруашылығы жүйелері, құрылыстары элементтерінің адамдардың өмірін, денсаулығын және заңды мүдделерін, қоршаған табиғи орта мен шаруашылық объектілерін қорғауды қамтамасыз ететін өзіндік ерекшеліктері;
Тармақша 52
52) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету - су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары авариялары туындауының алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
Тармақша 53
53) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдері - су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары аварияларының туындау қатерінің жол берілетін деңгейіне сәйкес келетін су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары жай-күйінің техникалық көрсеткіштерінің және оларды пайдалану шарттарының шекті мәні;
Тармақша 54
54) су шаруашылығы құрылыстары - су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, су бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатында жасанды түрде құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;
Тармақша 55
55) су шаруашылығы ұйымдары - қызметі суларды реттеумен, жеткізумен, ұдайы молайтумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен және су объектілерін пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар;
Тармақша 56
56) тау-кен жыныстарының су тұтқыш аймақтары, жиектері мен кешендері - тау-кен жыныстарының жарықтары мен кеуек қуыстарында жинақталған және гидравликалық байланыстағы сулар;
Тармақша 56-1
56-1) термалды сулар – температурасы 20 °С-тан жоғары жерасты сулары;
Тармақша 57
57) трансшекаралық әсер - табиғи көзі шектес мемлекеттің немесе көршілес мемлекеттердің аумағында толық немесе ішінара орналасқан трансшекаралық сулардың адамның қызметінен туындайтын сандық немесе сапалық жағынан өзгеруі нәтижесінде пайда болатын зиянды зардаптар;
Тармақша 57-1
Тармақша 58
58) тұстама - су торабының құрылыстары орналасқан өзен учаскесі;
Тармақша 59
59) шахта құдығы – су тұтқыш қабаттың үстіңгі бетінің біріншісінен жерасты суларын тарту үшін; сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетінен атмосфералық және жерүсті суларын бұру мақсатында құрылған, тереңдігі көлденең кесігінен үлкенірек тік тау-кен қазындысы;
Тармақша 60
60) шегендеу құрылысы - табиғи жолмен шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының су заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының су заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының су заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi
3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және қолдау болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi:
Тармақша 1
1) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу;
Тармақша 2
2) су қатынастарын, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастарды реттеу;
Тармақша 3
3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;
Тармақша 5
5) су ресурстарын зерттеу, барлау, ұтымды және кешенді пайдалану мен қорғау, гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстары саласындағы қатынастарды басқару;
Тармақша 6
6) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындау;
Тармақша 7
7) халықты және шаруашылық объектілерін су шаруашылығы құрылыстарындағы төтенше жағдайлардан және олардың зардаптарынан қорғау.
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасының су қоры
4-бап. Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды.
Бап 5. 5-бап. Су объектілері
5-бап. Су объектілері Қазақстан Республикасының су объектілеріне шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық беті рельефтеріндегі және жер қойнауындағы су шоғырланымдары жатады. Олар: теңіздер, өзендер, оларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жерүсті және жерасты су объектілері болып табылады.
Бап 6. 6-бап. Су ресурстары
6-бап. Су ресурстары Қазақстан Республикасының су ресурстары су объектiлерiнде жиналған, пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер үстi және жер асты суларының қорлары болып табылады.
Бап 7. 7-бап. Су қорының жерлерi
7-бап. Су қорының жерлерi
Тармақ 1
1. Су қорының жері Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.
Тармақ 2
2. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cyapу және сорғыту жүйелерi) орналасқан су қорының құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер учаскесiне қызмет көрсететiн ирригациялық құрылғылар, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, азаматтардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында аталған екi немесе одан көп жер учаскелерiн меншiктенушiлерге немесе жер пайдаланушыларға қызмет көрсететiн жер учаскелерi оларға ортақ меншiк немесе жалпы жер пайдалану құқығымен табысталады.
Тармақ 4
4. Су қорының жерiн меншiкке немесе жер пайдалануға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен реттеледi.
Бап 8. 8-бап. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы
8-бап. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының су қорына меншік құқығын Қазақстан халқының мүддесі үшін тек қана мемлекет жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан халқының мүддесі үшін су қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Су объектiлерiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Бап 9. 9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi
9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:
Тармақша 1
1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттiк маңызын мойындау;
Тармақша 2
2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткiзуi;
Тармақша 4
4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану;
Тармақша 5
5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану;
Тармақша 6
6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы;
Тармақша 9
9) су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
Тармақша 11
11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану;
Тармақша 12
12) жобалау және құрылыс кезінде сумен жабдықтаудың және су бұрудың ажырамастығы мен өзара байланыстылығы;
Тармақша 13
13) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерінің ақылы болуы.
Бап 10. 10-бап. Қазақстан Республикасының су және өзге де заңдарымен реттелетiн су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастар
10-бап. Қазақстан Республикасының су және өзге де заңдарымен реттелетiн су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының су заңнамасы су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы жүйелерiн басқару, сумен жабдықтау және су бұру, бөгеттердің қауіпсіздігі, гидромелиорациялық жұмыстарды жүргiзу саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейдi.
Тармақ 2
2. Су объектiлерiн пайдалану мен қорғау кезiнде туындайтын жерге, орманға, өсiмдiк пен жануарлар дүниесiне қатысты қатынастар арнайы заңдармен және осы Кодекспен реттеледi.
Тармақ 3
3. Су объектiлерiнiң экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен табиғи су экологиялық жүйелерiне шаруашылық және өзге де қызметтiң зиянды әсерiн болғызбау кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасымен, сондай-ақ осы Кодекспен реттеледi.
Тармақ 4
4. Жepасты суларын мемлекеттік геологиялық зерттеу және барлау, жерасты құрылысжайларын судың зиянды әсерінен қорғау саласындағы қатынастар тиісінше «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасымен реттеледi.
Тармақ 5
5. Бөгеттердің қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді қоспағанда, су объектiлерiндегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасымен реттеледi.
Тармақ 6
6. Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi.
Тармақ 7
7. Теңiз суларын пайдалану саласындағы қатынастар осы Кодекспен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
Тармақ 8
8. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауға байланысты қатынастар осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
Тарау 2. 2-тарау. Су қатынастары объектілері
2-тарау. Су қатынастары объектілері
Бап 11. 11-бап. Су қатынастары объектiлерi
11-бап. Су қатынастары объектiлерi
Тармақ 1
1. Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Су объектiлерi:
Тармақша 1
1) жер үстi су объектiлерi;
Тармақша 2
2) жер асты су объектiлерi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары;
Тармақша 4
4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi.
Тармақ 3
3. Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi:
Тармақша 1
1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi;
Тармақша 2
2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi;
Тармақша 3
3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi;
Тармақша 4
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi;
Тармақша 5
5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi;
Тармақша 6
6) мемлекеттік орман қорының су объектілері болып бөлінеді.
Бап 12. 12-бап. Жер үстi су объектiлерi
12-бап. Жер үстi су объектiлерi
Тармақ 1
1. Жер үстi су объектiлерi:
Тармақша 1
1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;
Тармақша 2
2) мұздықтар, батпақтар болып бөлiнедi.
Тармақ 2
2. Жер үстi су объектiлерi жер үстi суларынан, олардың түбiнен және жағалауынан тұрады.
Бап 13. 13-бап. Жерасты су объектілері
13-бап. Жерасты су объектілері Жерасты су объектілеріне:
Тармақша 1
1) жерасты сулары бассейні;
Тармақша 2
2) жерасты суларының орындары мен учаскелері;
Тармақша 3
3) су тұтқыш қабаттар және кешендер;
Тармақша 4
4) жерасты суларының құрлықта табиғи шығуы (бұлақтар) жатады.
Бап 14. 14-бап. Теңiз сулары
14-бап. Теңiз сулары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының теңiз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы шегiндегi Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары жатады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді).
Бап 15. 15-бап. Трансшекаралық сулар
15-бап. Трансшекаралық сулар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын белгiлейтiн және (немесе) қиып өтетiн жер үстi және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады.
Тармақ 2
2. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара туралы заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленедi.
Бап 16. 16-бап. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi
16-бап. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады.
Тармақ 2
2. Су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн пайдалануды шектеуге жол берiледi.
Бап 17. 17-бап. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi
17-бап. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi
Тармақ 1
1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланған кезде ағын судың төменгi жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.
Тармақ 3
3. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделерді ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бiр-бiрiне зиян келтiрмеуге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бередi.
Тармақ 5
5. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Бап 18. 18-бап. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi
18-бап. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi
Тармақ 1
1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен ортақ пайдаланудағы су объектiлерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Бап 19. 19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi
19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi Ерекше қорғалатын су объектiлерiн құру тәртiбi, қорғау және пайдалану режимi, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi.
Бап 19-1. 19-1-бап. Мемлекеттік орман қорының су объектілері
19-1-бап. Мемлекеттік орман қорының су объектілері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік орман қорының су объектілерін құру тәртібі, күзету режимі, сондай-ақ олардағы қызмет шарттары Қазақстан Республикасының су және орман заңнамасында белгіленеді.
Тармақ 2
2. Су объектілеріне іргелес мемлекеттік орман қоры аумақтарын күзету режимі Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес су объектілерін санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде сақтап тұруды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау үшін белгіленеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орман қорының су объектілерін пайдалануға беру осы Кодеске сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 20. 20-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi
20-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi
Тармақ 1
1. Қоршаған орта мен аймақ экономикасына басым ықпал ететiн және шаруашылық қызметтi реттеудiң ерекше құқықтық режимiн талап ететiн жаратылысы табиғи су объектiлерi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi деп танылады.
Тармақ 2
2. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң тiзбесiн және олардағы шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Бап 21. 21-бап. Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң айналымдық қабiлетi
21-бап. Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң айналымдық қабiлетi Осы Кодекстiң 7-бабының 2-тармағында аталған жерлердi қоспағанда, су объектiлерiнiң, су қоры жерлерiнiң айналымына, сондай-ақ олар орналасқан су объектiлерi мен жерлердiң иелiктен шығарылуына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болатын сатып алуға, сатуға, кепiлге беруге және басқа да мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.
Бөлім 2. 2-Бөлім. Су объектілерін пайдалану құқығы. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар
2-Бөлім. Су объектілерін пайдалану құқығы. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар
Тарау 3. 3-тарау. Су объектілерін пайдалану құқығы
3-тарау. Су объектілерін пайдалану құқығы
Бап 22. 22-бап. Су объектiлерiн пайдалану құқығы
22-бап. Су объектiлерiн пайдалану құқығы
Тармақ 1
1. Жеке және заңды тұлғаларға су объектілерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген арнайы, оқшау немесе бірлесіп пайдалану тәртібімен беріледі.
Тармақ 2
2. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi:
Тармақша 1
1) қысқа мерзiмдi пайдалану;
Тармақша 2
2) ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады.
Тармақ 3
3. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.
Тармақ 4
4. Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды.
Бап 23. 23-бап. Су сервитуты
23-бап. Су сервитуты
Тармақ 1
1. Су объектiлерiне су сервитуты қауымдық және жеке су сервитуттары нысандарында болады.
Тармақ 2
2. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн әркiм пайдалана алады, бұл жағдайда қауымдық су сервитуты су объектiсiн пайдалану құқығының ажырамас бөлiгi болып табылады.
Тармақ 3
3. Ортақ пайдаланудағы су объектiсi болып табылмайтын су объектiсiне қауымдық су сервитуты Қазақстан Республикасы заңдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы актiсiнiң немесе оны пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлғалардың су объектісiн пайдалану тәртiбiн жариялауы негiзiнде туындауы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Су объектiсiн ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы өзге де мүдделi тұлғалардың пайдасына (жеке су сервитуты) шектелуi мүмкiн.
Тармақ 5
5. Жеке су сервитуты қауымдық су сервитуты сияқты негіздерде белгiленедi, сондай-ақ сот шешiмiнiң негiзiнде де белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 6
6. Қауымдық және жеке су сервитуттары:
Тармақша 1
1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;
Тармақша 2
2) суат және мал айдау, балық шаруашылығын жүргізу;
Тармақша 3
3) су объектiлерiн сал, қайық және басқа да шағын көлемдi кемелер үшiн су жолдары ретiнде пайдалану мақсаттарында белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 7
7. Су сервитуттарын жүзеге асыру үшiн арнайы су пайдалануға рұқсат алу талап етiлмейдi.
Тарау 4. 4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар
4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар
Бап 24. 24-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы
24-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы
Тармақ 1
1. Су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк не жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Жеке меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға, иемденуге және оларға билiк етуге байланысты қатынастар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.
Бап 25. 25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары
25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары
Тармақ 1
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк меншiкте болады және жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлмейді және иеліктен шығарылуға жатпайды.
Тармақ 2
2. Қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, су құбырын тазартқыш құрылыстар мемлекеттік меншікте болады, иеліктен шығарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
Тармақ 3
3. Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бап 26. 26-бап. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары
26-бап. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiледi. Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлуi және жекешелендiрiлуi мүмкiн.
Бап 27. 27-бап. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары
27-бап. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары
Тармақ 1
1. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi және ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары, атап айтқанда, қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін, коммуналдық меншіктегі су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, су құбырын тазартқыш құрылыстар мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi, иеліктен шығарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.
Бап 28. 28-бап. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы
28-бап. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы
Тармақ 1
1. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерi республикалық, коммуналдық меншiкте, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттiк ұйымдар жүзеге асырады. Коммуналдық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттiк және өзге де ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Ауыз сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерi тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кiруi мүмкiн.
Бап 29. 29-бап. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары
29-бап. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша осы құрылыстарға қызмет көрсететiн су пайдаланушыларға немесе олардың бiрлестiктерiне жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi, сондай-ақ сатылуы немесе өтеусiз берiлуi мүмкiн.
Бап 30. 30-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқару
30-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқару
Тармақ 1
1. Ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және республиканың немесе аймақтың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар жекелеген су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша осы құрылыстарға қатысты уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқаруды енгiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Бап 31. 31-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
31-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
Тармақ 1
1. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтар Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарына сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Тармақ 2
2. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттiк тiркеу құрылысқа уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы паспорты болған жағдайда жүргiзiледi.
Бап 32. 32-бап. Су шаруашылығы құрылыстары меншiк иелерінің жауапкершiлiгi
32-бап. Су шаруашылығы құрылыстары меншiк иелерінің жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Су шаруашылығы құрылыстарының меншiк иелері су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимінің, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуы үшiн жауапты болады.
Тармақ 2
2. Меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар жүзеге асырады.
Бөлім 3. 3-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу
3-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу
Тарау 5. 5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару
5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару
Бап 33. 33-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқару
33-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқару
Тармақ 1
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметі, уәкiлеттi орган, уәкілетті органның ведомствосы, коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгiленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi:
Тармақша 1
1) мемлекетаралық;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк;
Тармақша 3
3) бассейндiк;
Тармақша 4
4) аумақтық.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк органдар су қорын ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкін.
Бап 34. 34-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi
34-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару:
Тармақша 1
1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;
Тармақша 2
2) тұрақты су пайдалану - суды ұқыпты, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру;
Тармақша 3
3) су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау;
Тармақша 4
4) бассейндiк басқару;
Тармақша 5
5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi.
Бап 35. 35-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi
35-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) экономика салаларын сумен қамтамасыз етудi, елді мекендерді сумен жабдықтаудың және су бұрудың жай-күйін талдау және бағалау, кемшiлiктердi анықтау және оларды жою жөнiндегi шараларды айқындау;
Тармақша 2
2) су ресурстарының қолда бар көлемiн, олардың сапасын және оларды пайдалану құқықтарының болуын айқындау;
Тармақша 3
3) сумен жабдықтау, су бұру және су қорғау саласындағы технологияларды жетілдірудің, оның ішінде климаттың өзгеруіне бейімделу мақсаттарында жетілдірудің негізгі бағыттарын әзірлеу;
Тармақша 4
4) қолда бар су ресурстарының көлемiн ұлғайту және су тапшылығын жабу үшiн оларды ұтымды қайта бөлу жөнiндегi iс-шаралардың болжамы және оларды ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) жылдың сулылығына қарай суға қажеттiлiктi қанағаттандыру басымдығы бойынша су ресурстарын бөлiп су пайдалану құрылымын белгiлеу;
Тармақша 6
6) ғылыми негiзделген нормативтер негiзiнде су пайдалану мен қайтарымды суларды ағызуды лимиттеу;
Тармақша 7
7) экологиялық талаптарды жоспарлау және сақтау;
Тармақша 8
8) су объектiлерiнiң сандық және сапалық жай-күйi мен су пайдалану режимiн бақылау;
Тармақша 9
9) мемлекеттiк меншiктегi су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын тиiмдi басқару;
Тармақша 10
10) су шаруашылығы қызметтерiн көрсету рыногын дамыту;
Тармақша 11
11) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласында шекаралас мемлекеттермен бiрлесiп басқару;
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 13
13) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 14
14) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының жай-күйін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылау;
Тармақша 15
15) сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтық қатынастарға қатысушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) су тұтынушылардың және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың құқықтарының, міндеттері мен мүдделерінің теңгерімділігі;
Тармақша 17
17) энергия үнемдеу және су үнемдеу технологияларын енгізу және басымдықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 18
18) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауды және дамытуды, сумен жабдықтау және су бұру саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді, жобалауды мемлекеттік қолдау.
