О промышленной политике Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өнеркәсіптік саясат туралы Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аумақтық кластер – өндірушілерді, өнім берушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа да ұйымдарды қамтитын өзара байланысты және өзара толықтыратын ұйымдардың географиялық шоғырланған тобы;
Тармақша 2
2) елішілік құндылық – ішкі нарықта өндірілген тауарлардың және жүзеге асырылған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірілген тауардың, жүзеге асырылған жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің жалпы көлеміндегі пайыздық мөлшері;
Тармақша 3
3) Индустрия 4.0 – нақты уақыт режимінде физикалық процестердің мониторингі жүргізілетін, жедел шешімдер қабылданатын, сондай-ақ технологиялардың өзара және адамдар арасында іс-қимыл жасауы жүзеге асырылатын, физикалық объектілердің, процестер мен цифрлық технологиялардың интеграциясын көздейтін өндірістің ұйымдастырылуы;
Тармақша 4
4) инновация – қандай да бір жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнім (тауар, жұмыс немесе көрсетілетін қызмет), технология немесе процесс, жаңа маркетинг әдісі немесе іскерлік практикадағы жаңа ұйымдастыру әдісі, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланыстарды ұйымдастыру түрінде іске асырылған, бәсекелік артықшылық алуды қамтамасыз ететін, инновациялық қызметтің пайдалануға берілген түпкілікті нәтижесі;
Тармақша 5
5) инновациялық қызмет – инновацияларды жасауға бағытталған қызмет (зияткерлік, шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, өнеркәсіптік-инновациялық, ақпараттық-коммуникациялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және (немесе) коммерциялық қызметті қоса алғанда);
Тармақша 6
6) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган – инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 6-1
6-1) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері – кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;
Тармақша 7
7) Қазақстанда шығарылған тауар – толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауар немесе өндіру кезінде өндірістік және технологиялық операциялардың ең төмен шегі орындалатын, өндіріс шарттарына сәйкес келетін қайта өңделген тауар, ол туралы мәліметтер қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде қамтылады;
Тармақша 7-1
7-1) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік субъектісі;
Тармақша 7-2
7-2) қарсы міндеттемелер – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі мен мемлекеттің осы Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өзара міндеттемелері;
Тармақша 8
8) нарық сыйымдылығы – ішкі нарықтың, өнеркәсіптік өнім өндірісінің, импорты мен экспортының барынша мүмкін болатын көлемін айқындайтын сандық көрсеткіш;
Тармақша 8-1
8-1) офтейк-келісімшарттар тізілімі – мемлекеттік және мемлекеттік емес цифрлық жүйелерден алынған офтейк-келісімшарттар, оларды орындаушылар және өңдеу өнеркәсібінің өндірілетін тауарлары туралы мәліметтерді қамтитын цифрлық дерекқор;
Тармақша 9
9) өнеркәсіп – пайдалы қазбалар өндіруге, өңдеу өнеркәсібіне, электр энергиясымен, газбен және бумен қамтамасыз етуге, ауаны баптауға, сумен жабдықтауға, су бұруға, қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға, сондай-ақ ластануды жоюға жататын экономикалық қызмет түрлерінің жиынтығын білдіретін экономика саласы;
Тармақша 10
10) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілері – өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері;
Тармақша 11
11) өнеркәсіптік-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа өндірістерді құруға (жұмыс істеп тұрғандарын жетілдіруге) және (немесе) инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған, белгілі бір уақыт ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;
Тармақша 12
12) өнеркәсіптік-инновациялық жүйе – өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің, инфрақұрылым мен Қазақстан Республикасында өнеркәсіпті ынталандыруға және инновацияларды қолдауға бағытталған құралдардың жиынтығы;
Тармақша 13
13) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет – еңбек өнімділігін арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға, өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылатын тауарларын, орындалатын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілетуге байланысты қызмет;
Тармақша 14
14) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылатын тауарларын, орындалатын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;
Тармақша 15
15) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық даму институттары, сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту қоры;
Тармақша 16
16) өнеркәсіптік өнім – өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде өндірілген тауарлар;
Тармақша 17
17) өнеркәсіптік саясат – мемлекет жүзеге асыратын және өнеркәсіпті ынталандыру мен дамытуға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі;
Тармақша 18
18) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын, өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында құрылатын Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
Тармақша 19
19) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 20
20) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекет қолданатын, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын ынталандыру шаралары;
Тармақша 21
21) өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы – кәсіпорынның бизнес-моделінің елеулі өзгерістеріне алып келетін кәсіпорындардың бизнес-процестеріне цифрлық технологияларды енгізу;
Тармақша 22
22) өңдеу өнеркәсібі – жаңа өнім (тауар, оның ішінде азық-түлік тауарлары) үшін шикізатты, материалдарды, заттарды, құрамдастарды өңдеуге байланысты өнеркәсіп салаларының жиынтығы;
Тармақша 23
23) технологиялар трансферті – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу процесі;
Тармақша 23-1
23-1) цифрлық верификация – «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісі арқылы жүзеге асырылатын өтініш берушіні бағалаудың автоматты процесі;
Тармақша 24
24) шикізаттық емес экспорт – өңдеу өнеркәсібі тауарларының және көрсетілетін қызметтердің экспорты;
Тармақша 25
25) ірі тапсырыс берушілер – кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіру құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар; квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері; қуаты аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері; жүйе құраушы кәсіпорындар.
Тармақша 26
26) электрондық өнеркәсіп – тұтынушыларға арналған компьютерлер, компьютерлік перифериялық жабдық, коммуникациялық жабдық, электрондық аспаптар, ғарышқа арналған өлшеу, тестілеу және авиациялық, иррадиациялық-төзімді құрамдастар, электрмедициналық және электртерапиялық жабдық, оптикалық аспаптар мен жабдық, магниттік және оптикалық ортаны зерттеуге арналған жабдық сияқты құрылғыларды әзірлеуді, құрастыруды, сынауды және өндіруді, сондай-ақ электрондық өнеркәсіп өнімдеріне арналған тораптар, құрауыштар (интегралдық микросхемалар, «активті» және «пассивті» электрондық құрамдастар) мен қосалқы бөлшектер өндірісін қамтитын өнеркәсіп саласы;
Тармақша 27
27) электрондық өнеркәсіп өнімі – электрондық құрамдастар және олардан жасалған түрлі мақсаттағы бұйымдар;
Тармақша 28
28) электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган – электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде электрондық өнеркәсіп саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 3
3-бап. Өнеркәсіптік саясаттың мақсаты мен міндеттері
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік саясаттың мақсаты бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған өнім өндірісін ұлғайту және дамудың шикізаттық моделінен кету арқылы өңдеу өнеркәсібінің орнықты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар өнеркәсіптік саясаттың міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) экономиканың өнеркәсіптік секторын орнықты дамыту саласындағы мақсаттарға қол жеткізу арқылы ел халқының әл-ауқатын арттыру;
Тармақша 2
2) өңдеу өнеркәсібінің дамуы үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды құру және дамыту;
Тармақша 3
3) инновацияларды тиімді енгізуді және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау;
Тармақша 4
4) еңбек өнімділігін арттыру және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету мақсатында экономиканы әртараптандыру және өнеркәсіптік өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде қайта өңдеуді тереңдету, жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық қайта жарақтандыру арқылы арттыру;
Тармақша 5
5) елде қолайлы индустриялық ахуал жасау және ұлттық экономиканың өзіне жеткіліктілігін арттыру;
Тармақша 6
6) инвестициялық ахуалды жетілдіру және қосылған құны жоғары Қазақстанда шығарылған тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің экспорттық әлеуетін дамыту, сондай-ақ қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру;
Тармақша 7
7) өз өндірісін дамыту арқылы импортқа тәуелділікті қысқарту.
Бап 4
4-бап. Өнеркәсіптік саясаттың қағидаттары Өнеркәсіптік саясат мынадай қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) өнімділіктің өсуі, экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру, оның ішінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының жоғары деңгейде өңдеп жасау тауарларын өндіру, инновацияларды дамыту және өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы үшін жағдайлар жасауға бағытталуын қамтамасыз ету арқылы арттыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттің өнеркәсіптік, инновациялық, инвестициялық, экспорттық, сауда, ғылыми-технологиялық, білім беру, салық, бюджет, ақша-кредит саясаттарының біртұтастығын қамтамасыз ететін экономикалық негізделген шешімдерді және олар үшін қоғам алдында жауаптылықты қабылдауы;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптік саясаттың мазмұнына және жұмыс істеу жағдайлары, құрылымы мен даму әлеуеті әртүрлі салалар мен өңірлерде оны іске асыру құралдарын таңдауға қатысты жеке көзқарасты қамтамасыз ету арқылы адал бәсекелестік жағдайында жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі;
Тармақша 4
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының жариялылығы, атаулылығы мен транспаренттілігі және жекелеген салалар, субъектілер жай-күйінің ерекшелігін көрсететін қажетті және жеткілікті құралдарды қамтамасыз ету кезінде оларға тең қол жеткізу;
Тармақша 5
5) әртүрлі деңгейдегі іс-қимылдар мен басқару тетіктерінің ұйымдық бірлігін көздейтін, өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу;
Тармақша 6
6) ел өнеркәсібінің, тұтастай алғанда, экономиканың жұмыс істеуі мен дамуына, адами капиталды дамытуға байланысты мемлекеттің, қоғамның, өнеркәсіптік кәсіпорындардың стратегиялық мүдделерінің теңгерімі;
Тармақша 7
7) өнеркәсіп дамуының ішкі және сыртқы ортасының ықтимал өзгерістерін алдын ала болжау, оның стратегиялық ұстанымын айқындау және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын жоспарлау жүйелілігі мен ұзақ мерзімділігі;
Тармақша 8
8) болжау, қажеттіліктерді бағалау, нарық сыйымдылығын талдау, тәуекелдерді басқару жүйелерін пайдалану, ресурстарды, уақытты жоспарлау және өзгерістерге ден қоюдың пәрменді шараларын тұжырымдау арқылы өнеркәсіптік саясаттың тиімділігі.
Бап 5
5-бап. Индустриялық даму
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуға ықпал ететін өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін жүйелі түрде ынталандыруға негізделген елдің индустриялық дамуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағындағы өнеркәсіптің жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат беру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) енгізеді. Ұлттық баяндаманы индустриялық дамуды бағалау және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау қорытындысы бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады. Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға Ұлттық баяндамаға енгізу үшін ақпарат ұсынады. Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалатын өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады, оларды әзірлеуді мемлекеттік органдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының, кәсіпкерлік субъектілері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады.
Бап 6
6-бап. Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру құралдары
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру индустриялық дамуды бағалау негізінде жүзеге асырылады. Индустриялық дамуды бағалау өнеркәсіптің дамуына әсер ететін құқықтық, экономикалық, қаржылық және өзге де факторларды талдауды көздейді және индустриялық дамуды бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіптік саясаттың іске асырылу мониторингі бірыңғай индустрияландыру картасы арқылы жүзеге асырылады. Бірыңғай индустрияландыру картасы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың жиынтығын білдіреді. Бірыңғай индустрияландыру картасы бойынша жалпы үйлестіруді өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Жауапты мемлекеттік органдар, ұлттық басқарушы холдингтер және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға бірыңғай индустрияландыру картасы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларының іске асырылу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайынғы негізде ұсынады.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес бағаланады. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау үшін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өнеркәсіп саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді және бекітеді. Заңды күшіне енген сот шешімі бар ақпаратты немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, алынған әкімшілік деректер өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етілмейді.
