О введении запрета на вывоз отдельных товаров с территории Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияға осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөніндегі шаралардың қолданылғаны туралы хабарласын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынатын тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2022 жылғы 10 қаңтардағы
№ 5 және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің м.а.
2022 жылғы 10 қаңтардағы
№ 21 бірлескен бұйрығына
косымша
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынатын тауарлардың тізбесі
№
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі Тауарлық номенклатурасының коды ( бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) *
Тауардың атауы*
1
0701
жаңа піскен немесе салқындатылған картоп
2
0706 10 000 1
Сәбіз
Ескертпе:
* Тыйым салуды қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен айқындалады.