Тарау 6. 6-тарау. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыреті
6-тарау. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыреті
Бап 36. 36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Қазақстан Республикасының Yкiметi:
Тармақша 1
1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
Тармақша 1-1
1-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 1-2
1-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 2
2) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 8-1
8-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 10
10) алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді);
Тармақша 11
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;
Тармақша 12-1
12-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 12-2
12-2) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын бекітеді;
Тармақша 13
13) алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді);
Тармақша 14
14) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 15
15) алып тасталды - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 15-1
15-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 16
16) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 19-1
19-1) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 19-2
19-2) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 19-3
19-3) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 20
20) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 20-1
20-1) алып тасталды - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 20-2
Тармақша 21
Бап 37. 37-бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының құзыреті
37-бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының құзыреті
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 1-1
1-1) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 1-2
1-2) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізеді;
Тармақша 1-3
1-3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындайды;
Тармақша 1-4
1-4) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 1-5
1-5) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 3
3) негiзгi өзендердiң бассейндерi мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектiлерi бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлейдi;
Тармақша 3-1
3-1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3-2
3-2) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3-3
3-3) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3-4
3-4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 4
4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4-1
4-1) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4-2
4-2) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;
Тармақша 4-3
4-3) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) ортақ су пайдаланудың үлгiлік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5-1
5-1) алынып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 6
6) алынып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 6-1
6-1) арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) деңгейiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi;
Тармақша 7-1
7-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер есебінің әдістемесін бекітеді;
Тармақша 7-2
7-2) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 7-3
7-3) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
Тармақша 7-4
7-4) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде берудің тәртібін айқындайды;
Тармақша 7-5
7-5) су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7-6
7-6) аумақтық суларда жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7-7
7-7) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
Тармақша 7-8
7-8) судың бастапқы есебінің қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
Тармақша 7-9
7-9) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7-10
7-10) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 8
8) алынып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 9
9) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді);
Тармақша 11
11) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды, суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуді жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) су объектiлерi деректерiнiң ақпараттық базасын құрады және оған барлық мүдделi адамдардың қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 13
13) су объектiлерiн және ауыз сумен жабдықтау көздерiн пайдалану режимiн бекітеді;
Тармақша 13-1
13-1) су шаруашылығы, гидромелиорациялық жүйелер мен құрылысжайларды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 14
14) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, iзденiс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 15
15) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 16
16) республикалық меншiктегi су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
Тармақша 18
18) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және iске асырады;
Тармақша 19
19) алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді);
Тармақша 20
20) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 20-1
20-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;
Тармақша 21
21) су қатынастарын реттеу, трансшекаралық су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шектес мемлекеттермен ынтымақтастық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
Тармақша 23
23) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын әзірлейді;
Тармақша 23-1
23-1) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлейдi және бекітеді;
Тармақша 24
24) алынып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 25
25) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 26
26) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 27
27) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарының паспорттарын жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді;
Тармақша 28
28) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақша 28-1
28-1) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 28-2
28-2) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 28-3
28-3) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 28-4
28-4) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 28-5
28-5) гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықты көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 28-6
28-6) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің каналдар арқылы су беру және тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағынды суды реттеу жөнінде қызметтер көрсету бөлігіндегі қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 28-7
28-7) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекет кепілдігімен тартылған қарыздар бойынша өтеу, оларға қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидия беру және субсидия төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 28-7
28-7) мынадай: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын; суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 28-8
28-8) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізу және оны бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 28-9
28-9) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізуді және оны бағалауды ұйымдастырады;
Тармақша 29
29) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Уәкілетті органның ведомствосы өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 1-1
1-1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық органдары су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бекiтiлген бас бассейндік схемаларына сәйкес су ресурстарын басқарудың бассейндiк қағидатын іске асыруға қатысады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардың өз құзыреті шегінде қабылдаған шешімдері барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Бап 37-1. 37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті
37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 1-1
1-1) елді мекендер шегінде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
Тармақша 6
6) елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
Тармақша 7
7) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
Тармақша 8
8) есепке алу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық көрсетілетін қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
Тармақша 8-1
8-1) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 8-2
8-2) қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн әзiрлейдi және бекітеді;
Тармақша 8-3
8-3) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8-4
8-4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8-5
8-5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8-6
8-6) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 8-7
8-7) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендердегі қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 8-8
8-8) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендердегі қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 8-9
8-9) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 9
9) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 38. 38-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi
38-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:
Тармақша 1
1) үлгi ережелердiң негiзiнде аймақтық жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді);
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4
4) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға беру және алып қою тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 5
5) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiтеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Облыстардың жергілікті өкілді органдары тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекітеді.
Бап 39. 39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi
39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 1-1
1-1) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді;
Тармақша 1-2
1-2) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсу бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi;
Тармақша 2-1
2-1) су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен келісу бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілейді;
Тармақша 3
3) конкурстық негізде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді;
Тармақша 4
4) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 5
5) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5-1
5-1) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізеді;
Тармақша 5-2
5-2) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындайды;
Тармақша 5-3
5-3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
Тармақша 5-4
5-4) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 7-1
7-1) тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;
Тармақша 7-2
7-2) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейді;
Тармақша 10
10) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;
Тармақша 10-1
10-1) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендердегі қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялауды коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;
Тармақша 11
Тармақша 12
12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін әзірлейді және облыстардың жергілікті өкілді органдарына бекітуге ұсынады;
Тармақша 3
3) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;
Тармақша 4
4) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде бекіту туралы ақпарат береді.
Бап 39-1. 39-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреті
39-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреті Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағы шегінде орналасқан су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде береді.
Тарау 7. 7-тарау. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар
7-тарау. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар
Бап 40. 40-бап. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияның міндеттері мен функциялары
40-бап. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияның міндеттері мен функциялары
Тармақ 1
1. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (бұдан әрі – бассейндік инспекциялар) – уәкілетті орган ведомствосының облыстарда бөлімдері бар, негізгі міндеті тиісті бассейн аумағында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылатын (екі және одан көп облыстың аумағында қызметі жүзеге асырылатын және өкілеттіктері қолданылатын) аумақтық бөлімшелері.
Тармақ 2
2. Бассейндік инспекциялар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;
Тармақша 2
2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткiзу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
Тармақша 3
3) тиiстi бассейн шегiнде су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындау және iске асыру;
Тармақша 4
4) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингін жүргізу;
Тармақша 6
6) осы Кодексте белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру, оны ұзарту және қайта ресімдеу, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтату;
Тармақша 6-1
6-1) салық органына ұсынғанға дейін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растау;
Тармақша 7
7) мыналарды: тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын; судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды; су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын; су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөнiндегi жарылыс жұмыстарын, кабельдер, труба құбырларын және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды; су пайдаланушылардың су объектiлерiн сақтау, олардың жай-күйiн жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарларын; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде айқындалатын мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келісу;
Тармақша 8
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы салдарынан туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысу;
Тармақша 9
9) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлінісінде су пайдалану лимиттерін белгілеу;
Тармақша 9-1
9-1) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
Тармақша 10
Тармақша 11
11) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 11-1
11-1) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;
Тармақша 13
13) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;
Тармақша 14
14) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;
Тармақша 15
15) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;
Тармақша 16
16) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының су заңдары бұзылған жағдайда мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз беру;
Тармақша 19
19) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;
Тармақша 20
20) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 21
21) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;
Тармақша 22
22) алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді);
Тармақша 23
23) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалайды;
Тармақша 24
24) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу.
Тармақша 25
25) тіркеу шифрларын беру үшін бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді.
Бап 41. 41-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысуы
41-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысуы
Бап 42. 42-бап. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдер
42-бап. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдер
Тармақ 1
1. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдер (бұдан әрi - бассейндiк келiсiмдер) бассейндік инспекциялардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының және су объектiсi бассейнiнiң шегiнде орналасқан басқа да субъектiлердiң арасында олардың қызметiн бiрiктiру және үйлестiру, сондай-ақ су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды iске асыру мақсатында жасалады.
Тармақ 2
2. Бассейндiк келiсiмдерде тараптардың орындау мерзiмi көрсетiлiп, нақты су қорғау iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi күштер мен құралдарды кооперациялау жөнiндегi мiндеттемелер болады.
Тармақ 3
3. Бассейндiк келiсiмдердi дайындау су шаруашылығы баланстары, су объектiлерiн кешендi пайдалану және қорғау схемалары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, ғылыми және жобалық әзiрлемелер негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Бассейндiк келiсiмдердiң мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттармен және тәртiппен, қаражаты су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға арналған қорлар құруы мүмкін.
Бап 43. 43-бап. Бассейндiк кеңес
43-бап. Бассейндiк кеңес
Тармақ 1
1. Бассейндiк кеңес тиісті бассейн шегінде құрылатын консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Тиiстi бассейндік инспекцияның басшысы басқаратын бассейндiк кеңес облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының басшыларынан, мемлекеттiк органдардың аумақтық органдарының басшыларынан және су пайдаланушылардың өкiлдерiнен тұрады. Бассейндiк кеңестiң құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң және олардың қауымдастықтарының өкiлдерi де кiруi мүмкiн. Бассейндiк кеңестiң жұмысын ұйымдастыру бассейндік инспекцияға жүктеледi.
Тармақ 3
3. Бассейндiк кеңес су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы көкейкестi мәселелердi қарайды, бассейндiк келiсiмге қатысушылар үшiн ұсыныстар мен ұсынымдар енгізеді.
Тарау 8. 8-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік жоспарлау
8-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік жоспарлау
Бап 44. 44-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың мiндеттерi
44-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың мiндеттерi
Тармақ 1
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк жоспарлаудың мiндеттерi: халықтың ауыз су мен шаруашылық қажеттерiнiң бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негiзделген түрде бөлудi қамтамасыз ету; сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк жоспарлау үшiн су шаруашылығы баланстары, суларды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары жасалады, сондай-ақ өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.
Бап 45. 45-бап. Су шаруашылығы баланстары
45-бап. Су шаруашылығы баланстары
Тармақ 1
1. Су шаруашылығы баланстары су объектiлерiнiң бассейндерi, экономикалық аудандар және тұтас республика бойынша су ресурстарының болуын және оларды пайдалану мүмкiндiгiн бағалауға арналған.
Тармақ 2
2. Негiзгi өзендердiң бассейндерiне арналған және тұтас республика бойынша су шаруашылығы баланстары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi.
Тармақ 3
3. Су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бап 46. 46-бап. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары
46-бап. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары
Тармақ 1
1. Cу ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары су ресурстарын ықпалдасып басқару мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау мақсатында әзiрленедi.
Тармақ 2
2. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын уәкілетті органның ведомствосы мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен ғылыми және мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып әзiрлейдi.
Тармақ 3
3. Кешендi схемаларда көзделетiн iс-шаралар:
Тармақша 1
1) өндiрiс технологиясын жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын ұтымды әрi үнемдi пайдалануға;
Тармақша 2
2) суы аз және сусыз процестердi қолдануға;
Тармақша 3
3) суару жүйелерiнде және сумен жабдықтау жүйелерiнде су ресурстарының қайтарымсыз ысырабын азайтуға;
Тармақша 4
4) су ресурстарын реттеу, өзен ағындысын бассейнаралық қайта бөлу, тазартылмаған ағынды сулар ағызу көлемiн азайту есебiнен жергiлiктi су ресурстарын мүмкiндiгiнше барынша пайдалануға;
Тармақша 5
5) қалаларды, елдi мекендердi, ауыл шаруашылығы алқаптары мен басқа да объектiлердi су басуының және топан су басуының алдын алуға бағытталуға тиiс.
Тармақ 4
4. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
Бап 47. 47-бап. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы
47-бап. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы
Тармақ 1
1. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемалары құрамында су объектiлерiне экологиялық жағынан жол берiлетiн деңгейде су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.
Тармақ 2
2. Су ресурстарын өндiргiш күштер мен экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында пайдалану және қорғау болжамын орталық атқарушы органдар әзiрлейдi.
Тармақ 3
3. Орталық атқарушы органдар әзiрлеген өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдары су ресурстарын пайдаланудың жол берiлетiн деңгейi нысанасында уәкiлеттi органда келiсуден өтедi.
Тарау 9. 9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау мен сараптама
9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау мен сараптама
Бап 48. 48-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi
48-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi
Тармақ 1
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi: шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау; су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган ведомствосының және бассейндік инспекциялардың мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi басты мiндеттерi:
Тармақша 1
1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын барлық министрлiктермен, агенттiктермен, ведомстволармен өзара iс-қимыл жасауды және қызметiн үйлестiрудi;
Тармақша 2
2) шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен судың жай-күйiн және өзгеруiн қадағалауды, сондай-ақ су қорғау iс-шараларының орындалуын тексерудi;
Тармақша 3
3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгiленген тәртiбiн;
Тармақша 4
4) суларды қорғау жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын;
Тармақша 5
5) су объектiлерiне зиянды әсер етудiң алдын алуды және жоюды;
Тармақша 6
6) барлық жеке және заңды тұлғалардың, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік критерийлерін сақтауын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 4
4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Осы Кодексте реттелмеген бөлігінде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық бақылау субъектілері «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
Бап 49. 49-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
49-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
Тармақ 1
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы;
Тармақша 3
3) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi орган;
Тармақша 4
4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 5
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;
Тармақша 6
6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;
Тармақша 7
7) фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
Тармақша 8
8) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi органның ведомствосы мемлекеттiк органдардың су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiредi.
Тармақ 3
3. Уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар:
Тармақша 1
1) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуын;
Тармақша 2
2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдердiң шарттары мен талаптарының орындалуын;
Тармақша 3
3) су тұтыну және су бұру лимиттерінің сақталуын;
Тармақша 4
4) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын;
Тармақша 5
5) су объектiлерiнен алынатын және оларға ағызылатын су мөлшерiнің бастапқы есебін жүргiзудiң дұрыстығын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын;
Тармақша 6
6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауын;
Тармақша 7
7) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
Тармақша 8
Тармақша 9
9) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiн;
Тармақша 10
10) су объектілерін өз бетімен пайдалануға жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады.
Тармақша 11
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау, ветеринария, өсімдіктер карантині саласындағы уәкiлеттi органдар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық cаламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және жергiлiктi атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) су қорының сапалық және сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды;
Тармақша 4
4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;
Тармақша 5
5) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiне тыйым салу туралы белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.
Бап 49-1. 49-1-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырудың және жүргiзудiң тәртiбi
49-1-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырудың және жүргiзудiң тәртiбi
Бап 49-2. 49-2-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау
49-2-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау
Бап 49-3. 49-3-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылаудың мерзiмдерi мен кезеңдiлiгi
49-3-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылаудың мерзiмдерi мен кезеңдiлiгi
Бап 50. 50-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
50-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
Тармақ 1
1. Осы Кодекске сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары, Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары және Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары; тиiстi бассейннiң су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлар және олардың орынбасарлары, тиiстi бассейннің су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлары және мемлекеттiк инспекторлары.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 2007.07.27. N 315 Заңымен.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдар cу қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен белгiленген үлгiдегi тиiстi қызметтiк куәлiкпен не сәйкестендіру картасымен, омырауға тағатын белгімен, техникалық құралдармен қамтамасыз етiледi.
Бап 51. 51-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
51-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
Тармақ 1
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес осы Кодекс, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері талаптарының сақталуын тексеруді жүзеге асыруға, мемлекеттiк органдарға, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы су заңнамасының нормаларын орындау туралы олар үшiн мiндеттi талаптар қоюға, су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiнде айқындалған көлемдерде коллекторлық-сорғытылған және сарқынды суларды ағызудың жол берiлетiн шектi нормаларын сақтау жөнiндегі тиiстi іс-шараларды жүргiзуге және су ресурстары мен сарқынды сулардың сапасына зертханалық бақылауды ұйымдастыруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) мемлекеттік бақылау жүргізу үшін ұйымдарға және өзге де объектiлерге баруға, су ресурстарын пайдаланудың жай-күйiн бақылауды жүзеге асыруға, су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғау ережелерiнiң анықталған заң бұзушылықтарын жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар беруге құқығы бар. Су объектiлерiнде өз бетiмен су алу, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы кезiнде су пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 3-1
3-1) су пайдаланудың белгіленген лимиттерінің, тіреуіш гидротехникалық құрылысжайлар режимінің, тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалану және су шаруашылығы, гидромелиорациялық жүйелер мен құрылысжайларды пайдалану, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын пайдалану қағидаларының, олардағы шаруашылық қызметтің белгіленген режимінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3-2
3-2) анықталған су ресурстарын пайдалану және оларды қорғау қағидаларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығаруға;
Тармақша 3-3
3-3) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаруға;
Тармақша 3-4
3-4) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу арқылы келтірілген залалды өтеу туралы талап қоюға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйiн анықтауға қажеттi мәлiметтердi, соның iшiнде зертханалық талдау деректерiн алуға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
Тармақша 6
6) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiн тоқтату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 7
7) лауазымды адамдарға, ұйымдардың басшыларына су объектiлерiн пайдалану мен қорғаудың белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзуға жол берген адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгiзуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн қажет болған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беруге;
Тармақша 7-1
7-1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен.