Бап 7
7-бап. Өнеркәсіптік саясатты іске асыру бағыттары Осы Заңға сәйкес өнеркәсіптік саясат мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:
Тармақша 1
1) өнеркәсіпті дамытудың базалық шарттары;
Тармақша 2
2) өткізу нарықтарына ілгерілету;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Тарау 2. 2-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДЫҢ БАЗАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
2-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУДЫҢ БАЗАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Тармақ 1. 1-параграф. Өнеркәсіптік саясат саласындағы мемлекеттік реттеу
1-параграф. Өнеркәсіптік саясат саласындағы мемлекеттік реттеу
Бап 8
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекітеді;
Тармақша 3
3) ұлттық экономиканың, оның ішінде өнеркәсіптік-инновациялық құрамдас бөлігінің тұрақтылығын және орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында: өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізеді, қолдану тәртібін айқындайды, сондай-ақ олардың күшін жояды; өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін енгізеді, сондай-ақ оларды құру және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 3-1
3-1) елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын және олардың үлгілік нысанын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 4
Тармақша 5
Тармақша 6
Тармақша 7
Тармақша 8
Бап 9
9-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) елішілік құндылықты дамыту саясатын қалыптастыруға қатысады;
Тармақша 3
3) жыл сайын 31 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігі туралы ақпарат ұсынады;
Тармақша 4
4) индустриялық дамуды бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды және олардың жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 6
6) елішілік құндылық бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) бірыңғай индустрияландыру картасын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8
8) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
9) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 10
10) мыналарды: өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізуді, қолдану тәртібін айқындауды, сондай-ақ олардың күшін жоюды; өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін енгізуді, сондай-ақ оларды құру және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындауды көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлейді;
Тармақша 11
11) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 12
12) бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13
Тармақша 14
14) Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 15
15) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін әзірлейді;
Тармақша 16
16) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 17
17) аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 18
18) аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
Тармақша 19
19) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 20
20) аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 21
21) құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ өзгерту және бұзу үшін негіздер мен оның үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 25
25) өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 26
26) бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 27
27) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 28
28) басым тауарлар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 29
29) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 30
30) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық цифрлық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 31
31) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық цифрлық жүйесіне кіретін функционалдық және цифрлық сервистердің тізбесін әзірлейді;
Тармақша 32
32) индустриялық дамуды бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 33
33) өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізуі жөніндегі саясатты іске асыруды үйлестіреді;
Тармақша 34
34) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар базасын, өнеркәсіптегі кадр әлеуетін дамыту бойынша өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 35
Тармақша 36
36) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 38
38) Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 39
39) түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті реттеуді: түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды белгілеу; түсті және қара металдардың сынығы мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сатып алынған және өткізілген сынығы мен қалдықтары туралы есептілігінің нысанын және оны ұсыну мерзімдерін айқындау арқылы жүзеге асырады;
Тармақша 40
40) өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 41
41) өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның ұлттық жүйелерін дамытуға, оның ішінде өнеркәсіптік кооперация мен субконтрактацияның халықаралық жүйелеріне қатысу шеңберінде жәрдемдеседі;
Тармақша 41-1
41-1) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 41-2
41-2) қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізеді;
Тармақша 42
42) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 10
10-бап. Сыртқа сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамыту мен ілгерілетуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша салалық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды және олардың жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 6
6) қабылданған халықаралық міндеттемелерді ескере отырып, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қабылданған халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8
8) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанның Даму Банкі, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар беретін кредиттер және жасайтын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мақсаттары үшін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 10-1. 10-1-бап. Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның құзыреті
10-1-бап. Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның құзыреті Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік және іске асыру функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қоса алғанда, электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалар мен бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) электрондық өнеркәсіп саласындағы салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) электрондық өнеркәсіп саласындағы жобалардың салалық сараптамасын жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде электрондық өнеркәсіп саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
7) электрондық өнеркәсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымы мен өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің бағдарламалық қамтылымы мен өнімін электрондық өнеркәсіптің сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымы мен өнімінің тізіліміне енгізу жөніндегі өлшемшарттарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 11
11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) өңірдің өнеркәсіптік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде береді;
Тармақша 4
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы ақпаратты береді;
Тармақша 5
5) индустриялық даму бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 6
6) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында өңірдің индустриялық дамуы туралы баяндайды;
Тармақша 7
7) осы Заңға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетеді;
Тармақша 8
8) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асырады және тоқсан сайын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат береді;
Тармақша 9
9) осы Заңның 53-бабына сәйкес сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды әзірлейді;
Тармақша 10
10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 12
12-бап. Өзге мемлекеттік органдардың құзыреті Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдарға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновацияларды қолдау шараларын іске асыру туралы ақпарат береді;
Тармақша 3
3) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға шикізаттық емес экспортты ілгерілету бойынша ақпарат береді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлейді және оны ілгерілетуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 5-1
5-1) қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін өтініш берушілердің өндірісін бағалауға қатысады;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 13
13-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілері
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру саласындағы ұлттық даму институты:
Тармақша 1
1) жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жасау үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына, сондай-ақ өзге де заңды тұлғаларды құру арқылы инвестицияларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ұлттық даму институттарынан, екінші деңгейдегі банктерден және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын және (немесе) оларға қатысатын ұлттық басқарушы холдингтерге тікелей не жанама түрде тиесілі өзге де заңды тұлғалардан кредиттер (қарыздар) бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алады;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін қаржылық-экономикалық сауықтыру, сондай-ақ экономиканың басым секторларының экономикалық белсенділігі мен инвестициялық тартымдылығын ынталандыру және қалпына келтіру жөніндегі мынадай іс-шаралар кешенін: берешекті қайта құрылымдауды; жарғылық капиталдарға инвестицияларды; стратегиялық және институционалдық инвесторларды іздеуді және тартуды; өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін қаржылық-экономикалық сауықтыруға ықпал ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ынталандыру түрлерін тұжырымдайды және іске асырады.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
Тармақша 1
1) өңдеу өнеркәсібін дамытуды, өңірлерді өнеркәсіптік-инновациялық дамытуды, өнеркәсіптің цифрлық трансформациясын және Индустрия 4.0-ді енгізуді қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
Тармақша 2
2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға: басым тауарлар тізбесі бойынша ұсыныстар тұжырымдау; бірыңғай индустрияландыру картасын қолдап отыру; өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алушыларға өнеркәсіптік гранттар беру; бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді іріктеуді жүргізу, қолдап отыру, іске асырылуын мониторингтеу және талдау; өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін талдау; сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелерді мониторингілеуді қоспағанда, қарсы міндеттемелерді мониторингілеу; индустриялық дамуды бағалауды жүргізу; өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы және өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің Индустрия 4.0-ді енгізуі жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ ұсынымдарды іске асыру кезінде қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 4
4) аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну және аумақтық кластерлерді дамыту процестерін қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 5
5) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінен алынған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру жөніндегі статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді көздейтін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптама қорытындыларын әзірлеу бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 7
7) өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарында жұмыс орындарын құруға және олардың кадрларға деген қажеттілігіне мониторинг пен талдау жүргізеді.
Тармақ 3
3. Елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты:
Тармақша 1
Тармақша 2
2) елішілік құндылықты дамыту және мониторингтеу саласында ақпараттық-талдамалық, консультациялық, оның ішінде елішілік құндылықты сараптау бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 3
3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға: өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну; өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ішкі нарықта сервистік қолдау бойынша, оның ішінде елішілік құндылықты дамытуға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған цифрлық жүйелерді қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді;
Тармақша 4
4) субконтрактация орталығы болып табылады. Субконтрактация деп өндірістік қызметті оңтайландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсинг нысандарының бірі түсініледі.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты:
Тармақша 1
1) сыртқы нарықтарға талдау жүргізеді;
Тармақша 2
2) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша жәрдем көрсетеді;
Тармақша 3
3) отандық экспорттаушылардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлеуетті экспорттау нарықтарын іздеу және олардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша оларға ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетеді;
Тармақша 4
4) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі іс-шараларды өткізеді;
Тармақша 5
5) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету мақсатында шетелдік өкілдіктерді құрады және (немесе) шетелдік өкілдерді тағайындайды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық саудалық және экспорт алдындағы қаржыландыруды, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерді сақтандыруды және қайта сақтандыруды, кепілдік беруді жүзеге асырады;
Тармақша 8
Тармақша 9
9) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің тізбесі бойынша ұсыныстарды әзірлейді және сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
Тармақша 10
10) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган мен шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резидентінде-екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады. Қаржы жылының соңына есептелетін ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге жұмсалады;
Тармақша 10-1
10-1) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;
Тармақша 10-2
10-2) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелерді мониторингілеуді жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де сервистік қолдау шараларын ұсынады.
Тармақ 6
6. Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг:
Тармақша 1
1) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновацияларды қолдау салаларындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді.
Бап 14
14-бап. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті:
Тармақша 1
1) стратегиялық басымдықтары мен негізгі индикаторларын айқындау бөлігінде өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру;
Тармақша 3
3) өңдеу өнеркәсібі саласындағы өнеркәсіптік саясатты, оның ішінде кластерлік бастаманы іске асыруға қатысты тұжырымдамалық тәсілдер;
Тармақша 4
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын енгізу, күшін жою және қайта қарау;
Тармақша 5
5) өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерін енгізу;
Тармақша 6
6) елдегі индустриялық ахуалды жақсарту;
Тармақша 7
7) өнеркәсіптегі инновациялық және технологиялық дамуға жәрдемдесу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдарын өз отырыстарына шақырады, сондай-ақ тыңдайды;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жанынан жұмыс және сараптама топтарын құрады, оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, жұмыс және сараптама топтарының жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 5
5) өнеркәсіптік саясат мәселелерін қозғайтын реттеушілік саясаттың консультациялық құжаттарын, заң жобаларын, өзге нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын қарайды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдар арасындағы өнеркәсіптік саясат мәселелері жөніндегі қайшылықтар бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 7
7) өнеркәсіптік саясатты іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы, стандарттау саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын іске асыру туралы ақпаратты тыңдайды;
Тармақша 8
8) өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанымын, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық ұйымдардағы келіссөз ұстанымын дайындауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша есептерін тыңдайды;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 15
15-бап. Өнеркәсіпті дамыту қоры
Тармақ 1
1. Өнеркәсіпті дамыту қоры (бұдан әрі – қор) акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам болып табылады.
