Тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы Ереже Қолданыста
Басқа 0
Тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы Ереже
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 «Қазақстан Республикасыныңкейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес және аудан әкімиятының 2003 жылғы 30 мамырдағы № 10 « Тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы Ереже» қаулысын талқылап, аудандық Мәслихаттың XXVI сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімиятының 2003 жылғы 30 маусымдағы № 10 «Тұрғын үйді ұстауға (жеке үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы Ереже» қаулысы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық Мәслихаттың құрылыс, халықты қамту, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік, мәдени қызмет көрсету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Қ. Елемесовке) жүктелсін.
Келісім
Аудандық қаржы бөлімінің
бастығы И. Мәжікеев
Басқа 3
Тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 « Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына және екінші сайланған облыстық мәслихаттың кезектен тыс XXII сессиясының 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 275-11 «Облыстық мәслихаттың XXI сессиясының 2002 жылдың 6 желтоқсандағы № 258-II шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешіміне, Атырау облыстық әкімияттың 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 104 қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үй ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мақұлдансын (бұдан әрі-тәртібі).
Тармақ 2
2. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін 2003 жылдың 1 сәуірінен бастап жоғарыда көрсетілген тәртіпте белгіленген нормаларды қолданып жергілікті бюджет қаржысы есебінен көрсетілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі:
Тармақша 1
1) бюджетте көзделген қаражат шегінде тұрғын үй көмегін мезгілінде тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін:
Тармақша 2
2) жұртшылық және халық арасында осы қаулы бойынша түсінік жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы аудандық маслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.М. Ғұмаровқа жүктелсін.
Басқа 11
Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету (бұдан әрі-тұрғын үй көмегі) тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегінің негізгі функциясы халықтың аз қамтылған бөлігіне заңмен белгіленген әлеуметтік көмектің басқа түрлерімен қатар уақытша қаржылық қолдау көрсету болып табылады.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртібі
2. Тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражаттар шегінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен тағайындалады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін арыз берушінің тұрғылықты жері бойынша еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына келесі құжаттарды тіркеп арыз беріледі:
- отбасы құрамы туралы мәлемет;
-пайдаланып отырған тұрғын үйдің жалпы көлемін растайтын құжаттар;
- қызмет көрсетуші мекемелерден алынған тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер шығындарының есептелген сомалары жөнінде анықтамалар (немесе басқа растайтын құжаттар);
- отбасының жиынтық табысы жөнінде мәлемет;
- жеке пеншігінде тұрғын үй (үй, пәтер) бар екендігін анықтайтиын құжат;
- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама.
Арыз беруші қолданыстағы заңдарға сәйкес тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауап береді.
Еңбек, Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына тұрғын үй көмегін жоғары немесе заңсыз тағайындалуға апарып соғатын жалған мәлеметтерді әдейі бергені үшін үйді жалға алушы (меншік иесі) бұзушылық анықталған тоқсаннан бастап төрт тоқсан бойы тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй жәрдемақысы ретінде заңсыз алынған қаражат ке»ін қайтарылуға жатады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі осы елді мекеде тұрақты тұратын жеке меншік үй иесі немесе үйді жалға алушы (жалгер) болып табылатын жеке тұлғаларға көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Барлық қажетті құжаттармен бірге тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз түскен күннен бастап 5 күн мерзім ішінде қаралады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартылған жағдайда еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту себебі көрсетілген шешімнің көшірмесін қоса барлық құжаттарды арыз берушіге қайтарады.
Тармақ 8
8. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары тағайындалған тұрғын үй көмегің дұрыстығына жауап береді.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегі, тоқсан ішінде өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы және тұрғын үй ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының нормативтері шегіндегі, бірақ нақты пайдаланып отырған жалпы көлемнен және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну (сумен, газбен, электрмен, жылумен қамтамасыз ету, канализация, қоқыс шығару, лифттерді пайдалану) шығындары нормативтерінен артық емес тоқсандағы шығындары үлесінен асқан жағдайда тағайындалады. Тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақыларын төлеуге жұмсалатын шектеулі рауалы үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерінде анықталады.
