Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к санитарно-защитным зонам объектов, являющихся объектами воздействия на среду обитания и здоровье человека» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11124 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикаcының Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
Басқа 0. «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленген және адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілердің (бұдан әрі – объект) санитариялық-қорғаныш аймақтарына (бұдан әрі – СҚА) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен оның анықтамалары пайдаланылады:
Тармақша 1
1) адамның өмір сүру ортасы (бұдан әрі – өмір сүру ортасы) – адамның тiршiлiк ету жағдайын айқындайтын, ортаның (табиғи және жасанды) табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторларының жиынтығы;
Тармақша 2
Тармақша 3
Тармақша 4
4) санитариялық-қорғаныш аймағы – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
Тармақша 5
5) тәуекелді бағалау – инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе тасымалдаушылардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ өмір сүру ортасы факторларының халықтың денсаулық жағдайына теріс әсеріне және осыған байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларға негіздеме (бұдан әрі – халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау).
Тарау 2. 2-тарау. Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-тарау. Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 3
3. Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілердің СҚА қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) СҚА және санитариялық ажырауларды белгілеуге қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) СҚА және санитариялық ажырауларды жобалауға қойылатын талаптар;
Тармақша 3
3) СҚА санитариялық ажырауларды және аумақтың режиміне қойылатын талаптар.
Тармақ 4
4. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілердің айналасында СҚА белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін гигиеналық нормативтерде (бұдан әрі – гигиеналық норматив) белгіленген мәндерге дейін, ал қауіптілігі I және II сыныптардағы объектілер үшін – гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін, сонымен қатар, халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекел шамаларына дейін азайтуды қамтамасыз етеді. Өзінің функционалдық қолданылу мақсаты бойынша СҚА-ы объектіні штаттық режимде пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздігі деңгейін қамтамасыз ететін қорғаныш кедергісі болып табылады.
Тармақ 5
5. Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшадағы объектілер не объектінің аумағынан (өндірістік алаңнан) тыс түзілетін ластану деңгейі рұқсат етілген шекті концентрациядан (бұдан – РЕШК) және (немесе) рұқсат етілген шекті деңгейден (бұдан әрі – РЕШД) 0,1-ден асатын немесе тұрғын үй аймақтарының ластануы үлесі РЕШК 0,1 асатын объектілер халықтың өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылады.
Тармақ 6
6. Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес объектілердің СҚА-ның ең аз өлшемі белгіленеді. Объектілердің қауіптілік сыныбына байланысты осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес СҚА-ның мынадай өлшемдері көзделген:
Тармақша 1
1) қауіптіліктің I сыныбындағы объектілер 1000 метрден (бұдан әрі – м) және одан жоғары;
Тармақша 2
2) қауіптіліктің IІ сыныбындағы объектілер 500 м-ден 999 м-ге дейін;
Тармақша 3
3) қауіптіліктің III сыныбындағы объектілер 300 м-ден 499 м-ге дейін;
Тармақша 4
4) қауіптіліктің IV сыныбындағы объектілер 100 м-ден 299 м-ге дейін;
Тармақша 5
5) қауіптіліктің V сыныбындағы объектілер 50 м-ден 99 м-ге дейін.
Тармақ 7
7. Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген, объектілерге арналған СҚА ең аз өлшемі әрбір нақты жағдайда (оның ішінде жер учаскесін таңдау кезінде) атмосфералық ауаның күтілетін ластануының (атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың фондық концетрациясын (бұдан әрі – фондық концентрация) есепке ала отырып), физикалық әсер ету деңгейлерінің есептерімен және (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалаумен, сондай-ақ адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер етудің теріс және оң әсерінің аналогтарын зерделеумен белгіленеді. Фондық концентрацияға нақты аумақтың атмосфералық ауасының жай-күйін бақылау деректері бойынша есептелетін және атмосфералық ауаның трансшекаралық ластануын қоса алғанда, осы аумақтағы шығарындылардың барлық көздерінің әсеріне негізделген атмосфералық ауа көлемінің бірлігіндегі ластаушы заттың концентрациясы жатады.
Тармақ 8
8. СҚА ең аз өлшемі атмосфералық ауаның күтілетін ластануының (фондық концентрацияны ескере отырып) және атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерінің есептерімен СҚА жобасымен негізделеді және заттай зерттеулер және өлшеулер нәтижелерімен расталады. СҚА жобалары осы Санитариялық қағидалардың 6-тармағында көрсетілген диапазондардағы СҚА өлшемін негіздеу үшін адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері (көздері) болып табылатын объектілер үшін әзірленеді. 9. Жаңа, жобаланатын және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ның өлшемдері, СҚА-ны белгілеу жөніндегі жобалау құжаттамасын әзірлей отырып, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Жұмыс істеп тұрған объектілер тарихи қалыптасқан құрылыс болғанғандықтан, олардың СҚА-ның өлшемдерін осы Санитариялық қағидалардың 26-тармағына сәйкес азайтуға жол беріледі. Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген объектілер үшін СҚА өлшемдері атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ) деңгейлерін және атмосфералық ауаның ластанып таралуының есептеулері және (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауы бар жоба негізінде есептеу әдісімен белгіленеді. Халық денсаулығына зиянды әсері болмауы құжатпен расталған кезде атмосфераның ластануының жаңа немесе бұрыннан бар көздерінің параметрлерінің өзгеруін есепке ала отырып, СҚА-ның шекарасында гигиеналық нормалар сақталған жағдайда, жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік алаңдарда орналасқан жаңа өндірістер үшін (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде) СҚА-ны есептеу әдісімен белгілеуге жол беріледі. Жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ала отырып, жобалау құжаттамасының, жыл ішінде объектінің СҚА шекарасында және одан тыс жерлерде есептік параметрлерді (өндірістік қызметтің ерекшелігіне байланысты басымдық көрсеткіштер бойынша тоқсан сайын орташа тәуліктік және ең жоғары-бір реттік концентрациялар және физикалық әсер ету (шығу көзі болған кезде, шу, діріл, ЭМӨ) деңгейлері бойынша сәйкестікке) растау үшін заттай зерттеулердің жылдық циклінің негізінде айқындалады. Объект пайдалануға енгізген күннен бастап, тиісті объектінің шаруашылық жүргізуші субъектісі атмосфералық ауаны, атмосфералық ауаға физикалық және (немесе) биологиялық әсер ету деңгейлерін зерттеулерді (өлшеулерді) жылдық циклде жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 9-1
9-1. Кұрылыс жобасының ведомстводан тыс сараптама қорытындысы негізінде тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы заңнамасына сәйкес Кеңістіктік деректер ұлттық инфрақұрылымының мемлекеттік геопорталына (бұдан әрі - Геопортал) деректерді енгізу үшін СҚА-ның белгіленген өлшемдері туралы координаттарды (координат жүйесінде сегіз румба бойынша) жергілікті атқарушы органға жібереді. Жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ны белгілеу немесе оны өзгерту бойынша жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының негізінде жобаны әзірлеуші Геопорталға деректерді енгізу үшін СҚА-ның белгіленген өлшемдері туралы координаттарды (координат жүйесіндегі сегіз румба бойынша) жергілікті атқарушы органға жібереді. Жергілікті атқарушы органдар жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының жария кадастрлық картасында кейіннен жариялау және мемлекеттік жер кадастрына енгізу үшін координаттарды алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Геопорталда белгіленген және өзгертілген СҚА туралы кеңістіктік деректерді қалыптастыруды, жинауды, сақтауды және өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. СҚА жобасын және халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауды мамандандырылған ұйым әзірлейді және бекітеді және тапсырыс берушімен келісіледі. Әзірленген жобаның толықтығын, дұрыстығын және сапасын қоса алғанда, іс-шаралардың орындалуын тапсырыс беруші мен жобалау құжаттамасын әзірлеуші қамтамасыз етеді. Осы Санитариялық қағидалардың 9-тармағының төртінші бөлігінде көрсетілген жобалар үшін халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау бөлігінде СҚА жобасы денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйыммен келісіледі.
Тармақ 11
11. СҚА өлшемін айқындау өлшемшарттары бір мезгілде мынадай шарттарды сақтау болып табылады: оның сыртқы шекарасында және одан тыс жерлерде елді мекендердің атмосфералық ауасы үшін ластаушы заттардың концентрациясы барынша бір реттік және орташа тәуліктік көрсеткіштер бойынша РЕШК немесе болжамды қауіпсіз әсер ету деңгейінен (бұдан әрі – БҚӘЕД) және (немесе) физикалық әсер ету РЕШД асырмау, сондай-ақ (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау нәтижелері.
Тармақ 12
12. Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілерді өндірістік объектіден тұрғын үй құрылысына, ландшафтылы-рекреациялы аймаққа, демалыс алаңына (аймақтарына), курорттардың, санаторийлердің, демалыс үйлерінің, стационарлық емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарының, спорт ұйымдарының, балалар алаңдарының, білім беру және балалар ұйымдарының аумақтарына, бау-бақша серіктестіктері мен коттедж құрылысының, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерінің аумақтарына СҚА бөлінеді.
Тармақ 13
13. Автомобиль магистральдар, темір жол көлігі желілері, метрополитеннің жерүсті учаскелері үшін, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойында проекциядан жер бетіне СҚА режимі бар және химиялық, биологиялық және физикалық әсерлерден гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін төмендетуді қамтамасыз ететін, объектіден қашықтық (бұдан әрі – санитариялық ажырау) белгіленеді. Санитариялық ажыраудың шамасы әрбір нақты жағдайда атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының таралуын және физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ және басқа физикалық факторлар) деңгейлерін есептеу негізінде белгіленеді. Санитариялық ажырауды белгілеу кезінде, оның ішінде Санитариялық қағидалардың 2-8-қосымшаларында көрсетілген объектілер үшін ғарыш аппараттарын ұшыруды, әуе кемелерінің ұшу және қону аймағындағы ұшудың стандартты бағыттары бойындағы әуеайлақ маңы аумағындағы санитариялық ажырауды қоспағанда, санитариялық ажырауды негіздеу жобасын әзірлеу талап етілмейді (осы Санитариялық қағидаларға 9- тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес санитариялық ажырау белгіленеді).
Тармақ 14
14. Жеңіл автомобильдердің (паркингтердің) ашық тұрақтары, гараждардың, жеңіл автомобильдерді жуу, жеңіл автомобильдерді жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі объектілеріне; әуе электр тарату желілерінің объектілеріне (бұдан әрі – ӘЭТЖ); құрамында күкіртсутегі жоқ жерасты және жерүсті магистральдық газ құбырларына; сұйытылған көмірсутек газдарына арналған құбырларына; мұнай тасымалдайтын магистральдық құбырларына; компрессорлық және мұнай айдау станцияларына; мал сою пункттеріне және мал сою алаңдарына арналған ең аз санитариялық ажыраулар құрылады.
Тармақ 15
15. Жеңіл автомобильдерге арналған ашық тұрақтардан (паркингтерден), гараждардан, автомобильдерді жуудан, жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету объектілерінен құрылыс салу объектілеріне дейінгі ең аз санитариялық ажырау осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
Тармақ 16
16. Құрамында күкіртсутегі жоқ жерасты және жерүсті магистральдық газ құбырларына арналған ең аз санитариялық ажырау осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.