Тармақ 2
2. Қор қызметінің мақсаттары өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарына қаржылық қолдау көрсету және оларды ынталандыру, Қазақстан Республикасының экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
Тармақ 3
3. Мыналар қордың міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) мыналарға: өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын және өндірістік инфрақұрылымды құруға, жаңғыртуға және кеңейтуге; өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын, орындалатын жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ілгерілетуге жәрдемдесуге; қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, ластағыш заттардың шығарындылары мен төгінділерін азайтуға, парниктік газдардың шығарындыларын қысқартуға, энергия үнемдеу мен табиғи және қайталама ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде «жасыл» технологияларды дамытуға; елішілік құндылықты дамытуға жәрдемдесуге; өндірістік, энергетикалық және көлік инфрақұрылымын құруға, жаңғыртуға және көлік құралдарын жаңартуға бағытталған жобаларды қаржыландыру;
Тармақша 2
2) заңды тұлғаларға, лизингтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға кредиттер беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасын ынталандыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына және қордың жарғысына сәйкес өзге де міндеттер.
Тармақ 4
4. Қор өз міндеттерін орындау үшін тиісті лицензиясыз мыналарды жүзеге асырады: лизингтік қызмет; резидент немесе бейрезидент заңды тұлғаларға ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ұлттық валютамен ақшалай нысанда кредиттер беру; Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызмет.
Тармақ 5
5. Қорды қорландыру мыналардың есебінен жүзеге асырылады: бюджет қаражаты; Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы түрінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы алған қаражат; коммерциялық, меншікті және өзге де қаражат.
Тармақ 6
6. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және шарттармен қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін қорға қарыз түріндегі қаржыландыруды ұсынады. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жүзеге асыратын қаржыландыру банк және микроқаржы қызметіне жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат беру құжаттарының болуын талап етпейді.
Тармақ 7
7. Қор:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына және (немесе) қордың ішкі актілеріне сәйкес меншікті және бюджеттен тыс қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру саясатын айқындауға;
Тармақша 2
2) өңдеу өнеркәсібі жобаларының сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттарды тартуға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік бюджеттен алынған қаражатты қоспағанда, бос қаражатты қордың ішкі актілеріне сәйкес қаржы құралдарының ішкі және сыртқы нарықтарына орналастыруға құқылы.
Бап 16
16-бап. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық цифрлық жүйесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық цифрлық жүйесі (бұдан әрі осы баптың мақсатында – жүйе) өнеркәсіп дамуының жай-күйі туралы ақпаратты көздейтін цифрлық жүйе болып табылады.
Тармақ 2
2. Жүйені жүргізу мақсаттары бизнес жүргізу процесін оңайлату мақсатында өнеркәсіптің жай-күйі туралы ақпаратты қалыптастыру және онымен алмасу тиімділігін арттыру, өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне өзекті ақпарат беру, сондай-ақ өнеркәсіптік саясат бойынша болжамдау және шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 3
3. Жүйе:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік саясатты іске асыру туралы;
Тармақша 2
2) өнеркәсіп салаларының дамуы туралы статистикалық деректер туралы;
Тармақша 3
3) өндірістік қызметке байланысты бағыттарды дамыту нәтижелері туралы;
Тармақша 4
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың іске асырылатын шаралары туралы;
Тармақша 5
5) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру туралы ақпаратты;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық цифрлық жүйесіне кіретін функционалдық және цифрлық сервистердің тізбесіне сәйкес өзге де ақпаратты қамтиды.
Тармақ 4
4. Жүйені құру, қолдап отыру және оның жұмыс істеуі Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық цифрлық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым
2-параграф. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым
Бап 17
17-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым Өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым мынадай элементтерден тұрады:
Тармақша 1
1) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін арнайы экономикалық аймақтар;
Тармақша 2
2) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін индустриялық аймақтар;
Тармақша 3
3) технологиялық парктер (бұдан әрі – технопарктер);
Тармақша 4
4) «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар;
Тармақша 5
5) «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін венчурлік қорлар;
Тармақша 6
6) технологияларды коммерцияландыру орталықтары;
Тармақша 7
7) конструкторлық бюролар;
Тармақша 8
8) технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары;
Тармақша 9
9) инновациялық кластерлер;
Тармақша 10
10) аумақтық кластерлер;
Тармақша 11
11) технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары;
Тармақша 12
12) осы Заңға сәйкес өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де элементтер.
Бап 18
18-бап. Технопарктер
Тармақ 1
1. Дербес білім беру ұйымы немесе дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және (немесе) өзге де заңды тұлғалар құрған не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық және (немесе) мүліктік кешені бар аумақты меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін заңды тұлға технопарк болып табылады.
Тармақ 2
2. Инновациялық қызмет субъектілеріне жұмыс істеудің бастапқы кезеңінде оларға үй-жайлар, жабдық беру, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтердің, сондай-ақ инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтердің көрсетілуін білдіретін бизнес-инкубациялау технопарктер қызметінің негізгі түрі болып табылады.
Бап 19
19-бап. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары
Тармақ 1
1. Жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, технологияларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық тұрғыдан қолдануға байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызметті (технологияларды коммерцияландыру) жүзеге асыратын заңды тұлғалар, ғылыми ұйымның, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының немесе дербес білім беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлімшесі технологияларды коммерцияландыру орталықтары болып табылады.
Тармақ 2
2. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметінің негізгі бағыты коммерцияландыру үшін технологияларды іздестіруді және бағалауды, маркетингтік зерттеулерді, зияткерлік меншікті қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетуді, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзірлеуді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыруды қоса алғанда, технологияларды коммерцияландыру жөніндегі қызметтер кешенін көрсету болып табылады. Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдіснамалық, консультациялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қолдауды инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, оның ішінде өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің қажеттіліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Бап 20
20-бап. Конструкторлық бюролар
Тармақ 1
1. Материалдық-техникалық кешенді иеленетін және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жаңа немесе жетілдірілген тауарлар өндірісін ұйымдастыруға жәрдемдесу үшін құрылған заңды тұлға конструкторлық бюро болып табылады.
Тармақ 2
2. Конструкторлық бюролардың негізгі міндеті өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жаңа немесе жетілдірілген тауарларды жасауға, оның ішінде технологиялар трансферті, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы сатып алу, бейімдеу, әзірлеу, оны кейіннен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне өтеулі негізде беру және соның негізінде тауарлар өндірісін ұйымдастыру үшін қажетті қызметтер көрсету арқылы жәрдем көрсету болып табылады.
Бап 21
21-бап. Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтары Технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шетелдік әріптестермен бірлесіп іске асыратын жобаларды іске асыруға жәрдем көрсету мақсатында инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрады.
Бап 22
22-бап. Инновациялық кластерлер Өзара іс-қимыл жасау және қолда бар мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалану, білім және тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, технологияларды тиімді беру, орнықты әріптестік байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы өнеркәсіпті ынталандыруға және инновацияларды қолдауға арналған, инновациялық кластерге қатысушылардың, оның ішінде ғылыми ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, тәуекелмен инвестициялайтын акционерлік инвестициялық қорлардың, венчурлік қорлардың, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі инновациялық кластер болып табылады.
Бап 23
23-бап. Аумақтық кластерлер
Тармақ 1
1. Аумақтық кластерге қатысушылар болып табылатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оларды ілгерілету және өндірістерді технологиялық қайта жарақтандыру мақсатында бір-бірімен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 2
2. Аумақтық кластерлерді мемлекеттік ынталандыру мыналарға:
Тармақша 1
1) аумақтық кластерлердің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға;
Тармақша 2
2) аумақтық кластерлерге қатысушылар болып табылатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
Тармақша 3
3) өңірлерді экономикалық дамытуға бағытталған.
Тармақ 3
3. Мемлекет осы Заңның 40-бабында көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну арқылы аумақтық кластерлердің дамуын қамтамасыз етеді. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілгеннен бөлек, аумақтық кластерлерді дамыту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында мыналар көзделеді:
Тармақша 1
1) кластерлік саясаттың бағыттары мен құралдарын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) аумақтық кластерлерге қатысушылар болып табылатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне ақпараттық-консультациялық, талдамалық және өзге де қызметтер көрсету;
Тармақша 3
3) кластерлік бастамаларды диагностикалау және ілгерілету.
Тармақ 4
4. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты кластерлердің даму деңгейін және олардың алдағы перспективаларын айқындай отырып, аумақтық кластерлердің өңірлердің, салалардың, тұтастай алғанда, елдің экономикасына әсерін бағалай отырып, аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес өңірлердегі кластерлік бастамалардың диагностикасын жүзеге асырады.
Бап 24
24-бап. Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары Тиісті саланы технологиялық дамыту мақсаттары үшін мемлекеттік органдар айқындайтын, салалық және салааралық сипаттағы тиісті құзыреттерге ие сарапшылары бар заңды тұлғалар технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары болып табылады. Тиісті саланы технологиялық болжамдауды жүзеге асыру, нысаналы технологиялық бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу, әлемдік технологиялық трендтерді мониторингтеу, жеделдетілген технологиялық даму үшін ағымдағы жағдайлар мен бәсекелестік артықшылықтарды, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктері мен мүдделілігін айқындау, тиісті саланың кәсіпкерлік субъектілері арасында инновациялық қызметтің үздік практикалары мен тәжірибесін таратуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының негізгі міндеттері болып табылады. Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары мемлекеттік технологиялық саясаттың сабақтастығы мен саланың технологиялық дамуының институционалдық жадын да қамтамасыз етеді.
Тармақ 3. 3-параграф. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру
3-параграф. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру
Бап 25
25-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарттары
Тармақ 1
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары осы Заңға сәйкес айқындалады. Қазақстан Республикасының заңдарында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру мен өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін қолдаудың өзге де шаралары көзделуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Қызметін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінде жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті және инновациялық қызметті қолдау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі.
Тармақ 4
4. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган, өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын әзірлеу, қарау және келісу кезінде мынадай өлшемшарттарды көздейді:
Тармақша 1
1) инновациялылық – жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді), технологияларды немесе процестерді одан әрі енгізуді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, оларды жасау арқылы қызметтің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталу;
Тармақша 2
2) бәсекеге қабілеттілік – шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің төмен өзіндік құнынан, жоғары сапасынан, өсіп келе жатқан сұранысынан және өзге де қасиеттерінен көрініс табатын ұқсас өнеркәсіптік-инновациялық жобалармен салыстырғандағы бәсекелік артықшылықтар;
Тармақша 3
3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік дамуы үшін өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру маңыздылығы;
Тармақша 4
4) экспортқа бағдарлану – шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің кемінде бір шет елге орнықты экспортында әлеуеттің болуы;
Тармақша 5
5) еңбек өнімділігі – өндіріс көлемі мен өндіріске жұмсалған еңбек ресурстарының, жұмыс уақытының арақатынасы.
Тармақ 5
5. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне мынадай шарттармен ұсынылады: өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының басым тауарлар тізбесіне кіретін тауарлар өндіруге бағдарлануы; өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алушының қарсы міндеттемелерді қабылдауы; өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын алу үшін ұсынылған құжаттардың өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келуі; қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде қазақстандық тауар өндірушінің болуы.
Тармақ 6
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеу өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруға қатысатын өнеркәсіптік-инновациялық жүйе субъектілерінің өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну мәселелері бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның жалпы үйлестіруі кезінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шеңберінде жүзеге асырылады.
