О переименовании государственного учреждения "Отдел охраны и надзора Управления Комитета уголовно-исполнительной системы по Алматинской области" Қолданыста
Басқа 0
"Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiн қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi "Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.