Тармақ 17
17. Сұйытылған көмірсутек газдарына арналған құбырлардан ең аз санитариялық ажыраулар осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.
Тармақ 18
18. Мұнай тасымалдайтын магистральдық құбырлардан ең аз санитариялық ажыраулар осы Санитариялық қағидаларға 5-қосымшада келтірілген.
Тармақ 19
19. Компрессорлық станциялардан ең аз санитариялық ажыраулар осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада келтірілген.
Тармақ 20
20. Мұнай айдау станцияларынан ең аз санитариялық ажыраулар осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада келтірілген.
Тармақ 21
21. Мал сою пункттерінен және мал сою алаңдарынан ең аз санитариялық ажыраулар осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшада келтірілген.
Тармақ 22
22. Тұрғын үй кешендеріне жапсарлас салынған әлеуметтік инфрақұрылым объектілері (5 дейін қоса алғандағы бекеті бар жеңіл автомобильдерді жуу орны, өнімділігі ауысымына 75 килограмнан аспайтын химиялық тазалау және кір жуу орындары, паркингтер) СҚА жобасын әзірлеуді және ұйымдастыруды талап етпейді.
Тармақ 23
23. Елді мекеннен авиациялық тәсілмен пестицидтермен өңделетін ауыл шаруашылығы алқабына дейінгі санитариялық ажыраулар өлшемі кемінде 2000 метрді құрайды.
Тармақ 24
24. Әуежайлар, аэродромдар, вертодромдар айналасында әрбір нақты жағдайда атмосфералық ауа ластануының таралуы мен атмосфералық ауаға физикалық әсер ету (шу, діріл, ЭМӨ және басқалар) деңгейлері есептерінің негізінде, сондай-ақ заттық зерттеулер мен өлшеулердің, (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау нәтижелерінің негізінде пайдаланудың ерекше режимі бар арнайы аумақ (өндірістік объектілерден СҚА және әуе кемелерінің ұшу және қону, ғарыш аппараттарын ұшыру аймағындағы ұшудың стандартты бағыттарының бойында проекциядан жер бетіне әуеайлақ маңы аумағындағы санитариялық ажырау) белгіленеді, оның өлшемі ластанудың атмосфералық ауаға әсерін (химиялық, биологиялық, физикалық) гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерге дейін азайтуды қамтамасыз етеді. Есептеулерді, заттық зерттеулерді және өлшеулерді, (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауды қоса алғанда, ұйымдастыру мен жүргізу іс-шаралардың орындалуын аэродромдар мен вертодромдардың меншік иелері қамтамасыз етеді.
Тармақ 24-1
24-1. Әуеайлақ маңы аумағындағы санитариялық ажырау шекараларында жобалау құжаттамасында халықты химиялық және/немесе физикалық әсерден қорғау жөніндегі негізделген іс-шаралар әзірленген және іске асырылған жағдайда қолданыстағы тұрғын және қоғамдық құрылыстарды қоспағанда әуе қозғалысын және әуе тасымалын ұйымдастыруға және қызмет көрсетуге, жолаушылар мен әуе кемелеріне қызмет көрсетуге арналмаған объектілерді, сондай-ақ әуежай инфрақұрылымына жатпайтын объектілерді орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 25
25. СҚА, санитариялық ажырау аумағындағы және олардың шекарасындағы, сондай-ақ селитебті (тұрғын үй) аймағындағы атмосфералық ауаны заттық зерттеуді және атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейлерін өлшеу аккредиттелген өндірістік зертханалармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымдармен және (немесе) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес аккредиттеуден өткен өзге де зертханалармен жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Жұмыс істеп тұрған объектілердің СҚА өлшемдерін өзгерту (ұлғайту, азайту) осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшада анықталған СҚА жобасының құрамына қойылатын талаптарға сәйкес әзірленген СҚА жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу жолымен және:
Тармақша 1
1) СҚА шекарасында және одан тысқары жерлерде өндірістік қызметтің ерекшеліктеріне байланысты басымдық көрсеткіштер бойынша орташа тәуліктік және ең жоғары-бір реттік концентрациялар бойынша көрсеткіштердің сәйкестігіне (әрбір ингредиентке жеке нүктеде кемінде елу күн зерттеу) жыл ішінде жүйелі зертханалық байқаулар материалдары бойынша РЕШК дейін атмосфералық ауаның атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық ластану деңгейіне қол жеткізудің объективті дәлелдері;
Тармақша 2
2) объектінің СҚА шекарасында және одан тысқары жерлерде жыл бойы тоқсан сайынғы негізде зертханалық байқау материалдары бойынша (шу, діріл, ЭМӨ) РЕШК дейін физикалық әсер ету деңгейлерін сақтаудың физикалық әсер ету деңгейіне қол жеткізудің объективті дәлелдері;
Тармақша 3
3) қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілер үшін халықтың өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелді бағалауды жүргізу;
Тармақша 4
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте фондық шоғырлануды есепке алу (осы жерде атмосфералық ауа мониторингінің автоматтандырылған станциялары болған кезде);
Тармақша 5
5) объектілердің құрамын өзгерту және қайта бейіндеу;
Тармақша 6
6) қолжетімді ең жақсы әдістерді қолдану, тіршілік ету ортасына әсер ету деңгейін төмендетуге бағытталған озық технологиялық шешімдерді, тиімді тазарту қондырғыларын және басқаларды енгізу негізінде жүзеге асырылады. СҚА-ның өзгеруіне жататын жұмыс істеп тұрған объект 1 жылдан астам жұмыс істейтін объект болып табылады.
Тармақ 27
27. Өндіріс көлемін уақытша қысқарту объектінің барынша жобалық немесе нақты қол жеткізілген қуатына арналған СҚА белгіленген өлшемін өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
Тармақ 28
28. СҚА шекарасында есептік жолмен алынған кез келген әсер ету факторы бойынша және (немесе) заттық зерттеулер, физикалық факторларды өлшеу нәтижелері нормативтік деңгейлердегі техникалық және технологиялық құралдармен қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде жұмыс істеп тұрған объектілердің СҚА өлшемі белгіленген бойынша салыстырғанда ұлғаяды. Жағдайды бағалау объектіні пайдаланудың соңғы үш жылындағы өлшенген параметрдің орташа жылдық мәндері бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Қауіптіліктің I және II сыныптарындағы жұмыс істеп тұрған объектілер үшін, осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаға енгізілмеген объектілер үшін, оның ішінде елде және шет елдерде аналогтары жоқ, жаңа, жеткілікті зерттелмеген технологиялары бар объектілер үшін СҚА Қазақстан Республикасының тиісті аумақтар мен көліктегі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдары (бұдан әрі – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдар) жүйелі белгілейді. Қауіптіліктің III, IV және V сыныптарындағы жұмыс істеп тұрған объектілер үшін СҚА-ны тиісті аумақтардағы және көліктегі (аудан мен қаланың) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдар белгілейді. Жобаланатын объектілер үшін СҚА-ны Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кешенді ведомстводан тыс сараптама құрамындағы аттестатталған сарапшылар белгілейді.
Тармақ 30
30. Қауіптіліктің I, II, III, IV және V сыныптарындағы қолданыстағы объектілері үшін СҚА мөлшерін өзгертуді тиісті аумақтар мен көліктегі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері немесе оның орынбасарлары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Халыққа физикалық әсер ету факторларының көздері болып табылатын объектілерге арналған СҚА өлшемдері, көздердің орналасқан орындарын және олардан туындайтын шуды, дірілді, ЭМӨ және басқа физикалық факторлар сипатын есепке ала, акустикалық есептеулер негізінде белгіленеді. СҚА өлшемдерін белгілеуге арналған есептеу параметрлері атмосфералық ауаға физикалық әсер ету факторларының заттай өлшеулермен расталады.
Тармақ 32
32. СҚА өлшемдері СҚА сыртқы шекарасындағы шудың, дірілдің, электромагниттік сәулеленудің, инфрадыбыстың, шашыранды лазерлік сәулеленудің және басқа да физикалық факторлардың РЕШД қолданыстағы гигиеналық нормативтеріне сәйкес айқындалады.
Тармақ 33
33. Халықты ӘЭТЖ туындайтын электр өрісінің әсерінен қорғау мақсатында жоғары вольтты желі трассасының бойында санитариялық ажырау белгіленеді, оның сыртындағы электр өрісінің кернеулігі 1 метрге 1 киловольттан (кВ/м) аспайды. Қайта жобаланатын ӘЭТЖ, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарға санитариялық ажырау шекараларын ӘЭҚЖ трассасының бойында сымдарды көлденең орналастыру арқылы және оның екі жағында электр өрісінің кернеулігін төмендету құралынсыз ӘЭТЖ-ға перпендикуляр бағыттағы жиектегі фазалық сымдардың жерге проекциясынан мынадай қашықтықтарда қабылданады:
Тармақша 1
1) кернеулігі 220 киловольт (бұдан әрі – кВ) қоса алғанда ӘЭТЖ үшін – 25 м;
Тармақша 2
2) кернеулігі 500 кВ қоса алғанда ӘЭТЖ үшін – 30 м;
Тармақша 3
3) кернеулігі 750 кВ қоса алғанда ӘЭТЖ үшін – 40 м;
Тармақша 4
4) кернеулігі 1150 кВ қоса алғанда ӘЭТЖ үшін – 55 м.
Тармақ 34
34. ӘЭТЖ санитариялық ажырау шекарасында тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 35
35. Таратушы радиотехникалық объектілер орналасқан жерлерде СҚА өлшемін белгілеу және өзгерту Ереженің 15-тармағының 113) тармағына сәйкес бекітілетін радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 1. 1-параграф. Санитариялық-қорғаныш аймақтарын жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1-параграф. Санитариялық-қорғаныш аймақтарын жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 36
36. СҚА жобалауды, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын (қала құрылысы құжаттамасын, жұмыс істеп тұрған объектіні және (немесе) аумақтық өнеркәсіптік кешенге (өнеркәсіптік торапқа) біріктірілген объектілер тобын салу, реконструкциялау немесе техникалық қайта жарақтандыру жобаларын) әзірлеудің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. СҚА жобалауды осы Санитариялық қағидаларда жазылған талаптарға сәйкес тиісті объектілердің шаруашылық жүргізуші субъектісімен жүзеге асырылады. Штаттық режимде жұмыс істеу үшін объектінің толық жобалық қуатына, авариялық жағдайларды ескере отырып, шығарындылардың таралуының неғұрлым қолайсыз жағдайларын, адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер етудің теріс және оң әсерінің аналогтарын зерделеуде анықталатын СҚА өлшемін растау, СҚА өлшемін негіздеу болып табылады.
Тармақ 37
37. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2025 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 38
38. СҚА жобасына осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшадағы СҚА жобасының құрамына қойылатын талаптарға сәйкес материалдар енгізіледі.
