О создании Совета по информационной политике Күшін жойған
Басқа 0
Ақпараттық саясат жөніндегі Кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде қоғамдық кеңес құру туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 993 Жарлығына сәйкес және мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы жұмыстардың өзекті мәселелері жөніндегі Республикалық семинардың 2003 жылғы 17 наурыздағы № 16-5.2 хаттамалық шешімін орындау және облыстық мемлекеттік органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы бірлесе іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімі жанында ақпараттық саясат жөніндегі Кеңес (бұдан әрі-Кеңес) құрылсын.
Тармақ 2
2. Кеңес ережесі (1 қосымша).
Кеңестің дербес құрамы бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиға жүктелсін.
Басқа 4
1 қосымша
Маңғыстау облысы әкімиятының
30 мамырдағы 2003 жылғы
№ 111 қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы
ақпараттық саясат жөніндегі Кеңес туралы
Ереже
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы ақпараттық саясат жөніндегі Кеңес (бұдан әрі Кеңес) - Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөнінде қоғамдық кеңес құру туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 993 Жарлығының негізінде құрылған. Кеңестің негізгі мақсаты облыс әкіміне мемлекеттік ақпарат саясатын қалыптастыруға, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыруды нәтижелі дамыту үшін жағдайлар туғызу, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды жетілдіруге жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) Облыс әкіміне мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 3
3) Облыс әкіміне бұқаралық ақпарат құралдарының заңнамаларын жетілдіру, облыстағы мемлекеттік басқару органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара тиімді іс-әрекетін, сондай-ақ елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік және басқа да органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста бұқаралық ақпарат құралдары пен оның қызметшілерінің мүдделері мен заңды құқықтарын қорғау;
Тармақша 5
5) Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ақпараттық тартыстар мен басқа да даулы ахуалдарды шешуге қатысу, бұқаралық ақпарат құралдары қызметіндегі жоғары этикалық және кәсіби ұстанымдардың дамуына жәрдемдесу.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституцияcы және заңдарын, облыс әкімиятының және әкімінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Кеңес өз құзыретінде:
Тармақша 1
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамалардың сақталуын және бұқаралық ақпарат құралдары қызметіне байланысты облыс әкіміне және тікелей Кеңеске жіберілген арыздарды қарауға;
Тармақша 2
2) мемлекет саясатын және облыс әкімі қызметін түсіндіру жөніндегі сараптамалық-ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстарды, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары үшін беруге;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан өзіне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен материалдарды, ақпараттарды сұратуға және алдыруға;
Тармақша 4
4) бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамаларды сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін өз мәжілістерінде тыңдауға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар өткізетін кеңестерге, конференциялар мен семинарларға қатысуға;
Тармақша 6
6) бұқаралық ақпарат құралдары қызметіне қатысты мемлекеттік органдар шешімдеріне баға беруге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметі жөнінде мемлекеттік органдарға ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге;
Тармақша 7
7) аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына Кеңес қызметі туралы жарияланымдар жариялауға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Кеңестің шешімдері қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Кеңес мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның даусы шешуші болып табылады.
Тармақ 6
6. Кеңес шешімдері Кеңес мәжілісінде қабылданатын және облыс әкіміне мәлімделетін ұсыныстар мен қорытындылар болып табылады.
Тармақ 7
7. Кеңес облыс әкімиятымен бекітілетін Кеңес төрағасынан, хатшысы мен мүшелерден тұрады.
Кеңестің төрағасы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
Тармақ 8
8. Кеңестің отырыстарын оның төрағасы қажетіне қарай, алайда жартыжылдық кемінде бір мәрте шақырады және оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса, құқылы болып саналады.
Кеңес төрағасы Кеңес шешімдеріне және басқа да құжаттарға қол қояды, мәжілісте көтерілетін мәселелерді анықтайды, өзге де ұйымдық-өкімдік функцияларды орындайды.
Тармақ 9
9. Кеңес қызметін ұйымдастыру және ақпараттық қамтуды облыс әкімінің баспасөз қызметі жүзеге асырады.
Басқа 26
2 қосымша
Маңғыстау облысы әкімиятының
30 мамырдағы 2003 жылғы
№ 111 қаулысымен бекітілген
Ақпараттық саясат жөніндегі Кеңестің құрамы
1. Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы - облыс әкімінің орынбасары,
Кеңес төрағасы
2. Жүнбасов Мұханбет Мұратбайұлы - облыстық ақпарат және
қоғамдық
келісім басқармасының
бастығы,
Кеңес төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
3. Мамаева Гүлмира Қасымқызы - БАҚ-н есепке алу және
мониторинг
бөлімінің жетекші маманы,
Кеңес хатшысы
Кеңес мүшелері
4. Адай Сали - "Рауан" газетінің бас
редакторы
5. Айдаров Асылбек - "Жаңаөзен" газетінің бас
редакторы
6. Бошалақ Жоламан - "Егемен Қазақстан" газетінің
меншікті тілшісі
(келісім бойынша)
7. Долматов Петр Алексеевич -"Огни Мангистау" газетінің
бас редакторы
8. Жылқайдаров Ерлік Әуелханұлы - облыстық телерадиокомпанияның
директоры (келісім бойынша)
9. Икембай Терекбай Жаңбыршыұлы - "Жаңа Өмір" газетінің
бас редакторы
10. Қосымбай Маңдайлы Өзенбайқызы- "Маңғыстау" газетінің
бас редакторы
11. Маврова Майра Кемелқызы - облыс әкімінің баспасөз
қызметінің жетекшісі
12. Рзаханов Асқар Киікбайұлы - ішкі саясат департаментінің
директоры
13. Бережная Надежда Васильевна - "Тумба" газетінің бас
редакторы
(келісім бойынша)
14. Іңірбаев Мырзағали - "Маңғыстаумұнайгаз" ашық
акционерлік қоғамының
жұртшылықпен байланыс
тобының жетекшісі
(келісім бойынша)
15. Эшметова Светлана - "Лада ТВ Плюс"»газетінің
Александровна бас редакторы
(келісім бойынша)
16. Абдынасыров Садуақас - "Қарақия" газетінің редакторы
17. Іңірбай Есберген - "Ақкетік арайы" газетінің
редакторы