Об утверждении норматива для признания крупной сделки по страхованию (перестрахованию) Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша ірі мәмілені тануға арналған нормативті бекіту туралы "Сақтандыру қызметі туралы"»Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Егер жекелеп жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы не жекелеген қайта сақтандыру шарты бойынша қабылданатын міндеттемелер көлемі қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесі болып табылатын активтерді қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасының 25 процентінен асып кетсе, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәміле ірі мәміле деп танылады.
Тармақ 2
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, актуарийлерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.