Тармақ 2
2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Бап 52. 52-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi
52-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының су заңдары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға;
Тармақша 3
3) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарды хабардар етуге;
Тармақша 4
4) су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу кезiнде жеке және заңды тұлғаларға жәрдем көрсетуге мiндеттi.
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді).
Бап 53. 53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау
53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау
Тармақ 1
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау суды бастапқы есепке алу қағидалары негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылауды арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етедi.
Тармақ 3
3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен типін бекітуден немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен суды есепке алу аспаптары негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ауызсудың және тазартылған сарқынды сулардың сапасына өндірістік бақылауды сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның аккредиттелген зертханалары, сондай-ақ жасасылған шарттарға сәйкес басқа да аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.
Бап 54. 54-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы сараптама
54-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы сараптама
Тармақ 1
1. Су қорын пайдалану және қорғау саласында мынадай сараптама түрлерi жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 2
2) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға және жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама;
Тармақша 3
3) жер асты суларының қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттiк сараптама;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамалар.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 3
3. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға және жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама оның Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бекітілген бастапқы деректерге, техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ нормативтiк құжаттардың ережелеріне сәйкестiгiн тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жер асты су қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттiк сараптаманы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР 11.04.2014 № 189-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамаларды тиiсiнше халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Жаңа объектілерді салуға, сондай-ақ бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) немесе күрделі жөндеуге арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 10. 10-тарау. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптар
10-тарау. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптар
Бап 55. 55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
Тармақ 1
1. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін, коммуникацияларды) орналастыру экологиялық талаптар, жер қойнауын қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, су ресурстарын ұдайы молайту және ұтымды пайдалану шарттары мен ережелерi сақтала отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдары ескерiле отырып жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органның, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жерлердi қайта өңдеу, су ресурстарын ұдайы молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылады.
Бап 56. 56-бап. Су объектiлерiне ластаушы заттардың ағызылуын азайту жөнiндегi талаптар
56-бап. Су объектiлерiне ластаушы заттардың ағызылуын азайту жөнiндегi талаптар
Тармақ 1
1. Cу ресурстарын пайдалану мен қорғау ластаушы заттарды ағызылу нүктелерiнде нормалауға тиiстi бассейн, ағын су немесе учаске шегiнде барлық ұйымдардың су шаруашылығы қызметiн жинақтап нормалауға негiзделедi.
Тармақ 2
2. Ағызылатын суды тазарту дәрежесiне және сапасына қойылатын талаптар су объектiсiн ықтимал мақсатты пайдалану бағыттары бойынша айқындалып, есептеулермен негiзделедi және онда су объектiсiнiң нақты жай-күйi, техникалық және экономикалық мүмкiндiгi, жоспарланатын көрсеткiштерге қол жеткiзу мерзiмдерi ескерiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Уәкілетті органның ведомствосы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жерүсті су объектілері үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының нормативтерін әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 4
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жергілікті атқарушы органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, уәкілетті орган бекіткен әдістеме негізінде жерүсті су объектілеріндегі су сапасының нысаналы көрсеткіштері мен оларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
Бап 57. 57-бап. Экономика салалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшiн кешендi су жiберудi негiздеу
57-бап. Экономика салалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшiн кешендi су жiберудi негiздеу
Тармақ 1
1. Кешендi су жiберу санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету жағдайларын негiзге алып, сондай-ақ экономика салаларының қажеттерi ескерiле отырып белгiленедi.
Тармақ 2
2. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберу басым бағыт болып табылады.
Тармақ 3
3. Табиғат қорғау су жiберуi су объектiсiнiң табиғи жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Ең төменгi шығысты сақтаудан басқа, табиғат қорғау су жiберуi су жайылуы мен су тасуы кезiнде су объектiлерiнiң кезеңдiк шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.
Тармақ 4
4. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберудiң көлемiн уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар су объектiлерi бассейндерi бойынша белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Авариялық су жiберу су тасыған және су жайылған кезде су объектiсiндегi судың қалыпты деңгейде ұсталуын және су объектiлерi арналарының шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.
Тарау 11. 11-тарау. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік су кадастры, су объектілерінің мемлекеттік мониторингі. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету
11-тарау. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік су кадастры, су объектілерінің мемлекеттік мониторингі. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету
Бап 58. 58-бап. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу
58-бап. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу
Тармақ 1
1. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу Қазақстан Республикасының аумағындағы су ресурстарының сандық және сапалық көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүйелi түрде анықтау және тiркеу болып табылады.
Тармақ 2
2. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алу деректерi жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапалық және сандық көрсеткiштерi бойынша, олардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк дәрежесi, зерттелуi мен пайдаланылуы бойынша жай-күйiн сипаттайды.
Тармақ 3
3. Жерүсті және жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті органның ведомствосы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып жүзеге асырады.
Бап 59. 59-бап. Мемлекеттiк су кадастры
59-бап. Мемлекеттiк су кадастры
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк су кадастры су объектiлерiнiң жай-күйiмен пайдаланылуы туралы, олардың су ресурстары туралы, су пайдаланушылар туралы жүйелендiрiлген ресми деректер жиынтығы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк су кадастры бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзiледi және суларды мемлекеттiк есепке алу деректерiне негiзделедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген су объектiсiнiң паспорты болады, онда тiркеу нөмiрi, атауы және физикалық-географиялық, геологиялық-гидрологиялық, техникалық, құқықтық және экономикалық көрсеткiштерi қамтылатын кешендi сипаттамасы көрсетiледi.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк су кадастрын жүргiзудi уәкілетті органның ведомствосы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және гидрометеорологиялық қызметтермен бiрлесiп жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Су пайдаланушылар бассейндік инспекцияларға және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органға мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлуге тиiс қажеттi деректердiң бәрiн ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 6
6. Уәкілетті органның ведомствосы мемлекеттiк су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделi жеке және заңды тұлғалардың қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Бап 60. 60-бап. Су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингi
60-бап. Су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингi
Тармақ 1
1. Су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингi қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингi жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
Тармақ 2
2. Су объектiлерiнің мемлекеттік мониторингi теріс процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды салдарларын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау мақсатында олардың жай-күйiнің гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитариялық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштерін тұрақты байқаулар жүйесін, алынған ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалана отырып жүргізуді білдіреді.
Тармақ 3
3. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн уәкілетті органның ведомствосы бiрлесiп әзiрленген әдiстеме бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен, ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органмен бiрлесiп жүзеге асырады.
Бап 61. 61-бап. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету
61-бап. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми қамтамасыз ету мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалануды негiздеу;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы кешенiн дамытуды бағалау мен болжау;
Тармақша 3
3) су үнемдеудiң ғылыми-әдiстемелiк және технологиялық негiздерiн әзiрлеу;
Тармақша 4
4) су шаруашылығы жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын әзiрлеу;
Тармақша 5
5) басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн ұсынымдар әзiрлеу.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді).
Тармақ 3
3. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инновациялық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iске асырылады және:
Тармақша 1
1) ұйымдастыру жағдайларын қалыптастырумен;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттiк қолдаумен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 4
4. Су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi жоспарлау, су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесiн құруы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Деректер қорын қалыптастыру үшiн су пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлген нысандар бойынша қажеттi мәлiметтер бередi.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді).
Тарау 12. 12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және қоғамдық бірлестіктердің қызметі
12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және қоғамдық бірлестіктердің қызметі
Бап 62. 62-бап. Жеке тұлғалардың су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
62-бап. Жеке тұлғалардың су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалардың:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су объектiлерiн пайдалануға, оларды қорғау мен ұдайы молайту жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) су объектiлерiн пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға сауалдармен, шағымдармен, өтiнiштермен және ұсыныстармен жүгiнуге;
Тармақша 3
3) су қорын пайдалану мен қорғау саласында қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныстар енгiзуге және оған қатысуға;
Тармақша 4
4) әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы талаптарға сай келмейтiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың су объектiлерiне терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге қызметiн шектеу мен тоқтату туралы шешiмдердiң күшiн жоюды талап етуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзге де құқықтарды iске асыруға құқықтары бар.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалар су қорын пайдалану мен қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға мiндеттi.
Бап 63. 63-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi
63-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi
Тармақ 1
1. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi бассейндiк кеңестердiң жұмысына қатыса алады.
Тармақ 3
3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер өз бастамасы бойынша жүргiзе алады.
Тармақ 4
4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргiзу тәртiбiн қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң жарғыларына сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып айқындайды.
Бөлім 4. 4-Бөлім. Су пайдалану
4-Бөлім. Су пайдалану
Тарау 13. 13-тарау. Су пайдалану құқығы
13-тарау. Су пайдалану құқығы
Бап 64. 64-бап. Су пайдалану құқығының түрлерi
64-бап. Су пайдалану құқығының түрлерi
Тармақ 1
1. Субъектілердің тобы бойынша:
Тармақша 1
1) ортақ су пайдалану құқығы;
Тармақша 2
2) арнайы су пайдалану құқығы;
Тармақша 3
3) оқшау су пайдалану құқығы;
Тармақша 4
4) бірлесіп су пайдалану құқығы болып бөлінеді.
Тармақ 2
2. Туындау негіздемелері бойынша:
Тармақша 1
1) бастапқы су пайдалану құқығы;
Тармақша 2
2) қосалқы су пайдалану құқығы болып бөлінеді.
Тармақ 3
3. Қолдану мерзімдері бойынша:
Тармақша 1
1) тұрақты су пайдалану құқығы;
Тармақша 2
2) уақытша су пайдалану құқығы болып бөлінеді.
Тармақ 4
4. Азамат үшiн ортақ су пайдалану құқығы ол туған кезден бастап туындайды және ешбір жағдайда да шеттетілуі мүмкін емес.
Тармақ 5
5. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат алынған кезден бастап арнайы су пайдалану құқығы туындайды.
Бап 65. 65-бап. Ортақ су пайдалану
65-бап. Ортақ су пайдалану
Тармақ 1
1. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Ортақ су пайдаланудың шарттары мен ережелерін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалаларың, астананың) жергілікті өкілді органдары азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірдегі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерінде тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым салынған жерлерді айқындауы мүмкін.
Бап 66. 66-бап. Арнайы су пайдалану
66-бап. Арнайы су пайдалану
Тармақ 1
1. Мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:
Тармақша 1
1) суды жер үсті қабатынан және теңіз суларынан механикалық және өз ағысымен тарту жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, коллекторлы-сорғыту, жауын-шашынды және басқа да қалдық суларды жер үсті және теңіз суларына ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;
Тармақша 3
3) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілеріне және жергілікті жер бедеріне сарқынды суларды бұруға арналған құрылыстарды;
Тармақша 4
4) бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (соның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);
Тармақша 5
5) гидравликалық электр станцияларын;
Тармақша 6
6) сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;
Тармақша 7
7) суару, суландыру, суару-суландыру және құрғату жүйелерін;
Тармақша 8
8) жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар, соның ішінде жерасты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;
Тармақша 9
9) қалдық суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғымалар, құдықтар, шахталар);
Тармақша 10
10) шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын;
Тармақша 11
11) су деңгейін мәжбүрліктен төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алу үшін өздігінен шығатын ұңғымаларды, шахта құдықтарын, бұлақтар шегендеулерін және басқа да шағын құрылыстарды;
Тармақша 12
12) жер асты су тұтқыш қабаттарға және тау-кен жыныстары қуыстарына өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да қалдық суларды, технологиялық ерітінділерді ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;
Тармақша 13
13) қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезінде көмірсутегі шикізатын әзірлеу және жерасты қабатын шаймалау кезінде жер қыртысы қысымын ұстау үшін қысым айдағыш ұңғымаларды;
Тармақша 14
14) судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, халықтың ауыз су және шаруашылық мұқтаждарын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға қажеттіктерін қанағаттандыру, сондай-ақ өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған және басқа да қалдық суларды ағызу үшін тікелей су объектісінен алып немесе алмай-ақ жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.
Тармақ 2
2. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар рұқсаттың негізінде, тек қана сонда айқындалған мақсаттар үшін жүзеге асырады және басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және экологиялық залал келтірмеуге тиіс. Халықтың ауызсу мұқтажын қанағаттандыруға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суын пайдалануға арналған рұқсат осы Кодекстің 90-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес беріледі.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Арнайы су пайдалану:
Тармақша 1
1) мынадай су тарту құрылысжайларын: шахталы және құбырлы сүзгіш құдықтарды, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш қабаттың үстіңгі бетінің біріншісінен тәулігіне барлық жағдайда елу текше метрден көп емес су алынып, деңгейі мәжбүрлі төмендетілмей жұмыс істейтін шегендеу құрылысжайларын пайдалану;
Тармақша 2
2) кеменің және оның технологиялық жабдығының жұмысын қамтамасыз ету үшін су объектілерінен кемелердің су тартуы;
Тармақша 3
3) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын алуға (айдап шығаруға) рұқсат талап етілмейді.
Тармақ 5
5. Арнайы су пайдалануға рұқсатты уәкiлеттi органның өңiрлiк органдары бередi.
Тармақ 6
6. Арнайы су пайдаланудың мынадай түрлеріне рұқсаттар беріледі:
Тармақша 1
1) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын, өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған, сарқынды және басқа да суларды жерүстi су объектiлеріне, жер қойнауына, су шаруашылығы құрылысжайларына немесе жер бедеріне ағызу;
Тармақша 2
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылысжайларды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану;
Тармақша 3
3) осы баптың 1-тармағында аталған құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті суларын тарту және (немесе) пайдалану (бұдан әрі – жер үсті суларын тарту және (немесе) пайдалану).
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 8
8. Арнайы су пайдалануға рұқсаттар:
Тармақша 1
1) балансында олардың көмегімен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін құрылысжайлары немесе техникалық құрылғылары;
Тармақша 2
2) суды есепке алу құралдары;
Тармақша 3
3) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі;
Тармақша 4
4) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерүсті және (немесе) жерасты суларын тарту кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;
Тармақша 5
5) жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану кезінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен су пайдалану шарттарына келісімі бар жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі. Минералды жерасты суларын қоспағанда, тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану кезінде келісім талап етілмейді.
Тармақ 9
Тармақ 10
10. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi бассейндік инспекцияларға мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
Тармақша 3
3) су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортын;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6
6) су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулерді ұсынатын ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн олардан су ресурстарын алып қоймай пайдалануды, ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын ағызуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын есептеулерді;
Тармақша 7
7) жерүсті және (немесе) жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны;
Тармақша 8
8) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесін;
Тармақша 9
9) су тартуды есепке алу құралдарының болуы туралы мәліметтер ұсынады.
Тармақ 10-1
10-1. Бассейндік инспекциялар минералды жерасты суларын қоспағанда, тәулігіне елу текше метрден бастап алу лимиттерімен жерасты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға арнайы су пайдалануға рұқсат беру үшін құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы су пайдалану шарттарын келісу үшін сұрау салу жібереді. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бес жұмыс күні ішінде бассейндік инспекцияларға оң не теріс қорытынды ұсынуға міндетті. 2018 жылғы 29 маусымға дейін бұрғыланған ұңғымалар бойынша жерасты суларының баланстық қорлары болмаған жағдайда, келісу жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органда жерасты суларының қорларын бағалау және оларға сараптама жасау мақсатында берілген арнайы су пайдалануға рұқсат шеңберінде мониторингтік зерттеулер жүргізу шартымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Тармақ 11
11. Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 12
12. Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында аталған құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
Тармақша 1
1) гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;
Тармақша 2
2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 5
5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректер.
Тармақ 13
13. Суды алмастан жер үсті қабатындағы су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
Тармақша 1
1) кеменің техникалық сипаттамалары;
Тармақша 2
2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;
Тармақша 3
3) кемеде құралатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және жүзбелі құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректер;
Тармақша 4
4) су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.
Тармақ 14
14. Арнайы су пайдалануға рұқсатты бассейндік инспекциялар өтiнiш берушi осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрмей бередi.