Тармақ 39
39. СҚА шекаралары химиялық, биологиялық және (немесе) физикалық әсер етудің шеткі көздерінен бастап белгіленеді. Жер учаскесін таңдау кезінде әсер ету көздерінің нақты орналасқан жері туралы ақпарат болмаған кезде СҚА шекарасы жер учаскесінің шекарасынан оның сыртқы шекарасына дейін берілген бағытта белгіленеді. Объектінің зиянды химиялық, биологиялық және физикалық әсері гигиеналық нормативтерде белгіленген мәндерден аспайтын СҚА аумағын шектейтін сызығы СҚА шекарасы болып табылады.
Тармақ 40
40. СҚА белгілеу үшін атмосфералық ауаның химиялық ластануы жетекші фактор болып табылатын объектерге арналған шығарындылары сипаттамаларына байланысты СҚА өлшемі ластаушы заттар шығарындылары көзінен және (немесе) объект (өнеркәсіптік алаңы) аумағының шекарасынан белгіленеді. Объект (өнеркәсіптік алаңы) аумағының шекарасынан:
Тармақша 1
1) ашық алаңдарда технологиялық жабдық болған кезде ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған көздерден;
Тармақша 2
2) объектінің (өнеркәсіптік алаң) аумағы бойынша әр-жерде бөліп жайғастырылған көздерімен өндіріс ұйымдастырылған жағдайда;
Тармақша 3
3) жерүсті және төмен көздер, орташа биіктіктегі салқын шығарындылар бар болған кезде СҚА белгіленеді. Шығарындылар көздерінен: жоғарғы, орташа көздерден жылытылған шығарындылары бар болған кезде СҚА белгіленеді.
Тармақ 41
41. Өмір сүру ортасын ластаушы көздері болып табылатын жұмыс істеп тұрған объектілерге арналған зиянды заттардың жиынтық әсер ету әсерін есепке ала отырып, өмір сүру ортасына әсер етудің барлық түрлерін химиялық және биологиялық әсер ету кезінде РЕШК дейін, физикалық факторлардың әсер етуі кезінде РЕШД дейін төмендеткен жағдайда өндірістерді реконструкциялау немесе қайта бейіндеу жүргізуге жол беріледі.
Тармақ 42
42. Атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық және физикалық әсерлерді өлшеулер мен заттық зерттеулер, (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау негізінде СҚА өлшемі сәйкес келмеген жағдайда, СҚА өлшемі бойынша шешім халықтың денсаулығы мен өмірі үшін барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нұсқа бойынша қабылданады.
Тармақ 43
43. Аумақтық өнеркәсіптік кешенге (өнеркәсіптік торапқа) біріктірілген бір субъект объектілерінің топтары үшін атмосфералық ауаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындыларын және физикалық әсерін есепке ала отырып, аумақтық өнеркәсіптік кешенге (өнеркәсіптік торапқа) кіретін объектілердің СҚА бірыңғай өлшемі белгіленеді. Халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау, құрамына қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілер кіретін объектілер топтарына жүргізіледі. Аумақтық өнеркәсіптік кешен (өнеркәсіптік торап) құрамына кіретін объектілер СҚА өлшемін әрбір объектіге жеке белгілеуге жол беріледі, ал объектінің (субъектінің) барлық аумағындағы (өнеркәсіптік алаңдағы) СҚА өлшемі, СҚА барынша үлкен өлшемі бойынша қабылданады.
Тармақ 44
44. Объектілерді реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілерге арналған) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау, атмосфералық ауаның күтілетін ластануын және атмосфералық ауаға физикалық әсер етуін есептеумен СҚА жобалары бар болғанда жүргізіледі. Объектіні реконструкциялау және пайдалануға беру аяқталғаннан кейін есептік параметрлер заттық зерттеулер және атмосфералық ауаға әсер етудің физикалық факторларын өлшеу нәтижелерімен расталады.
Тармақ 45
45. Қазіргі заманғы өнеркәсіптік жобалаудың міндетті шарты шығарындылардың зиянды химиялық немесе биологиялық компоненттерінің атмосфералық ауаға, топыраққа және су қоймаларына түсуін болдырмауға немесе барынша азайтуға, физикалық факторлар әсер етуін болдырмауға немесе оларды гигиеналық нормативтерге дейін және одан да төмен азайтуға мүмкіндік беретін озық ресурстарды үнемдейтін, қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық шешімдерді енгізу болып табылады.
Тармақ 46
46. Құрылыс және реконструкциялау жобаларында әзірленетін жаңадан қолданылатын технологиялық және техникалық шешімдер тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың нәтижелерімен, жаңа технологиялар негізінде өндірістерді жобалау кезінде тәжірибелік-эксперименттік өндірістердің деректерімен, осындай өндірісті құру жөніндегі шетелдік тәжірибенің материалдарымен негізделеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Санитариялық-қорғаныш аймағын аумағының режиміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
2-параграф. Санитариялық-қорғаныш аймағын аумағының режиміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Тармақ 47
47. Объектінің СҚА шекараларында (оның ішінде СҚА белгіленетін объектінің аумағында) объект қызметкерлеріне қызмет көрсетуге және оның қызметін қамтамасыз етуге арналған ғимараттары мен құрылыстары:
Тармақша 1
1) кезекші авариялық персоналға арналған тұрғын емес үй-жайлары, вахталық әдіс бойынша жұмыскерлердің болуына арналған үй-жайлары;
Тармақша 2
2) өрт сөндіру депосын, монша, кір жуатын орындарды, сауда және қоғамдық тамақтану объектілерін, гараждарды, қоғамдық және жеке көлікті сақтауға арналған алаңдар мен құрылыстарды, автомобильге май құю станцияларын, қоғамдық және әкімшілік ғимараттарды, конструкторлық бюроларды, оқу орындарын, емханаларды, ғылыми-зерттеу зертханаларын, жабық үлгідегі спорт-сауықтыру құрылыстары;
Тармақша 3
3) жергілікті және транзитті коммуникацияларды, электр тарату желілерін, электр қосалқы станцияларын, мұнай және газ құбырларын, техникалық сумен жабдықтауға арналған артезиан ұңғымаларын, техникалық су дайындауға арналған суды салқындататын құрылыстарды, суды бұру сорғы станцияларын, айналымды сумен жабдықтау құрылыстары;
Тармақша 4
4) негізделген кезде тамақ өнімдері ретінде өндіруге пайдаланылмайтын техникалық дақылдарды өсіруге арналған ауыл шаруашылық алқаптары орналастырылады.
Тармақ 48
48. Объектілердің СҚА шекараларында (оның ішінде СҚА белгіленетін объектінің аумағында) осы Санитариялық қағидалардың 47-тармағында көрсетілген объектінің қызметкерлеріне қызмет көрсетуге және оның қызметін қамтамасыз етуге арналған ғимараттары мен құрылыстары орналастырылады, мыналарды қоспағанда:
Тармақша 1
1) жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарын қоса алғанда тұрғын үйлерді;
Тармақша 2
2) ландшафтық-рекреациялық аймақтарды, демалыс алаңдарын (аймақтарын), курорт, санаторий және демалыс үйлерінің аумақтарын;
Тармақша 3
3) құрылатын және ұйымдастырылатын бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын және коттедж құрылысын, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін;
Тармақша 4
4) спорт құрылыстарын, балалар алаңдарын, білім беру және балалар ұйымдарын, жаппай қолданылатын емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдарын;
Тармақша 5
5) тамақ өнімдері ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру жөніндегі объектілерін.
Тармақ 49
49. СҚА шекараларында және өнеркәсіптің басқа да салаларының объектілері аумағында өнімге, тіршілік ету ортасына және адам денсаулығына өзара теріс әсер болмаған жағдайда дәрілік заттарды және (немесе) дәрілік нысандарды өндіретін объектілерді, тамақ өнеркәсібі салаларының объектілерін, фармацевтикалық объектілерге арналған шикізат және жартылай өнімдер қоймаларын, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің көтерме сауда қоймаларын, ауыз су дайындауға және сақтауға арналған су құбыры құрылыстарының кешендерін орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 50
50. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2025 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 51
51. Тамақ өнеркәсібі салалары объектілерінің, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімі көтерме қоймаларының, дәрілік заттарды, дәрілік құралдар мен (немесе) дәрілік нысандар өндірісінің, фармацевтикалық кәсіпорындар үшін шикізат пен жартылай өнімдер қоймаларының СҚА шекараларында өнімге, адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына, өнімге өзара жағымсыз әсер ету болмаған жағдайда, жаңа бейінді, бір типті объектілерді орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 52
52. Объектінің СҚА шекараларында орналасқан немесе СҚА-ға іргелес жатқан автомобиль магистралі оның өлшеміне қосылмайды, ал автомобиль магистралінің шығарындылары СҚА өлшемін негіздеу кезінде фондық ластануда ескеріледі.
Тармақ 53
53. СҚА немесе оның қандай да бір бөлігі тұрғын үй аймағын кеңейту, ұжымдық немесе жеке саяжай және бау-бақша учаскелерін орналастыру үшін объектінің резервтік аумағы ретінде пайдаланылмайды. СҚА бір бөлігі бар СҚА-ның сыртқы шекарасында РЕШК және (немесе) РЕШД сақталуы негіздемесінің жобасы болған жағдайда, өндірістік аймақты кеңейту үшін объектінің резервтік аумағы ретінде қаралуы мүмкін.
