Об утверждении положения о городской комиссии по инвентаризации имеющегося фонда защитных сооружений, предназначенных под противорадиационные укрытия Күшін жойған
Басқа 0
Радиациядан тасалануға арналған қорғану ғимараттарын түгендеу жөніндегі қалалық комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына сәйкес және халықты төтенше жағдайлардан қорғауға арналған қолда бар қорғану ғимараттарын және ғимараттарын түгендеу үшін ШЕШІМ:
Тармақ 1
1. Қалалық комиссияның ережесі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауылдар және ауылдық округтер әкімдері, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар басшылары:
Тармақша 1
1) қолда бар қорғану құралдарына есеп жүргізу, халықты қабылдауға дайындығын анықтау үшін нысандарды түгендеу комиссиясын құрсын және қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес оларды техникалық жағдайын дайындыққа келтіру жөніндегі шараларды бір ай мерзімде қабылдасын;
Тармақша 2
2) дайындыққа келтіру жөніндегі түгендеу актілерін және іс-шараларды бір ай мерзімде қалалық комиссия хатшысына тапсырсын.
Тармақ 3
3. Түгендеу жөніндегі қалалық комиссия белгіленген мерзімге сәйкес нысандық комиссиялардың дайын материалдарын қарасын және осы жылғы 30 маусымға дейін бекітуге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.А. Штейнертке жүктелсін.
Басқа 7. Радиациядан тасалануға арналған қорғану ғимараттарын
түгендеу жөніндегі қалалық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Бекітілсін
Арқалық қаласының әкімі
Арқалық қаласы әкімінің
2003 жылғы 24 маусымдағы
шешіміне № 1 қосымша
Радиациядан тасалануға арналған қорғану ғимараттарын
түгендеу жөніндегі қалалық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Радиациядан тасалануға арналған қорғану ғимараттарының қолда бар қорын түгендеу жөніндегі қалалық комиссия консультативтік-кеңесші орган болып табылады және тікелей міндеттері бойынша пайдалану үшін Арқалық қаласы мен ауылдық мекендердің радиациядан тасалануға арналған қорғану құралдарының сапалық жағдайын белгілеу мақсатында құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз өкілеттігін ауылдар және ауылдық округтер әкімдерімен, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларымен өзара іс-қимыл бірлігінде жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі
міндеттері мен құқықтары
2. Комиссияның негізгі
міндеттері мен құқықтары
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
Тармақша 1
1) радиациядан тасаланудың қалалық қоры мен қорғану ғимараттарының қолда нақты барын анықтау;
Тармақша 2
2) ғимараттардың толықтай, сондай-ақ оның жекелеген: ішке кіру мен аппатта сыртқа шығу, герметикалық қорғану және герметикалық есіктер мен терезе қақпақтарын, жарылыстан қорғау құрылғылары элементтерінің қорғау қасиеттерін анықтау;
Тармақша 3
3) инженерлік-техникалық жабдықтардың жағдайын және оны көз келген уақытта соғыс кезіндегі режимге пайдалануға көшіру мүмкіндігін анықтау.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Комиссия қала әкімінің тапсырмасы бойынша мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) қаладағы төтенше жағдайларды ескерту мен жоюға ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар басшылары, ауылдар және ауылдық, округтер өкімдері мен қоғамдық бірлестіктердің іс-қимылын үйлестіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 2
2) комиссия құзырына жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 3
3) комиссия құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларын, ауылдардың және ауылдық округтердің әкімдерін тыңдауға;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайларды ескерту және жою мәселелері бойынша талдауды, сараптауды және басқа жұмыстарды орындау үшін қалалың кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік мекемелер мамандарын (олардың басшыларымен келісе отырып), ауылдар және ауылдық округтер әкімдерін тартуға;
Тармақша 5
5) ұйымдар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер басшыларынан, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінен олардың қызметі бойынша комиссия жұмысы қажетті ақпараттарды сұратуға.
Тармақ 5
5. Комиссияның төрағасы қала әкімінің орынбасары болып табылады, оның орынбасары - төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (лауазым бойынша).
Тармақ 6
6. Комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға жүктеледі.
Тармақ 7
7. Комиссия өз жұмысын оның төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Комиссия отырысы қажетті жағдайға орай тоқсанына ең көбі бір рет етеді. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Қала әкімінің немесе әкімияттың шешімін талап ететін мәселелер бойынша комиссия белгіленген тәртіппен тиісті ұсыныс енгізеді.
Тармақ 8
8. Өзінің құзырына сәйкес комиссия қабылдаған шешімдер ұсыныстық мәнге ие.
Тармақ 9
9. Комиссия қаралатын және шешілетін мәселелер бойынша қала әкімін ақпараттандырады.