Тармақ 14-1
14-1. Арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданыс мерзімі осы Кодекстің 70-бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 15
15. Заңды тұлға атауының өзгеруі және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгеруі, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгеруі, дара кәсіпкерді қайта тіркеу жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтінішінің негізінде арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуді талап етеді. Өтініш бассейндік инспекцияға өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде заңды тұлға атауының өзгергені және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгергені, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгергені, дара кәсіпкердің қайта тіркелгені туралы растайтын құжаттар қоса беріле отырып жіберіледі. Арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу кезінде оның нөмірі, шарттары және қолданыс мерзімі өзгеріссіз қалады. Рұқсат беру құжатының жоғарғы оң жақ бұрышына "Қайта ресімделді" деген белгі соғылады. Арнайы су пайдалану шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға жаңа рұқсат алуды талап етеді. Арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуді бассейндік инспекциялар осы Кодекске сәйкес өтініш беруші ұсынған барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Тармақ 15-1
15-1. Егер су пайдалану шарттары өзгеріссіз қалған жағдайда, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданыс мерзімі жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтініші негізінде ұзартылуы мүмкін. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ұзартуды бассейндік инспекциялар осы Кодекске сәйкес өтініш беруші ұсынған барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Тармақ 16
16. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген бассейндік инспекция оның қолданысын мынадай:
Тармақша 1
1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған;
Тармақша 3
3) осы Кодекстің 74-бабында көзделген су пайдалану құқығы шектелген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады. Тексеру барысында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген фактілер анықталған кезде бассейндік инспекция мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді. Белгіленген мерзім өткеннен кейін бассейндік инспекция бұзушылықты жою фактісін анықтау тұрғысынан қайталап тексеру жүргізеді. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда бассейндік инспекция қайталап тексеруді жүргізген кезден бастап он жұмыс күні ішінде тоқтата тұрудың себебі мен мерзімін көрсете отырып, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы негізінде арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрған жағдайда, бассейндік инспекция рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың себебін көрсете отырып, жеке немесе заңды тұлғаны хабардар етумен ғана шектеледі.
Бап 67. 67-бап. Оқшау су пайдалану
67-бап. Оқшау су пайдалану
Тармақ 1
1. Су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiр жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды.
Тармақ 2
2. Оқшау су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген шарттармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.
Тармақ 3
3. Оқшау су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi.
Бап 68. 68-бап. Бiрлесiп су пайдалану
68-бап. Бiрлесiп су пайдалану
Тармақ 1
1. Бiрлесiп су пайдалану құқығы су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiрнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды.
Тармақ 2
2. Бiрлесiп су пайдалану кезiнде бiрiншi кезекте халықты ауыз сумен жабдықтаумен айналысатын су пайдаланушылардың мүдделерi, сондай-ақ су аяғында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi қанағаттандырылады.
Тармақ 3
3. Бiрлесiп су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген жағдайлармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.
Тармақ 4
4. Бiрлесiп су пайдаланатын су пайдаланушылар, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiмен өзгеше белгiленбесе, ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi.
Бап 69. 69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану
69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану
Тармақ 1
1. Өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру және (немесе) қайталама су пайдаланушыларға беру үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқа су пайдаланушылармен жасалған шарттардың негізінде олардан су алатын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы қайталама су пайдалану болып табылады.
Тармақ 3
3. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су пайдалану мақсаты және арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген көлемдер ескеріле отырып, оны пайдаланудың негізгі шарттары көрсетіледі. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді жүзеге асыру бойынша қайталама су пайдаланушыға қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.
Бап 70. 70-бап. Су пайдалану мерзiмдерi
70-бап. Су пайдалану мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Су объектiлерi тұрақты немесе уақытша су пайдалануға бepiледi.
Тармақ 2
2. Мерзiмi белгiленбеген су пайдалану тұрақты деп танылады.
Тармақ 3
3. Уақытша су пайдалану қысқа мерзiмдi - бес жылға дейiн және ұзақ мерзiмдi - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiн болуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Қажет болған жағдайда су пайдалану мерзiмдерi ұзартылуы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Арнайы су пайдалану мерзiмдерi су объектiсiнiң ресурстық әлеуетi мен ағымдағы экологиялық жай-күйiне байланысты болады.
Тармақ 6
6. Ортақ су пайдалану тұрақты болып табылады.
Бап 71. 71-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары
71-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары Су пайдаланушылардың:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының су заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды сақтай отырып, су объектiлерiн берiлген мақсаттарында пайдалануға;
Тармақша 2
2) су объектiлерiн пайдаланудың өзiне тиесiлi құқығын өз қалауына қарай жүзеге асыруға, бұл ретте, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына, су объектiлерiне зиян және экологиялық залал келтiруге жол бермеуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен cу қорының жерлерiн пайдалануға;
Тармақша 4
4) су пайдаланушылардың бiрлестiктерiн, одақтарын (қауымдастықтарын) және басқа да коммерциялық емес ұйымдарын құруға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы қызметiн жүзеге асыру үшiн су объектiлерiнiң жай-күйi туралы ақпарат алуға;
Тармақша 6
6) берiлетiн судың сапасы мен мөлшерiн тексеруге;
Тармақша 7
7) су пайдалануға өз құқықтарын қорғауға;
Тармақша 8
8) белгiленген су беру лимитi мен режимiне сәйкес құқықтардың, соның iшiнде су алу құқықтарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеттiруге;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы заңдарында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бап 72. 72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi
72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi Су пайдаланушылар:
Тармақша 1
1) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, судың ысырабын қысқартуға шаралар қолдануға;
Тармақша 2
2) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтiрiлуiне жол бермеуге;
Тармақша 3
3) белгiленген су пайдалану лимиттерін, рұқсат етілген көлемдері мен режимдерiн сақтауға;
Тармақша 4
4) басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң бұзылуына жол бepмeугe;
Тармақша 5
5) судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақаусыз күйiнде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су ресурстарын пайдалануды есепке алуға, су шаруашылығы құрылыстарының су тарту, су жіберу мен сарқынды және коллекторлық суларды ағызу құрылыстарын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықтауға;
Тармақша 6
6) су қорғау iс-шараларын жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта немесе қайталама су пайдалануға арналған шартта айқындалған су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімдерде толық көлемде орындауға;
Тармақша 8
8) мұнайдың авариялық төгілуін жою кезінде түсетін ластағыш заттарды қоспағанда, белгiленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына жол бермеуге;
Тармақша 9
9) су объектiсiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша пайдалану туралы анық және толық ақпаратты мемлекеттiк органдарға уақтылы ұсынуға;
Тармақша 10
10) су үнемдеушi технологияларды, суарудың озық техникасын, сумен жабдықтаудың айналымдық және қайталама жүйелерiн енгiзуге шаралар қолдануға;
Тармақша 11
11) жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеуге;
Тармақша 12
12) су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 13
13) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, ауызсу сапасындағы жерасты суларын ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға жол бермеуге;
Тармақша 14
14) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;
Тармақша 15
15) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
Тармақша 16
16) барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлауға, сондай-ақ су объектiлерiне зиян келтiрiлуiн болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;
Тармақша 17
17) су пайдаланғаны үшiн төлемдердiң уақтылы төленуiн жүзеге асыруға;
Тармақша 17-1
17-1) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезiнде экологиялық pұқсaт алуға;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы заңдарында көзделген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.
Бап 73. 73-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарын қорғау
73-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарын қорғау
Тармақ 1
1. Су пайдалану құқығы заңмен қорғалады. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында аталған негiздерден өзгеше ешкiмдi де су пайдалану құқығынан айыруға болмайды.
Тармақ 2
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, су пайдаланушылардың су пайдалану құқығына қысым көрсетумен байланысты олардың қызметiне мемлекеттiк органдардың тарапынан араласуға тыйым салынады.
Бап 74. 74-бап. Су пайдалану құқығын шектеу
74-бап. Су пайдалану құқығын шектеу
Тармақ 1
1. Мемлекет қауiпсiздiгi мен қорғанысын, халықтың денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны, тарихи-мәдени мұраны, басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ су тапшылығы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су пайдалану құқығы шектелуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Су пайдалану құқығын шектеу халықтың ауыз су және шаруашылық мұқтаждары үшiн су ресурстарын пайдалану жағдайын нашарлатпауға тиiс.
Бап 75. 75-бап. Арнайы cу пайдалану құқығын тоқтату
75-бап. Арнайы cу пайдалану құқығын тоқтату
Тармақ 1
1. Арнайы су пайдалану құқығы:
Тармақша 1
1) су пайдаланушы су пайдалану құқығынан бас тартқан;
Тармақша 2
2) су пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;
Тармақша 3
3) су пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған;
Тармақша 4
4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған;
Тармақша 5
5) су объектiлерi табиғи немесе жасанды түрде жойылып кеткен;
Тармақша 6
6) су объектілерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен басқа жеке және заңды тұлғаларға ауысқан жағдайларда тоқтатылуға жатады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалану құқығын тоқтату негіздері туындаған жағдайда бассейндік инспекция жеке немесе заңды тұлғаға арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 2
2. Арнайы су пайдалану құқығы:
Тармақша 1
1) ауыз сумен жабдықтауға арналған су ресурстары бiр жыл бойы пайдаланылмаған;
Тармақша 2
2) су ресурстары үш жыл бойы пайдаланылмаған;
Тармақша 3
3) су ресурстарын мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн пайдалану қажеттiлігi туындаған;
Тармақша 4
4) арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда, арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру арқылы тоқтатылуға жатады.
Тармақ 3
3. Арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру үшін осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау барысында анықталады. Арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім су пайдалану шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
Бап 76. 76-бап.
76-бап.
Бөлім 5. 5-Бөлім. Су шаруашылығын ұйымдастыру
5-Бөлім. Су шаруашылығын ұйымдастыру
Тарау 14. 14-тарау. Су шаруашылығы ұйымдары
14-тарау. Су шаруашылығы ұйымдары
Бап 77. 77-бап. Мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдары
77-бап. Мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдары Мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдарын Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай жұмыстарды орындау мақсатында құрады:
Тармақша 1
1) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк су кадастрын жасау;
Тармақша 3
3) су объектiлерiнiң жай-күйiн бақылау әдiснамасын әзiрлеу мен жетiлдiру;
Тармақша 4
4) су пайдалану технологиясын әзiрлеу мен жетiлдiру және экономиканың әртүрлi салаларында оның тиiмдiлiгiн арттыру;
Тармақша 5
5) су шаруашылығы нормативтерiн әзiрлеу;
Тармақша 6
6) республикалық меншiктегi су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын күтіп-ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) республикалық меншiктегi трансшекаралық, мемлекетаралық, облысаралық су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан су пайдаланушыларға суды уақтылы және үздiксiз беру;
Тармақша 8
8) мемлекетаралық су объектiлерiн жөндеуге шектес мемлекеттермен үлес қосып қатысу.
Бап 78. 78-бап. Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдары
78-бап. Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдары Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдарын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мынадай жұмыстарды орындау мақсатымен құрады:
Тармақша 1
1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын күтіп-ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) су объектiлерiнен су пайдаланушыларға суды уақтылы және үздiксiз беру;
Тармақша 3
3) пайдаланылған, ағынды және сорғыту суларын жинау, тазарту және ұйымдасып ағызу.
Бап 79. 79-бап. Мемлекеттiк емес су шаруашылығы ұйымдары
79-бап. Мемлекеттiк емес су шаруашылығы ұйымдары
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк емес су шаруашылығы ұйымдарын жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде шетелдiк тұлғалар су шаруашылығы құрылыстарына су жеткiзу, техникалық қызмет көрсету және су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсету үшін құрады.
Тармақ 2
2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы кәсiпкерлiк қызмет мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) пайдалану үшiн су ресурстарын алып қою;
Тармақша 2
2) су ресурстарын су дайындау және (немесе) су пайдаланушыларға және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қою;
Тармақша 3
3) пайдаланылған, ағынды және сорғыту суларын жинау, тазарту және ағызу;
Тармақша 4
4) су объектiлерiн олардан су ресурстарын алмай пайдалану;
Тармақша 5
5) сулардың сапасын және су объектiлерiнiң жай-күйiн жақсарту жөнiндегi қызмет;
Тармақша 6
6) су шаруашылығы-экологиялық маркетинг саласында қызметтер көрсету;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызмет түрлерi.
Тармақ 3
3. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 80. 80-бап. Су шаруашылығы ұйымдарының қызметiне қойылатын талаптар
80-бап. Су шаруашылығы ұйымдарының қызметiне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Су шаруашылығы ұйымдары табиғи монополия субъектiлерi болып табылады және өз қызметiн осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына, ұйымның жарғысына және тараптардың шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Су шаруашылығы ұйымдары:
Тармақша 1
1) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының тиiстi техникалық жай-күйiн, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) шартқа сәйкес су пайдаланушыларды белгiленген мерзiмде сумен қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) су пайдаланушылармен келiсiм бойынша су бөлетiн орындарда cу өлшеу аспаптарын орнатуға;
Тармақша 4
4) су объектiлерiнiң ластануын, қоқыстануын және сарқылуын, судың зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар қолдануға;
Тармақша 5
5) гидромелиорациялық жүйенің, су шаруашылығы құрылысының паспортына ие болуға мiндеттi.
Тарау 15. 15-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік нормалау
15-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік нормалау
Бап 81. 81-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалау
81-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалау
Тармақ 1
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесi судың сандық және сапалық көрсеткiштерiне, олардың көрсеткiштерiн дәл өлшеу нормаларына қойылатын талаптарды регламенттеу мақсатында белгiленедi әрi өндiрiстiк және өзге қызметтiң су объектiлерiне ықпал ету шегiн реттейдi.
Тармақ 2
2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалауды уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Бап 82. 82-бап. Су пайдалану лимиттерi
82-бап. Су пайдалану лимиттерi
Тармақ 1
1. Бассейндер және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлігінде су пайдалану лимиттері бассейндік схемаларға сәйкес он жылдық кезеңге белгіленеді және оларды уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленетін су пайдалану лимиттері негізінде бассейндік инспекциялар облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлігінде ағымдағы жылдың сулылығы болжамын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін ескере отырып, су пайдалану лимиттерін белгілейді. Суға деген қажеттіліктерді жыл сайын қалыптастыру қайталама су пайдаланушылардың су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есеп-қисаптарға негізделген бастапқы су пайдаланушылардың өтінімдері бойынша жүзеге асырылады. Қайталама су пайдаланушылар үшін су беру көлемдері белгіленген су пайдалану лимиттері ескеріле отырып, қайталама су пайдалануға арналған шарттарда айқындалады.
Тармақ 3
3. Су аз болған жылдары су пайдалануды жедел реттеу мақсатында бассейндік инспекция бастапқы су пайдаланушыларға ресми хабарлама жіберу арқылы су объектісінен су алуды шектеу не тоқтата тұру жөніндегі шараларды қабылдайды. Су аз болған жылдары кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген өнеркәсіп кәсіпорындары, су орташа аз болған жылдары кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген суармалы егіншілік және сулылығы орташа жылы кепілдікті қамтамасыз етуге есептелген жайылма суару ауызсумен жабдықтаудан және табиғатты қорғау мақсатында су жіберулерден кейін басымдықты болып табылады. Жедел реттеу шаралары қабылданғаннан кейін су пайдалану лимиті түзетуге жатады.
Бап 83. 83-бап. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк- техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету
83-бап. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк- техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету жүйесi ұлттық стандарттарды, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн қамтиды.
Тармақ 2
2. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес әзiрленедi.
Тармақ 3
3. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi, келiсiледi және бекiтiледi.
Бап 84. 84-бап. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерi
84-бап. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерi
Тармақ 1
1. Жер үстi және жер асты суларын экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша уәкілетті органның ведомствосы белгiлеген су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерiнiң сақталуымен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 2
2. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi:
Тармақша 1
1) ұзақ уақыт ықпал етуi су объектiсiнiң экологиялық жүйесiнiң өзгеруiне әкеп соқтырмайтын антропогендiк жүктеменiң жол берiлетiн шектi мөлшерiне;
Тармақша 2
2) су объектiсiне және оның су жинау алаңына түсуi мүмкiн зиянды заттардың жол берiлетiн көлемi мен шоғырлануына сүйене отырып белгiленедi.
Тармақ 3
3. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
Бап 85. 85-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау
85-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау
Тармақ 1
1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.
Тармақ 2
2. Суды тазарту мен зарарсыздандырудың жеке тұрмыстық және топтық техникалық құралдарына, сондай-ақ ауызсумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылатын материалдарға, реагенттерге, технологиялық процестерге, жабдықтарға және өзге де құралдарға қатысты ұлттық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарына сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 86. 86-бап. Су алу мен пайдалану көлемдерiн қысқарту жөнiндегi талаптар
86-бап. Су алу мен пайдалану көлемдерiн қысқарту жөнiндегi талаптар
Тармақ 1
1. Су алу және пайдалану көлемдерін азайту жөніндегі талаптарға экономиканың барлық салаларында әртүрлі технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерін және су тұтыну мен су бұру нормаларын қайта қарау арқылы қол жеткізіледі.
Тармақ 2
2. Су ресурстарын алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөнiндегi талаптарға:
Тармақша 1
1) барлық тасымалдайтын, бөлетiн желiлердегi және су тұтынудың әрбiр нүктесiндегi шығындар мен ысыраптарды қысқарту;
Тармақша 2
2) су пайдаланудың ұтымды әдiстерi мен технологияларын енгiзу және судың нақты пайдаланылуын барлық жерде бiрдей есепке алуды қамтамасыз ету негiзiнде су үнемдеу есебiнен қол жеткiзiледi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары және су пайдаланушылар cудың жұмсалуын, тасымалдайтын желiлердегi, су тұтыну нүктелерiндегi судың ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектiлерiнен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайын талдап отыруға мiндеттi. Уәкілетті орган экономиканың жекелеген салалары үшін су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормаларын бес жылда бір реттен сиретпей әзірлейді және бекітеді. Су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде ескеріледі. Су пайдаланушылар су тұтынудың және су бұрудың ірілендірілген нормалары негізінде уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын бес жылда бір реттен сиретпей әзірлейді. Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормалары су тұтыну мен су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есеп-қисаптар кезінде ескеріледі.