Бап 26
26-бап. Басым тауарлар тізбесі
Тармақ 1
1. Басым тауарлар тізбесіне өндірісі ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын орташа және жоғары деңгейде өңдеп жасау тауарлары енгізіледі.
Тармақ 2
2. Тауарды өңдеп жасау деңгейі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды өңдеп жасау деңгейін бағалау әдістемесіне сәйкес айқындалады, ол мынадай өлшемшарттарды көздейді: өндірілетін тауардың технологиялық күрделілігі; экспорттық әлеует; ішкі нарықта тұтыну әлеуеті.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары басым тауарлар тізбесіне енгізілген өнім өндіруге бағдарланған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне ғана ұсынылады.
Тармақ 4
4. Өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында басым тауарлар тізбесіне сәйкес инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жүргізіледі.
Бап 27
27-бап. Қарсы міндеттемелер
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде тараптар арасындағы келісімде мемлекеттің – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну жөніндегі, ал алушының қарсы міндеттемелерді орындау жөніндегі міндеттемелері көзделеді.
Тармақ 2
2. Қарсы міндеттемелерді қолдану заңдылық, транспаренттілік, теңдік, адалдық және мемлекет пен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өзара жауапкершілігі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қарсы міндеттемелер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың алынатын шарасының түрі мен көлемі ескеріле отырып, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезіндегі қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларға сәйкес айқындалады және мынадай бағыттар бойынша жиынтығында немесе жеке-жеке қолданылады: еңбек өнімділігін арттыру; экспортқа бағдарланған тауарлар өндірісін ұлғайту; ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде олар алған ақша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезіндегі қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларға сәйкес қарсы міндеттемелерді орындаудың қол жеткізілген деңгейі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі ескеріле отырып қайтарылуға жатады.
Бап 28
28-бап. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім
Тармақ 1
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі арасында жасалатын, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары кешенінің түрлері мен ұсыну шарттарын және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі қабылдайтын қарсы міндеттемелерді көрсететін шарт бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім болып табылады.
Тармақ 2
2. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімді жасасу және бұзу тәртібі, шарттары, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының кешенін қабылдау шарттары бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісімдерді жасасу және бұзу қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 3
3. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы жасалған келісімнің орындалу мониторингін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
Тармақ 4
4. Бұрын бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім жасалған және, қарсы міндеттемелерді орындамау өзіне байланысты емес мән-жайлар болған жағдайларды қоспағанда, мұндай орындамауға жол берген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісімен осындай келісім жасасуға жол берілмейді.
Бап 29
29-бап. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру;
Тармақша 2
2) қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсыну;
Тармақша 3
3) қаржы институттары арқылы кредит беру;
Тармақша 4
4) қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау;
Тармақша 5
5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) жер учаскелерін беру;
Тармақша 8
8) ішкі нарықта ынталандыру;
Тармақша 9
9) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту және ілгерілету, оларды өткізуге жәрдем көрсету;
Тармақша 10
10) еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру;
Тармақша 11
11) аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру;
Тармақша 12
12) берешекті қайта құрылымдау;
Тармақша 13
13) өнеркәсіптік гранттар беру;
Тармақша 13-1
13-1) арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импортты кедендік әкелім баждарын және қосылған құн салығын төлеуден босату;
Тармақша 14
14) осы Заңға сәйкес өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де шаралар.
Бап 30
30-бап. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды Қазақстанның Даму Банкі, сондай-ақ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру басым тауарлар тізбесіне сәйкес жаңа өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға, оның ішінде өнеркәсіптің цифрлық трансформациясына, Индустрия 4.0 мен цифрлық технологияларды енгізуге) және кеңейтуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жасау үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттен берілетін қаражат шеңберінде қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру шарттары мен тетіктерін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Бап 31
31-бап. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсыну
Тармақ 1
1. Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсынуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін екінші деңгейдегі банктердің қарыздары бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қаржы агентінің қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелер мен кепілгерліктерді ұсыну шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бап 32
32-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агентінің қаржы институттарында қаражатты шартты түрде орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру олар өздерінің жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін, оның ішінде ақшасын ұсыну арқылы қатысқан жағдайда жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тоқтап тұрған өндірістерді қаржылық-экономикалық сауықтыру, олардың инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшін жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бап 33
33-бап. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің қаржы институттары беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау олар меншікті жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкін, оның ішінде ақшасын ұсыну арқылы қатысқан жағдайда жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тоқтап тұрған өндірістерді қаржылық-экономикалық сауықтыру, олардың инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру үшін жүзеге асырылады. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны айналым қаражатын толықтыруға субсидиялау жүзеге асырылмайды.
Тармақ 2
2. Қаржы институттары өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері эмиссиялайтын облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау шарттары мен тетіктерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бап 34
34-бап. Жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына инвестицияларды өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асыратын ұлттық даму институттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабында көзделген талаптар сақталған және өнеркәсіптік-инновациялық жоба мынадай:
Тармақша 1
1) еңбек өнімділігін арттыру және экономиканың басым секторларының дамуын ынталандыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мәндері өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық саясатын регламенттейтін ішкі құжаттарда айқындалатын болжамдық экономикалық және қаржылық параметрлер бойынша тартымдылық;
Тармақша 3
3) технологиялық әлеуетті ұлғайтуға бағытталу, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және оларды өндіру көлемін өсіру, шикізат пен материалдарды қайта өңдеуді тереңдету, жоғары технологиялық өнім шығару шарттарына сәйкес келген кезде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік ынталандыруды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының инвестициялық қызметінің нәтижелері барлық өнеркәсіптік-инновациялық жобалар бөлінісінде инвестициялық кіріс негізінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына инвестицияларды:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік-инновациялық жобалар капиталды көп қажет еткен және (немесе) олардың өзін-өзі ақтау мерзімдері ұзақ және (немесе) рентабельділігі төмен болған;
Тармақша 2
2) экономиканың басым секторларындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобалар әлеуметтік маңызды болған жағдайларда жүзеге асыра алады.
Бап 35
35-бап. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мыналар үшін жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру;
Тармақша 2
2) жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және кеңейту.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес келетін өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 36
36-бап. Жер учаскелерін беру Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерін бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Бап 37
37-бап. Ішкі нарықта ынталандыру
Тармақ 1
1. Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады. Қаржы жылының соңына есепте болатын ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге жұмсалады.
Бап 38
38-бап. Өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту мен ілгерілету, оларды өткізуге жәрдем көрсету
Тармақ 1
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, мыналар арқылы жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ цифрлық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
Тармақша 2
2) Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі тарапынан сақтандырылуға жататын өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауы;
Тармақша 3
3) экспорттық саудалық қаржыландыру, шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі мәмілелерді кредиттеу және сақтандыру, қайта сақтандыру және кепілдік беру тетіктерін пайдалану.
Тармақ 2
2. Өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған жоғары технологиялық тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шетелдік сатып алушыларға екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің, лизингтік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалардың берілетін кредиттер және жасалатын лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
Бап 39
39-бап. Еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну мынадай шығындар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жұмыскерлердің құзыретін арттыру;
Тармақша 2
2) цифрлық технологияларды ендіру;
Тармақша 3
3) технологиялық процестерді жетілдіру;
Тармақша 4
4) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Бап 40
40-бап. Аумақтық кластерлерді дамытуды ынталандыру
Тармақ 1
1. Аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуды өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады. Аумақтық кластерлерді мемлекеттік ынталандыру аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша және (немесе) аумақтық кластерлердің тізіліміне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кластерлік ұйымның жұмыс істеуін қолдау үшін және аумақтық кластерлердің жобаларын іске асыруға шығындарды өтеу және (немесе) шығындарды қаржыландыру және (немесе) қоса қаржыландыру және аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың өзге де шаралары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, аумақтық кластердің дамуын әдістемелік, ұйымдастырушылық, сараптамалық-талдамалық және ақпараттық қолдап отыруды жүзеге асыратын кластерлік ұйым аумақтық кластерді дамыту жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асыруды қолдап отыру, аумақтық кластерге қатысушылар, сондай-ақ білім және ғылым мекемелерін, қаржы ұйымдарын және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды, даму институттарын және мемлекеттік органдарды қоса алғанда, мүдделі ұйымдар арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі қызметті қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.
Бап 41
41-бап. Берешекті қайта құрылымдау
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өнеркәсіптік-инновациялық жобаны іске асыру мақсатында үшінші тұлғалардан қосымша қаржыландыруды тартқан және (немесе) меншікті жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүлкі, оның ішінде ақшасы түріндегі тиісінше қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда берешекті қайта құрылымдау оларды қаржылық-экономикалық сауықтыру, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған және (немесе) тоқтап тұрған өндірістердің инвестициялық тартымдылығын жақсарту және (немесе) қалпына келтіру, өндірістерді іске қосу үшін пайдаланылатын құралдардың спектрін кеңейту мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Берешекті қайта құрылымдау төлемдер кестесін өзгерту, құқықтарды (талаптарды) толық немесе ішінара тоқтату, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), сыйақыны, оның ішінде негізгі борышқа капиталдандырылған сыйақыны, инвестициялық өсімді, негізгі борышты және өзге де дебиторлық берешекті кешіру, инвестициялау және (немесе) кредит беру, және (немесе) қаржыландыру мерзімдері мен шарттарын өзгерту, берешекті жарғылық капиталдарға айырбастау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер арқылы мүмкін болады.
Бап 42
42-бап. Өнеркәсіптік гранттар беру
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік грант деп өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне олардың өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін және қарсы міндеттемелер орындалған жағдайда қайтарымсыз болып табылатын бюджет қаражаты түсініледі. Өнеркәсіптік гранттар беруді өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіптік гранттар өңдеу өнеркәсібінің жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне басым тауарлар тізбесіне енгізілген бәсекеге қабілетті өнім жасауға бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін қарсы міндеттемелердің шарттарымен қоса қаржыландыру арқылы беріледі.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіптік гранттар беру кезінде алынған өтінімдерге өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларына сәйкес сараптама жүргізіледі. Өнеркәсіптік гранттар беру өлшемшарттары өнеркәсіптік гранттар беру қағидаларында белгіленеді.
Тармақ 4
4. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты гранттар берілген өнеркәсіптік-инновациялық жобалар бойынша жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуді талдау мақсатында берілген өнеркәсіптік гранттардың мониторингін жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган мен өнеркәсіпті дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негізінде өнеркәсіптік гранттар беруге бөлінген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады. Қаржы жылының соңына есепте болатын ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтарылуға жатпайды, келесі қаржы жылында өнеркәсіптік гранттар беруге жұмсалады.
Бап 42-1. 42-1-бап. Арнаулы инвестициялық жоба
42-1-бап. Арнаулы инвестициялық жоба
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бос қойманың иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған (іске асыратын) және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан сатып алынған не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған инвестициялық жоба арнаулы инвестициялық жоба деп түсініледі.
