Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бюджет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Басқа 0. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-140 Бұйрықпен бекітілді Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік қызметтертер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
Тармақ 2
2. Әлеуетті өнім беруші жүзеге асыратын қызметтердің құнын анықтау үшін оның қызметінің негізгі түріне жататын шығындар ескеріледі.
Тармақ 3
3. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын есептеу үшін қызмет бірлігі айқындалады.
Тармақ 4
4. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың шығындарының құрылымын айқындау:
Тармақша 1
1) зерттеулерді, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманы көрсетуге арналған тікелей шығындар сомасының;
Тармақша 2
2) зерттеулерді, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманы көрсетуге арналған үстеме (жанама) шығыстар сомасының негізінде жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Тікелей шығындар деп көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнына тікелей және тікелей енгізілуі мүмкін қызметтерді көрсетумен байланысты шығыстар түсініледі.
Тармақ 6
6. Тікелей шығыстарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) зерттеулерді, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын қызметкерлердің (штаттық және штаттан тыс) жалақысы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары;
Тармақша 3
3) қосылған құн салығы;
Тармақша 4
4) зерттеулерді жүргізетін, консалтингтік қызметтерді көрсететін, мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс қызметтік сапарлар);
Тармақша 5
5) қосалқы мердігер ретінде қызметті іске асыру үшін тартылатын сыртқы сарапшыларды тарту бойынша шығыстар.
Тармақша 6
6) материалдарды сатып алу (шығыс материалдары, кеңсе тауарлары, материалдық қор);
Тармақша 7
7) байланыс қызметтері (пошталық, курьерлік қызметтер, интернет, телефон байланысы, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс қызметтері);
Тармақша 8
8) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын көліктік көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 9
9) полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін тираждау: сауалнамалар, бағыт парақтары, карточкалар, зерттеу есептері, тест тапсырмалары, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);
Тармақша 10
10) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);
Тармақша 11
11) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет болған жағдайда жалдау ақысы;
Тармақша 12
12) банктік қызметтер;
Тармақша 13
13) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын аударма бойынша көрсетілетін қызметтер.
Тармақ 7
7. Үстеме шығындар келесі шығындарды қамтиды:
Тармақша 1
1) әкімшілік персоналдың жалақысы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары;
Тармақша 3
3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мүлік салығы, көлік құралдарына салық, жер салығы және т.б.);
Тармақша 4
4) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс қызметтік сапарлар);
Тармақша 5
5) әкімшілік персоналды сақтандыру (көлік құралдарын, қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру);
Тармақша 6
6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
Тармақша 7
7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу;
Тармақша 8
8) коммуналдық қызметтер: электр энергиясы, жылыту, сумен жабдықтау және кәріз, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару;
Тармақша 9
9) ғимараттар мен үй-жайларды жалға алу;
Тармақша 10
10) әкімшілік персоналдың байланыс қызметтері (пошталық, курьерлік қызметтер, интернет, телефон байланысы, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс қызметтері);
Тармақша 11
11) шығындар (жарнаманы қоспағанда, ақпараттық қызметтер, өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптардың сақталуы, күзет жөніндегі қызметтер, өкілдік шығыстар, аудиторлық қызметтер, банк қызметтері, нотариаттық қызметтер, типографиялық шығыстар).