Басқа 1. Объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарының ең аз өлшемдері
«Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 1-қосымша Объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарының ең аз өлшемдері
Бөлім 1. 1-бөлім. Химиялық объектілер және өндірістер
1-бөлім. Химиялық объектілер және өндірістер
Тармақ 1
1. І сынып – СҚА 1000 метр (бұдан әрі – м):
Тармақша 1
1) байланысқан азот (аммиак, азот қышқылы, азот-тук және басқа да тыңайтқыштар) өндірісі. Аммиак, құрамында азот бар қосындыларды (несепнәр, тионесепнәр, гидразин мен оның туындылары және басқалары), азот-тук, фосфат, концентратты минералды тыңайтқыштарды, азот қышқылын және басқаларды шығаратын комбинаттар кеңейтілген СҚА талап етеді;
Тармақша 2
2) бензол және эфир қатарындағы анилинді-бояу өнеркәсібі өнімдері мен жартылай өнімдерінің – анилин, нитроанилин, алкилбензол, нитрохлорбензол, фенол, ацетон, хлорбензол және басқаларының өндірісі;
Тармақша 3
3) нафтален және антрацен қатарындағы жартылай өнімдердің - бетанафтол, аш-қышқылы, фенилпери қышқылдар, периқышқыл, антрахинон, фталийлік ангидрид және басқаларының өндірісі;
Тармақша 4
4) күкіртті немесе құрамында күкірті бар материалдарды жағу негізінде қышқылды сульфитті және бисульфитті немесе моносульфитті әдіспен целлюлозаның және жартылай целлюлозаның өндірісі, сондай-ақ сульфатты әдіс (сульфат-целлюлоза) бойынша целлюлоза өндірісі;
Тармақша 5
5) электролиттік жолмен хлордың, хлор негізінде жартылай өнімдер мен өнімдердің өндірісі;
Тармақша 6
6) хлорлау әдісімен (оның ішінде титан-магний, магний) сирек металдар өндірісі;
Тармақша 7
7) жасанды және синтетикалық талшықтар (вискоза, капрон, лавсан, нитрон және целлофан) өндірісі;
Тармақша 8
8) диметилтерефталат өндірісі;
Тармақша 9
9) капролактам өндірісі;
Тармақша 10
10) күкіртті көміртек өндірісі;
Тармақша 11
11) синтетикалық полимерлік материалдарға арналған өнімдер мен жартылай өнімдер өндірісі;
Тармақша 12
12) күшәла мен оның қосындыларының өндірісі;
Тармақша 13
13) мұнайды, ілеспе мұнай мен табиғи газды қайта өңдеу өндірісі. Құрамында күкірт қосындылары 1%-дан (салмақты) артық көмірсутекті шикізатты өңдеген кезде СҚА негізді түрде ұлғайтады;
Тармақша 14
14) пикрин қышқылының өндірісі;
Тармақша 15
15) фтор, фторлы сутек және олардың негізінде жасалатын жартылай өнімдер мен өнімдер (органикалық, органикалық емес) өндірісі;
Тармақша 16
16) жанғыш тақтатасты өңдеу өндірісі;
Тармақша 17
17) қара күйе өндірісі;
Тармақша 18
18) фосфор (сары, қызыл) және фосфорорганикалық қосындылар (оның ішінде тиофос, карбофос, меркаптофос) өндірісі;
Тармақша 19
19) суперфосфат тыңайтқыштарының өндірісі;
Тармақша 20
20) кальций карбиді, кальций карбидінен ацетилен және ацетилен негізінде жасалатын туындылар өндірісі;
Тармақша 21
21) жасанды және синтетикалық каучук өндірісі;
Тармақша 22
22) көгертетін қышқыл, оның негізінде жасалатын органикалық жартылай өнімдер мен өнімдер (оның ішінде ацетонциангидрин, этиленциан-гидрин, метакрил және акрил қышқылдарының эфирлері, диизоцианаттар) өндірісі; цианистік тұздар (оның ішінде калий, натрий, мыс), цианплав, дицианамид, кальций дицианамиді өндірісі;
Тармақша 23
23) көмірсутекті газдардан және оның негізінде өнімдерден алынатын ацетилен өндірісі;
Тармақша 24
24) синтетикалық химия-фармацевтикалық және дәрілік препараттар өндірісі;
Тармақша 25
25) оттегімен тікелей тотықтырумен жасалатын синтетикалық май қышқылдарының, жоғары май спирттерінің өндірісі;
Тармақша 26
26) меркаптандар өндірісі, орталықтандырылған газды меркаптандармен одоризациялау қондырғылары, одорант қоймалары;
Тармақша 27
27) хром, хромды ангидрид және оның негізінде жасалатын тұздар өндірісі;
Тармақша 28
28) күрделі эфирлер өндірісі;
Тармақша 29
29) фенолформальдегид, полиэфирлі, эпоксидті және басқа да жасанды шайырлар өндірісі;
Тармақша 30
30) метионин өндірісі;
Тармақша 31
31) металдар карбонилдерінің өндірісі;
Тармақша 32
32) таскөмірлі қара майды, мұнайды, қылқан жапырақты ағашты (гудронды, жартылай гудронды және басқаларын) айдау қалдықтарынан жасалатын битум және басқа да өнімдер өндірісі;
Тармақша 33
33) бериллий өндірісі;
Тармақша 34
34) синтетикалық спирттер (бутил, пропил, изопропил, амил) өндірісі;
Тармақша 35
35) вольфрам, молибден, кобальт гидрометаллургиясы өндірісі;
Тармақша 36
36) жемдік амин қышқылдарының (жемдік лизин, премикстер) өндірісі;
Тармақша 37
37) пестицидтер өндірісі;
Тармақша 38
38) оқ-дәрі, жарылғыш заттар өндірісі, қоймалар мен полигондар;
Тармақша 39
39) алифатиялық аминдер (оның ішінде моно-ди-үш-метиламиндер, диэтил-триэтиламиндер) және оның негізінде жасалатын өнімдер (оның ішінде симазин) өндірісі.
Тармақша 40
40) үйінділер, қалдық сақтайтын қоймалар мен химиялық өндірістердің шлам жинағыштары.
Тармақ 2
2. ІІ сынып – СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) бром, оның негізінде жасалатын өнімдер мен жартылай өнімдер (органикалық және органикалық емес) өндірісі;
Тармақша 2
2) газдар (жарықтық, сулы, генераторлық, мұнайлы газдар) өндірісі;
Тармақша 3
3) көмірді жер астында газдандыру станциялары;
Тармақша 4
4) органикалық еріткіштер мен майлар (оның ішінде бензол, толуол, ксилол, нафтол, крезол, антрацен, фенантрен, акридин, карбозол) өндірісі;
Тармақша 5
5) таскөмір мен оның негізінде жасалатын өнімдерді (оның ішінде таскөмірлі ыстық от, шайырлар) өңдеу объектілері;
Тармақша 6
6) шымтезекті химиялық өңдеу объектілері;
Тармақша 7
7) күкірт қышқылы, олеум, күкіртті газ өндірісі;
Тармақша 8
8) тұз қышқылының өндірісі;
Тармақша 9
9) күкіртті қышқыл әдісімен немесе тікелей гидратация әдісімен синтетикалық этил спиртінің өндірісі.
Тармақша 10
10) фосген және оның негізінде жасалатын өнімдер (оның ішінде парофор) өндірісі;
Тармақша 11
11) қышқылдар: аминоэнантты, аминоундеканды, аминопеларгонды, тиодивалерианды, изофталды қышқылдар өндірісі;
Тармақша 12
12) натрий нитриті, тионилхлорид, көміраммоний тұздары, көмірқышқылды аммоний өндірісі;
Тармақша 13
13) диметилформамид өндірісі;
Тармақша 14
14) этил сұйықтығы өндірісі;
Тармақша 15
15) катализаторлар өндірісі;
Тармақша 16
16) күкіртті органикалық бояғыштар өндірісі;
Тармақша 17
17) калий тұздарының өндірісі;
Тармақша 18
18) ұшпа органикалық қосындылар қолданылатын жасанды тері өндірісі;
Тармақша 19
19) азотолдар және азоаминдер барлық сыныптарының текшелік бояғыштарының өндірісі;
Тармақша 20
20) этилен тотығы, пропилен тотығы, полипропилен өндірісі;
Тармақша 21
21) 3,3-ди(хлорметил) оксоциклобутан, поликарбонат, пропиленді этилен сополимерлері, мұнайдың ілеспе газдары базасында жоғары полиолефиндер полимерлерінің өндірісі;
Тармақша 22
22) пластификаторлар өндірісі;
Тармақша 23
23) хлорвинил негізінде пластмассалар өндірісі;
Тармақша 24
24) цистерналарды (мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдаған кезде) тазарту, жуу және булау пункттері;
Тармақша 25
25) синтетикалық жуғыш заттар өндірісі;
Тармақша 26
26) бастапқы өнімдер өндірісі болған жағдайда тұрмыстық химия өнімдерінің өндірісі;
Тармақша 27
27) бор мен оның қосындыларының өндірісі;
Тармақша 28
28) парафин өндірісі;
Тармақша 29
29) қарамай, ағаштан алынатын сұйық және ұшпа погондар, метил спирті, сіркесу қышқылы, скипидар, терпетин майы, ацетон, креозот өндірісі;
Тармақша 30
30) сіркесу қышқылының өндірісі;
Тармақша 31
31) сіркесу қышқылы мен сіркесу ангидридінің шикізат өндірістерімен қоса ацетилцеллюлоза өндірісі;
Тармақша 32
32) өсімдік шикізатын пентозан қосындыларымен өңдеу негізінде жасалатын гидролиз өндірісі;
Тармақша 33
33) изоактил спиртінің, майлы альдегид, май қышқылының, винилтолуол, пенопласт, поливинилтолуол, полиформальдегид, органикалық қышқылдар регенерациясының (оның ішінде сіркесу, майлы), метиопирролидон, поливинилпирролидон, пен-таэритрит, уротропин, формальдегид өндірісі;
Тармақша 34
34) капрон және лавсан мата өндірісі.
Тармақ 3
3. ІІІ сынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) ниобий өндірісі;
Тармақша 2
2) тантал өндірісі;
Тармақша 3
3) аммиакты әдіспен кальцийленген сода өндірісі;
Тармақша 4
4) аммиакты, калийлі, натрийлі, кальцийлі селитра өндірісі;
Тармақша 5
5) химиялық реактивтер өндірісі;
Тармақша 6
6) целлюлоза эфирлерінен алынатын пластикалық массалар өндірісі;
Тармақша 7
7) корунд өндірісі;
Тармақша 8
8) барий мен оның қосындыларының өндірісі;
Тармақша 9
9) ультрамарин өндірісі;
Тармақша 10
10) ағаштан жемдік ашытқылар мен фурфурол және гидролиз әдісімен ауыл шаруашылығы қалдықтарының өндірісі;
Тармақша 11
11) никотин өндірісі;
Тармақша 12
12) изомеризациялық әдіспен синтетикалық камфара өндірісі;
Тармақша 13
13) меламин және цианур қышқылының өндірісі;
Тармақша 14
14) поликарбонаттар өндірісі;
Тармақша 15
15) күшәла, фосфор, хром, қорғасын және сынап тұздарынан басқа, минералды тұздар өндірісі;
Тармақша 16
16) пластмассалар (карболит) өндірісі;
Тармақша 17
17) фенолформальдегид прессматериалдарын, фенолформальдегидті шайырлар негізінде жасалатын қағаздан, матадан престелген және оралған бұйымдар өндірісі;
Тармақша 18
18) жасанды минералды бояулар өндірісі;
Тармақша 19
19) резеңке мен каучукты регенерациялау объектілері;
Тармақша 20
20) шиналар, резеңкелі-техникалық бұйымдар, эбонит, желімделген аяқ киім, сондай-ақ аяқ киімге арналған резеңке қоспалар өндірісі;
Тармақша 21
21) шиналарды техникалық өңдеу;
Тармақша 22
22) сурьма, висмут литий және басқаларының тұздарын алу үшін сирек кездесетін металдарды химиялық өңдеу;
Тармақша 23
23) электр өнеркәсібіне арналған көмір бұйымдарының (оның ішінде щеткалар, электр көмірлері) өндірісі;
Тармақша 24
24) резеңкені вулканизациялау өндірісі;
Тармақша 25
25) аммиакты су өндірісі және оның базистік қоймалары;
Тармақша 26
26) парофазалық әдіспен (металды сынапты қолданбай) ацетальдегид өндірісі;
Тармақша 27
27) полистирол және стирол сополимерлерінің өндірісі;
Тармақша 28
28) кремний органикалық лактар, сұйықтықтар мен шайырлар өндірісі;
Тармақша 29
29) меркаптаннан жасалған одоризациялық қондырғылары бар магистралды газ құбырларының газ тарататын станциялары;
Тармақша 30
30) себацин қышқылының өндірісі;
Тармақша 31
31) винилацетат пен оның негізінде жасалатын өнімдер (поливинилацетат, поливинилацетатты эмульсия, поливинил спирті, винифлекс және басқалары) өндірісі;
Тармақша 32
32) лактар өндірісі (майлы, спиртті, типографиялық, оқшаулаушы, резеңке өнеркәсібіне арналған және басқалары);
Тармақша 33
33) ванилин мен сахарин өндірісі;
Тармақша 34
34) бөлудің сығылған және сұйытылған өнімдерінің өндірісі;
Тармақша 35
35) техникалық саломас (сутегін электролиттік емес әдіспен алу арқылы) өндірісі;
Тармақша 36
36) парфюмерия өндірісі;
Тармақша 37
37) ұшпа органикалық еріткіштер қолданылмайтын поливинилхлоридті және басқа да шайырлар негізінде жасалатын жасанды тері өндірісі;
Тармақша 38
38) эпихлоргидрин өндірісі;
Тармақша 39
39) сығылған азот, оттегі өндірісі;
Тармақша 40
40) жемдік ашытқылар өндірісі;
Тармақша 41
41) булану құрылғыларымен және қайта өңделетін шикізат бойынша өнімділігі сағатына 0,5 тоннадан аспайтын мұнай өнімдерін өңдеу өндірісі. Тауарлық мұнайды бензинге, дизель отыны мен мазутқа тікелей айдау үшін индукциялық қыздыру жүйесін пайдаланатын, қуаттылығы жылына 100 000 тоннаға дейінгі аз күкіртті және күкіртті мұнай өңдеу құрылғылары үшін атмосфералық ауада зиянды заттардың концетрациясын есептеу керек. Осы қондырғыларды тұрғын үй құрылыстарының арасына орналастыруға және оларда жоғары күкіртті мұнай өңдеуге жол берілмейді.
