О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы, Тізбенің 4-тармағының 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін екі жүз тоғызыншы, екі жүз оныншы, екі жүз он үшінші және екі жүз жиырма тоғызыншы абзацтарын, Тізбенің 4-тармағының 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін екі жүз он бірінші, екі жүз он екінші, екі жүз он төртінші, екі жүз он бесінші, екі жүз он алтыншы, екі жүз он жетінші, екі жүз он сегізінші, екі жүз он тоғызыншы, екі жүз жиырмасыншы, екі жүз жиырма бірінші, екі жүз жиырма екінші, екі жүз жиырма үшінші, екі жүз жиырма төртінші, екі жүз жиырма бесінші, екі жүз жиырма алтыншы, екі жүз жиырма жетінші, екі жүз жиырма сегізінші, екі жүз отызыншы, екі жүз отыз бірінші, екі жүз отыз екінші, екі жүз отыз үшінші және екі жүз отыз төртінші абзацтарын қоспағанда, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
Басқа 1. Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 110
қаулыға қосымша
Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Басқа 1.1. Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
Ислам банктері үшін
пруденциялық нормативтердің
нормативтік мәндеріне және
өзге де сақтауға міндетті
нормалар мен лимиттерді есеп
айырысу әдістемесіне
2-қосымша
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
Басқа 1.3. Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша
Банктің пруденциялық
нормативтерінің және
сақталуы міндетті өзге де
нормалары мен лимиттерінің
нормативтік мәндері мен
оларды есептеу әдістемелеріне,
капиталының мөлшеріне
5-қосымша
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi