Об установлении публичного сервитута на земельные участки Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «ВИП – 17» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша жер учаскелеріне коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды жүргізу және пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Әкімдіктің қаулысына қосымша
Тармақ 1
1. «Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 27 мекенжайы бойынша «көп қабатты тұрғын үйді жобалау және салу», Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков - Гоголь көшелері – Абай даңғылы шекарасында (413 трансформаторлық қосалқы станция) орналасқан, жалпы алаңы 0,9 гектар;
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 27 мекенжайы бойынша «көп қабатты тұрғын үйді жобалау және салу», Қостанай қаласы, Толстой - Сьянов көшелерінің шекарасында орналасқан (1 жылу камерасы), жалпы алаңы 0,5 гектар;
Тармақ 3
3. «Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 27 мекенжайы бойынша «көп қабатты тұрғын үйді жобалау және салу», Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков көшесі - Әл-Фараби даңғылы (50/11 - жалпы тарату шкафы) мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,7 гектар;
Тармақ 4
4. «Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 27 мекенжайы бойынша «көп қабатты тұрғын үйді жобалау және салу», Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков көшесі (1 пикет құдық 0) мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,3 гектар.