Тармақша 42
42) заттай есептеуде өнімділігі жылына 400 000 тоннаға дейін синтетикалық шайырлар және тотықты катализаторда жылына 200 000 тоннаға дейін формалин өндіру.
Тармақ 4
4. ІV сынып – СҚА 100 м:
Тармақша 1
1) тук қоспаларының өндірісі;
Тармақша 2
2) фтор пластарын өңдеу өндірісі;
Тармақша 3
3) дайын целлюлоза мен ескі-құсқыдан жасалатын қағаз өндірісі;
Тармақша 4
4) глицерин өндірісі;
Тармақша 5
5) галалит және басқа да ақуыздық пластиктер (оның ішінде аминопластар) өндірісі;
Тармақша 6
6) конденсациялық шайырлармен жасалатын эмальдар өндірісі;
Тармақша 7
7) сабын өндірісі;
Тармақша 8
8) тұз қайнату және тұз тарту өндірістері;
Тармақша 9
9) фармацевтикалық калий тұздарының (хлор, күкірт қышқылды, поташа) өндірісі;
Тармақша 10
10) минералды табиғи (бор, охра және басқалары) бояулар өндірісі;
Тармақша 11
11) дубилді экстракт өндірісі;
Тармақша 12
12) полиграфиялық бояулар зауыты;
Тармақша 13
13) фотохимия (фотоқағаздар, фотопластинкалар, фото және кинопленкалар) өндірісі;
Тармақша 14
14) дайын бастапқы өнімдерден жасалатын тұрмыстық химия тауарларының өндірісі және оларды сақтау қоймалары;
Тармақша 15
15) олифа өндірісі;
Тармақша 16
16) әйнек талшық өндірісі;
Тармақша 17
17) медициналық әйнек (сынапты қолданбай) өндірісі;
Тармақша 18
18) пластмассалар өңдеу (құю, экструзия, престеу, вакуумдық қалыптау) өндірісі;
Тармақша 19
19) полиуретандар өндірісі.
Тармақ 5
5. V сынып – СҚА, кемінде 50 м:
Тармақша 1
1) дайын дәрі түрлерінің (құрамдас бөліктерін дайындамай) өндірісі;
Тармақша 2
2) макулатурадан жасалатын қағаз өндірісі;
Тармақша 3
3) пластмассадан және синтетикалық шайырдан (механикалық өңдеу) жасалатын бұйымдар өндірісі;
Тармақша 4
4) көмір қышқылының және «құрғақ мұз» өндірісі;
Тармақша 5
5) жасанды інжу өндірісі;
Тармақша 6
6) сіріңке өндірісі.
Бөлім 2. 2-бөлім. Металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері мен өндірістері
2-бөлім. Металлургиялық, машина жасау және металл өңдеу объектілері мен өндірістері
Тармақ 6
6. І сынып – СҚА 1000 м:
Тармақша 1
1) шойын мен болаттың толық металлургиялық циклі жылына 1 000 000 тоннадан астам қара металлургия өндірісі; Үлкен қуаттар қажетті нормативтен тыс ең аз СҚА-ны қосымша негіздеуді талап етеді.
Тармақша 2
2) жылына 3000 тоннадан астам мөлшерде түсті металдарды (мыс, қорғасын, мырыш) қайталама өңдеу өндірісі;
Тармақша 3
3) домна пештерінің жалпы көлемі 1500 м3 дейінгі тікелей кендер мен концентраттардан алынатын шойын балқыту өндірісі;
Тармақша 4
4) қалдықтарды қайта өңдейтін цехтары бар мартендік және конверторлық әдістермен (оның ішінде томасшлакты тарту) жасалатын шойын өндірісі;
Тармақша 5
5) тікелей кендер мен концентраттардан жасалатын түсті металдарды (қорғасын, қалайы, мыс, никель) балқыту өндірісі;
Тармақша 6
6) алюминийдің балқытылған тұздарының (глинозем) электролизі әдісімен алюминий өндірісі;
Тармақша 7
7) арнайы шойындарды балқыту өндірісі;
Тармақша 8
8) ферроқорытпалар өндірісі;
Тармақша 9
9) қара және түсті металдардың кендерін және пиритті шырақ тұқылдарын агломерациялау өндірісі;
Тармақша 10
10) глинозем (алюминий оксиді) өндірісі;
Тармақша 11
11) сынап және сынабы бар аспаптар және бұйымдар (сынапты түзеткіштер, термометрлер, шамдар) өндірісі және кәдеге жарату;
Тармақша 12
12) кокс-химия (кокс-газ) өндірісі.
Тармақ 7
7. ІІ сынап – СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) домна пештерінің жалпы көлемі 500 м3-тан 1500 м3-қа дейінгі шойын балқыту өндірісі;
Тармақша 2
2) шойын мен болаттың толық металлургиялық циклінің қуаты жылына 1 000 000-ға тонн қара металлургия өндірісі;
Тармақша 3
3) негізгі өнім жылына 1 000 000 тонн мөлшерінде шығарылған жағдайда, қалдықтарды қайта өңдеу (томасшлакты тарту және басқалары) цехтары бар мартенді, электрлік балқыту және конверторлық әдістермен жасалатын шойын өндірісі;
Тармақша 4
4) магний (хлоридтіден басқа барлық әдістермен) өндірісі;
Тармақша 5
5) жылына 100 000 тоннадан астам мөлшерде шойынды қалыпқа құю өндірісі;
Тармақша 6
6) коксты күйдіру өндірісі;
Тармақша 7
7) қорғасын аккумуляторларының өндірісі;
Тармақша 8
8) әуе кемелерінің өндірісі, техникалық қызмет көрсету;
Тармақша 9
9) автомобиль өндірісі;
Тармақша 10
10) шойын металл конструкцияларының өндірісі;
Тармақша 11
11) құятын және бояйтын цехтары бар вагондар өндірісі;
Тармақша 12
12) жылына 2000-нан 3000 тоннаға дейін мөлшерде түсті металдарды (оның ішінде мыс, қорғасын, мырыш) қайталама өңдеу өндірісі.
Тармақ 8
8. ІІІ сынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) томасшлакты тарту өндірісі;
Тармақша 2
2) жылына 100-ден 2000 тоннаға дейінгі мөлшерде түсті металдар өндірісі;
Тармақша 3
3) пирометаллургиялық және электролиттік әдістермен жасалатын сурьма өндірісі;
Тармақша 4
4) жылына 20 000-нан 100 000 тонн мөлшерінде шойынды қалыпқа құю өндірісі;
Тармақша 5
5) сулы ерітінділердің электролизі әдісімен мырыш, мыс, кобальт өндірісі;
Тармақша 6
6) металл электродтар (марганецті қолдану арқылы) өндірісі;
Тармақша 7
7) қуаттылығы жылына 10 000 тонн қысыммен түрлі-түсті фасондық құю өндірісі (алюминий қорытпаларынан 9 500 тонн қысыммен құю және 500 т мырыш қорытпаларынан құю);
Тармақша 8
8) люминофорлар өндірісі;
Тармақша 9
9) метиздік өндіріс;
Тармақша 10
10) санитариялық-техникалық бұйымдар өндірісі;
Тармақша 11
11) ет-сүт таситын машина жасау кәсіпорындары;
Тармақша 12
12) шахталық автоматика өндірісі;
Тармақша 13
13) шрифт құю (қорғасын шығарындылары болуы мүмкін) зауыттары;
Тармақша 14
14) жалаң кабель өндірісі;
Тармақша 15
15) сілтілі аккумуляторлар өндірісі;
Тармақша 16
16) кендерді химиялық өңдеу цехтары болмаған жағдайда, қатты қорытпалар мен тығыз балқитын металдар өндірісі;
Тармақша 17
17) кеме жөндеу өндірістері;
Тармақша 18
18) домна пештерінің жалпы көлемі 500 м3 аз болған жағдайда, шойын балқыту өндірісі;
Тармақша 19
19) алюминийді балқытуға арналған барабанды пештер мен алюминий жоңқалары мен алюминий шлактарын балқытуға арналған роторлы пештерді пайдалана отырып, алюминийді жылына 30 000 тоннаға дейін қайта өңдеу өндірісі.
Тармақ 9
9. ІV сынып – СҚА 100 м:
Тармақша 1
1) ыстық өңдеусіз металл байыту өндірісі;
Тармақша 2
2) қорғасынды немесе резеңкемен оралған кабель өндірісі;
Тармақша 3
3) жылына 10 000-нан 20 000 тоннаға дейін шойынды қалыпқа құю өндірісі;
Тармақша 4
4) жылына 1000 тоннаға дейінгі мөлшерде түрлі-түсті металдарды (оның ішінде мыс, қорғасын, мырыш) қайталама өңдеу өндірісі;
Тармақша 5
5) ауыр престер өндірісі;
Тармақша 6
6) шағын құю цехтар мен басқа да ыстық цехтар болған жағдайда, электр техникалық өнеркәсіп машиналары мен аспаптарының (оның ішінде динамо машиналар, конденсаторлар, трансформаторлар, прожекторлар) өндірісі;
Тармақша 7
7) құятын цехтары жоқ және сынап қолданылмай жасалған электр өнеркәсібіне арналған аспаптар (оның ішінде электр шамдары, шамшырақтар) өндірісі;
Тармақша 8
8) жол машиналарын, автомобильдерді, кузовтарды, темір жол көлігі мен метрополитеннің жылжымалы құрамын жөндеу объектілері;
Тармақша 9
9) координатты-бұрғылау станоктары өндірісі;
Тармақша 10
10) құятын цехтары жоқ шойын, болат (жылына 100 000 тоннаға дейінгі мөлшерде) және түрлі-түсті (жылына 100 тоннаға дейінгі мөлшерде) металдар өңдеу өнеркәсібінің өндірісі;
Тармақша 11
11) металл электродтар өндірісі;
Тармақша 12
12) шрифт құю (қорғасын бөлінбейтін) өндірісі;
Тармақша 13
13) полиграфиялық комбинаттар;
Тармақша 14
14) офсетті баспа фабрикасы;
Тармақша 15
15) қорғасын қолданатын типография;
Тармақша 16
16) құйылмай боялатын металл өңдейтін машина жасау өндірістері.