Тармақ 2
2. Арнаулы инвестициялық келісімшарт шеңберінде арнаулы инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықты, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектерін импорттау кезінде кедендік баждар салудан босатылады. Арнаулы инвестициялық келісімшарт негізінде арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары әкелген пайдаланылған шикізатты және (немесе) материалдарды кедендік баждар салудан босату еркін кеден аймағының немесе бос қойманың кедендік рәсімінің қолданылуы аяқталған кезде, алынған өнімде осындай шикізат пен материалдар сәйкестендірілген және шартты түрде шығарылған тауарлардың нысаналы пайдаланылуы танылған жағдайда жүзеге асырылады. Арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде кедендік әкелім баждарын салудан босату:
Тармақша 1
1) арнайы экономикалық аймақтарға қатысушыларға он бес жылға, бірақ арнайы экономикалық аймақтардың әрекет ету мерзімінен аспайтындай болып;
Тармақша 2
2) бос қоймалардың иелеріне, арнаулы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге;
Тармақша 3
3) моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына арнаулы инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап он бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Тармақ 3
3. Арнауы инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізатты және (немесе) материалдарды импорттауды қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген шарттарға сәйкес қолданылады.
Бап 42-2. 42-2-бап. Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу, бақылау
42-2-бап. Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу, бақылау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортты кедендік әкелім баждарын төлеуден және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатуды көздейтін шарт арнаулы инвестициялық келісімшарт болып табылады.
Тармақ 2
2. Арнаулы инвестициялық келісімшарт арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бос қойманың иесі ретінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған кезде көлік құралдарын және (немесе) олардың құрауыштарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрауыштарын өндірушілермен жасалады.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган арнаулы инвестициялық келісімшарт жасасуға өтінім келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік арнаулы инвестициялық келісімшарттың ережелерін ескере отырып, осы келісімшартты қол қоюға дайындайды.
Тармақ 4
4. Арнаулы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібін, мерзімдері мен шарттарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Бұл ретте инвестициялық келісімшарттың және арнаулы инвестициялық келісімшарттың қосымшаларына өзгерістер тараптардың келісімі бойынша жылына екі рет енгізілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының арнаулы инвестициялық келісімшартты беру шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Заңды тұлға өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға осы аталған орган белгілейтін нысан бойынша арнаулы инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы жартыжылдық есептерді 25 шілдеден және 25 қаңтардан кешіктірмей, технологиялық жабдықты, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды, сондай-ақ көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрауыштарын дайын өнім құрамында жеткізуді мен мақсаты бойынша пайдалануды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындардың баптары бойынша таратып жазып ұсынады.
Тармақ 6
6. Инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкiлеттi орган арнаулы инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiбередi және бұзушылықтарды жою үшiн үш ай мерзiм белгiлейдi.
Тармақ 7
7. Егер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелері бойынша арнаулы инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінген және кедендік баждар төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар, сондай-ақ көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрауыштары дайын өнім құрамында пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, арнаулы келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференцияларға байланысты кедендік баждардың сомасын төлемеген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімпұлды есепке жаза отырып, пайдаланылмаған жабдық, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар, сондай-ақ көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрауыштары бөлігінде төлейді.
Тармақ 8
8. Кедендік баждар салудан босату объектілерінің нысаналы пайдаланылуын бақылау Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. ӨТКІЗУ НАРЫҚТАРЫНА ІЛГЕРІЛЕТУ
3-тарау. ӨТКІЗУ НАРЫҚТАРЫНА ІЛГЕРІЛЕТУ
Бап 43
43-бап. Өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын сыртқы нарықтарға ілгерілету
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі мекемелер өз құзыреті шегінде өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін шетелде қорғауды жүзеге асырады, оның ішінде сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілетуге жәрдем көрсетеді.
Тармақ 2
2. Өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін сервистік қолдауды сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, мыналар арқылы жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) олардың экспорттық әлеуетін диагностикалау;
Тармақша 2
2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткізу, көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыру, қазақстандық өндірушілердің тауар белгілерін шетелде ілгерілету және қазақстандық өндірушілердің шетелде ұлттық стендтерін ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) қазақстандық тауар өндірушілер, қызметтерді көрсетушілер және олардың тауарлары, көрсетілетін қызметтері туралы ақпаратты шетелде тұрақты негізде орналастыру арқылы әлеуетті шетелдік сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;
Тармақша 4
4) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің экспортын дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;
Тармақша 5
5) өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін гуманитарлық көмектің халықаралық нарығына ілгерілетуге жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де шаралар.
Бап 44
44-бап. Қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру
Тармақ 1
1. Қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру трансұлттық корпорациялармен, инвесторлармен және олардың өнім берушілерімен ынтымақтастық жасау жолымен, сондай-ақ қосылған құны жоғары тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сыртқы сауда қызметін реттеу, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы және инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын қолдану арқылы жәрдем көрсетеді.
Бап 45
45-бап. Өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылына жәрдемдесу Мемлекет өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылына мынадай нысанда жәрдем көрсетеді:
Тармақша 1
1) өнеркәсіпті дамыту жөніндегі проблемаларды зерделеу және ұсыныстар әзірлеу бойынша өнеркәсіпті дамыту институттарын дамытуды білдіретін институционалдық қолдау;
Тармақша 2
2) өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін қаржылық емес қолдау. Өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің өзара іс-қимылына мемлекеттік жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де қолдау түрлерін көздейді.
Бап 46
46-бап. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар
Тармақ 1
1. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар осы Заңға сәйкес мыналар арқылы жасалады:
Тармақша 1
1) өндірісін өнім беруші ұйымдастыратын және өндірісі бұрын болмаған өңдеу өнеркәсібінің тауарларын, оның ішінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынатын тауарларын ұзақ мерзімді кепілдендірілген сатып алуды көздейтін офтейк-келісімшарттар;
Тармақша 1-1
1-1) қолда бар өндірістік қуаттарда өндірілген тауарларды сатып алудың ұзақ мерзімді кепілдік берілген көлемін көздейтін кепілдендірілген сатып алу шарттары;
Тармақша 2
2) өңдеу өнеркәсібінің тауарларын, оның ішінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынатын тауарларын сатып алудан бөлек, осы Заңның 49-бабына сәйкес сатып алу талаптарында көзделген, шарт сомасынан қаражаттың бір бөлігін Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау бойынша елеулі талаптарды көздейтін келісімшарттық сатып алу шарттары. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларында үлгілік талаптар көзделеді.
Тармақ 2
2. Ірі тапсырыс берушілер өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар бойынша тапсырыс берушілер болып табылады. Осы баптың ережелері Ұлттық әл-ауқат қорына және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Бап 47
47-бап. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу тәртібі
Тармақ 1
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде:
Тармақша 1
1) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін сатып алу жоспарларын (алдын ала, жылдық, ұзақ мерзімді);
Тармақша 2
2) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушылардан «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қалыптастырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын;
Тармақша 3
3) табиғи монополиялар субъектілерінен «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалатын алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге сатып алуға жоспарланатын тауарлар тізбелерін;
Тармақша 4
4) жүйе құраушы кәсіпорындардан алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тауарларды сатып алу жоспарларын алады.
Тармақ 2
2. Ірі тапсырыс берушілердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алу жоспарлары (бағдарламалары, тауарлар тізбелері) сатып алуды жүзеге асырудың бірінші жылының алдындағы жылы ұсынылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алу жоспарларында (бағдарламаларында, тауарлар тізбелерінде) ішкі нарықта сатып алынатын тауарларды немесе кепілдік міндеттемелері қолданылатын шетелде шығарылған тауарларды қоспағанда, сатып алуға жоспарланатын тауарлардың тізбесі көзделеді.
Тармақ 4
4. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, күнтізбелік отыз күн ішінде ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ерекшеліктерге сәйкестігін қарайды. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда ірі тапсырыс берушілерге сатып алу жоспарларына (бағдарламаларына, тауарлар тізбелеріне) ескертулерді көрсете отырып хабарлама жібереді. Ірі тапсырыс берушілер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзінің сатып алу жоспарларына (бағдарламаларына, тауарлар тізбелеріне) өзгерістер енгізеді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға қайта жібереді. Бұл ретте өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) келісу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тармақ 5
5. Сатып алуға жоспарланатын тауарлардың келісілген тізбесі 1 ақпанға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде орналастырылады.
Тармақ 6
6. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасасуға мүдделі өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде осы Заңның 48-бабына сәйкес офтейк-келісімшарттар және осы Заңның 48-1-бабына сәйкес кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасу үшін өтінімді жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде сатып алуға жоспарланатын тауарлар тізбесі жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде береді.
Тармақ 7
7. Ірі тапсырыс берушілер өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өтінімдерін қарайды және өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес өтінімдерді беру аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде офтейк-келісімшарттар немесе кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасады.
Тармақ 8
8. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасалғаннан кейін ірі тапсырыс берушінің өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарының тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасына зертханалық және (немесе) индустриялық сынақтар жүргізуге құқығы бар. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарының тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасына зертханалық және (немесе) индустриялық сынақтар өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарт жасалғанға дейін ірі тапсырыс беруші ұсынатын тауардың техникалық сипаттамалары, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы негізінде жүргізіледі. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарының тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасының зертханалық және (немесе) индустриялық сынақтарының оң нәтижелері алынған жағдайда осы тауар топтамасын беру жүргізіледі. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарының тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасының зертханалық және (немесе) индустриялық сынақтарының теріс нәтижелері алынған кезде өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарт өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының кінәсінан орындалмаған болып есептеледі және бұзуға жатады. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар шеңберінде тауар берілген кезге дейін ірі тапсырыс берушілер тауарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып ала алады. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шартқа қол қойылғаннан кейін тауардың қосымша техникалық сипаттамаларын, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттерін, жиынтықталуына қойылатын талаптарды көрсетуге тыйым салынады.
Бап 47-1
47-1-бап. Жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуы
Тармақ 1
1. Өндіріс көлемі тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жиынтық өндіріс көлемінің үш пайызынан астамын құрайтын өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жүйе құраушы кәсіпорындар болып табылады.
Тармақ 2
2. Жүйе құраушы кәсіпорындар тізбесін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды сатып алуы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның елішілік құндылықты мониторингтеуіне жатады.
Тармақ 4
4. Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды сатып алуы осы Заңның 47, 48, 48-1 және 49-баптарында айқындалған талаптар сақталған жағдайда алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тауарларды сатып алу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 48
48-бап. Офтейк-келісімшарттар
Тармақ 1
1. Офтейк-келісімшарттар бойынша өнім беруші тиісті тауардың өндірісін, оның ішінде шартқа сәйкес тапсырыс берушіден алынған қаражат есебінен ұйымдастыруға міндеттенеді. Жасалған офтейк-келісімшарттар қаржы ұйымдарында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстанның Даму Банкінде кепіл нысанасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Жасалған офтейк-келісімшартқа сатып алу көлемін азайту және тауардың бағасын төмендету бойынша біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарт бойынша тапсырыс беруші өнім беруші осындай шартта белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындаған жағдайда, осындай шартта көзделген көлемдерде тауарларды қабылдауды және олардың ақысын: шарт қолданылатын бірінші жылда – жүз пайыз мөлшерінде; шарт қолданылатын екінші және одан кейінгі жылдарда кемінде елу пайыз мөлшерінде төлеуді қамтамасыз етуге міндетті. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген міндеттемелер тиісті күнтізбелік жылға арналған шартта көзделген тауарды беру көлемін негізге ала отырып есептеледі.
