Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата Денисовского района» Күшін жойған
Басқа 0
«Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Денисов
ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 258 қаулысымен
бекітілген
«Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім ) Жергілікті деңгейде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволық бағынысты мекемесі бар: «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Бөлім егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Денисов ауданы, Денисов ауылдық округі, Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 6 үй.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттігі
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттігі
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;
Тармақша 3
3) азаматтардың құқықтары мен мүдделерін, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнамада көзделген мемлекеттік кепілдіктерді қорғау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтар
өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты мекеменің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар және өзге де актілер шығаруға құқылы;
өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті мәліметтерді, материалдар мен құжаттарды сұрату және алу;
жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша өзінің негізгі қызметін жоспарлау және халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласын дамытуды анықтау ;
Тармақша 2
2) міндеттері:
осы Ережеге сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның атынан өкілдік етуге;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені сақтауға міндетті;
мемлекеттік қызметтер стандарттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялар:
Тармақша 1
1) ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін үйлестіру;
Тармақша 2
2) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың қабылдануын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға және арттыруға бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын талдау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бюджет қаражатының қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 5
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету және кедейлікті азайту жөніндегі шаралар саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру болып табылады;
Тармақша 6
6) статистикалық, ведомстволық есептілікті дайындау және ұсыну, Бөлімнің құзыреті шегінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жүргізуге мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) ағымдағы жылға арналған бюджеттік өтінімді, дамудың индикативтік жоспарын қалыптастыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін тағайындау және төлеу;
Тармақша 11
11) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеу, ымдау тілі маманының, жеке көмекшілердің қызметтерін ұсыну;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту;
Тармақша 14
14) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау және оларға консультация беру;
Тармақша 15
15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және қажетті шаралар қабылдау;
Тармақша 16
16) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелетке толған әрекетке қабілетсіз азаматтарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы Бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 19
19) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 20
20) еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
Тармақша 21
21) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шаралар;
Тармақша 22
22) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдарға санаторий-курорттық емделуге құжаттарды ресімдеу;
Тармақша 23
23) қарт азаматтар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізу;
Тармақша 25
25) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 26
26) Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің орындалуын бақылау және жәрдемдесу болып табылады;
Тармақша 27
27) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығару ;
Тармақша 28
28) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 29
29) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 30
30) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәліктер беру;
Тармақша 31
31) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасылардың) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) кәмелетке толған азаматтарға қатысты қылмыстық және азаматтық істер бойынша қорғаншы және қамқоршы мәселелері бойынша сотқа қатысу;
Тармақша 33
33) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
Тармақша 34
34) Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3 тарау . Мемлекеттік органның бірінші
басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3 тарау . Мемлекеттік органның бірінші
басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Бөлімнің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауап береді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 4
4) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті емес шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттіқ бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
Тармақша 7
7) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
Тармақша 8
8) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 9
9) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4 тармақ . Мемлекеттік органның мүлкі
4 тармақ . Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Бөлімде бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5 тармақ. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5 тармақ. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
«Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.