Бап 87. 87-бап. Ауыз судың сапасын жақсарту жөнiндегi талаптар
87-бап. Ауыз судың сапасын жақсарту жөнiндегi талаптар Уәкілетті органның ведомствосы басқа мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп ауыз судың сапасын жақсарту жөнiндегi талаптарды әзiрлейдi, олар:
Тармақша 1
1) су объектiсiнiң белгiлi бiр сапасына сай келетiн құрылыстардың технологиясы мен қуатын жұмысқа қабiлеттi күйiнде ұстауды;
Тармақша 2
2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң ақауларын қалпына келтiрудi;
Тармақша 3
3) құрылыс жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, сенiмдi жабдықтар мен материалдарды пайдалануды;
Тармақша 4
4) тұтынылатын судың нормативтерi мен ұлттық стандарттарын мезгiл-мезгiл жетiлдiрiп отыруды қамтиды.
Бап 88. 88-бап. Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу
88-бап. Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу
Тармақ 1
1. Мыналарды:
Тармақша 1
1) судың зиянды әсерiн, ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ су тұтынуды және ағынды су ағызуды есепке aлу құралдарымен жабдықталмаған жаңа және қайта жаңғыртылып жатқан объектiлердi;
Тармақша 2
2) балық қорғау құрылғыларынсыз cу тарту және ағызу құрылыстарын;
Тармақша 3
3) тазарту құрылыстары мен санитарлық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндiрiстiк кешендердi;
Тармақша 4
4) жердi су басуды, топан су басуды, олардың батпақтануы мен сортаңдануын және топырақ эрозиясын болғызбайтын, жобаларда көзделген iс-шараларды жүргiзуге дейiн суару, суландыру және құрғату жүйелерiн, су қоймаларын, бөгеттердi, каналдарды және басқа да гидротехникалық құрылыстарды;
Тармақша 5
5) жер асты суларын оларды су реттеу құрылғыларымен, өлшеу құралдарымен жабдықтамай пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын;
Тармақша 6
6) санитарлық қорғау аймақтарын және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары жай-күйiнiң көрсеткiштерiн қадағалау пункттерiн белгiлемей су тарту және өзге де гидротехникалық құрылыстарды;
Тармақша 7
7) мұнай, химиялық және басқа да өнiмдердi оларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды пайдалануға беруге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су объектiлерi жай-күйiнiң көрсеткiштерiн байқау пункттерiн құрмай ағынды сулармен суару объектiлерiн пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 3
3. Су шаруашылығы объектiлерiн - жердi қайта өңдеу жөнiндегi жұмыстарды аяқтамай, ал су қоймаларында - олардың табанын су басуға әзiрлеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырмай пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 4
4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қабылданады.
Бап 89. 89-бап. Жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалану
89-бап. Жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалану
Тармақ 1
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Сарқынды суларды жерүстi су объектiлерiне ағызуға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгiлеген шектерге дейiн тазарту шартымен арнайы су пайдалануға рұқсаты болған кезде жол берiледi.
Тармақ 3. Ерекше бөлік
3. Өнеркәсiптiк ластанған ағынды немесе шахталық, карьерлiк кенiш суларын жинағыштары бар ұйымдар оларды тазарту, зарарсыздандыру және кәдеге жарату үшiн қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ осы жинағыштар орналасқан жерлердi қайта өңдеудi жүзеге асыруға мiндеттi. Ерекше бөлік
Бөлім 6. 6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану
6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану
Тарау 16. 16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау және су бұру
16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау және су бұру
Бап 90. 90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауызсумен жабдықтау үшiн пайдалану
90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауызсумен жабдықтау үшiн пайдалану
Тармақ 1
1. Ауызсумен жабдықтау үшiн олардағы судың сапасы белгiленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетiн, ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер үстi және жер асты су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары берiледi.
Тармақ 2
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайына арнап халықты ауыз сумен жабдықтауға жарамды сумен қамтамасыз ету үшiн ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер асты су объектiлерiнiң негiзiнде ауыз сумен жабдықтау көздерiн резервтеу жүзеге асырылады. Резервтелген сумен жабдықтау көздерiнде Қазақстан Республикасының су заңдары мен өзге де заңдарына сәйкес оларды қорғаудың және жай-күйiн бақылаудың арнайы режимi белгiленедi.
Тармақ 3
3. Ауызсумен жабдықтауға арналған жер үстi және жер асты суларының қауiпсiздiгiн халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
Тармақ 4
4. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен оның сенiмдiлiгi және санитариялық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкiндігi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Ауызсумен жабдықтау үшін жарамды жерасты суларын, сумен жабдықтаудың өзге көздері болмаған және осы жерасты сулары ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, өзге мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде сумен жабдықтауды осы аумақтардың әкiмдерi ұйымдастырады. Қалалық және ауылдық елді мекендердегі ауызсудың сапасына мемлекеттік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
Бап 91. 91-бап. Халықты орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау
91-бап. Халықты орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау
Тармақ 1
1. Халықты орталықтандырылған ауызсумен жабдықтауды тиiстi су құбырлары желiсi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Орталықтандырылған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар алынатын суды есепке алуды ұйымдастыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелерiндегi судың жай-күйiн үнемi қадағалап отыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелерiндегi су сапасының белгiленген ұлттық стандарттар мен гигиеналық нормативтерден ауытқуы туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына, уәкілетті органның ведомствосына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органға дереу хабарлауға мiндеттi.
Бап 92. 92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау
92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау
Тармақ 1
1. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары су пайдалануды міндетті түрде тіркеп, тұтастай алғанда осы су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның оң қорытындысы болғанда тікелей жерүсті және жерасты су объектілерінен су алуға құқылы. Өз мұқтаждықтары үшін орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын жеке тұлғалар тіркеуді ерікті негізде жүзеге асырады. Су объектілерінен тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алу кезінде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейді.
Тармақ 2
2. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алу бассейндік инспекциялармен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
Бап 92-1. 92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрамы
92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрамы
Тармақ 1
1. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелері елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне жатады.
Тармақ 2
2. Мыналар елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады:
Тармақша 1
1) су тарту құрылыстары;
Тармақша 2
2) су құбырын тазартқыш құрылыстар;
Тармақша 3
3) реттегіш ыдыстар;
Тармақша 4
4) сорғы станциялары;
Тармақша 5
5) оқшау сутартқыштар;
Тармақша 6
6) тарату желілері;
Тармақша 7
7) ғимараттарға енгізу орындары;
Тармақша 8
8) ішкі сумен жабдықтау жүйелері;
Тармақша 9
9) суды есепке алу тораптары.
Тармақ 3
3. Мыналар елді мекеннің су бұру жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады:
Тармақша 1
1) ғимараттардың ішкі су бұру жүйелері;
Тармақша 2
2) ғимараттардан шығару орындары;
Тармақша 3
3) орамішілік және көшелік желілер;
Тармақша 4
4) коллекторлар;
Тармақша 5
5) сорғы станциялары;
Тармақша 6
6) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері;
Тармақша 7
7) су объектілеріне тазартылған сарқынды суларды ағызуға арналған құрылыстар (сужібергіштер).
Бап 92-2. 92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері
92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері
Тармақ 1
1. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері сумен жабдықтау көзінің типі мен жүйелерге кіретін элементтердің құрамы бойынша ерекшеленетін орталықтандырылған, орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
Тармақ 2
2. Ауызсуды алуға, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және су тұтынушыларға беруге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады.
Тармақ 3
3. Ауызсуды құбыржолдар арқылы тасымалдамай, оны алуға және дайындауға арналған су тарту құрылыстары мен су тазартқыш құрылыстар орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады.
Бап 92-3. 92-3-бап. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері
92-3-бап. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері
Тармақ 1
1. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері технологиялық процестің белгіленген нормалары бойынша дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өндірістік мұқтаждарын сумен қамтамасыз ету үшін құрылады.
Тармақ 2
2. Техникалық сумен жабдықтау схемасын таңдау кезінде, суды қайталап пайдалану, айналымдық сумен жабдықтау көзделеді.
Бап 92-4. 92-4-бап. Елді мекендердің су бұру жүйелері
92-4-бап. Елді мекендердің су бұру жүйелері
Тармақ 1
1. Елді мекендердің су бұру жүйелері сарқынды суларды бірлесіп және (немесе) бөлек іркіліссіз бұру үшін қызмет етеді.
Тармақ 2
2. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау шарттары мен тәртібі елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес айқындалады.
Тармақ 3
3. Елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылмаған тұрғын үйлерден (тұрғын ғимараттардан) шыққан сұйық тұрмыстық қалдықтар су өткізбейтін науа-ыдыстарға құйылып, кейіннен арнайы автокөлікпен шығарылып және оларды орналастыру орындарын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым айқындайтын төгу станцияларында төгілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың сарқынды суларын елді мекендердің су бұру жүйелеріне қабылдау:
Тармақша 1
1) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес сарқынды сулар олардағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануының құрамы бойынша талаптарға сәйкес келген кезде жол беріледі. Сарқынды сулар сәйкес келмеген жағдайда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар оларды тазартуды өзінің су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстарында жүзеге асыруға міндетті;
Тармақша 2
2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарының талаптарын орындаған кезде жол беріледі.
Бап 92-5. 92-5-бап. Халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету кепілдіктері
92-5-бап. Халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету кепілдіктері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың қосылған желілері болған кезде су тұтынудың және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұрудың белгіленген нормаларына сәйкес ауызсумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің меншік иесі халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
Бап 92-6. 92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету
92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету Ауызсудың сапасы:
Тармақша 1
1) ауызсумен жабдықтау көзін таңдау;
Тармақша 2
2) ауызсуды дайындау үшін тиісті технологияны, оларды пайдалану қауіпсіздігін және санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары бар жабдықты, материалдарды, реагенттерді пайдалану;
Тармақша 3
3) ауызсумен жабдықтау көздерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
Тармақша 4
4) елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін білікті техникалық пайдалану;
Тармақша 5
5) ауызсумен жабдықтау көздеріндегі және жүйелеріндегі су сапасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
Бап 92-7. 92-7-бап. Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру саласындағы суды есепке алудың жалпы ережелері
92-7-бап. Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру саласындағы суды есепке алудың жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Сумен жабдықтау жүйелерінде көздерден алынатын, тарату желісіне және су тұтынушыларға берілген су көлемдерін толық есепке алу ұйымдастырылады.
Тармақ 2
2. Суды:
Тармақша 1
1) бірінші, екінші, үшінші және кейінгі көтерілімдердің сорғы стансаларында;
Тармақша 2
2) су тұтынушының сумен жабдықтау жүйелерімен баланстық тиесілікті немесе пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларында;
Тармақша 3
3) суды есепке алудың үйге ортақ аспабы арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) есепке алу міндетті болып табылады.
Тармақ 3
3. Суды есепке алу аспаптарына қойылатын талаптар осы Кодексте, техникалық регламенттерде, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 4
4. Берілген су үшін су тұтынушылармен есеп айырысулар су тұтынушыда орнатылған және коммерциялық ретінде пайдалануға жол берілген, суды есепке алу аспаптарының көрсетілімдері ескеріле отырып, шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемі коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен, елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады.
Тармақ 6
6. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдар суды есепке алу жөніндегі деректердің негізінде жыл сайын тарату желілеріндегі және су тұтынушыдағы су ысырабына талдау жүргізеді.
Бап 92-8. 92-8-бап. Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру
92-8-бап. Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Көппәтерлі тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жобаларында суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру үшін суды есепке алудың үйге ортақ және жеке (пәтер бойынша) аспаптарын міндетті түрде орнату көзделеді.
Тармақ 2
2. Пайдалануға жаңадан берілетін объектілерде деректерді қашықтықтан беретін, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді. Бұл талап жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың үйге ортақ аспаптары ауыстырылған жағдайда да қолданылады.
Тармақ 3
3. Жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың жеке (пәтер бойынша) аспаптары ауыстырылған кезде, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты, кейіннен деректерді қашықтықтан беруге мүмкіндік болатын құрылғылармен жарақтандырылған суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді.
Тармақ 4
4. Елді мекеннің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосылған объектіні суды есепке алу аспаптарынсыз пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.
Бап 92-9. 92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері
92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылардың:
Тармақша 1
1) жасасылған шартқа сәйкес ауызсуды тұтыну үшін санитариялық қағидаларға сай ауызсумен жабдықтау жүйелерінен сумен іркіліссіз қамтамасыз етілуге;
Тармақша 2
2) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеуге арналған төлем құжатын алуға;
Тармақша 3
3) ауызсу сапасы және оны берудегі ықтимал іркілістер туралы ақпарат алуға;
Тармақша 4
4) сотқа талап қоюға;
Тармақша 5
5) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер жобасын талқылау бойынша өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға;
Тармақша 6
6) бір айдан кешіктірмей сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымды бұл жөнінде жазбаша хабардар еткен кезде шартты біржақты тәртіппен бұзуға;
Тармақша 7
7) егер объектілері тұрғын үй қорына жатқызылса, денсаулық сақтау субъектілері пайдаланса, сондай-ақ тамақ өнімін өндіру үшін пайдаланылса, ауызсумен жабдықтау жүйелерінен бірінші кезектегі тәртіппен ауызсумен қамтамасыз етілуге;
Тармақша 8
8) көрсетілген қызметке төлемді түзету үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымға өтініш жасауға құқығы бар;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
Тармақ 2
2. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылар:
Тармақша 1
1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шарт жасасуға;
Тармақша 2
2) меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, олардағы басқару тораптарының, суды есепке алу аспаптарының белгіленген талаптарға сәйкес сақталуын және тиісінше санитариялық және техникалық жай-күйін ұстап-тұруға;
Тармақша 3
3) жасасылған шартқа және белгіленген тарифтерге сәйкес сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін уақтылы әрі толық көлемде ақы төлеуге;
Тармақша 4
4) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) тұратын су тұтынушыларды қоспағанда, жеке салынған үйлерде тұратын су тұтынушыларды қоса алғанда, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылуға техникалық жағдайларының, меншігіндегі сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілерінің атқарушылық түсірілімінің болуы;
Тармақша 5
5) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын, санитариялық қағидаларды сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген талаптарды орындауға;
Тармақша 6
6) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануынан асып түсетін ластауыштармен сарқынды суларды ағызуға жол бермеуге;
Тармақша 7
7) шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардың су бұру жүйесіне жауын-шашын және сорғыту суларын ағызуға жол бермеуге;
Тармақша 8
8) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның рұқсатынсыз меншігіндегі сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне өзге су тұтынушыларды қоспауға;
Тармақша 9
9) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық талаптарын орындауға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Су тұтынушы заңды тұлғалар, осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:
Тармақша 1
1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым өкілдерінің көрсетілімдерді алу және жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін суды есепке алу аспаптарына, аумағында орналасқан немесе шаруашылық жүргізуіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін, сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін, сондай-ақ берешегі болған кезде су тұтынушының желілерін ажырату үшін кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) су тұтыну және (немесе) су бұру көлемдері шартта белгіленгеннен асқан кезде, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарын немесе техникалық талаптарын сұратуға міндетті.
Бап 92-10. 92-10-бап. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері
92-10-бап. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін ақы алуға;
Тармақша 2
2) суды есепке алу аспаптарын тексеруді жүргізуге;
Тармақша 3
3) сотқа талап қоюға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
Тармақ 2
2. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым:
Тармақша 1
1) гигиеналық нормативтерге сәйкес ауызсуды және оны су тұтынушыларға беруді дайындауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін іркіліссіз ұсынуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) суды көздерден алуды, оны желіге және су тұтынушыларға беруді есепке алуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) көздерді санитариялық қорғау аймақтары, сумен жабдықтау жүйелерінің құбыржолдарын санитариялық қорғау белдеулері және су бұру жүйелері элементтерінің санитариялық-қорғау аймақтары үшін белгіленген, шаруашылық және өзге де қызмет режимін сақтауға;
Тармақша 5
5) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) су тұтынушының желілері мен құрылыстары жарамды болған және (немесе) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттары орындалған кезде су тұтынушының объектілерін сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосуға рұқсат беруге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.
Бап 92-11. 92-11-бап. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кіретін сумен жабдықтау және су бұру жүйелері
92-11-бап. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кіретін сумен жабдықтау және су бұру жүйелері
Тармақ 1
1. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына:
Тармақша 1
1) сумен жабдықтау бойынша – тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) сыртқы қабырғаларының шекарасы шегіндегі ішкі сумен жабдықтау жүйелері, оның ішінде ауызсуды қосымша тазарту бойынша топтық қондырғылар, су тартатын сорғы қондырғылары;
Тармақша 2
2) су бұру бойынша – елді мекеннің су бұру желісіне қосылатын жердегі бірінші құдыққа дейінгі шығару орындарын қоса алғанда, үй ішіндегі жүйелер кіреді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) ішкі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды пәтерлер мен үй-жайлардың меншік иелері, кондоминиум объектісін басқару органы жүргізеді, сондай-ақ бұл шарт негізінде жүргізіледі.