Тармақ 3
3. Офтейк-келісімшарттың қолданылу мерзімі шартта айқындалады.
Тармақ 4
4. Тапсырыс берушінің өндірілген тауардың ескерілген көлемін сатып алудан өнім берушінің кінәсі болмай бас тартуы мөлшері өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тұрақсыздық айыбын көздейді.
Тармақ 5
5. Офтейк-келісімшарттарда тауарлардың егжей-тегжейлі техникалық сипаттамалары, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы, шарт қолданылатын бүкіл мерзімге беру көлемдері, тауарды бірмәнді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да ақпарат көрсетіле отырып, олардың нақты атаулары, сондай-ақ елішілік құндылықтың ең төмен деңгейі бойынша талаптар, елішілік құндылықтың көрсеткішін арттыру бағдарламасын әзірлеу жөніндегі міндеттемелер көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Офтейк-келісімшарттар, оларды орындаушылар, мерзімдері және өңдеу өнеркәсібінің өндірілетін тауарлары туралы мәліметтерді өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган офтейк-келісімшарттар тізіліміне енгізеді.
Бап 48-1
48-1-бап. Кепілдендірілген сатып алу шарттары
Тармақ 1
1. Кепілдендірілген сатып алу шарттары бойынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарлардың кепілдік берілген көлемін жасалған кепілдендірілген сатып алу шартының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді негізде беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді. Жасалған кепілдендірілген сатып алу шарттары қаржы ұйымдарында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстанның Даму Банкінде кепіл нысанасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Жасалған кепілдендірілген сатып алу шартына өзгерістер енгізу ірі тапсырыс берушінің және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының келісуі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Кепілдендірілген сатып алу шартының қолданылу мерзімі шартта айқындалады, бірақ бір жылдан кем болмайды. Кепілдендірілген сатып алу шартының ең ұзақ қолданылу мерзімі он жылдан аспайды.
Тармақ 4
4. Кепілдендірілген сатып алу шартында: тауарлардың егжей-тегжейлі техникалық сипаттамалары, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы көрсетіле отырып, олардың атаулары; шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне өнім беру көлемі; шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін шарт тараптарының жауапкершілігі; тараптардың келісуі бойынша өзге де талаптар қамтылуға тиіс.
Бап 49
49-бап. Келісімшарттық сатып алу шарттары
Тармақ 1
1. Келісімшарттық сатып алу тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу сомасы жылына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда офсеттік саясат қағидаттарымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Келісімшарттық сатып алуға сәйкес өнім беруші тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді беруден бөлек, шартта көзделетін қосымша талаптарды, оның ішінде бірлескен өндірісті құру арқылы орындауға міндеттенеді, олар мыналар сияқты сатып алынатын өнімнің түріне байланысты болады:
Тармақша 1
1) тікелей инвестициялар (оның ішінде өнім берушіге тікелей байланысты емес инвестициялық жобаларға салымдар);
Тармақша 2
2) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға инвестициялар;
Тармақша 3
3) өндірістерді құру;
Тармақша 4
4) мамандандырылған оқу орталықтарын салу, Қазақстан Республикасы үшін әртүрлі бағыттағы мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын іске асыру;
Тармақша 5
5) сатып алынатын тауарға қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды дамыту;
Тармақша 6
6) елге технологиялар трансфертін қамтамасыз ететін техникалық құжаттаманы, лицензияларды және өзге де құжаттарды беру;
Тармақша 7
7) өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес өзге де талаптар. Жоғарыда көрсетілген талаптар жеке-жеке де, үйлесімде де қолданылуы мүмкін, ақшалай мәнде шарт сомасының кемінде бес пайызын құрауға тиіс.
Тармақ 3
3. Өнім берушінің осы баптың 2-тармағында көзделген өз міндеттемелерін орындамауы шартқа сәйкес тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға және басқа да құқықтық салдарға алып келеді.
Бап 50
50-бап. Өнеркәсіптік өнімнің реттелетін сатып алуы
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік өнімнің сатып алуын реттеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіптік өнімнің реттелетін сатып алуы Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттарының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.
Бап 51
51-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқоры
Тармақ 1
1. Ұлттық экономиканың өзіне жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді.
Тармақ 2
2. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқоры өнеркәсіптік өнімді сатып алуда пайдалану үшін қазақстандық болып табылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілер мен берушілердің тізбесін көздейді.
Тармақ 3
3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқоры тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорын жүргізу мыналарды көздейді:
Тармақша 1
1) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтер мен оларды берушілердің дерекқорында өтеусіз тіркеу;
Тармақша 2
2) елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтының интернет-ресурсында отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілер туралы ақпарат орналастыру.
Бап 51-1. 51-1-бап. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін қалыптастыру тәртібі
51-1-бап. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 1
1. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін (бұдан әрі – тізілім) қалыптастыру қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинеті арқылы өтінім беру;
Тармақша 2
2) цифрлық верификация;
Тармақша 3
3) өндірісті бағалау;
Тармақша 4
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның тізілімге енгізу не енгізбеу туралы шешім қабылдауы.
Тармақ 2
2. Өтінім беру кезінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес ақпаратты жинауға және өңдеуге келісім;
Тармақша 2
2) өндірісті бағалау және мониторингті жүзеге асыру үшін өндірістік объектіге қолжетімділік беруге келісім;
Тармақша 3
3) өндірістік объектіде бейнебақылау жүйесін орнату жөніндегі міндеттемелерді қабылдауға, мониторингті жүзеге асыру үшін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға бейнеақпаратты қарауға қашықтан қолжетімділік беруге келісім;
Тармақша 4
4) тауар өндірудің мәлімделген технологиялық процесін көрсететін (растайтын) бейнематериалды қоса алғанда, өндірістің мәлімделген шарттарының, өндірістік және технологиялық операциялардың орындалғанын растайтын мәліметтер ұсынылады.
Тармақ 3
3. Өтінім берілгеннен кейін өндірістік қызметті растайтын қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларында айқындалған өлшемшарттар бойынша цифрлық верификация жүзеге асырылады. Тізілімге енгізу үшін қажетті мәліметтерді «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісі қалыптастырады. Цифрлық верификация нәтижелері өтінім берушіге «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі. Цифрлық верификация нәтижесі теріс болған жағдайда шешімде негіздемелері бар уәжді жауап қамтылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Өндірісті бағалау кезінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган салалық мемлекеттік органдарды, салалық қауымдастықтарды (одақтарды) тарта отырып, өндірістің мәлімделген шарттарының, өндірістік және технологиялық операциялардың орындалуын тексеруді, тауар өндірудің мәлімделген технологиялық процесін көрсететін (растайтын) бейнематериалды қоса алғанда, өндірістің мәлімделген шарттарының, өндірістік және технологиялық операциялардың орындалғанын растайтын мәліметтер негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте өтінім беруші мәлімдеген өндірістік және технологиялық операциялар өндірістік және технологиялық операциялардың ең төмен шегіне сай келуге тиіс.
Тармақ 5
5. Осы баптың 2-тармағына сәйкес өтінім беруші мәлімдеген мәліметтер негізінде өндірісті бағалау мүмкін болмаған кезде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган салалық мемлекеттік органдарды, салалық қауымдастықтарды (одақтарды) тарта отырып, көшпелі инспекцияны жүзеге асырады. Салалық қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдерін көшпелі инспекцияға қатысуға тарту ерікті сипатта болады және өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Көшпелі инспекцияның қорытындысы бойынша өндірісті бағалау актісі жасалады.
Тармақ 6
6. Өндірісті бағалау нәтижесі оң болған кезде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өтінім берушіні тізілімге енгізеді. Өндірісті бағалау нәтижесі теріс болған кезде «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне негіздемелері бар уәжді жауап автоматты түрде жіберіледі. Кәсіпкерлік субъектісі анықталған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін тізілімге енгізу үшін өтінімді қайта беруге құқылы.
Тармақ 7
7. Өтінім беруші өтінімде көрсетілген, берілген мәліметтердің анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 8
8. Қазақстандық тауар өндіруші, тауар және елішілік құндылық үлесі туралы мәліметтерді көрсете отырып, өзі өндіретін тауар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс тізілімнен үзінді-көшірме қазақстандық тауар өндірушінің тізілімде болуын растау болып табылады.
Тармақ 9
9. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларды өндіретін қазақстандық тауар өндірушілерді тізілімге енгізу кезінде өндірісті бағалау талап етілмейді.
Тармақ 10
10. Осы баптың талаптары бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерге қолданылмайды және осы Заңның 51-2-бабымен регламенттеледі.
Бап 51-2. 51-2-бап. Бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді тізілімге енгізу және одан шығару тәртібі
51-2-бап. Бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді тізілімге енгізу және одан шығару тәртібі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімді бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылым Қазақстанда шығарылған тауарларға теңестіріледі.
Тармақ 2
2. Тізілімге енгізу үшін бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушіні растау тәртібін цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 3
3. Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын тізілімдегі бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерге мониторинг жүргізеді және оның нәтижелері туралы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерді тізілімге енгізуді және одан шығаруды цифрландыру саласындағы уәкілетті органның хабарламасы негізінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілер тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабарламаға цифрландыру саласындағы уәкілетті органға шағым жасауға құқылы.
Бап 51-3. 51-3-бап. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар
51-3-бап. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар
Тармақ 1
1. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жер қойнауынан, оның аумағында не оның аумақтық теңізінде (өзге де ішкі су айдындарында) немесе оның түбінен не Қазақстан Республикасының аумағындағы атмосфералық ауадан өндірілген табиғи ресурстар (пайдалы қазбалар мен минералдық ресурстар, су, жер ресурстары);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында жиналған немесе пайда болған түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары.
Тармақ 2
2. Кең таралған пайдалы қазбаларды, Қазақстан Республикасының аумағында жиналған немесе пайда болған түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар немесе келісімшарттар туралы мәліметтерді пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес көмірсутектерді немесе уранды өндіруге арналған келісімшарттар туралы мәліметтерді көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар немесе келісімшарттар туралы мәліметтерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары тізілімге енгізу үшін ұсынады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдері туралы мәліметтерді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган тізілімге енгізу үшін ұсынады.
Тармақ 6
6. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсаттар туралы мәліметтерді жергілікті атқарушы органдар тізілімге енгізу үшін ұсынады.
Тармақ 7
7. Толығымен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар туралы мәліметтерді тізілімге осы баптың 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес ұсынылған мәліметтер негізінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган енгізеді.
Бап 51-4. 51-4-бап. Тізілімді мониторингтеу
51-4-бап. Тізілімді мониторингтеу
Тармақ 1
1. Қазақстандық тауар өндіруші тізілімге енгізілгеннен кейін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган тоқсанына бір реттен кем болмайтындай кезеңділікпен цифрлық верификация арқылы мониторингтеуді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мониторинг қорытындысы бойынша осы Заңның 51-1-бабының 3-тармағында айқындалған өлшемшарттарға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісінің веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі. Анықталған сәйкессіздіктер жойылмаған жағдайда қазақстандық тауар өндіруші тізілімнен шығарылады.
