Об установлении водоохранных зон и полос на реках в пределах Акмолинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысы аумағындағы өзендерде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 27 қаңтардағы № 102 “Суды қорғау аймақтары мен белдеулері туралы Ережені бекіту туралы” Қаулысына сәйкес, Ақмола облысындағы Есіл өзенін және ұсақ өзендерді ластанудан, қоқыстанудан және тартылып қалудан қорғауды күшейту үшін, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының шаруашылық қызметінің әсері тиетін ұсақ өзендерінің тізбесі Қосымшаға сәйкес, суды қорғау белдеулерінің минималдық ені белгіленіп, бекітілсін.
Тармақ 2
2. Есіл өзені үшін суды қорғау белдеуінің минималдық ені 100 м белгіленсін.
Тармақ 3
3. Суды қорғау аймағының минималдық ені судың орташа көпжылғы төмен деңгейі бойынша екі жағада өзен жайылмасын және жайылма үсті террассасын, негізгі жағалаудың тік жарларын, жыралар мен сайларды қоса есептегенде былай алынады:
Тармақша 1
1) ұсақ өзендер үшін (ұзындығы 200 км дейін) - 500 м;
Тармақша 2
2) басқа өзендер үшін:
шаруащылыққа қолдану жағдайлары күрделі және су жинау алабында жағдай қолайлы болса - 500 м;
шаруашылыққа қолдану жағдайлары қарапайым және су жинау алабында жағдай шиеленіссе - 1000 м.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 27 қаңтардағы № 102 Қаулысына сәйкес суды қорғау аймағында мынаған тыйым салынатындығы ескерілсін:
су нысандары мен олардың суды қорғау аймақтарын, белдеулерін ластандырудан сақтайтын құрылыстармен және қондырғыларымен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған нысандарды іске қосуға;
тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, және мұнай өнімдерін сақтау қоймаларын, автомашиналар мен ауыл шаруашылық техникаларына техникалық қызмет көрсету мен жуу пункттерін, механикалық шеберханалар, күл-қоқыс және өнеркәсіп қалдықтарын төгу орындарын, мал қорымдарын, аппаратураларға пестицидтер мен улы химикаттар құю алаңдарын, әуеден химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін ұшу-қону алаңдарын және тағы да басқа судың сапасына кері әсер ететін нысандарды орналастыру мен кұрылысын салуға.
құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазба байлықтарын өндіру, кабель, құбыр желісі және басқа коммуникациялар тарту, бұрғылау, ауыл шаруашылық және басқа да жобаларды белгіленген тәртіп бойынша табиғатты корғау су ресурстары басқармасы, жергілікті әкімшілік және басқа да арнайы өкілетті органдармен келіспей жүргізуге;
улы химикаттарды әуеден колдану және ауыл шаруашылық дақылдары егілген орманды әуеден минералдық тьщайтқшптармен өңдеуді су жағалауынан 2000 м жақын жүргізуге;
су қоймасын ластайтын мал тоғыту, санитарлық тазарту және басқа да шаруашылық жұмыстарын жүргізуге. Ондай жұмыстарды суды қорғау аймағында өткізу қажет болған жағдайда аз және орташа улы, зиянсыз пестицидтерді қолдануға рұхсат етіледі;
шектеулі концентрациясы айқындалмаған пестицидтерді қолдану, қар қабатының үстінен тыңайтқыштар себу, сонымен қатар құрамында қи бар ағын сулары мен хлорлы органикалық улы химикаттарды тыңайтқыш есебінде қолдануға;
малды шектен тыс бағу;
суды қорғау белдеуінде осы аталғандардан басқа мынаған тыйым салынады:
жер жырту, мал бағу, ағаш-бұта өсімдіктерін кесіге;
органикалық және минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар мен пестицидтер қолдануға;
палатка қалашықтарын, тұрақты автотұрақтар, малға арналған жазғы лагерлер орнатуға;
саяжайлар мен ұжымдық бақшаға жер бөлуге;
суды корғау аймақтары мен белдеулерін ластандырудан сақтайтын құрылыстармен және қондырғыларымен қамтамасыз етілмеген нысандарды қолдануға;
Тармақ 5
5. Суды қорғау аймақтары мен белдеулері аумақтарын қолданудың белгіленген режимі бұзылуына кінәлілер қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 6
6. Аудандардың, ауылдық округтердің әкімдеріне және табиғатты пайдаланушыларға нормативте белгіленген жерлерде суды қорғау белгілері мен белдеулерін орнату ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Суды қорғау аймақтары мен белдеулерін дұрыстап күтіп ұстау және олардағы шаруашылық жүргізу режимін сақтау, қандай меншік түрлеріне жататындығына қарамастан сол суды қорғау аймағында орналасқан кәсіпорындарға, ұйымдарға, шаруашылықтарға, сонымен қатар жеке тұлғаларға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Аудан әкімдіктері суды қорғау аймақтарында орналасқан әрбір елді-мекен бойынша нақты іс-шаралар әзірлесін, оларда:
бірыңғай қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мен мал қорымдарын шығару;
жағалау маңын жоспарлы түрде және әрдайым тазартып отыруды ұйымдастыруды қарастырсын.
