Об организации питания категориям воспитанников дошкольных организаций Актюбинской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы жекеленген санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағының 19)-тармақшасына, 8-бабының 4-1-тармағына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысының мектепке дейінгі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларды тамақтандыру құнының 70% мөлшерінде азық-түлік шығындарын ішінара өтеумен жеңілдетілген тамақтандыруды облыстық бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.