Тармақша 17
17) Локомотивтерді, электорвоздарды жинау өндірісі;
Тармақ 10
10. V сынып – СҚА 50 м:
Тармақша 1
1) қазандықтар өндірісі;
Тармақша 2
2) пневматикалық автоматика объектісі;
Тармақша 3
3) металл штамптар объектісі;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы бөлшектерінің объектісі;
Тармақша 5
5) механикалық шеберханалар;
Тармақша 6
6) қорғасын қолданбайтын типография (офсеттік, компьютерлік жинақ).
Бөлім 3. 3-бөлім. Кендерді, кен емес қазбаларды, табиғи газды өндіру
3-бөлім. Кендерді, кен емес қазбаларды, табиғи газды өндіру
Тармақ 11
11. І сынып – СҚА 1000 м:
Тармақша 1
1) кен емес құрылыс материалдарының карьерлері;
Тармақша 2
2) тау-кен байыту комбинаттары;
Тармақша 3
3) тәулігіне 0,5-тен 1 тоннаға дейінгі күкірт сутегі бөлінген жағдайда, сондай-ақ ұшпа көмірсутектері жоғары болатын мұнай өндіру өндірістері;
Тармақша 4
4) табиғи газ өндіру өндірістері;
Тармақша 5
5) полиметал (қорғасын, сынап, күшән, бериллий, марганец) кендерін өндіру өндірістері;
Тармақша 6
6) ашық өндірістегі VІІІ-XІ санаттағы тау жыныстарын өндіру өндірістері;
Тармақша 7
7) асбест өндіру өндірістері;
Тармақша 8
8) темір кендерін және ашық өндірістегі тау жыныстарын өндіру өндірістері;
Тармақша 9
9) гипс өндіру өндірістері;
Тармақша 10
10) ашық әдіспен металлоидтар өндіру өндірістері;
Тармақша 11
11) түсті металдар өндіру кезіндегі үйінділер, қалдық сақтайтын қоймалар мен шлам жинағыштар;
Тармақша 12
12) көмір разрездері, тас көмір, қоңыр және т.б.көмірлерді өндіру өндірістері; Ескертпе: Мұнай мен ілеспе газда күкірт сутегі мен меркаптандар 3,0% және одан көп болған жағдайда, көмірсутекті шикізат өндіретін кәсіпорындар үшін СҚА мөлшері кемінде 5000 м; ал 20,0% және одан көп болғанда – СҚЗ мөлшері кемінде 8000 м болуға тиіс.
Тармақ 12
12. ІІ сынып – СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) ылғалды байыту процесі бар кен байыту фабрикалары мен гидрошахталар;
Тармақша 2
2) темір мен көмір өндіру кезіндегі шлам жинағыштар мен үйінділер;
Тармақша 3
3) ұшпа көмірсутек мөлшері аз, күкірт сутегі тәулігіне 0,5 тоннаға дейін шығарылған жағдайда, мұнай өндіру өндірістері;
Тармақша 4
4) фосфориттер, апатиттер, колчедандар (химиялық өңдеусіз), темір кенін өндіру өндірістері;
Тармақша 5
5) қорғасын кенін, сынаптан, күшәннан және марганецтен басқа, шахталық әдіспен металдар мен металлоидтер кендерін өндіру өндірістері;
Тармақша 6
6) ашық өндірістегі доломиттер, магнезиттер, асфальттың гудрондары VІ-VІІ санаттағы тау жыныстарын өндіру өндірістері;
Тармақша 7
7) жанғыш тақтатас өндірістері;
Тармақша 8
8) шымтезек өндіру өндірістері;
Тармақша 9
9) ұсақ шымтезек пен көмірден жасалатын брикет өндірісі;
Тармақша 10
10) тастан ас тұзын өндіру өндірістері;
Тармақша 11
11) өздігінен жануды басу іс-шаралары жоқ шахталық террикондар.
Тармақша 12
12) жарылғыш заттарды пайдалана отырып, ашық өндіріспен мәрмәр, қиыршық тас, құм, саз шығару өндірістері (карьерлер);
Тармақ 13
13. ІІІ сынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) ашық өндіріспен калий карбонатын өндіру өндірістері (карьерлер).
Бөлім 4. 4-бөлім. Құрылыс өнеркәсібі
4-бөлім. Құрылыс өнеркәсібі
Тармақ 14
14. І сынып – СҚА 1000 м:
Тармақша 1
1) цемент (оның ішінде портланд-шлакопортланд-пуццолан-цемент), сондай-ақ жергілікті цементтер (оның ішінде глинитцемент, романцемент, гипсошлак, фосфорлы-шлак) өндірісі;
Тармақша 2
2) шахталық, айналма және басқа да пештерде күйдірілетін магнезит, доломит және шамот өндірісі;
Тармақша 3
3) асбест пен одан жасалатын бұйымдар өндірісі;
Тармақша 4
4) асфальтбетон өндірісі.
Тармақ 15
15. ІІ сынып – СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) әк (шахталық және айналма пештері бар әк зауыттары) өндірісі;
Тармақша 2
2) көркем шыны, балқыту және хрусталь өндірісі;
Тармақша 3
3) шыны мақта, базальтты мақта және шлак жүн өндірісі;
Тармақша 4
4) ұсақ тас, қиыршық тас және құм өндірісі, кварц құмын байыту;
Тармақша 5
5) толь және рубероид өндірісі;
Тармақша 6
6) ферриттер өндірісі;
Тармақша 7
7) құрылыс полимерлік материалдар өндірісі;
Тармақша 8
8) кірпіш (қызыл, силикат, керамикалық және отқа төзімді бұйымдар) өндірісі;
Тармақша 9
9) кран әдісімен төгілетін жүктерді (көмір, кен) аудару;
Тармақша 10
10) үй құрылысы комбинаты;
Тармақша 11
11) темір бетон бұйымдарының өндірісі;
Тармақ 16
16. ІІІ сынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) жасанды толтырғыштар (оның ішінде керамзит) өндірісі;
Тармақша 2
2) жасанды тастар өндірісі;
Тармақша 3
3) цементтер мен басқа да шаң бөлетін құрылыс материалдар қоймалары;
Тармақша 4
4) жылу электр орталықтарының қалдықтарынан жасалатын құрылыс материалдарының өндірісі;
Тармақша 5
5) бетон бұйымдар өндірісі;
Тармақша 6
6) фарфор және фаянс бұйымдарының өндірісі;
Тармақша 7
7) тас құю өндірістері;
Тармақша 8
8) табиғи тасты өңдеу өндірістері;
Тармақша 9
9) гипс бұйымдарының өндірісі, гипс (алебастр), бор өндірісі;
Тармақша 10
10) фибролит, камышит, соломит, дифферент және басқаларының өндірісі;
Тармақша 11
11) құрылыс бөлшектерінің өндірісі;
Тармақша 12
12) битум қондырғылары;
Тармақша 13
13) жару әдісінсіз тас шығару өндірістері.
Тармақ 17
17. ІV сынып – СҚА 100 м:
Тармақша 1
1) саз балшық бұйымдарының өндірісі;
Тармақша 2
2) шыны үрлеу, айна өндірісі, шыныны тегістеу және уландыру;
Тармақша 3
3) мәрмәрді механикалық өңдеу;
Тармақша 4
4) бетон өндірісінің қондырғысы;
Тармақша 5
5) карьерлер, қиыршық тас, құм, саз өндіру кәсіпорындары.
Бөлім 5. 5-бөлім. Ағаш өңдеу
5-бөлім. Ағаш өңдеу
Тармақ 18
18. І сынып – СҚА 1000 м:
Тармақша 1
1) орманды химиялық өндірістер (ағашты химиялық өңдеу өндірісі және ағаш көмірін алу).
Тармақ 19
19. ІІ сынып – СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) ағаш консервілеу (қоректендіру арқылы) өндірісі;
Тармақша 2
2) шпал өндірісі және оларды қоректендіру өндірісі;
Тармақша 3
3) ағаш жүнінен жасалатын бұйымдар: синтетикалық шайырларды байланыстырушы ретінде пайдаланумен ағаш-жоңқа плиталарды, ағаш-талшықты плиталар өндірісі;
Тармақша 4
4) ағаш көмір өндірісі (көмір тасу пештері).
Тармақ 20
20. ІІІ сынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) қылқан жапырақ-витамин ұны, қылқан жапырақ экстрактісінің хлорофилді-каротинді паста өндірісі;
Тармақша 2
2) ағаш жүнінің өндірісі;
Тармақша 3
3) ағаш кесетін, фанера және стандартты ағаш ғимараттар бөлшектерінің өндірісі;
Тармақша 4
4) ағаш кемелерді дайындауға (катерлер, қайықтар) арналған кеме жасау верфтері;
Тармақша 5
5) ағаш өңдеу өндірісі.
Тармақ 21
21. ІV сынып – СҚА 100 м:
Тармақша 1
1) арба өндірісі;
Тармақша 2
2) дайын клепкадан жасалатын кеспек-күбі бұйымдарының өндірісі;
Тармақша 3
3) жөке-тоқыма өндірісі;
Тармақша 4
4) тұзды және сулы ерітінділермен (күшәнның тұзын қолданбай), жақсылап сылаумен ағашты консервілеу өндірістері;
Тармақша 5
5) ағаш кемелерін даярлауға (катерлер, қайықтар) кеме жасау верфтері;
Тармақша 6
6) лактап, бояумен жиһазды құрастыру.
Тармақ 22
22. V сынып – СҚА 50 м:
Тармақша 1
1) лактанып, боялмай жасалатын дайын бұйымдардан жиһаз құрастыру;
Тармақша 2
2) балташы-ағаш ұста, жиһазды паркеттік, жәшік объектілері.
Бөлім 6. 6-бөлім. Тоқыма өнеркәсіптік объектілері және жеңіл өнеркәсіп өндірістері
6-бөлім. Тоқыма өнеркәсіптік объектілері және жеңіл өнеркәсіп өндірістері
Тармақ 23
23. І сынып – СҚА 1000 м:
Тармақша 1
1) тұқымды сынапты-органикалық препараттармен өңдеу цехтарының құрылғылары бар мақтаны бастапқы өңдеу объектілері;
Тармақша 2
2) ұшпа еріткіштер қолданылатын жасанды тері, пленка материалдар, клеенка, пластикалық тері өндірісі;
Тармақша 3
3) матаны күкірт көміртегімен өңдеу және химиялық ылғалдандыру объектілері.
Тармақ 24
24. ІІ сынып– СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) маталар мен қағазды майлы, майлы-асфальтты, бакелитті және басқа да лактармен үздіксіз ылғалдандыру объектілері;
Тармақша 2
2) маталарды (дерматинді, гранитолді), күкірт көміртегінен басқа, химиялық заттармен өңдеу және ылғалдандыру объектілері;
Тармақша 3
3) поливинилхлорид бір жақты бекемделген пленкалар, қосарланған полимерлерден жасалатын пленкалар, аяқ киімнің астына арналған резеңкелер, еріткіштер қолданылатын регенератор өндірісі;
Тармақша 4
4) жіп иіру-тоқу өндірісі.
