О создании Совета по физической культуре и спорту Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дене мәдениеті мен спорт бойынша Кеңес құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №№148 Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару Заңына сәйкес және облыс әкімінің 2003 жылдың 16 мамырында спорттық қоғамдармен кездесу барысында айтылған дене мәдениеті мен спорт бойынша Кеңес құру туралы ұсынысын қолдап және 2003 жылдың 20 мамырындағы облыстық спорт активтерінің жиналысының хаттамасына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Дене мәдениеті мен спорт бойынша Кеңес құрылсын, оның дербес құрамы облыс мәслихатының сессиясына бекітілуге енгізілсін (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Дене мәдениеті мен спорт бойынша Кеңес туралы Ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиға жүктелсін.
Басқа 4
Маңғыстау облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 маусымдағы № 161 қаулысына № 1 қосымша Дене мәдениеті мен спорт бойынша Кеңестің құрамы 1. Макежанов С.А. - облыс әкімінің орынбасары, Кеңестің төрағасы 2. Драч А.А. - Облыстық спорт және дене мәдениеті басқармасының бастығы, Кеңес төрағасының орынбасары 3. Атағараев Д. - Қарақия ауданы әкімиятының спорт жөніндегі бөлім меңгерушісі 4. Жақиев М.И. - Ақтау қаласындағы бокс бойынша мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры (келісім бойынша) 5. Мансуров П.Д. - каратэ-додан Қазақстан Республикасының аға бапкер 6. Рзаханов А.К. - Облыс әкімиятының ішкі саясат департаментінің директоры 7. Абдуллаев С.Ә. - Қазақстан Республикасының каратэ-до - Ұлттық федерациясының вице-президенті (келісім бойынша) 8. Дадыкин В.С. - "Каспий" волейбол клубының директоры 9. Пахомов С.И. - "Каспий" футбол клубының директоры 10. Гасанбеков - Жаңаөзен қала әкімі аппаратының Г.А. спорт жөніндегі маманы 11. Чулаков А. - облыстық желкенді спорт федерациясының төрағасының орынбасары 12. Немирович- - "Отан" қоғамдық бірлестігінің Данченко А.М. төрағасы (келісім бойынша)
Басқа 5
Маңғыстау облыс әкімиятының 2003 жылғы 26 маусымдағы № 161 қаулысына № 2 қосымша Дене мәдениеті мен спорт бойынша Кеңестің Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Дене мәдениеті мен спорт бойынша Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) облыс әкімиятындағы кеңес беруші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес құрамы спорт пен дене мәдениетінің мақсатын, міндеті мен мәселелерін білетін, білімі мен біліктілігін меңгерген спорт бойынша бапкерлердің, спорт түрлері бойынша спорттық ұйымдар мен спорттық федерациялардың басшыларының өкілдерінен тұрады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын және Қазақстан Республикасының дене мәдениеті мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, облыс әкімінің шешімдері мен әкімият қаулыларын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңес міндеттері
2. Кеңес міндеттері
Тармақ 4
4. Кеңестің міндеттері болып табылады: бұқаралық дене шынықтыру мен спорттық, олимпиалық, олимпиалық емес, ұлттық және халықтық спорт түрлерінің одан әрі дамуына белсенді көмектесу, денешынықтыру-спорттық шаралардың өткізілуін жетілдіру; халықаралық дәрежедегі спортшылар мен спорт резервтерін дайындауға белсенді көмектесу; облыс тұрғындарын салауатты өмір сүруге бейімдеу бойынша жұмыстардың белсенділігін ояту; облыстағы дене мәдениеті мен спорт ұйымдарының, облыстағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің, ведомстволық қарасты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың қызметтерінің жан-жақты жақсаруына көмектесу; аймақтағы дене мәдениеті мен спорттың дамуының негізгі бағыттарын анықтау және жоспарлау; денешынықтыру-сауықтыру және спорт объектілерінің желілерін дамыту; облыстағы дене мәдениеті мен спорт ұйымдарын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесін шешу.
Тарау 3. 3. Кеңестің қызметтері
3. Кеңестің қызметтері
Тармақ 5
5. Кеңес мәселелер бойынша ұсынымдар береді: дене мәдениеті мен спортты дамыту, спорттық-бұқаралық және денешынықтыру-сауықтыру шараларын өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Республикалық құрама командаларға спорттық резервтерді дайындау, халықаралық дәрежедегі спортшылар мен олимпиашыларды дайындау; материалдық көтермелеу үшін облыстағы жетекші спортшыларды анықтау; спорттық құралдардың статусын анықтау мәселесін.
Тармақ 6
6. Кеңес облыс әкімиятына және облыстық мәслихатқа дене мәдениеті мен спорт саласының қызметкерлеріне құрметті атақтар тағайындау және Қазақстан Республикасының Құрмет белгісіне ұсыну туралы ұсыныстарын береді.
Тарау 4. 4. Кеңес мүшелерінің міндеттері, құқықтары мен жауапкершіліктері
4. Кеңес мүшелерінің міндеттері, құқықтары мен жауапкершіліктері
Тармақ 7
7. Кеңес мүшелері Кеңес мәжілістеріне қатысуға, Кеңес қызметіне байланысты төраға тапсырмаларын орындауға міндетті.
Тармақ 8
8. Кеңес мүшелері Кеңес мәжілісінің күн тәртібіне ұсыныс беруге, нақты ұсыныстарды қысқа әрі дәл жеткізу және талқыланушы мәселелер бойынша өэ көзқарасын айтуға құқылы.
Тарау 5. 5. Кеңес жұмыстарын ұйымдастыру
5. Кеңес жұмыстарын ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Кеңес қызметі, оның төрағасымен бекітілген жылдың жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Кеңес мәжілісі қажетті іс-шаралар бойынша шақырылады, бірақ тоқсанына бір рет төрағаның шақыруымен шақырылады. Жедел шешім қабылдау керек болған жағдайда, Кеңестің кезектен тыс мәжілісі төраға шақыруымен өтуі мүмкін. Кеңес мәжілісін оның төрағасы жүргізеді.
Тармақ 11
11. Кеңес мәжілісіне, оның мүшелерінің бастамасымен мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары шақырылуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Кеңес төрағасының көрсетуі бойынша, Кеңесте талқылауға берілетін мәселелерді байқау үшін оның мүшелерінен құрылған жұмыс топтары құрылуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Кеңес мәжілісінде талқыланған мәселелердің нәтижесі бойынша хаттамалық шешім қабылданады, оған төраға қол қояды. Кеңес Шешімі қарапайым ашық дауыс беру жолымен қабылданады. Дауыстар тең болғанда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.
Тармақ 14
14. Кеңес қажеттілік бойынша, оның мүшелерінің де ротацияларын жүзеге асырады.