Көмек мөлшері үй иесінің (жалға алушының) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндеі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты (немесе есептелген) төлемі мен отбасының осы мақсатқа жұмсайтын шектеулі рауалы шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 10
10. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасы:
- отбасы құрамында екі және одан көп адамы бар, екі және одан көп бөлмелі тұрғын үйде тұратын отбасылары үшін тұрғын үй заңдылығымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тиісті тұрғын үй нормасына сәйкес, бірақ нақты пайдаланып отырған аумақтан аспайтын болу керек,
- жалғыз тұратын азаматтар үшін 31 шаршы метр;
- бір бөлмелі пәтерден тұратын отбасылары (азаматтар) үшін тұрғын үйдің нақты пайдаланып отырған аумағы.
Есепке алынатын тұрғын үй ұстау шығындарының мөлшері және коммуналдық қызметтермен пайдалану (сумен,газбен,электрмен,жылумен қамтамасыз ету,канализация, қоқыс шығару, лифттерді пайдалану) нормалары жергілікті атқарушы органдармен белгіленеді.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тоқсанға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға есептелген нақты сомадан аспауы керек.
Тармақ 12
12. Белгіленген нормадан тыс тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жалпыға бірдей негізде төленеді.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй көмегі егер осы көмекті тағайындауға барлық қажетті құжаттармен бірге арыз ағымдағы тоқсанның екінші айының 15-не дейін тапсырылса арыз берілген тоқсанның алдыңғы тоқсанына тағайындалады.
Тармақ 14
14. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар (пәтер,үй) немесе тұрғын жайды жалға немесе жалға алып жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Егер отбасындеа күтуді қажет етеді деп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асырушы немесе жеті жасқа дейінгі (бір не одан көп( баланы тәрбиелеумен айналысатын тұлғалардан басқа, жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және тиісті органдарда жұмыссыз ретінде есепте тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегі арыз берушілердің тілегіне қарай қаражатты арыз берушілердің жеке есеп шоттарына аудару жолымен немесе коммуналдық қызметтерге төлемдерді азайту үшін коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер шоттарына аудару жолымен төленеді.
Тармақ 16
16. Егер арыз беруші тағайындалған тұрмыстық жәрдемақыны жеке есеп шоттарына аудару жолымен төлеуді қаласа, коммуналдық мекемеге 3 күн ішінде төлеуге міндетті, төлемеген жағдайда келесі айға тұрмыстық жәрдемақы алу құқығынан айырылады.
Тармақ 17
17. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үй көмегін есептеу есебі жасақталып, оның бір данасы үй жалдаушысында (меншік иесіне) сақталады.
Тармақ 18
18. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары берілген ақпараттың дұрыстығына күмәнданған жағдайда, тұрғын үй көмегін алуға үміткерлердің табыстары туралы мәлеметті сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар сұраған мәлеметті беруге міндетті.
Тармақ 19
19. Отбасының тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну шығындарының шектелулі рауалы үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер тарифтері мен ставкалары өзгерген кезде еңбек, жұмыспен қамту және халықты қорғау органдары бұрын тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жүргізеді.
Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін немесе оны алу құқығын өзгертуге негізі бола алатын кез келген өзгерістер (өзінің немесе оны алу құқығын өзгертуге негізі бола алатын кез келген өзгерістер ( өзінің тұрғын үй меншігінің нысанының, отбасы құрамында т.с.с), сондай-ақ тұрғын үй жәрдемақысы қате тағайындалған жағдайлар туралы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарын 10 күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Тармақ 20
20. Тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту туралы шешім заңнамамен белгіленген тәртіпте шағым беруге жатады.
Тармақ 21
21. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы арыз барлық тіркелген құжаттармен бірге, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешіммен хаттама, немесе шешімнен көшірме алушының жеке ісінде сақталады.
Тарау 3. 3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық есептеу тәртібі.
3. Отбасының (азаматтардың) жиынтық есептеу тәртібі.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтардың) жиынтық табысы еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен есептеледі.
Тармақ 23
23. Жиынтық табысты есептеген кезде отбасы тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдыңғы тоқсан ішінде нақты алынған ақшалай және заттай табыстарының барлық түрлері (атаулы әлеуметтік және тұрғын үй жәрдемақысынан басқа) есептеледі.
Тармақ 24
24. Жиынтық табыс арыз берушінің алған табыстары жөнінде берген мәлеметтер негізінде есептеледі.