Тармақ 25
25. ІІІ сынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) өсімдік талшығын (зығырды, сораны, мақтаны, кендірді) бастапқы өңдеу өндірістері;
Тармақша 2
2) ағартатын және бояйтын-аппретуралық өндірісі;
Тармақша 3
3) жүннен, мақтадан, зығырдан, сондай-ақ бояйтын және ағартатын цехтар болған жағдайда, синтетикалық және жасанды талшықтар қоспасымен жасалатын мата және жіп өндірісі;
Тармақша 4
4) органикалық еріткіштерді қолдана отырып, полимерлермен өңделетін галантереялық-былғары картон өндірісі;
Тармақша 5
5) мақта шикізатын қабылдау пунктері;
Тармақша 6
6) спорт бұйымдарының өндірісі;
Тармақша 7
7) шыт тоқитын өндіріс;
Тармақша 8
8) фурнитура өндірісі;
Тармақша 9
9) капрон және басқа да құйма аяқ киім өндірісі.
Тармақ 26
26. ІV сынып – СҚА 100 м:
Тармақша 1
1) катонин өндірістері;
Тармақша 2
2) жібек құртты пісіру және жібек орау объектілері;
Тармақша 3
3) меланж өндірісі;
Тармақша 4
4) кендір иіретін, арқан, шпагат, жіп және олардың ұштарын өңдеу өндірістері;
Тармақша 5
5) жасанды қаракөл өндірісі;
Тармақша 6
6) аяқ киім өндірісі;
Тармақша 7
7) бояйтын және ағартатын цехтары болмаған жағдайда, мақтадан, зығырдан, жүннен жасалатын жіп пен мата өндірісі;
Тармақша 8
8) трикотаж және шілтер өндірісі;
Тармақша 9
9) жібек тоқу өндірісі;
Тармақша 10
10) тігін өндірісі;
Тармақша 11
11) кілем өндірісі;
Тармақша 12
12) еріткіштерді қолданбай, былғары және былғары-целлюлоза талшықтан жасалатын аяқ киім картонының өндірісі;
Тармақша 13
13) шпульдық-катушка өндірісі;
Тармақша 14
14) тұсқағаз өндірісі;
Тармақша 15
15) шұлық өндірісі.
Тармақ 27
27. V сынып – СҚА 50 м:
Тармақша 1
1) суда еритін желім пайдаланылатын дайын материалдардан жасалатын аз сериялы аяқ киім шығару объектілері.
Бөлім 7. 7-бөлім. Мал өнімдерін өңдеу
7-бөлім. Мал өнімдерін өңдеу
Тармақ 28
28. І сынып – СҚА 1000 м:
Тармақша 1
1) тері қалдықтарынан, дала және қоқыс сүйектерінен және жануарлардың басқа да қалдықтары мен қоқтықтарынан желім даярлайтын желім қайнату өндірістері;
Тармақша 2
2) сүйектен, тері шелісінен, тері қалдықтарынан және қоймада сақтай отырып жануарлардың басқа да қалдықтары мен қоқтықтарынан жасалатын техникалық желатин өндірісі;
Тармақша 3
3) өлген жануарларды, балықты, оның бөліктерін және жануарлардың басқа да қалдықтары мен қоқтықтарын (майға айналдыру, жануарларға арналған жемдіктер, тыңайтқыштар және тағыда басқалар) өңдейтін кәдеге жарату объектілері;
Тармақша 4
4) сүйекті өртейтін және сүйекті ұсақтайтын өндірісі.
Тармақ 29
29. ІІ сынып – СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) майды (техникалық майды) еріту өндірістері;
Тармақша 2
2) кәдеге жарататын шикізатты жинайтын орталық қоймалар.
Тармақ 30
30. ІІІ сынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) жануарлардың шикі терілерін (қой-ішік, қой терісін илейтін, аң терісі) өңдеу және бояу өндірістері, күдері, сафиян, лайка өндірісі;
Тармақша 2
2) жануарлардың шикі терілерін өңдеу өндірістері: қалдықтарды қайта өңдейтін былғары-қайыс, былғары-илеу өндірістері;
Тармақша 3
3) жүн жуатын объектілер;
Тармақша 4
4) ылғал тұздалған және өңделмеген теріні уақытша сақтау қоймалары;
Тармақша 5
5) салқындатылған арнайы құрылған қоймаларда сақтау мерзімі ең аз жас, бұзылмаған сүйектен жасалатын жоғары сортты желатин өндірісі;
Тармақша 6
6) шаш, қыл, мамық, қауырсын, мүйіз және тұяқ өңдеу өндірістері;
Тармақша 7
7) жануарлардың өлексесінен жасалатын скелеттер және көрнекі құралдар өндірісі;
Тармақша 8
8) құрама жемазық зауыттары (ас қалдықтарынан жануарларға арналған жемдер өндірісі);
Тармақша 9
9) жүн мен киіз басу өндірісі;
Тармақша 10
10) лакталған терілер өндірісі;
Тармақша 11
11) ішек және кетгут өндірісі;
Тармақша 12
12) уақытша сақтауға арналған (өңдеусіз) ылғал тұздалған тері (200 данаға дейін) қоймалары.
Тармақ 31
31. ІV сынып – СҚА 100 м:
Тармақша 1
1) иленген теріден жасалатын бұйымдар өндірісі;
Тармақша 2
2) шаш пен қылдан жасалатын щеткалар өндірісі;
Тармақша 3
3) киіз басу шеберханалары.
Бөлім 8. 8-бөлім. Өнеркәсіп объектілері және тамақ өнімдерін қайта өңдеу (өңдеу) жөніндегі өндірістер
8-бөлім. Өнеркәсіп объектілері және тамақ өнімдерін қайта өңдеу (өңдеу) жөніндегі өндірістер
Тармақ 32
32. І сынып– СҚА 1000 м:
Тармақша 1
1) мал шикізатының үш тәулікке дейінгі қорының шегінде малды сойғанға дейін ұстауға арналған базаны қоса алғанда етті өңдеу кәсіпорны (ірі және ұсақ қара малдар), ет комбинаттары мен ет сою орындары;
Тармақша 2
2) теңіз жануарларынан алынатын майды еріту объектілері;
Тармақша 3
3) ішек жуатын объектілер;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2025 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2025 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 33
33. ІІ сынып – СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) қант қызылшасы өндірістері;
Тармақша 2
2) балық кәсіпшіліктері;
Тармақша 3
3) дәнді сыдыратын кәсіпорындар және құрама жемазық зауыттары, сағатына 2 тоннадан астам жарма тартатын, диірмендер, жармалағыштар;
Тармақша 4
4) тауарлық, мияны қайнату және ашытқы дайындау өндірістері;
Тармақша 5
5) альбумин, декстрин, глюкоза, сірнелер өндірісі.
Тармақ 34
34. ІІІ сынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) элеваторлар, астық қабылдау пункттері (астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазарту және жөнелту);
Тармақша 2
2) кофе қуыратын өндірістер;
Тармақша 3
3) олеомаргарин және маргарин өндірісі;
Тармақша 4
4) тағам спиртінің өндірісі;
Тармақша 5
5) ет, құс еті-, балық сүрлеу өндірістері (кәдеге жарату цехтары бар және суық, ыстық сүрлеу және қақтау процестері бар), сондай-ақ сүрлеу цехтары бар шұжық өнімдерінің өндірісі;
Тармақша 6
6) сығынды сақтайтын қоймасы жоқ қант қызылшасы зауыттары;
Тармақша 7
7) жүгері-крахмал, жүгері-сірне өндірістері;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2025 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 9
9) крахмал өндірісі;
Тармақша 10
10) темекі-махорка (темекі-ферментациялық, темекі және сигарет-махорка фабрикалары) өндірістері;
Тармақша 11
11) бастапқы шарап жасау өндірісі;
Тармақша 12
12) иісті заттар бөле отырып, табиғи минералдық суларды құю жөніндегі өндірістер;
Тармақша 13
13) ірімшік жасау өндірісі (ыстау және қақтау әдісімен).
Тармақ 35
35. ІV сынып – СҚА 100 м:
Тармақша 1
1) асханалық сіркесу өндірісі;
Тармақша 2
2) концентраттар мен эссенциялар негізінде өндіруден басқа, уыты бар сыра, квас және алкогольсіз сусындар өндірістері;
Тармақша 3
3) шай өлшейтін фабрикалар;
Тармақша 4
4) спирт-арақ зауыттары;
Тармақша 5
5) май шығаратын (өсімдік майы) өндірістер;
Тармақша 6
6) ет, балық және құс өндірісінің барлық түрлерін қоспағанда, консервілеу өндірістері, оның ішінде жүзім, жеміс-жидек, көкөніс және жидек шырындарын өндіру және өнімділігі тәулігіне 2 т-дан жоғары көкөністерді, жемістер мен жидектерді өңдеу (кептіру, тұздау, маринадтау және ашыту) бойынша өндірістері;
Тармақша 7
7) шақпақ қант өндірістері;
Тармақша 8
8) коньяк спирті өндірісі;
Тармақша 9
9) өнімділігі тәулігіне 1,0 тонна және одан астам макарон өндірісі;
Тармақша 10
10) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2025 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 11
11) өнімділігі тәулігіне 3,0 т-дан басталатын (сүрлеусіз) ет, құс, балық, шұжық өнімдерін қайта өңдеу, ет консервілерін өндіру және құс пен балықтан жасалған консервілер өндірісі, сүтті қайта өңдеу, оның ішінде май (жануарлар майы) және ірімшік өндіру өндірісі;
Тармақша 12
12) нан зауыттары, өнімділігі тәулігіне 3,0 тоннадан астам нан пісіру өндірістері;
Тармақша 13
13) өнімділігі тәулігіне 2,5 тонна және одан астам кондитерлік өнімдер өндірістері;
Тармақша 14
14) дайындайтын орындар, тағам өндірістері;
Тармақша 15
15) сыйымдылығы 600 тонна және одан астам тамақ өнімдерін төмен температурада сақтауға арналған өнеркәсіптік қондырғылар;
Тармақша 16
16) жүзім шырыны өндірісі;
Тармақша 17
17) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2025 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2025 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақ 36
36. V сынып – СҚА 50 м:
Тармақша 1
1) өнімділігі тәулігіне 0,3-тен 3,0 тоннаға дейін (сүрлеусіз) ет, құс, балық, шұжық өнімдерін қайта өңдеу, ет консервілерін өндіру және құс пен балықтан жасалған консервілер өндірісі, сүтті қайта өңдеу, оның ішінде май (жануарлар майы) және ірімшік өндіру өндірісі;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2025 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 3
3) өнімділігі тәулігіне 0,3-ден 3,0 тоннаға дейін нан және нан-тоқаш бұйымдарын өңдеу өндірісі;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2025 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 5
5) өнімділігі тәулігіне 0,3-ден 2,5 тоннаға дейін кондитерлік өнімдер өндірісі;
Тармақша 6
6) өнімділігі тәулігіне 0,1-ден 1,0 тоннаға дейінгі макарон өнімдері өндірісі;
Тармақша 7
7) сыйымдылығы 600 тоннаға дейін азық-түліктерді төмен температурада сақтауға арналған өнеркәсіптік қондырғылар;
Тармақша 8
8) сыра (ашытылмаған) өндірісі;
Тармақша 9
9) концентраттар мен эссенциялар негізінде алкогольсіз сусындар өндірісі;
Тармақша 10
10) майонездер өндірісі;
Тармақша 11
11) асханалық сірке су құю объектілері;
Тармақша 12
12) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.12.2025 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 13
13) тәулігіне 4000 литрден бастап – жылына жүз мың декалитр бөтелкедегі (қаптамаланған ауыз су), оның ішінде сыйымдылыққа өлшеп-оралған су өндірісі;
Тармақша 14
14) ет, балық және құс өндірісінің барлық түрлерін қоспағанда өнімділігі тәулігіне 0,3 т-дан тәулігіне 2 т-ға дейін (қоса алғанда) консервілеу өндірістері, оның ішінде жүзім, жеміс-жидек, көкөніс және жидек шырындарын өндіру және көкөністерді, жемістер мен жидектерді өңдеу (кептіру, тұздау, маринадтау және ашыту) бойынша өндірістер;
Тармақша 15
15) өнімділігі сағатына 0,5 тоннаға дейін жарма тартатын, диірмендер.