Бап 92-12. 92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелері
92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелері
Тармақ 1
1. Су тұтынушының баланстық тиесілікті бөлу шекарасынан су бөлу және санитариялық-техникалық аспаптардан су бұру жүйесіне сарқынды суларды шығару нүктелеріне дейінгі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтері су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне жатады және оларға өз күшімен, сондай-ақ шарт негізінде қызмет көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қондырғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Бап 92-13. 92-13-бап. Елді мекеннің сумен жабдықтаудың және су бұрудың иесіз қалған жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері
92-13-бап. Елді мекеннің сумен жабдықтаудың және су бұрудың иесіз қалған жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері
Тармақ 1
1. Елді мекеннің меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз не өзіне берілген меншiк құқығынан меншiк иесi бас тартқан сумен жабдықтау және су бұру жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері иесіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы елді мекеннің сумен жабдықтаудың және су бұрудың иесіз қалған жүйесін және (немесе) оның құрамдас элементтерін анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес оларды иесіз жылжымайтын заттар ретінде есепке қою жөніндегі рәсімдерді жүргізеді.
Тармақ 3
3. Елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері иесіз жылжымайтын заттар ретінде есепте болған уақытта сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі коммуналдық ұйымға пайдалануға беріледі.
Тармақ 4
4. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі коммуналдық ұйым өзіне пайдалануға берілген сумен жабдықтаудың иесіз қалған жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері арқылы су тұтынушыға берілетін ауызсудың сапасын қамтамасыз етеді.
Тарау 17. 17-тарау. Су объектілерін сауықтыру және рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану
17-тарау. Су объектілерін сауықтыру және рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану
Бап 93. 93-бап. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалану
93-бап. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалану
Тармақ 1
1. Ресурстарының табиғи емдiк қасиетi бар, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мақсаттар үшiн қолайлы су объектiлерi сауықтыру объектiлерi санатына жатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауықтыру мақсаттары үшiн пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органдардың ұсынуы бойынша:
Тармақша 1
1) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн – уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) жергiлiктi маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.
Тармақ 3
3. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалануға беру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 94. 94-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану
94-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану
Тармақ 1
1. Ықтимал сел қаупi бар су объектiлерiн қоспағанда, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшiн пайдалануға оған арнаулы рұқсатсыз жол берiледi.
Тармақ 2
2. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсiм бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
Тармақ 3
Тарау 18. 18-тарау. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану
18-тарау. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану
Бап 95. 95-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану
95-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану
Тармақ 1
1. Су объектiлерiн ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану ортақ және арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Бастапқы су пайдаланушылар қайталама су пайдаланушылардың су пайдалану жоспарларының негiзiнде су көлемдерiн алуға жыл сайынғы өтiнiмдерiн жасайды. Бассейндік инспекция жылдың жоспарланған сулылығын ескере отырып және бастапқы су пайдаланушылардың өтiнiмдерi негiзiнде олар үшiн су пайдалану лимиттерiн белгiлейдi. Қайталама су пайдаланушылар үшiн су жеткiзу көлемдерi белгiленген лимиттер ескерiле отырып, бастапқы және қайталама су пайдаланушылардың арасында жасалған шарттармен айқындалады.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшiн пайдалану мақсатында ерiген, жауын және тасқын суларды жинауға арналған су шаруашылығы құрылыстары бар жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға рұқсатының болуы міндетті.
Тармақ 4
4. Жер үстi және жер асты су объектiлерiн жайылымдарды суландыру үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртiбiмен жол берiледi.
Тармақ 6
6. Жеке қосалқы шаруашылық жүргiзетiн, бағбандықпен және бақша өсiрумен айналысатын жеке тұлғаларға суару үшiн су белгiленген лимиттерге сәйкес арнайы су пайдалану тәртiбiмен бөлiнедi. Жеткiлiктi су ресурстары болмаған жағдайда суару үшiн су басқа су пайдаланушылардың лимиттерiн қайта бөлу есебiнен бөлiнуi мүмкiн.
Тармақ 7
7. Суару, құрғату, сортаңданған топырақты шаю және басқа да мелиорациялық жұмыстар су объектiлерiн және олардың су жинау алаңдарын қорғауды қамтамасыз ететiн табиғат қорғау iс-шараларымен бiр кешенде жүзеге асырылуға тиiс. Суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және оны бағалау бюджет қаражаты есебiнен жүргiзіледi.
Тармақ 8
8. Ағынды суды суару үшiн пайдалану белгiленген экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 9
9. Суармалы аймақта су пайдаланушылар қайталама сулардың көлемi мен сапасына болжам жасайды, су объектiлерiне ағызу көлемдерiн, жинақтағыш су қоймаларын жасауды немесе оларды жасалған жерiнде пайдалануды жоспарлайды.
Бап 95-1. 95-1-бап. Жерді гидромелиорациялау
95-1-бап. Жерді гидромелиорациялау
Тармақ 1
1. Жай-күйi судың әсерiне байланысты болатын құрғақшылық, сортаңданған, батпақты, артық ылғалды жерлердiң жай-күйін жақсарту мақсатында жердi гидромелиорациялау жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Жерді гидромелиорациялау түрлеріне жерді суару, құрғату және сортаңданған топырақты шаю жатады.
Бап 96. 96-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум
96-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум Гидромелиорациялық кондоминиум - бiртұтас мүлiктiк кешен (бұдан әрi - гидромелиорациялық кондоминиум объектiсi) ретiнде жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны, бұл ретте жер учаскелерiне заттық құқық жеке және заңды тұлғалардың иелiгiнде, ал гидромелиорациялық жүйе немесе оның элементтерi ортақ үлестiк меншiк құқығында олардың иелiгiнде болады.
Бап 97. 97-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумды құру және тоқтату
97-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумды құру және тоқтату
Тармақ 1
1. Гидромелиорациялық кондоминиум екi және одан көп жер пайдаланушыларға немесе жер учаскелерi меншiктенушілерiне тиесiлi бiр суару каналында немесе оның бөлiгiнде орналасқан суармалы алқаптарының жер учаскелерiнде құрылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Жер учаскелерiне заттық құқық иелерiнiң әрқайсысы өз қалауы бойынша гидромелиорациялық кондоминиумға өзiнiң қатысу-қатыспауына қарамастан жер учаскесiне өз құқығын iске асыруға құқылы. Гидромелиорациялық кондоминиумның құрамына кiретiн су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жер учаскелерi бұру белдеулерiне жатады және ортақ үлестiк меншiк құқығында гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушыларға тиесiлi болады.
Тармақ 3
3. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi осы қатысушы құқығын иеленген суармалы жер учаскесiнiң бүкiл суару алқабының жалпы алаңына қатынасымен айқындалады. Гидромелиорациялық кондоминиум мүлкiндегi мұндай үлестi заттай түрде бөлуге болмайды (мiнсiз үлес).
Тармақ 4
4. Гидромелиорациялық кондоминиумның барлық қатысушыларының келiсiмiнде ортақ мүлiктегi үлестiң мөлшерi айқындалмауы мүмкiн, бұл жағдайда гидромелиорациялық кондоминиумның мүлкi үлестi бөлiнуге жатпайтын ортақ меншiкте болады.
Тармақ 5
5. Суармалы жер учаскесiне заттық құқығының (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығының тоқтатылуын қоспағанда) басқа тұлғаға ауысуы гидромелиорациялық кондоминиум мүлкiндегi үлестiң де алушыға ауысуына әкеп соғады.
Тармақ 6
6. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушы гидромелиорациялық кондоминиум мүлкiндегi өз үлесiн суармалы жер учаскесiне құқығынан бөлек иелiктен айыруға құқылы емес.
Тармақ 7
7. Гидромелиорациялық кондоминиумның ортақ мүлкi оның барлық қатысушыларының келiсуiмен кепіл ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақ 8
8. Бiр гидромелиорациялық кондоминиум қызмет көрсететiн барлық суармалы жер учаскелерiне заттық құқығы (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығын қоспағанда) және гидромелиорациялық кондоминиум мүлкiне меншiк құқығы бiр тұлғаға ауысқан жағдайда гидромелиорациялық кондоминиум жойылуы мүмкін.
Бап 98. 98-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу
98-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу
Тармақ 1
1. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсi Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу туралы заңдарына сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тiркелуге тиiс.
Тармақ 2
2. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 99. 99-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың құқықтары
99-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың құқықтары
Тармақ 1
1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың барлығының ортақ мүлiктi олардың гидромелиорациялық кондоминиумға қатысудағы үлесiне мөлшерлес басқаруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлiктi пайдалануға құқығы бар. Гидромелиорациялық кондоминиумның ортақ мүлкiн пайдалану тәртiбi қатысушылардың келiсiмiмен айқындалады. Жер учаскесiн басқа тұлғаларға жалға беру (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығы) жалға берушiнiң гидромелиорациялық кондоминиумға қатысуын тоқтатуға әкеп соқпайды.
Тармақ 3
3. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтарға ие болуы мүмкiн.
Бап 100. 100-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың мiндеттерi
100-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың мiндеттерi
Тармақ 1
1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар:
Тармақша 1
1) ортақ мүлiктi ұстауға арналған барлық шығыстарға қатысуға;
Тармақша 2
2) ортақ мүлiктiң сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi атқара алады.
Бап 101. 101-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысу ерекшелiктерi
101-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысу ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Ортақ мүлiктi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерi, егер гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлес белгiленедi.
Тармақ 2
2. Егер гидромелиорациялық кондоминиумдағы суармалы жер учаскесiн оған қатысушы пайдаланбаған жағдайда, ол ортақ мүлiктi ұстауға арналған шығыстардан босатылмайды.
Тармақ 3
3. Суармалы жер учаскелерi жалгерлерiнiң дауыс беру құқығы болмайды және олар гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқаруға өзге түрде қатыса алмайды, бiрақ гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар үшiн ортақ ережелердi сақтауға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың кондоминиумның ортақ мүлкiн өз атынан иелiктен айыруға құқығы жоқ.
Бап 102. 102-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару
102-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару
Тармақ 1
1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар гидромелиорациялық кондоминиум объектi тiркелгеннен кейiн бiр айдың iшiнде оны басқару нысаны туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару нысаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қатысушылардың келiсiмiмен айқындалады.
Тарау 19. 19-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсіп пен энергетика үшін пайдалану
19-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсіп пен энергетика үшін пайдалану
Бап 103. 103-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiп пен жылу энергетикасы үшiн пайдалану
103-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiп пен жылу энергетикасы үшiн пайдалану
Тармақ 1
1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiптiң және жылу энергетикасының мұқтаждары үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, өнеркәсiп пен жылу энергетикасы ұйымдарының айналымдық сумен жабдықтауы болуға мiндеттi. Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, айналымдық сумен жабдықтауы жоқ ұйымдар бассейндік инспекцияға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға нақты мерзiмдерiн көрсете отырып, айналымдық сумен жабдықтауға көшу жоспарын ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Ауыз су және минералды су санатына жатқызылмаған жер асты сулары, сондай-ақ басқа да пайдалы қазбалармен ілеспе алынған сулар (шахта, карьер, кеніш сулары) экологиялық талаптар сақтала отырып, арнайы су пайдалану шарттарымен техникалық сумен жабдықтау үшiн және басқа да өндiрiстiк мұқтаждар үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн, басқа пайдалы қазбалармен бiрге өндiрiлген жер асты сулары мiндеттi түрде кәдеге жаратылуға тиiс.
Тармақ 5
5. Технологиялық процеске байланысты ауыз суды пайдалану көзделген кәсiпорындарды қоспағанда, басқа сападағы суды пайдалану мүмкiндiгi бола тұрып, ауыз суды өнеркәсiп үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары халықтың ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарын бiрiншi кезекте қанағаттандыруды ескере отырып, ауыз суды өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн тұтынуға уақытша рұқсат беруге құқылы. Ауыз суды өнеркәсiптiк мұқтаждар үшiн тұтыну мерзiмдерi бассейндік инспекциямен келісу бойынша белгiленедi.
Тармақ 6
6. Уәкілетті орган, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар басталған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өнеркәсiп және жылу энергетика кәсiпорындарының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануын шектеуге, тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқылы.
Бап 104. 104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану
104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану
Тармақ 1
1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану бассейндік инспекциямен және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен, ал сел қаупi бар аудандарда - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша экономиканың басқа салаларының мүдделерiн, суларды кешендi пайдалану және оларды қорғау талаптарының сақталуын ескере отырып, арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Су объектiлерiндегi гидроэнергетикалық және гидротехникалық құрылыстарды пайдаланатын ұйымдар:
Тармақша 1
1) ауызсумен жабдықтау басымдығын сақтай отырып, су қоймаларын толтырудың және босатудың белгiленген режимiн;
Тармақша 2
2) өзендердiң жайылмалары мен атырауларында балық ресурстарын сақтау және ұдайы молайту үшiн шешушi маңызы бар өзендер мен су қоймаларының учаскелерiндегi балық шаруашылығының қажеттiлiгiн;
Тармақша 3
3) кемелер мен салдардың кедергiсiз өтiкiзiлуiн;
Тармақша 4
4) белгiленген табиғат қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және авариялық су жiберулерiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Егер су қоймаларын толтыру және босату нәтижесiнде туындаған су объектiлерi табиғи деңгейiнiң өзгеруi салдарынан жеке және (немесе) заңды тұлғаларға зиян келтiрiлсе, кiнәлiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны өтеуге мiндеттi.
Тарау 20. 20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын көлік, ағаш ағызу және өртке қарсы мұқтаждар үшін пайдалану
20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын көлік, ағаш ағызу және өртке қарсы мұқтаждар үшін пайдалану
Бап 105. 105-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу үшiн пайдалану
105-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу үшiн пайдалану
Тармақ 1
1. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібін және кеме қатынасы су жолдарының тізбесін бекітуді су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнде кеме жетегiнсiз ағаш ағызуға тыйым салынады. Су объектiлерiнде күйелi ағаш ағызуға тыйым салынады. Ағаш ағызуды жүзеге асыратын ұйымдар су объектiлерiн батып кеткен ағаш сүрегiнен үнемi тазартып отыруға мiндеттi. Ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртiбiн бассейндік инспекциямен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келісу бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Су объектiлерiн шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшып шығуы (қонуы) үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Кеме қатынасына, ағаш ағызуға, әуе кемелерiнiң ұшып шығуына (қонуына) арналған су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiнде су пайдаланушылар:
Тармақша 1
1) суды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға;
Тармақша 3
3) су объектiлерiне шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың және ластайтын заттардың ағызылуына жол бермеуге;
Тармақша 4
4) су объектiлерiнiң және су шаруашылығы, гидротехникалық және басқа да құрылыстардың арналары мен жағалауларының бұзылуына жол бермеуге;
Тармақша 5
5) басқa жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбауға мiндеттi.
Бап 106. 106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану
106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану
Тармақ 1
1. Өртке қарсы мұқтаждар үшiн кез келген су объектiлерiнен арнайы рұқсатсыз cу алуға жол берiледi.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орнын таңдауды, оны жайластыруды (пирстер, кіреберістер, жарық нұсқағыштары) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органның ведомствосы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоятын шарттарды сақтай отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жүзеге асыруға тиiс.
Тармақ 3
3. Өздерiнiң cу құбырлары желiлерiнде тиiстi өрт сөндiру құрылыстары мен құрылғылары бар заңды тұлғалар оларды ақаусыз күйiнде ұстауға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Арнайы өртке қарсы мұқтаждарға арналған су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан суды өзге мaқcaттap үшiн пайдалануға тыйым салынады.
Тарау 21. 21-тарау. Су объектілерін немесе олардың бөліктерін балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану
21-тарау. Су объектілерін немесе олардың бөліктерін балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану
Бап 107. 107-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн пайдалану
107-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн пайдалану
Тармақ 1
1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшiн (оның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерiнде немесе олардың бөлiктерiнде, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалану және балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес беріледі. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының осы Кодекске сәйкес су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдалануға алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн су объектiлерi немесе олардың бөліктері пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) бассейндік инспекциямен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша су объектiлерiнің немесе олардың бөліктерінің жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн балық жіберуді және балық шаруашылығы мелиорациясын және балық ресурстары мен басқа су жануарларының өсімін молайтуды жүргiзуге;
Тармақша 2
2) өздері пайдаланатын жерлерде су объектiлерiнің жағалауларын немесе олардың бөліктерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік табиғи қорықтар, балық питомниктері, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауызсумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін жеке тұлғалар белгiленген балық аулау қағидаларын сақтай отырып, әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшiн пайдалана алады.
Бап 108. 108-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану
108-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану
Тармақ 1
1. Су объектiлерiн немесе олардың бөлiктерiн аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жергiлiктi өкiлдi органмен, бассейндік инспекциямен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша бередi.