Тармақ 25
25. Отбасының жиынтық табысы отбасы құрамы туралы анықтама көрсетілген барлық тұлғалардың тоқсан ішіндегі табыстарын қосу жолымен есептеледі.
Тармақ 26
26. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде, жиынтық табысқа табыстың барлық сомасын алынған айлардың санына бөлінген, үй айға көбейтілген мөлшердегі табыс сомасы есептеледі.
Тармақ 27
27. Шетелдік валютамен алынған табыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысының белгілеу сәтінде белгіліенген бағам бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
Тармақ 28
28. Арыз беруші беріп отырған табыстар туралы мәлеметтердің дұрыстығына заңнамамен белгіленген тәртіпте жауап береді.
Тарау 4. 4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.
4. Қаржыландыру және төлеу тәртібі.
Тармақ 30
30. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары әр айдың 5-не дейін өткен тоқсанға тағайындалған тұрғын үй көмегінің сомасын және алушылар санын анықтайды. Ай сайын тағайындалатын тұрғын үй көмегінің жиынтық тізімін жасап әр айдың 5-нен, сондай-ақ қаржы органдарына сұраныс жібереді.
Тармақ 31
31. Қаржы органдары сұраныс негізінде еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына тұрғын үй көмегін төлеуге бюджетте қаралған ағымдағы шотына қаржы түскеннен кейін 3 күн ішінде (коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің) шотына тұрғын үй көмегін төлеуге қажетті қаржы сомасын аударады.
Тарау 5. 5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі.
5. Есеп жүргізу және есеп беру тәртібі.
Тармақ 32
32. Тұрғын үй көмегі бойынша есеп беру, бақылау және есептілік жүргізу еңбек, жұмыспен қамтужәне халықты әлеуметтік қорғау органдарына жүктеледі.
Тармақ 33
33. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары әр өткен тоқсанның бірінші айының 10-на дейін (коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен) өткен тоқсанда төленген сомалар бойынша салыстыру актілірін жасайды. Салыстыру актілерінің негізінде белгілінген нысанда қаржы және жоғары тұрған органдарға тұрғын үй көмегінің төленген сомалары бойынша есеп береді.
Тармақ 34
34. Тұрғын үй көмегін төлеу үшін бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ уақытылы төленуін бақылау уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
Тармақ 35. Тұрмыстық жәрдемақы есебі
35. Лауазымды тұлғалардың тұрғын үй көмегін дұрыс емес тағайындау салдарынан немесе еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдарына біле тұра заңсыз тағайындауға апарып соқтырған дұрыс емес мәлеметтер берген арыз берушінің кінәсінен заңсыз төленген тұрғын үй көмегінің сомасы кінәлі адамдардың есебінен бюджетке қайтарылуға жатады.
Тұрмыстық жәрдемақы есебі
Бүгінгі таңда тұрмыстық жәрдемақы алып тұрған отбасы саны – 84 отбасы
Тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақыларын төлеуге жұмсалатын шектеулі рауалы үлесі отбасының жиынтық табысының 30 пайыз мөлшерінде болған жағдайда бір отбасына 30 пайыз мөлшерінде болған жағдайда бір отбасына тағайындалатын тұрмыстық жәрдемақы (орташа есеппен) сомасы – 1943 тенге
Бір айға тұрмыстық жәрдемақы (орташа есеппен 30% болып тұрғанда сомасы– 163 215 тенге
Бір жылға тұрмыстық жәрдем ақы сомасы – 1 958 580
Егер тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақыларын төлеуге жұмсалатын шектеулі рауалы үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерінде болған жағдайда – 84 отбасы
Біротбасына тағайындалатын тұрмыстық жәрдемақы (орташа есеппен) соммасы – 2487 тенге
Бір айға тұрмыстық жәрдемақы (орташа есеппен 10% болып тұрғанда) сомасы – 208 908
Бір жылға тұрмыстық жәрдемақы сомасы – 2 506 896 тенге
Болжам егер тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақыларын төлеуге жұмсалатын шектеулі рауалы үлесі отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерінде болған жағдайда – 300 отбасы
Бір отбасына тағайындалатын тұрмыстық жәрдемақы (орташа есеппен) сомасы – 2487 тенге
Бір айға тұрмыстық жәрдемақы (орташа есеппен 10 % болып тұрғанда) сомасы – 746 100 тенге
Бір жылға тұрмыстық жәрдемақы сомасы – 8 953 200 тенге