О создании областного Совета по делам инвалидов Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысын және облыс әкімдігінің "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған республикалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары туралы" (тіркелген № 1749) 2002 жылғы 1 тамыздағы № 149 қаулысын жүзеге асыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және олардың қоғамға жан-жақты және толық кірігуіне ықпал ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес құрылсын, оның дербес құрамы облыстық мәслихаттың бекітуіне берілсін.
Тармақ 2
2. Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес туралы Ереже (жалғанды) бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Есенғалиевке жүктелсін.
Басқа 4. Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 3 шілдедегі N 135 қаулысымен бекітілген Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес туралы ЕРЕЖЕ Бұл Ереже мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңестің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мүгедектер істері жөніндегі облыстық Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) облыс әкімдігі жанындағы консультативті-кеңестік орган болып табылады. Кеңес құрудың мақсаты мүгедектерді оңалту шараларын жүзеге асыруды ұйымдастыру, белсенді өмір салтына тарту және мүгедектікті азайту мақсатында ұсынбалар әзірлеу. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758"Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын", басқа да құқықтық актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 2
2. Мүгедектік пен мүгедектер мәселелерімен шұғылданатын қоғамдық ұйымдармен өзара байланыста жұмыс жасайды.
Тармақ 3
3. Жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектіктің алдын алу, мүгедектерді оңалдыру, әлеуметтік қорғалуы, білім алуы және кәсіби әзірлігі, жұмыс жасауы мәселелері бойынша қызметін үйлестіріп отыруға ұсынбалар әзірлейді.
Тармақ 4
4. Мүгедектер мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметін ұйымдастыру
3. Кеңес қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес мәжілістері қажеттілігіне қарай, төрағаның немесе оның тапсырмасы бойынша төраға орынбасарымен шақырылады, бірақ тоқсан сайын бір реттен кем болмауы тиіс.
Тармақ 6
6. Кеңес жұмысын ұйымдастыру, тиісті материалдар мен ұсынбалар әзірлеу жұмыстарын Кеңес хатшысы жүзеге асырады. Кеңес өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүргізеді.
Тармақ 7
7. Кеңестің ұсынбалары ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Кеңес мүшелерінің көпшілігінің даусы берілген жағдайда шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс тең болған жағдайда қайсысына төраға дауыс берсе, сол шешім қабылданады.
Тармақ 8
8. Кеңес отырысын жүргізудің қорытындысы бойынша хаттама жасалып, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Тармақ 9
9. Кеңестің жұмысшы органы болып облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы болып табылады.