Тармақ 2
2. Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын, көлдердi және басқа да су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды пайдалану кезiнде сулы-батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Балық шаруашылығы мелиорациясын жүргiзу, жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлері мекендейтiн жерлерде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктерді су объектiлерiнде немесе олардың бөліктерінде өсiру бассейндік инспекциямен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлері мекендейтiн жерлерде, сондай-ақ фаунаның өсімін молайту және оны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бассейндік инспекциямен, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша жеке тұлғалардың болуына, әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшiлiк аң аулауға, жағалау белдеуiнде құрылыс салуға және су объектiлерiнің немесе олардың бөліктерінің жай-күйiн нашарлататын басқа да әрекеттерге және аңшылық шаруашылығын жүргiзуге шектеу қоюы мүмкін.
Тарау 22. 22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану. Өзендер мен каналдарда су қоймалары мен тежеуіш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану. Өзендер мен каналдарда су қоймалары мен тежеуіш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
Бап 109. 109-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану
109-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.
Бап 110. 110-бап. Су қоймаларын пайдалану
110-бап. Су қоймаларын пайдалану
Тармақ 1
1. Су қоймалары жер үстiндегi ағын суды реттеу және су пайдаланушылардың суға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жасалады.
Тармақ 2
2. Cу қоймаларын жобалау, салу және пайдалану қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендерге осындай араласудың барлық ықтимал терiс салдары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Су қоймалары гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық санитарлық-шарттарды және экологиялық тұрақтылықтың, эпидемиологиялық және радиациялық қауiпсiздiктiң сақталуын, халықтың және экономика салалары мүдделерiнiң қанағаттандырылуын қамтамасыз ететiн шарттарды зерттеу талаптары сақталған жағдайда пайдалануға берiледi.
Тармақ 4
4. Су қоймаларын пайдалану тәртібі осы Кодекстің 37-бабы 1-тармағының 7-7) және 13-1) тармақшаларында көрсетілген қағидаларға сәйкес әзірленген су қоймаларын пайдаланатын ұйымдардың қағидаларында айқындалады.
Тармақ 5
5. Су қоймаларын, олардағы су құбыры және су өткiзу немесе су тарту құрылыстарын пайдаланатын ұйымдар су қоймалары әсер ететiн аймақтардағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерi ескерiле отырып белгiленген су қоймаларын толтыру және ағызу режимiн сақтауға мiндеттi.
Тармақ 6
6. Су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Осы баптың ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдер мен басқа су айдындарында да қолданылады.
Бап 111. 111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану
Тармақ 1
1. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен iске қосу олардың мақсатына, осы құрылыстарды жобалау кезiнде әзiрленген шарттар мен нормаларға сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Су пайдаланушылардың тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеуі кеме қатынасы, осы өзен бассейні су ресурстарының кешенді пайдаланылуы мен қорғалуы ескеріле отырып, арнайы су пайдалануға рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 28.04.2016 № 506-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 3-1
3-1. Уәкілетті орган бекіткен, бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келетін тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иелері олардың қауіпсіздігін декларациялауды жүргізуге міндетті.
Тармақ 4
4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын (бұдан әрі – декларация) әзірлеуді меншік иесі дербес не оның қаражаты есебінен бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Декларация бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына уәкілетті органның ведомствосы аттестаттаған ұйымда өтініш беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өткізілуге тиіс.
Тармақ 6
6. Декларацияның тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші бассейндік инспекцияға сараптама қорытындысының көшірмесімен бірге өтініш пен декларацияның көшірмесін ұсынады. Бассейндік инспекция ұсынылған құжаттарды қарап, декларацияны тiркеу туралы шешiм қабылдайды не уәждi бас тартуды бередi. Уәкiлеттi орган тiркеген декларацияның көшірмесі бассейндік инспекцияда сақталады.
Тармақ 7
7. Бөгеттер және бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркеген ұйымдар тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 8
8. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда декларация өзгертілуге жатады. Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде оған қайта сараптама жүргізілуге және ол тіркелуге тиіс.
Бөлім 7. 7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу
7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу
Тарау 23. 23-тарау. Су қорғау қызметі
23-тарау. Су қорғау қызметі
Бап 112. 112-бап. Су объектiлерiн қорғау
112-бап. Су объектiлерiн қорғау
Тармақ 1
1. Су объектiлерi:
Тармақша 1
1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендiк ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан;
Тармақша 2
2) қатты, ерiмейтiн заттармен, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;
Тармақша 3
3) сарқылудан қорғалуға тиiс.
Тармақ 2
2. Су объектiлерi:
Тармақша 1
1) табиғи жүйелердiң экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;
Тармақша 2
2) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiн;
Тармақша 3
3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының азаюын;
Тармақша 4
4) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауын;
Тармақша 5
5) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiн;
Тармақша 6
6) су объектiлерi гидрологиялық және гидрогеологиялық режимiнiң нашарлауын;
Тармақша 7
7) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс.
Тармақ 3
3. Су объектiлерiн қорғау:
Тармақша 1
1) су объектiлерiн пайдаланудың кез келген түрiн жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектiлердi қорғау жөнiнде ортақ талаптар қою;
Тармақша 2
2) шаруашылық қызметiнiң жекелеген түрлерiне арнайы талаптар қою;
Тармақша 3
3) жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз технологиялар енгiзе отырып, су қорғау iс-шараларын жетiлдiру және қолдану;
Тармақша 4
4) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу;
Тармақша 5
5) су объектiлерiн пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттiк және басқа да нысандарын жүргiзу;
Тармақша 6
6) су объектiлерiн қорғау жөнiндегi талаптардың орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Орталық органдар және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес су объектiлерiн сақтау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөнiнде тұрақты даму принципiмен үйлесiмдi шаралар қолданады.
Тармақ 5
5. Қызметi су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптарды сақтауға және ұйымдастырушылық, технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараларды және су объектiлерiн ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн басқа да iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
Бап 113. 113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау
113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау
Тармақ 1
1. Су объектiлерiнiң сапалық жай-күйiн нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын заттардың немесе ластаушы нәрселердiң су объектiлерiне тасталуы немесе өзге де тәсiлмен түсуi су объектiлерiнiң ластануы деп танылады.
Тармақ 2
2. Су объектiлерiн, диффузиялық ластануды (жер бетi мен ауа арқылы ластану) қоса алғанда, ластанудың барлық түрiнен қорғау жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Су объектiлерiн ластанудан қорғау мақсатында:
Тармақша 1
1) су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерінде пестицидтерді, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектiлерiнiң су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсiм бойынша жүргiзiледi;
Тармақша 2
2) радиоактивтi және уытты заттарды су объектiлерiне тастауға және көмуге;
Тармақша 3
3) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиiмдi тазартуды қамтамасыз етпейтiн өнеркәсiп, тамақ объектiлерiнiң ағынды суларын су объектiлерiне ағызуға;
Тармақша 4
4) су объектiлерiнде радиоактивтi және уытты заттар бөлiнуi қоса жүретiн технологиялардың ядролық және өзге де түрлерi пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргiзуге;
Тармақша 5
5) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн техника мен технологиялардың қолданылуына тыйым салынады.
Бап 114. 114-бап. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау
114-бап. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау
Тармақ 1
1. Су объектiсiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтардың, сондай-ақ салмақты бөлшектердiң түсуi, соның салдарынан оның гидрологиялық жай-күйi нашарлап, су пайдаланудың қиындауы су объектiлерiнiң қоқыстануы деп танылады.
Тармақ 2
2. Су объектiлерiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастауға және оларды көмуге тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Су объектiлерiнiң су жинау алаңдарын, су объектiлерiнiң мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және шайылу кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстауға жол берiлмейдi.
Бап 115. 115-бап. Су объектiлерiн сарқылудан қорғау
115-бап. Су объектiлерiн сарқылудан қорғау
Тармақ 1
1. Ағындының рұқсат етiлетiн деңгейiнiң ең аз мөлшерiнiң, жер үстi су қорының азаюы немесе жер асты су қорының кемуi су объектiлерiнiң сарқылуы деп танылады.
Тармақ 2
2. Су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) су объектiлерiнен лимиттен тыс қайтарымсыз су алуға жол бермеуге;
Тармақша 2
2) су қорғау аймақтары мен белдеулерi аумағында жер жыртуға, мал тоғыту мен санитарлық дауалауға, құрылыстар салуға және су объектiлерiнiң сарқылуына әкеп соғатын басқа да шаруашылық қызмет түрлерiн жүргiзуге жол бермеуге;
Тармақша 3
3) су қорғау iс-шараларын жүргiзуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шаралары бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiледi.
Бап 116. 116-бап. Су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi
116-бап. Су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi
Тармақ 1
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен мемлекеттік орман қоры құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су объектілерін санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау үшiн ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бассейндік инспекциялармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал сел қаупі бар аудандарда – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіліп, бекітілген жобалау құжаттамасы негізінде белгілейді. Бұл ретте жобалау құжаттамасын әзірлеу он айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Жобалау құжаттамасын қарау, келісу және бекіту мерзімі оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына берген күннен бастап екі айдан аспауға тиіс. Су қорғау аймақтары мен белдеулерін, сондай-ақ оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу жобалау құжаттамасы бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Су объектісінің шекаралары табиғи немесе жасанды өзгертілген жағдайларда, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің белгіленген шекаралары осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалатын тәртіппен және мерзімдерде нақтылануға жатады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын белгілеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Бап 117. 117-бап. Суларды санитарлық қорғау аймақтары
117-бап. Суларды санитарлық қорғау аймақтары
Тармақ 1
1. Ауыз сумен жабдықтау, емдеу, курорттық және халықты сауықтырудың өзге мұқтаждары үшiн пайдаланылатын суларды қорғау мақсатында облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық қорғау белдеулерiн белгiлеу тәртiбiн халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
Бап 118. 118-бап. Су объектiлерiндегi төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары
118-бап. Су объектiлерiндегi төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары
Тармақ 1
1. Шаруашылық қызмет немесе табиғи процестер нәтижесiнде халықтың денсаулығына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiне, қоршаған ортаның жай-күйiне қауiп төндiретiн өзгерiстер болатын су объектiлерi төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары деп жариялануы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Cу объектiлерiндегi немесе өзен бассейндерiндегi және жерасты суларының кен орындарындағы төтенше экологиялық жағдайды уәкілетті орган жариялайды.
Бап 119. 119-бап. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау
119-бап. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау
Тармақ 1
1. Су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерiндегi жер учаскелерi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын белгіленген талаптарды сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берiлуi мүмкiн.
Тармақ 1-1
1-1. Су қорғау аймақтарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын жергілікті атқарушы органдар бассейндік инспекциялармен келісу бойынша Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес шөп шабу және мал жаю үшін жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалануға беруі мүмкін.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылауды уәкілетті органның ведомствосы, бассейндік инспекциялар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Бап 120. 120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Өндiрiстiк қызметi жер асты суларының жай-күйiне зиянды әсер етуi мүмкiн болатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының мониторингiн жүргiзуге және су ресурстарының ластануы мен сарқылуын және сулардың зиянды әсерiн болғызбау жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты суларының орындары мен учаскелерінің контурларында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге, радиоактивті және химиялық қалдықтардың көмінділерін, қоқыстарды, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жерасты суларының жай-күйіне әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Егер жер асты суларының жай-күйiне әсер етсе немесе әсер етуi мүмкiн болса, жерлердi ағынды сумен суаруға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Гидрогеологиялық ұңғымалар, оның ішінде өздігінен ағатын және барлау ұңғымалары, сондай-ақ іске қосуға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар консервациялау құрылғылармен жабдықталуға немесе жойылуға жатады. Гидрологиялық ұңғымаларды жоюды және консервациялауды ұңғымалардың иелері жүзеге асырады. Иесіз қалған өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жоюды және консервациялауды жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізген кезде жерасты суларын қорғау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Тармақ 6
6. Жер асты суларының су алу құрылыстарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының санитарлық қорғау аймағы мен олардың мониторингiн ұйымдастыруға мiндеттi.
Тармақ 7
7. Мелиорацияланған жерлерде сорғыту жүйелерiн салу мен пайдалану кезiнде арнайы cу пайдалануға рұқсаты болған жағдайда жер асты суларын сыртқа шығаруға жол берiледi.
Тармақ 8
8. Жер асты суларын пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде олардың жер үстi су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар көзделуге тиiс.
Тармақ 9
9. Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндiру, жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар жер асты суларының ластануы мен сарқылуының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға мiндеттi.
Тарау 24. 24-тарау. Шағын су объектілері және оларды қорғау ерекшеліктері
24-тарау. Шағын су объектілері және оларды қорғау ерекшеліктері
Бап 121. 121-бап. Шағын су объектiлерi
121-бап. Шағын су объектiлерi
Тармақ 1
1. Шағын су объектiлерiне көлемi мынадай табиғи су объектiлерi: тұйық су объектiлерi бойынша - су бетiнiң алаңы он гектарға дейiнгi; өзендер бойынша - ұзындығы екi жүз километрге дейiнгi ағын сулар жатады.
Тармақ 2
2. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану, әдетте, ортақ су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын арнайы су пайдалану тәртiбiмен пайдалану уәкілетті орган осындай су пайдалану салдарының су ресурстарының жай-күйiне әсерін зерделегеннен кейiн және мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы немесе Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес міндетті экологиялық рұқсат болған кезде мүмкiн болады.
Бап 122. 122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Шағын су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде ортақ су пайдалану режимiн және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың ластануының, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу және жою жөнiндегi шараларды облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, ал сел қаупi бар өңірлерде – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Шағын су объектiлерiнiң сарқылуын, ластануын және азып-тозуын болғызбау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес оларды қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жеке көздейдi.
Тармақ 3
3. Шаруашылық қызметi шағын су объектiлерiнiң жай-күйi мен режимiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның ведомствосымен келiсiлген шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын қалпына келтiру және олардағы сулардың тазалығын сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.
Тарау 25. 25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою
25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою
Бап 123. 123-бап. Мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттерi
123-бап. Мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттерi Мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар судың мынадай зиянды әсерлерiнiң: су тасу, су басу, топан су басу; жағалаудың, қорғау бөгеттерiнiң және басқа да құрылыстардың қирауы; жерлердiң батпақтануы мен сортаңдануы; топырақ пен су объектiлерiнiң эрозиясы, жыралардың пайда болуы, сырғымалар, сел тасқындары мен басқа да зиянды құбылыстардың алдын алу және оларды жою жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.
Бап 124. 124-бап. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды жүзеге асыру тәртiбi
124-бап. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды жүзеге асыру тәртiбi
Тармақ 1
1. Су шаруашылығы ұйымдары, су пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар елді мекендерді, өнеркәсіп объектілерін, ауыл шаруашылығы жерлерін, қорғалатын аумақтарды судың зиянды әсерінен қорғау жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды жоспарлауға және жүргізуге міндетті. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды қаржыландыру су пайдаланушылардың қаражаты мен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғалар судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі су шаруашылығы іс-шараларын өткізу кезінде:
Тармақша 1
1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын салуда, пайдалануға беруде, пайдалануда, жөндеуде, реконструкциялауда, консервациялауда, пайдаланудан шығаруда және жоюда қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтауға;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің нашарлап кетуінің жай-күйін жүйелі түрде талдауға;
Тармақша 3
3) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына ұдайы тексеру жүргізуге;
Тармақша 4
4) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы аварияларды жоюға арналған қаржылық және материалдық резервтерді құруға;
Тармақша 5
5) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын оқшау жүйелерді үнемі дайындықта ұстауға міндетті.
Тармақ 2
2. Судың зиянды әсерiнен туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 26. 26-тарау. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі
26-тарау. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі
Бап 125. 125-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру шарттары
125-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру шарттары
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
Тармақ 3
3. Су объектілерінде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерінен басқа) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, ветеринария саласындағы уәкілетті органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі. Келiсу тәртiбi Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес бекiтiлген, құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалады. Ықтимал сел қаупі бар су объектілеріндегі нақ осындай қызмет - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, ал су кемелері қатынайтын су жолдарында су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
Тармақ 4
4. Қолданылуы су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін жаңа объектілердің құрылысын немесе қолданыстағыларын реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) жобаларында техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ақпайтын) жүйесі көзделуге тиіс.
Тармақ 5
5. Су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін қолданыстағы (салынып жатқан) объектілерді консервациялау және жою (кейіннен кәдеге жарату) бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Су объектілерінің аумағы арқылы көліктік немесе инженерлік коммуникациялар салу жобалары тасқын суларды өткізуді, су объектілерін пайдалану режимін, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жүргізілуін көздеуге тиіс. Көрсетілген жобалар бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, энергиямен жабдықтау саласындағы уәкілетті органмен келісілуге жатады.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.