Бап 51-5. 51-5-бап. Апелляциялық комиссия
51-5-бап. Апелляциялық комиссия
Тармақ 1
1. Цифрлық верификация арқылы мониторинг нәтижелері бойынша тізілімнен шығару жөніндегі қазақстандық тауар өндірушілердің қарсылықтарын, шағымдарын апелляциялық комиссия қарайды.
Тармақ 2
2. Апелляциялық комиссияның құрамы мен ол туралы ережені өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Қазақстандық тауар өндірушілердің қарсылықтары, шағымдары апелляциялық комиссияға тізілімнен шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде беріледі.
Тармақ 4
4. Апелляциялық комиссия берілген қарсылық, шағым бойынша шешімді қажетті құжаттарды сұрату және (немесе) тыңдау өткізу және (немесе) көшпелі комиссия өткізу арқылы қабылдайды.
Тармақ 5
5. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша: қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы; қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімнің қабылдануын негіздей отырып, осындай шешімдердің бірін шығарады.
Тармақ 6
6. Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша түрде шығарылады және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 7
7. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Қарсылықтар, шағымдар қанағаттандырылған кезде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган осындай қарсылық, шағым берген қазақстандық тауар өндірушіні осы Заңның 51-1-бабында көзделген кезеңдерден өткізбей тізілімге енгізеді.
Бап 51-6. 51-6-бап. Тізілімнен шығару
51-6-бап. Тізілімнен шығару Қазақстандық тауар өндірушіні тізілімнен шығаруды өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) тізілімді мониторингтеуді жүргізу кезіндегі цифрлық верификация нәтижелері;
Тармақша 2
2) бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді мониторингтеу нәтижелері;
Тармақша 3
3) қазақстандық тауар өндірушінің тізілімнен шығару туралы өтініші негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылған немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда қазақстандық тауар өндірушіні тізілімнен шығару автоматты түрде жүзеге асырылады. Қайта ұйымдастыру кезінде жаңадан құрылған заңды тұлға тізілімге қайта енгізу үшін өтінім береді. Тізілімнен шығарылған қазақстандық тауар өндірушілердің осы Заңның 51-1-бабына сәйкес тізілімге енгізу үшін қайта өтінім беруге құқығы бар.
Бап 51-7. 51-7-бап. Өндіріс шарттары, өндірістік және технологиялық операциялар
51-7-бап. Өндіріс шарттары, өндірістік және технологиялық операциялар
Тармақ 1
1. Мақсаты тауарды алу болып табылатын шикізатты немесе материалды қайта өңдеу, өңдеу, сондай-ақ материалды жинау өндірістік және технологиялық операциялар болып табылады.
Тармақ 2
2. Өндіріс шарттарында бір немесе бірнеше өлшемшарттар: тауарды шикізаттың және (немесе) жиынтықтау материалдарының белгілі бір түрінен өндіру; өнімді сынақтан өткізу; нормативтік-техникалық немесе рұқсат беру құжаттарының болуы қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Өндіріс шарттарын, өндірістік және технологиялық операцияларды өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган салалық мемлекеттік органдармен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді. Салалық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде өндіріс шарттарын, өндірістік және технологиялық операцияларды әзірлеуге қатысады. Өндіріс шарттарында, өндірістік және технологиялық операцияларда Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген өндірістік және технологиялық операциялар туралы, сондай-ақ әрбір тауар үшін өндірістік және технологиялық операциялардың ең төмен шегі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Тауар өндірісінің өндіріс шарттарына, өндірістік және технологиялық операцияларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде өндірістің бұрын белгіленгеннен гөрі неғұрлым қолайлы шарттарын белгілеуге жол берілмейді.
Бап 52
52-бап. Импортты реттеу Импортты реттеу Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін импортталатын тауарлардың бағаларына тұрақты мониторинг жүзеге асырылады.
Бап 53
53-бап. Өнеркәсіптік өнімді өндірушілер мен ішкі сауда субъектілерінің өзара іс-қимылы Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде, оның ішінде өнеркәсіптік өнімді өндірушілермен және ішкі сауда субъектілерімен тиісті келісімдер жасасу арқылы сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды әзірлейді. Сауда қызметін реттеу «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
4-тарау. ӨНЕРКӘСІПТІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
Тармақ 1. 1-параграф. Өнеркәсіпті дамытудың жүйелі шаралары
1-параграф. Өнеркәсіпті дамытудың жүйелі шаралары
Бап 54
54-бап. Еңбек өнімділігін арттыру Еңбек өнімділігін арттыру мыналар арқылы жүзеге асырылады: осы Заңның 29-бабында көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету; оқыту және кадр әлеуетін арттыру; өңдеу өнеркәсібін технологиялық дамыту; осы Заңға сәйкес өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де шаралар.
Бап 55
55-бап. Оқыту және кадр әлеуетін арттыру
Тармақ 1
1. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдар өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау бойынша ұсыныстарды қалыптастырады және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Білім беру саласындағы уәкілетті орган халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ұсынатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет бойынша мамандарға деген қажеттілік негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырады. Өнеркәсіптің кадр әлеуетін нығайту және өндірістік талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім беру бағдарламаларын жаңартып отыруды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне тартуға жәрдем көрсетеді, оның ішінде дуальды оқыту туралы үшжақты шарттар жасасуға жәрдемдеседі.
Бап 56
56-бап. Өңдеу өнеркәсібін технологиялық дамыту
Тармақ 1
1. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары мен оның жоғары технологиялық салаларының технологиялық даму деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 23-1-тарауына сәйкес технологиялық тұғырнамалар мен технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары құрылады.
Тармақ 2
2. Технологиялық тұғырнама өңдеу өнеркәсібін технологиялық дамыту мақсатында өзара байланысты және өзара толықтырылатын білім беру, ғылыми және өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылымның элементтерінен, технологияларды генерациялау мен жетілдірудің, кадрлар даярлаудың, инновациялық жобаларды іске асырудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету үшін қажетті ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және өнеркәсіптік қызмет субъектілерінен және (немесе) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, ғылыми ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының коммуникация жасауына және оларды нарыққа бағдарланған үйлестіруге арналған құралдардан тұратын кешенді білдіреді.
Тармақ 3
3. Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтары өңдеу өнеркәсібін кешенді технологиялық дамыту пайымын тұжырымдау үшін өзіне тиісті білімді, шеберліктерді, дағдылар мен тәжірибені шоғырландыруға, сондай-ақ салалық және салааралық сипаттағы тиісті құзыреттері бар сарапшыларды тарту арқылы оны іске асырудың институционалдық жадын қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Өңдеу өнеркәсібін технологиялық дамыту мақсаттары үшін осы бапта көзделгеннен бөлек, өнеркәсіптің цифрлық трансформациясын ынталандыру, Индустрия 4.0 мен цифрлық технологияларды ендіру жүзеге асырылады.
Бап 57
57-бап. Өнеркәсіптегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру Өнеркәсіптегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында, сондай-ақ өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерін технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілерінің ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге деген қажеттіліктері туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган көрсетілген ақпаратты ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдарды тарту мақсатында ғылым саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру үшін жібереді.
Бап 58
58-бап. Өңдеу өнеркәсібінің өнімін техникалық реттеу және стандарттау
Тармақ 1
1. Техникалық реттеу және стандарттау жүйесі өнеркәсіптік өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету, саудадағы техникалық кедергілерді жою және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы болып табылады.
Тармақ 2
2. Өнеркәсіптік саясаттың техникалық реттеу және стандарттау саласындағы басымдықтары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің ғылыми-техникалық әлеуетін пайдалануды жақсарту;
Тармақша 2
2) өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Тармақша 3
3) саудадағы бар кедергілерді алып тастау;
Тармақша 4
4) халықаралық сауданы жүзеге асыру кезінде шығындарды төмендету;
Тармақша 5
5) өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа нарықтарға шығуы және игерілген нарықтардағы жағдайды нығайту.
Бап 59
59-бап. Өнеркәсіпке инвестицияларды тарту Өнеркәсіпке инвестицияларды тарту шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз құзыреті шегінде мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) әлеуетті инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздестіру және олармен келіссөздер жүргізу;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тарту;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдегі мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпарат тарату;
Тармақша 4
4) жұмыс істеп жүрген инвесторларды қайта инвестициялауды жүзеге асыруға ынталандыру;
Тармақша 5
5) бірлескен өндірістерді құру үшін инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;
Тармақша 6
6) қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру үшін трансұлттық корпорацияларды тарту.
Бап 60
60-бап. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету отандық шикізат тауарын өндірушілер, өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган арасында жасалатын өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдер негізінде жүзеге асырылады. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік келісімнің нысанын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету тәртібі өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалармен регламенттеледі. Осы баптың мақсаттары үшін отандық шикізат деп Қазақстан Республикасында өндірілген, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген тауарлар түсініледі. Отандық шикізат тауарларының тізбесінде: отандық шикізат тауарының; отандық шикізат тауарын өндірушілердің атаулары қамтылады.
Тармақ 2
2. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары отандық шикізат тауарларының тізбесін қалыптастыру үшін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға өтінімдер береді.
Тармақ 3
3. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өтінімдерін қабылдаудан бас тартуға: толық емес құжаттар топтамасы; қажетті отандық шикізатты өндірушілердің Қазақстан Республикасында болмауы негіз болып табылады.
Тармақ 4
4. Отандық шикізат тауарын өндірушілер: Қазақстан Республикасының аумағында қызметін үш жылдан аз жүзеге асыратын кәсіпорындар деп түсінілетін жаңа өндірістерді; өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларда айқындалатын шикізат тауары өндірісінің шағын көлемін өндірушілерді қоспағанда, отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізіледі.
Тармақ 5
5. Отандық шикізат тауарын өндірушілер өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету үлесін елдегі шикізат тауарын өндірудің жалпы көлеміндегі шикізат тауарын өндірушінің өндіріс көлемінің үлесін негізге ала отырып айқындайды.
Тармақ 6
6. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөнінде келісімдер жасасу отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген отандық шикізат тауарын өндірушілер үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 7
7. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдер ерекше бәсекеге қабілетті баға белгілеу шарттарымен жасалады, бірақ отандық шикізат тауарын нақты өндірушінің осы шикізат түрі экспортының ең төмен бағасынан жоғары болмауы керек.
Тармақ 8
8. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдерді жасасу кезінде өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға сәйкес міндеттемелерді, оның ішінде: отандық шикізатты өңдеп жасауды ұлғайту; өндірушіден алынған отандық шикізат тауарын үшінші тұлғаларға өткізуге тыйым салу міндеттемелерін қабылдайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацында белгіленген міндеттемелерді орындау және мониторингтеу тәртібі өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидалармен регламенттеледі. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының осы тармақта белгіленген тыйымды бұзуы өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі тиісті келісімді бұзуға және мұндай келісімдерге қатысуға тыйым салуға алып келеді.