Тармақ 9
9. Суды қорғау аймақтары мен белдеулерінде ерекше қолдану жағдайы мен шаруашылық жұмыстарын шектеу енгізілсін, Есіл бассейінді су шаруашылығы басқармасымен келіспей облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасында, жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетте, санитарлық эпидемиологиялық станцияда мемлекеттік экологиялық сараптаудан өтпей аталған өзендердің суды қорғау аймағында жер бөлу мен құрылыс нысандарын салуға тиым салынсын.
Тармақ 10
10. Облыс аудандарының әкімдіктері барлық мүдделі мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға, шаруашылықтарға және азаматтарға суды қорғау аймақтары мен белдеулерін және олардың деңгейіндегі аумақты қолдану тәртібін белгілеу туралы шешім қабылдағандығын мәлімдесін.
Тармақ 11
11. Аудан әкімдіктер Есіл бассейіндік су шаруашылығы басқармасымен бірлесе отырып міндетті түрде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуді қажет ететін көлдерді, су қоймаларын және басқа да су нысандарын анықтасын.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті арқылы “Астан су” республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен Есіл бассейіндік су шаруашылығы басқармасына суды қорғау аймақтары мен белдеулері жобаларын, картографиялық материалдар дайындаудың тапсырушысын белгілеу ұсынылсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулы әділет басқармасында тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 16
Облыс әкімдігінің 2003 ж. 26.06. № а-6/177
«Ақмола облысы аумағындағы өзендерде
суды қорғау аймақтары мен белдеулерін
белгілеу туралы» қаулысына қосымша
Ақмола облысындағы суды қорғау белдеулерінің минималдық ені белгіленген шаруашылық қызметінің әсері тиетін ұсақ өзендерінің ТІЗБЕСІ
№
Өзен мен жылғалардың атаулары
Қайда құяды
су ағынының ұзындығы
су қорғау белдеуінің мин. ені
Ақкөл ауданы
1
Ақсуат
Итеймен көлі
25
30
2
Талқара
Колутон өз.
68
50
3
Тасмола
Ашылы айрық
40
30
4
Талдысай
Колутон өз.
20
30
Аршалы ауданы
1
Шортанды өз.
Есіл өз.
36
30
2
Бұрықтал өз.
Есіл өз
24
30
3
Мойылды өз
Есіл өз.
66
50
4
Ақтасты өз.
Есіл өз.
31
30
5
Мигер өз.
Есіл өз.
20
30
Астрахан ауданы
1
Аршалы өз.
Колутон 03.
174км (Акм. обл. 102 км)
75
2
Колутон өз.
Есіл өз.
223
75
3
Боқсык
Колутон 03.
171
75
Атбасар ауданы
1
Жабай өз.
Есіл өз.
196
75
2
Сарқырама өз.
Жабай өз.
79
50
3
Ащылы өз.
Жабай өз.
58
50
4
Жыланды өз.
Жабай өз.
140
75
Бұланды ауданы
1
Боқсық өз.