Бап 126. 126-бап. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу
126-бап. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу
Тармақ 1
1. Су объектiлерiндегi немесе су қорғау аймақтарындағы су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндiру, кабельдердi, құбырлар мен басқа да коммуникацияларды төсеу, орман ағаштарын кесу, бұрғылау және өзге де жұмыстар бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен, кеме қатынасына жатқызылған су объектiлерiнде - қосымша су көлiгi органдарымен де келiсiм бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтарында жұмыстар жүргiзу тәртiбi су объектiлерiнiң жай-күйiн, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау талаптарын ескере отырып, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша әрбiр су объектiсi бойынша жеке-дара айқындалады.
Бөлім 8. 8-Бөлім. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі шаруашылық қызметті құқықтық реттеу ерекшеліктері
8-Бөлім. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі шаруашылық қызметті құқықтық реттеу ерекшеліктері
Тарау 27. 27-тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері
27-тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері
Бап 127. 127-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiндегi шаруашылық қызметтiң құқықтық режимi
127-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiндегi шаруашылық қызметтiң құқықтық режимi Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiндегi шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiне мыналар кiредi:
Тармақша 1
1) экономика мүдделерiнiң экологиялық, мәдени және тарихи құрамдас бөлiктермен балансын сақтау негiзiнде аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) табиғи су кешенiнiң су объектiлерiндегi судың деңгейiн белгiленген шектi белгiден төмен болмайтындай деңгейде сақтау;
Тармақша 3
3) өндiрiстердiң жұмыс iстеуiнiң технологиялық схемалары мен ұйымдастыру-экономикалық нысандарын тұрақты жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын тиiмдi пайдалану;
Тармақша 4
4) су бассейнi мен су объектiсiнiң жай-күйiн жақсарту;
Тармақша 5
5) аймақтың экономикалық, ресурстық әлеуетiн және оның санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық салауаттылығын сақтауда жұртшылықтың рөлiн арттыру;
Тармақша 6
6) балық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау және ұдайы молайту;
Тармақша 7
7) рекреациялық кешендi дамыту;
Тармақша 8
8) заңдылықты және экологиялық құқық тәртiбiн нығайту.
Бап 128. 128-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi
128-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың ерекшелiктерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) аймаққа бөлу және жеке аймақтар бойынша су және экологиялық нормативтер белгiлеу;
Тармақша 2
2) су объектiлерiне және олардың экологиялық жүйесiне антропогендiк жүктеме нормалау;
Тармақша 3
3) аймақтың су объектiлерiн пайдалану ережелерiн белгiлеу кезiнде олардың ерекшелiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының есепке алуы;
Тармақша 4
4) өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату кезiнде кешендiлiктi қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) су объектiсi бассейнiнiң аумағын су және жел эрозияларынан, шөлейттенуден, батпақтанудан, қайталама сортаңданудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен және басқа да заттармен ластанудан қорғау;
Тармақша 6
6) бұзылған cy объектiлерiн және cy қорының жерлерiн қайта өңдеу;
Тармақша 7
7) су объектiлерiнiң арналары бойынша табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су берудiң шаруашылық су беру алдындағы басымдығы.
Бап 129. 129-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметке қойылатын талаптар
129-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметке қойылатын талаптар Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймағын қорғау мақсатында оларда шаруашылық қызметтiң ерекше режимi белгiленедi, ол:
Тармақша 1
1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды сақтау мен жақсартуға бағытталған қызмет түрлерiнiң басымдығын;
Тармақша 2
2) су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiне шаруашылық қызметтiң әсерiн ұдайы азайтуды;
Тармақша 3
3) тұрақты даму принциптерiнде әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешудiң және ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың баланстылығын көздейдi.
Бап 130. 130-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi
130-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң аумағында:
Тармақша 1
1) бассейннiң табиғи экологиялық жүйелерiнiң бұзылуын, қоршаған ортаның халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi өзгерiсiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) радиоактивтi қалдықтарды және зарарсыздандыруға немесе кәдеге жаратуға келмейтiн өнiмдi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймақтарына әкелуге, сондай-ақ онда сақтауға немесе көмуге;
Тармақша 3
3) қамыс шабуға және құрғақ өсiмдiктердi өртеуге, орман ағаштарын тамырымен жұлуға, балық уылдырық шашатын өзендердiң арналарын өңдеуге;
Тармақша 4
4) мiндеттi санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасыз шаруашылық қызметтi және аумақта жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүргiзуге тыйым салынады.
Бап 131. 131-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметтi реттеуге мемлекеттiң қатысуы
131-бап. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметтi реттеуге мемлекеттiң қатысуы
Тармақ 1
1. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары су объектiлерiн кешендi пайдаланудың және қорғаудың бассейндiк схемаларын жасау кезiнде аймақтың ерекшелiктерiн ескередi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн республикалық деңгейде үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Ұлттық үйлестiру кеңесiн құруы мүмкін.
Бөлім 9. 9-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды реттеудің экономикалық тетігі
9-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды реттеудің экономикалық тетігі
Тарау 28. 28-тарау. Су пайдалануды реттеудің экономикалық әдістері
28-тарау. Су пайдалануды реттеудің экономикалық әдістері
Бап 132. 132-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы экономикалық реттеудiң түрлерi
132-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы экономикалық реттеудiң түрлерi Экономикалық реттеудiң негiзгi түрлерi:
Тармақша 1
1) су пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;
Тармақша 2
2) су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін көздейтін Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарын әзірлеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ресурстар сақтау, қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерiн енгiзуi және игеруi, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру жөнiндегi басқа да тиiмдi шараларды жүзеге асыруы кезiнде оларға кредиттiк және өзге де жеңiлдiктер беру;
Тармақша 4
4) қоғамдық қорлар құру және оларды су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау үшiн пайдалану болып табылады.
Бап 133. 133-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу
133-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында ортақ су пайдалану тегiн жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Бап 134. 134-бап. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
134-бап. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу
Тармақ 1
1. Су пайдаланушыларға су беруге, сумен жабдықтауға, су бұруға, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын және басқа да су шаруашылығы iс-шараларын орындауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер ақылы негiзде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшiн тарифтер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
Тармақ 3
3. Су беру жөнiндегi қызметтер үшiн ақы төлеу тәртiбi мен талаптары тараптардың шарттарымен айқындалады.
Бап 135. 135-бап. Су шаруашылығын, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегiинвестициялық саясаттың қағидаттары
135-бап. Су шаруашылығын, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегiинвестициялық саясаттың қағидаттары
Тармақ 1
1. Су шаруашылығын, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың негiзгi түрлерi:
Тармақша 1
1) су шаруашылығы жүйесiнiң мемлекеттiк мекемелерiн ұстау;
Тармақша 2
2) су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөнiндегi шығындарды қаржыландыру;
Тармақша 3
3) ерекше авариялық қаупi бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру;
Тармақша 3-1
3-1) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекет кепілдігімен тартылған қарыздар бойынша өтеу, оларға қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидия беру және субсидия төлеу;
Тармақша 4
4) су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердiң жаңаларын салуға және қазiр барларын қайта құруға қаржы ресурстарын, оның iшiнде қарыз қаражаттарын тарту;
Тармақша 5
5) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша субсидиялау;
Тармақша 5-1
5-1) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы субъектiлерiне, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға жеңiлдiктi және ұзақ мерзiмдi кредиттер мен басқа да артықшылықтар беру;
Тармақша 7
7) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру;
Тармақша 7-1
7-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;
Тармақша 7-2
7-2) суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау болып табылады;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 2
2. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, суармалы жерлерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі жөніндегі инвестициялық саясаттың негiзгi қағидаттары:
Тармақша 1
1) қайтарымды негiзде орталықтандырылған инвестициялардың есебiнен су саласын дамытуды мемлекеттiк қолдау;
Тармақша 2
2) инвестициялық су шаруашылығы қызметiнде пайдалану үшiн ұйымдардың өз көздерiнiң рөлiн арттыруды ынталандыру;
Тармақша 3
3) қарыздарды, оның iшiнде мемлекет кепiлдiктерiн тарту практикасын кеңейту;
Тармақша 4
4) инвестицияларға бағытталған бюджет қаражатын жұмсауды мемлекеттiк бақылау болып табылады.
Тармақ 3
3. Су шаруашылығын мемлекеттiк қолдау және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi, сондай-ақ пайдаланылмайтын және қайта қалпына келтіруге жатпайтын мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын жою жөніндегі инвестициялық саясат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 135-1. 135-1-бап. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау
135-1-бап. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау
Тармақ 1
1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау сумен жабдықтауды және су бұруды дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жобаларды техникалық қолдау, бұл техникалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыруды қамтиды;
Тармақша 2
2) капиталды қажет ететін шығыстар, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жабдықты, материалдарды сатып алуға арналған шығыстар.
Бап 136. 136-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру
136-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру
Тармақ 1
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру су қатынастарының объектiлерiне, басқа адамдардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға байланысты қатынастар кешенi болып табылады.
Тармақ 2
2. Ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өз еркi бойынша жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртiбi сақтандырушы мен сақтанушылар арасындағы келiсiмдермен айқындалады.
Бөлім 10. 10-Бөлім. Су даулары және Қазақстан Республикасының Су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
10-Бөлім. Су даулары және Қазақстан Республикасының Су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Тарау 29. 29-тарау. Су дауларын шешу
29-тарау. Су дауларын шешу
Бап 137. 137-бап. Су даулары
137-бап. Су даулары
Тармақ 1
1. Су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мен қорғау және суды бөлу мәселелерi бойынша су қатынастары субъектiлерiнiң арасында туындайтын даулар су даулары болып табылады.
Тармақ 2
2. Су қатынастары субъектiлерiнiң арасындағы су даулары тараптардың келiссөздерi, оларды су пайдаланушылар бiрлестiктерi құрған органдарда, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында және уәкiлеттi органда немесе соттарда қарау арқылы шешiледi.
Бап 138. 138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару
138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары заңсыз пайдаланылған уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының су заңдарының бұзылуынан келтiрiлген зиян өтелiп, иесiне қайтарылады. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерiн қайтару Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тарау 30. 30-тарау. Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
30-тарау. Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Бап 139. 139-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заң бұзушылықтар
139-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заң бұзушылықтар
Бап 140. 140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бөлім 11. 11-Бөлім. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
11-Бөлім. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Тарау 31. 31-тарау. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау
31-тарау. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау
Бап 141. 141-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары
141-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жасасу негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мүдделерiн қорғау;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау;
Тармақша 3
3) шекаралас елдердiң трансшекаралық сулар бойынша мемлекетаралық қатынастары бөлiгiнде су заңдарын үйлестiру мен жақындастыруға қатысу;
Тармақша 4
4) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық, нормаларды, стандарттарды, жобаларды және мониторингтi бiрлесiп әзiрлеу және iске асыру болып табылады.
Бап 142. 142-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың принциптерi
142-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың принциптерi Қазақстан Республикасы трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы өз саясатында мынадай принциптердi басшылыққа алады:
Тармақша 1
1) экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығын дамыту;
Тармақша 2
2) халықаралық су құқығының жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларын ескере отырып, трансшекаралық ағын судың барлық елдерiнiң су ресурстарын әдiл, ақылға қонымды және өзара тиiмдi пайдалану құқығын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) болашақ ұрпақтардың қажеттiлiктерiне зиян келтiрмей қазiргi ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды ескере отырып, су ресурстарын басқару;
Тармақша 4
4) адамның экологиялық құқықтарының, мүдделерiнiң және трансшекаралық өзендер бассейндерiнiң су шаруашылығы жүйелерiнiң экономикалық даму балансын сақтау;
Тармақша 5
5) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау проблемаларын шешу кезiнде өзара көмек көрсету және даулы мәселелердi бейбiт түрде реттеу;
Тармақша 6
6) трансшекаралық сулардың жай-күйiне ықтимал трансшекаралық әсер етудiң алдын алу жөнiндегi сақтық шараларын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) халықаралық жауапкершiлiк және трансшекаралық әсер етуден туындаған залалды өтеу.
Бап 143. 143-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi
143-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi:
Тармақша 1
1) трансшекаралық әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге acыру кезiнде трансшекаралық суларды олардың трансшекаралық сипатын ескере отырып, ақылға қонымды және әдiл түрде пайдалануды қамтамасыз етудi;
Тармақша 2
2) трансшекаралық суларды экологиялық жағынан негiзделген түрде және ұтымды басқару, қоршаған ортаны сақтау және қорғау негiзiнде пайдалануды;
Тармақша 3
3) ластауды қоршаған ортаның басқа құрамдас бөлiктерiне ауысуға әкелмеуге тиiс болатын трансшекаралық суларды ластауды тыю, оны болғызбау, шектеу және қысқарту жөнiндегi шараларды;
Тармақша 4
4) трансшекаралық әсер етуден бұзылған экологиялық жүйелердi сақтауды және, қажет болған жағдайда, қалпына келтiрудi;
Тармақша 5
5) ағынды суларды ағызудың шектi нормаларын белгiлеудi, су пайдаланудың қазiргi заманғы техникалық жетiстiктерiне және экономикалық ықтимал жағдайларына сәйкес келетiн су сақтаудың қатаң нормаларына бағдарлауды;
Тармақша 6
6) трансшекаралық сулар мен су объектiлерiнiң мониторингi бағдарламаларын әзiрлеу мен келiсудi және оларды iске асыруға қатысуды;
Тармақша 7
7) трансшекаралық суларды басқаруға, реттеуге және қорғауға қаржылық және техникалық жағынан бiрлесiп қатысуды;
Тармақша 8
8) трансшекаралық өзендердiң бассейндерiндегi су шаруашылығы ахуалы туралы ақпарат алмасуды, төтенше су жағдайлары кезiнде шұғыл хабардар етудi және өзара көмек көрсетудi;
Тармақша 9
9) нормативтiк-құқықтық базаны бiрегейлендiру, трансшекаралық суларды және оларға байланысты экологиялық жүйелердi қорғау мен қалпына келтiрудiң бiрлескен бағдарламалары мониторингiнiң, оларды әзiрлеудiң және iске асырудың бiрыңғай жүйелерiн құру саласында шекаралас елдермен ынтымақтастықты, осы мақсаттар үшiн халықаралық ұйымдардың қаражатын тартуды;
Тармақша 10
10) трансшекаралық сулар мен су шаруашылығы құрылыстарын бiрлесiп пайдалану жөнiнде iс-шаралар әзiрлеудi, келiсудi және жүзеге асыруды;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы бекiткен трансшекаралық суларды пайдалану және қopғaу саласындағы мемлекетаралық және үкіметаралық келiсiмдердi бiрлесiп iске асыру үшiн қажет болған жағдайда трансшекаралық суларды басқару жөнiндегi мемлекетаралық орган құруды;
Тармақша 12
12) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау жөнiнде аймақтық және ұлттық деректер базасын құруды;
Тармақша 13
13) су проблемаларын шешу жөнiнде бiрлескен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзудi;
Тармақша 14
14) трансшекаралық суларды ұтымды пайдалануға және қорғауға байланысты өзге де қызметтi көздейдi.
Бап 144. 144-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi
144-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi:
Тармақша 1
1) осы су объектiсiнде және оған iргелес аумақта биологиялық тепе-теңдiктi ұстап тұру, ұдайы молайту және сақтау мақсатында трансшекаралық суларды тиiмдi және ұтымды пайдалануды;
Тармақша 2
2) трансшекаралық әсер ету нәтижесiнде кiнәлi тарап келтiрген залал үшiн өтемдiк жауапкершiлiктi;
Тармақша 3
3) пайдаланылатын су ресурстарына үлес қосып қатысу принципiнде басқа мемлекеттер пайдаланатын трансшекаралық суларды басқару, реттеу және қорғау жөнiндегi су шаруашылығы объектiлерiн бiржақты пайдалануды жүзеге асыратын мемлекетке шығындарын өтеудi;
Тармақша 4
4) мемлекеттердiң бiрiнiң тиiстi бекiтiлген халықаралық шарттардың негiзiнде белгiленген өзiнiң трансшекаралық сулар үлесiн (үлесiнiң бөлiгiн) өтемдiк негiзде екiншi мемлекетке беруiн көздейдi.
Бап 145. 145-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi жөнiндегi дауларды реттеу
145-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi жөнiндегi дауларды реттеу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша даулар ізгi ниет, өзара сыйластық және тату көршiлестiк қатынастар негiзiнде келiссөздер жүргiзу арқылы немесе дауға қатысушы тараптар үшiн қолайлы басқа әдiспен шешiледi.
Тармақ 2
2. Келiссөздерде өзара қолайлы шешiмдерге қол жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайда, егер трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, су дауларын шешудiң төрелiк процесi орынды деп танылады.
Тарау 32. 32-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
32-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
Бап 145-1. 145-1-бап. Өтпелі ережелер
145-1-бап. Өтпелі ережелер Осы Кодекстің 125-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының ережелері су қорғау белдеулері шекараларының шегінде 2009 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуына қолданылмайды. Бұл ретте оларды пайдалануға ұйымдастырылған, орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге жүйесі немесе ішіндегі заттарды әкетуді қамтамасыз ететін су өтпейтін науалар болған кезде ғана жол беріледі.
Бап 146. 146-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгiзу тәртiбi
146-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Су кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 7, 149-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 22, 408-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат; 2001 ж., N 3, 20-құжат; N 24, 338-құжат); "Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгiзу туралы" 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 7, 150-құжaт).