Тармақ 9
9. Отандық шикізат тауарларының тізбесіне енгізілген отандық шикізатты Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жол беріледі. Лицензияларды беру отандық шикізат тауарын өндіруші осы Заңға сәйкес өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте лицензия алудың алдындағы кезеңде өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдерді жасасу және өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі жасалған келісімдер шеңберінде міндеттемелерді орындау өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелердің орындалуы болып табылады.
Тармақ 10
10. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдердің орындалуын мониторингтеу өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Бап 61
61-бап. Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етудің өзге де тәсілдері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара тиімді шарттармен өнімді қарсы беру мәселелері бойынша шет мемлекеттердің үкіметтерімен келіссөздер жүргізеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен мемлекеттік тапсырысты не мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты іске асыратын өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын мүше мемлекеттердің ішкі бағасы бойынша шикізатпен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізеді.
Бап 61-1
61-1-бап. Елішілік құндылықты дамыту
Тармақ 1
1. Ірі тапсырыс берушілер елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларына және олардың үлгілік нысанына сәйкес елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға міндетті.
Тармақ 2
2. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын, кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге әзірлейді және бекітеді. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге әзірлейді және бекітеді. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын қуаты аз табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен, сондай-ақ табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге әзірлейді және бекітеді. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын жүйе құраушы кәсіпорындар өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша үш жылдан басталатын мерзімге әзірлейді және бекітеді. Тиісті мемлекеттік органдардың елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын келісуден бас тартуына негіздер:
Тармақша 1
1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша төмендетілген нысаналы индикаторлар;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өтінімдерінің санын ескере отырып, өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу бойынша сай келмейтін индикаторлар;
Тармақша 3
3) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралардың болмауы.
Тармақ 3
3. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларында мынадай бағыттар көзделеді:
Тармақша 1
1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру;
Тармақша 2
2) өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу және орындау;
Тармақша 3
3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту;
Тармақша 4
4) өзге де бағыттар.
Тармақ 4
4. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының әрбір бағыты бойынша ірі тапсырыс берушілердің нақты іс-қимылдары, сондай-ақ осындай субъектілерге қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары және нақты нысаналы көрсеткіштері бар өзге де іс-шаралар қамтылатын іс-шаралар жоспарлары көзделеді.
Тармақ 5
5. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламасының іске асырылуын мониторингтеу мақсатында ірі тапсырыс берушілер елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларына және олардың үлгілік нысанына сәйкес олардың іске асырылуы туралы ақпарат береді. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының іске асырылуын мониторингтеуді өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларына және олардың үлгілік нысанына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Осы бапта белгіленген міндеттемелерді орындалған деп тану тәртібі елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидаларына және олардың үлгілік нысанына сәйкес айқындалады. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын орындамау, мұндай орындамау ірі тапсырыс берушінің кінәсінан болмаған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Өнеркәсіп салаларын дамыту
2-параграф. Өнеркәсіп салаларын дамыту
Бап 62
62-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім
Тармақ 1
1. Көлік құралдары және (немесе) олардың құрамдастары, ауыл шаруашылығы техникасы және (немесе) оның құрамдастары өндірісінің дамуын ынталандыру мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен үлгілік нысандарға сәйкес көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасады. Өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісімнің болуы осы Заңның 42-1-бабына сәйкес арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өндірушілерге инвестициялық преференциялар беру үшін негіз болып табылады. Өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісім шеңберінде көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер үшін осы Заңның 27-бабына сәйкес қарсы міндеттемелер көзделеді.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдердің бірін жасасу Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өндіру саласында өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектісі болып табылатынын растау болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдерді жасасу үшін белгіленген шарттардың және келісімдерде айқындалған талаптардың сақталуын бақылау мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының келісімдерді жасасу шарттарына сәйкестігін және осындай келісімдер шеңберінде ол қабылдаған міндеттемелердің орындалуын тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде санамаланған келісімдердің бірінің талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы бөлігінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган анықталған бұзушылықтар хабарлама жіберілген кезден бастап үш ай мерзімде жойылмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келісімді біржақты тәртіппен бұзады.
Тармақ 5
5. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан және көлік құралдарын өндірушілер немесе өндірушілердің уәкілетті өкілдері болып табылатын өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілері өндірушінің бастамасы бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында техникалық жағынан күрделі тауарды (бұйымды) кері қайтарып алуды жүзеге асыруға құқылы. Осы тармақты қолдану мақсаттары үшін техникалық жағынан күрделі тауарды (бұйымды) кері қайтарып алу деп техникалық жағынан күрделі тауарлар (бұйымдар) шығарылғаннан кейін олардың белгілі бір топтамасынан табылған кемшілікті немесе зауыттық ақауды жою үшін не техникалық жағынан күрделі тауарлардың (бұйымдардың) сипаттамаларын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірушінің немесе оның уәкілетті өкілінің бастамасы бойынша және есебінен жүргізілетін, сатып алушыларды құлақтандыруды және өзіне берілген техникалық жағынан күрделі тауарларды (бұйымдарды) жөндеуді қамтитын кері қайтарып алу науқаны түсініледі.
Тармақ 6
6. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдер Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының келісім талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты келісім бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – СЭҚ ТН) тиісті коды бойынша келісім жасалған күннен бастап берілген жеңілдіктерді өтеу бойынша осы заңды тұлғаның міндеттемелерін қамтиды. Ескертпелер. Осы параграфтың мақсаттары үшін: көлік құралы деп, ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған құрылғы, оның ішінде техникалық жағынан күрделі тауар (бұйым) түсініледі; ауыл шаруашылығы техникасы деп жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі тауар (бұйым) түсініледі; көлік құралына құрауыш деп көлік құралы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жиынтықтаушы бұйым, материал, химиялық, лак-бояу өнімі және көлік құралын өндіру үшін қажетті өзге де жиынтықтауыштар түсініледі; ауыл шаруашылығы техникасына құрауыш деп ауыл шаруашылығы техникасы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жиынтықтаушы бұйым, материал, химиялық, лак-бояу өнімі және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру үшін қажетті өзге де жиынтықтауыштар түсініледі.
Бап 63
63-бап. Көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім
Тармақ 1
1. Ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтарын қоспағанда, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Заңның 9-бабының 23) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес СЭҚ ТН кодтары бойынша жасалады.
Тармақ 2
2. Ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Заңның 9-бабының 23) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес, жергіліктендіруді бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптарын орындағаннан кейін жасалады, олар технологиялық жабдықты пайдалануды және мынадай шарттардың орындалуын қамтиды:
Тармақша 1
1) екі ауысымдық жұмыс режимі кезінде кәсіпорынның өндірістік қуаты жеңіл автомобильдерге қатысты – жылына кемінде жиырма бес мың, ершікті тартқыштарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты – жылына кемінде он мың, автобустарға қатысты – жылына кемінде бір мың екі жүз болатын СЭҚ ТН тиісті коды бойынша жеңіл автомобильдерге қатысты – кәсіпорында көлік құралдарының екі және одан көп маркасын өндіру кезінде көлік құралының әрбір өндірілетін маркасы бойынша кемінде бір модельді және көлік құралының бір ғана маркасын өндіру кезінде кемінде екі модельді, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде бір модельді шанақты (кабинаны) дәнекерлеу, бояу (жеңіл автомобильдер бойынша катафорезді қоса алғанда) және құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды кәсіпорында ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік құрастыруды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансында жеңіл автомобильдерге қатысты – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он сегіз миллион еселенген мөлшерінен кем емес, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш миллион бес жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.
Тармақ 3
3. Дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды орындауды қоса алғанда, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелерін орындау кезінде осы Заңның 9-бабының 23) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірімен жасалған келісім шеңберінде, жеңіл автомобильдердің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімнен басқа, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісім жасасуға жол беріледі. Жасалатын келісімдерге осы Заңның 9-бабының 23) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес жергіліктендіруді бағалаудың балдық жүйесінің талаптары қолданылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісімді орындауы мұндай заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасасуға мүмкіндік береді.
Бап 64
64-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім
Тармақ 1
1. Тракторлардың, астық жинау комбайндарының және сүрлем жинау комбайндарының СЭҚ ТН кодтары бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Заңның 9-бабының 22) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес мынадай шарттар орындалған кезде жасалады:
Тармақша 1
1) дайындамалар пішуді, июді, дәнекерлеуді, құрастыруды және бояуды қоса алғанда, дайындау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік құрастыруды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.
Тармақ 2
2. Тракторлардың, астық жинау комбайндарының және сүрлем жинау комбайндарының СЭҚ ТН кодтарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Заңның 9-бабының 22) тармақшасында көзделген осындай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес мынадай шарттар орындалған кезде жасалады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы техникасының конструкциясында болған кезінде дайындамалар пішуді, июді, дәнекерлеуді, құрастыруды және бояуды қоса алғанда, дайындау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) өнеркәсіптік құрастыруды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы.
Бап 65
65-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің шеңберінде ынталандыру шараларын ұсыну
Тармақ 1
1. Көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілерге Қазақстан Республикасының заңды тұлғасында көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған жағдайда ғана осы Заңның 42-1-бабына сәйкес арнайы инвестициялық жоба бойынша инвестициялық преференциялар беруге, Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес шығарылған әрбір бірлік бойынша көлік құралдарына және (немесе) олардың құрамдастарына, ауыл шаруашылығы техникасына және (немесе) оның құрамдастарына қатысты техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыруға, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар жасасуға, өндірісті дамытуды ынталандыруға бағытталған басқа да шараларды алуға жол беріледі.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 63-бабына сәйкес көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берілетін қолдау шараларының көлемі осы Заңның 9-бабының 23) тармақшасында көзделген көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес жергіліктендіруді бағалаудың балдық жүйесі негізінде айқындалады.
Бап 66
66-бап. Көміртегі ізін төмендету жөніндегі шаралар Көміртегі ізі төмен, оның ішінде сутегімен жұмыс істейтін тауарларды танымал ету арқылы көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдар көміртегі ізін төмендету жөнінде шаралар қолданады, олар мынадай бағыттарды қамтуы мүмкін: осындай тауарлардың өндірісін кеңейту, тауарларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алуды ынталандыру, оларды пайдалану тартымдылығын арттыру және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шаралар.
Тарау 5. 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 67
67-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 68
68-бап. Өтпелі ережелер 2023 жылғы 29 маусымға дейін:
Тармақша 1
1) осы Заңның 29-бабы 7) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «7) жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;»;
Тармақша 2
2) осы Заңның 36-бабының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «36-бап. Жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру Жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне беру мыналар арқылы жүзеге асырылады: 1) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскелерін бөлу; 2) өндірістік қызметпен (технологиялық циклмен) байланысты, пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын беру.». Осы Заңның 51-1, 51-2, 51-3, 51-4, 51-5, 51-6 және 51-7-баптары қолданысқа енгізілгенге дейін берілген «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының солармен байланысты барлық актілері өз қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды деп белгіленсін. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттарды беру 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылады деп белгіленсін. Осындай «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар мен индустриялық сертификаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының солармен байланысты барлық актілері өз қолданысын 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды.
Бап 69
69-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң:
Тармақша 1
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 9-баптың 39) тармақшасын;
Тармақша 2
2) 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 18-бапты;
Тармақша 3
3) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 51-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.