Об утверждении Правил назначения и выплаты материального обеспечения на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому Күшін жойған
Басқа 0
Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21-маусымдағы Заңының 23-бабын жүзеге асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148-II Заңының 27-бабы 1-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес және мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеуде және оқытуда көмек көрсетуге Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін (бұдан әрі- Ереже).
Тармақ 2
2. 2003 жылғы 1-қаңтардан материалдық қамсыздандырудың мөлшері 6 235 теңге сомасында белгіленсін (ай сайын).
Тармақ 3
3. Аудан және қала әкімдері, облыстың еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Шерубаев) қоса берілген Ережеге сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға қамсыздандыруды тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.Н. Сухоруковаға жүктелсін.
Басқа 5. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға
материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің
Шығыс Қазақстан облысы әкіміятының
2003 жылғы 14 шілдедегі
№ 123 қаулысына қосымша
Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға
материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің
Ережесі
"Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының 1-тармағының 17)-тармақшасына сәйкес үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмектің тағайындалуы мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының біреуінің немесе оны алмастырушы тұлғаның өтініші бойынша уәкілетті органдармен (қалалық, аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен) жүргізіледі.
Өтінішке облыстың білім департаментінің жанындағы Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия беретін мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттілігі жөніндегі анықтамасы тіркеледі.
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек осы көмекті тағайындау жөніндегі өтініш берілген айдан бастап және Ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның анықтамасында белгіленген мерзімге тағайындалады.
Материалдық көмектің тағайындалуының және төлемнің доғарылуына немесе қайта жаңартылуына әкелетін жағдайлар түскенде (бала өлімі, үй-интернатына жіберу, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б), көмектің тағайындалуы және төлемі осы жағдайлар түскеннен кейінгі айдан бастап доғарылады немесе қайта жаңартылады.
Материалдық көмек алушылар тиісті уәкілетті органдарға көмек алу құқығына әсер ететін барлық өзгерістер жөнінде хабарлауға міндетті.
Болған өзгерістер жөнінде хабарламаған жағдайда, артық алынған сомалар заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарылады.
Материалдық көмекті тағайындау туралы барлық қажетті құжаттармен түскен өтініш тиісті уәкілетті органмен түскен күннен бастап 10 күн ішінде қарастырылады.
Тиісті уәкілетті орган материалдық көмек тағайындалмаған жағдайда қабыл алынбаған себептер мен шағым арыз беру тәртібі көрсетілген шешім шығарғаннан кейін өтініш берушіге барлық құжаттарды қайтарып береді.
Уәкілетті органның шешімі заңнамаға сәйкес шағымданылуы мүмкін.
Материалдық көмек тағайындау жөнінде өтініш барлық қажетті құжаттармен бірге, сондай-ақ уәкілетті органның мүгедек балаларға материалдық көмек тағайындау жөніндегі шешімі, алушының жеке ісінде сақталады.
Материалдық көмек көлемі тиісті жылға бекітілген мүгедек балаларды үй- интернаттарында ұстау құнының көлемінде белгіленеді.
Мүгедек балаларға материалдық көмектің төлемі қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қалалар мен аудандар бюджеттерінің қаржысы есебінен Қазақстан Республикасының Халық Банкі филиалдары және оның құрылымдық бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.
Материалдық көмек өткен айдың есебіне алынады.
Облыстың еңбек, жұмыспен
қамту және халықты әлеуметтік
қорғау басқармасының бастығы
А. Шерубаев