Колутон өз.
171
75
2
Жолболды өз.
Боқсық өз.
76
50
3
Аршалы өз.
Колутон өз.
173
75
4
Қоңыр өз.
Аршалы өз
70
50
Егіндікөл ауданы
Ауданда суын пайдаланылатын өзендер жоқ
Еңбекшілдер ауданы
1
Тәттімбет өз.
Мамай көлі
54
30
2
Атан өз.
Атансор көлі
20
30
3
Тассу өз.
Атан өз.
66
30
4
Саға ез.
Көксеңгірсор көлі
66
30
5
Қарасу өз.
Жақсы Жалғызтау көлі
76
50
6
Қыздың карасуы өз.
Селеті теңізі көлі
54
30
7
Шат өз.
Атан өз.
30
30
Ерейментау ауданы
1
Кедей өз.
Селеті өз.
92
50
2
Ащылы айрық өз.
Селеті өз.
96
50
3
Ақжар өз.
Селеті өз.
55
50
4
Қарасу өз.
Селеті өз.
26
30
5
Ақмырза өз.
Селеті өз.
46
50
6
Жартас өз.
Ақмырза өз.
51
50
7
Ақсу өз.
Атансор көлі
80
50
8
Теңіске өз.
Шолақсор көлі
95
50
9
Есіл өз.
Селеті көлі.
41
30
Есіл ауданы
1
Жаныспай өз.
Есіл өз.
58
30
2
Қаракөл өз.
Есіл өз.
92
50
Жақсы ауданы
1
Жаманқайрақты
Есіл өз.
106
50
2
Құмай өз.
Қызылсу өз.
52
30
3
Қызылсу өз.
Есіл өз.
91
50
Жарқайың ауданы
1
Тасты-талды өз.
Есіл өз.
72
50
2
Коко өз.
Есіл өз.
65
30
3
Кен өз.
Есіл өз.
40
30
4
Шолақсандық өз.
Есіл өз.
37
30
Зеренді ауданы
1
Айдабол өз.
Жабай өз.
22
30
2
Сарыөзек өз.
Жолдыбай көлі
66
30
3
Сарымсақты өз.
Жабай көлі
15
30
4
Қошқарбай өз.
Шағалалы өз.
49
30
5
Құбаш өз.
Шағалалы өз.
15
30
6
Тосын (Тассу) өз.
Шағалалы өз.
17
30
7
Қамысақты өз.
Таранкөл көлі
106
50
Қорғалжын ауданы
Ауданда суын пайдаланылатын өзендер жоқ
Сандықтау ауданы
1
Сарқырама өз.
Жабай өз.
79
50
2
Ашылы өз.
Жабай өз.
58
50
3
Жабай өз.
Есіл өз.
196
75
4
Жыланды өз.
Жабай өз.
140
75
5
Котенкөз өз
Жыланды өз.
50
50
Целиноград ауданы
Ауданда суын пайдаланылатын өзендер жоқ
Шортанды ауданы
1
Дамса өз.
Колутон өз.
31
30
2
Жанысу өз.
Алабота көлі
70
50
Щучье ауданы
1
Сарымсақты өз.
Жөкей көлі
15
30
2
Бестерек көлі
Балақты көлі
9
30
3
Қылшақты өз.
Қола көлі
104
50
4
Қарабұлақ өз.
Шабақты көлі
19
30
5
Сарыбұлақ өз.
Бурабай көлі
13
30
6
Аршалы өз.
Колутон өз.
72
50
7
Кеңащы өз.
Аршалы өз.
39
30
Ескерту: Су қорғау белдеулернің минималдық ені:
- Нұра өзенінде (Теңіз көліне құяды, ұзындағы 978 км, Ақмола облысы аумағында 407 км) – 100 м
- Селеті өзенінде (Селеті көліне құяды, ұзындығы 407 км) – 75 м;
- Терісаққан өзенінде (Есіл өзеніне құяды, ұзындығы 334 км) – 75 м;
- Колутон өзенінде (Есіл өзеніне құяды, ұзындығы 223 км) – 75 м белгіленген.