О внесении изменений и дополнений в "Положение об организации и проведении аукционов по продаже объектов приватизации" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондар өткiзу мен ұйымдастыру жөнiндегi Ережеге толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы
Тармақ 21
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай мен 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру, соның iшiнде мемлекеттiк меншiктi сатуды жеделдету мен жекешелендiру объектiлерiн аукциондарда сату тәртiбiн мейлiнше жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қаулы етедi: 📌 ЕСКЕРТУ. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 қаулысымен .
Тармақ 1
1. 1996 жылдың 22 ақпанындағы N 60 Қаулысымен бекiтiлген "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондар өткiзу мен ұйымдастыру жөнiндегi Ережеге" келесi толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:
Тармақша а
а) 1.2.4 бап алынып тасталсын, соған сәйкес 1.2.5 бап 1.2.4 бап ретiнде есептелсiн;
Тармақша б
б) 1.3.2 баптағы үшiншi абзацтан соң: " - аукцион өткiзудiң тәртiбiн анықтау", - деп жазылсын;
Тармақша в
в) 2.2.3 баптағы "б" тармағына мынадай өңдеу жасалсын:
Тармақша б
"б) сауда-саттықтың голландық тәсiлi кезiнде баға белгiленбеуi мүмкiн. Аз деңгейдегi баға белгiленген кезде, оның көлемi сауда-саттық өткiзу жөнiндегi хабарламада көрсетiледi";
Тармақша г
г) 2.5 бөлiмшесi мына мағынадағы баппен толықтырылсын: "2.5.5 Егер үшiншi және келесi саудада жекешелендiру объектiсi жалғыз қатысушыға сатыла беретiн жағдайды қоспағанда, аукционға қатысушылар саны екеуден кем болса, аукцион болмаған деп жарияланады";
Тармақша д
д) екiншi абзацтағы 3.3.1 бабы алынып тасталсын;
Тармақша е
е) төртiншi абзацтағы 3.3.2 бабы алынып тасталсын.