Бөлім 9. 9-бөлім. Микробиология өнеркәсібі
9-бөлім. Микробиология өнеркәсібі
Тармақ 37
37. І сынып – СҚА 1000 м:
Тармақша 1
1) көмірсутектерін (мұнай парафиндері, этанол, метанол, табиғи газ) белокты-дәруменді концентраттарды (бұдан әрі – БДК) өндіру. Қолданылып жүрген технология мен толық тұмшаламау кезінде (БДК аэрозольдерінің, ашытқы жасушаларының шығарындысы, жағымсыз иістердің болуы) СҚА кемінде 3000 м;
Тармақша 2
2) жемдік бацитрацин өндіру;
Тармақша 3
3) өсімдік шикізатынан пектин өндіру.
Тармақ 38
38. ІІ сынып – СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) гидролиз әдісімен ағаштан және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан жем ашытқыларын, фурфурол және спирт өндіру;
Тармақша 2
2) тағам ашытқыларын өндіру;
Тармақша 3
3) микробиологиялық синтез әдісімен амин қышқылдарын өндіру;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қорғау үшін биопрепараттар (оның ішінде трихограмм) өндіру;
Тармақша 5
5) микробиологиялық синтез әдісімен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру;
Тармақша 6
6) антибиотиктер өндіру;
Тармақша 7
7) егудің беткей әдісімен әртүрлі мақсаттағы ферменттерді өндіру;
Тармақша 8
8) өндірісте патогендігі 1 және 2-топтардағы микроорганизмдерді пайдаланатын объектілер.
Тармақ 39
39. ІІІ сынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) фурфурол өндірусіз ағаштан және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан (күнбағыстың қауызы, сабан, жүгері өзегі) жем ашытқыларын өндіру;
Тармақша 2
2) жем антибиотиктерін, оның ішінде биологиялық жолмен өндіру;
Тармақша 3
3) егудің терең әдісімен әртүрлі мақсаттағы ферменттер өндіру;
Тармақша 4
4) вакциналар мен сарысулар өндірісі.
Бөлім 10. 10-бөлім. Ауылшаруашылық объектілері
10-бөлім. Ауылшаруашылық объектілері
Тармақ 40
40. І сынып – СҚА 1000 м:
Тармақша 1
1) 100-ден 5000 және одан жоғары шошқа өсіретін шаруашылық;
Тармақша 2
2) жылына 400 000-нан астам мекиен және 3 000 000 астам бройлер тауық өсіретін құс шаруашылығы;
Тармақша 3
3) 5000 бастан астам ірі қара мал өсіретін және бордақылайтын шаруашылық;
Тармақша 4
4) тезек пен саңғырақ сақтайтын ашық сақтау орындары;
Тармақша 5
5) жылына 500 тонна және оданда көп минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, күшті улы заттарды сақтауға арналған қоймалар.
Тармақ 41
41. ІІ сынып – СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) 1200-ден 5000 сиырға дейін ірі қара малды өсіретін және бордақылайтын және төлге арналған 6000 орны бар шаруашылық;
Тармақша 2
2) 100 және одан артық бас аң (оның ішінде қаракүзен, түлкі) өсіретін фермалар;
Тармақша 3
3) жылына 100 000-нан 400 000-ға дейін мекиен тауық және 1 000 000-нан 3 000 000-ға дейін бройлер өсіретін шаруашылық;
Тармақша 4
4) тезектің биологиялық өңделген сұйық фракциясын сақтайтын ашық орындар;
Тармақша 5
5) тезек пен саңғырақты сақтайтын жабық орындар;
Тармақша 6
6) тұқымды өңдейтін және дәрілейтін өндіріс;
Тармақша 7
7) сұйытылған аммиак қоймалары.
Тармақ 42
42. ІІІ сынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) 1200-ге дейін ірі қара малды өсіретін және бордақылайтын шаруашылық (барлық түрлері), жылқы өсіретін фермалар;
Тармақша 2
2) 50-ден 100 басқа дейін жануарлар ұстайтын шаруашылықтар (шошқа, аң фермалары);
Тармақша 3
3) 3000-нан 5000 басқа дейін қой өсіретін және бордақылайтын шаруашылық;
Тармақша 4
4) 100 000-ға дейін мекиен тауық және 1 000 000-ға дейін бройлер өсіретін құс шаруашылығы;
Тармақша 5
5) тезек пен саңғырақты үйіп жинайтын алаңдар;
Тармақша 6
6) жылына 50 тонна және оданда көп минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, күшті әсер ететін улы заттарды сақтауға арналған қоймалар;
Тармақша 7
7) егістік шекарасынан елдімекенге дейін ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерді тракторларды қолданып, пестицидтермен өңдеу;
Тармақша 8
8) үй қояны фермалары;
Тармақша 9
9) ауыл шаруашылығы жануарларын сату объектілері.
Тармақ 43
43. IV сынып – СЗЗ 100 м:
Тармақша 1
1) жылыжай және көшетхана шаруашылығы; саңырауқұлақ өсіру кәсіпорындары;
Тармақша 2
2) жылына 50 тоннаға дейін минералды тыңайтқыштарды, пестицидтерді, күшті әсер ететін улы заттарды сақтауға арналған қоймалар;
Тармақша 3
3) құрғақ минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғайтын химиялық құралдар (тағам өнімдерін сақтайтын және қайта өңдейтін кәсіпорындарға дейін де аймақ белгіленеді) қоймалары;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығының ағындыларын пайдаланатын мелиоративті объектілер;
Тармақша 5
5) тағам қалдықтарын пайдалануды қоса алғанда, жем даярлайтын цехтар;
Тармақша 6
6) автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу, техникалық қызмет көрсету және сақтау гараждары мен парктері;
Тармақша 7
7) 50 басқа дейін жануарлар ұстайтын шаруашылықтар (шошқа, сиыр, құс, жылқы, аң фермалары);
Тармақша 8
8) жанар-жағар май материалдары қоймалары. Ескертпе: сыйымдылығы 100 м3 дейінгі жанар-жағармай материалдары қоймаларына арналған СҚА өлшемдерін есеп бойынша белгіленіп, әрбір нақты жағдайларда есептеулер негізінде айқындалған өлшемі, міндетті түрде кемінде 3 есе ұлғайтылады, бірақ кемінде 50 м болу қажет.
Тармақша 1
Тармақ 594
1) жемістер, көкөністер, картоп, тұқым, жидектер сақтау орындары, қоймалары;
Тармақша 2
2) материалдық қоймалар;
Тармақша 3
3) құс шаруашылығы кәсіпорындарының инкубаториялары.
Бөлім 11. 11-бөлім. Санитариялық-техникалық, көлік инфрақұрылымының құрылыстары, коммуналдық мақсаттағы, сауда және қызмет көрсету қондырғылары мен объектілері
11-бөлім. Санитариялық-техникалық, көлік инфрақұрылымының құрылыстары, коммуналдық мақсаттағы, сауда және қызмет көрсету қондырғылары мен объектілері
Тармақ 45
45. І сынып – СҚА 1000 м:
Тармақша 1
1) ассенизация алқаптары;
Тармақша 2
2) жер жыртылатын алқаптар;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) шұңқырға көметін мал қорымдары;
Тармақша 5
5) конфискаттар мен жануарлар өлекселерін жоятын кәдеге жарату зауыттары;
Тармақша 6
6) пеш саны 1 (біреуден) артық крематорий;
Тармақша 7
7) мал тасымалдағаннан кейін вагондарды тазартатын және жуатын станциялар мен пункттер (дезинфекциялық жуу станциялары мен пункттері);
Тармақша 8
8) елдімекеннің (орталық) қатты қоқыстары мен күл-қоқыстарын компостерлеу учаскелері;
Тармақша 9
9) биологиялық камералары бар, күйдіргі ауруымен ауырған мал ертеректе көмілген шұңқырға көметін мал қорымдары;
Тармақша 10
10) қауіптіліктің 1 және 2-сыныптарындағы өндірістің және тұтынудың уытты қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму жөніндегі полигондар және қатты коммуналдық қалдықтар полигондары;
Тармақша 11
11) қуаты жылына 40000 және одан да көп тонна болатын қоқыс (қалдықтар) өртеу, қоқыс (қалдықтар) сұрыптау және қоқыс (қалдықтар) қайта өңдеу объектілері. Ескертпе: күйдіргі ауруынан өлген мал көмілген мал қорымдары және белгісіз себептермен өлген мал көмілген мал қорымдар үшін СҚА жобасын әзірлемей, СҚА нормативтік өлшемдеріне сәйкес айқындалады. Биологиялық қауіпке байланысты СҚА ны қысқартуға биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулер негізінде жол беріледі.
Тармақ 46
46. ІІ сынып – СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) кәдеге жарату үшін шикізат жинау жөніндегі орталық базалар;
Тармақша 2
2) қалдықтарды пайдаланатын жылыжайлар мен көшетханаларға арналған учаскелер;
Тармақша 3
3) тезек пен нәжіссіз қалдықтарды компостерлеу.
Тармақша 4
4) қуаттылығы жылына 40 тоннаға дейін қоқысты (қалдықты) өртейтін, қоқысты (қалдықты) сұрыптайтын және қоқысты (қалдықты) өңдейтін объектілер;
Тармақша 5
5) сағатына 120 килограмм және одан артық медициналық қалдықтарды өртеу объектілері;
Тармақша 6
6) қауіптіліктің 3 және 4 сыныптағы өндіріс пен тұтынудың токсикалық қалдықтарын орналастыру, залалсыздандыру, көму бойынша полигондары;
Тармақша 7
7) 1 (бір) бір камералы пеші бар дайындық және салттық процестері жоқ крематорийлер.
Тармақ 47
47. ІІІ ынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) кәдеге жаратылатын шикізатты жинайтын аудандық мақсаттағы базалар;
Тармақша 2
2) қаланы тазарту бойынша механикаландырылған көлік парктері;
Тармақша 3
3) кәдеге жаратылатын шикізатты өңдеусіз уақытша сақтау қоймалары;
Тармақша 4
4) бекеттер саны 10 және одан асатын жүк автомобильдеріне қызмет көрсететін объектілер;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.04.2025 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 6
6) кеден терминалдары, көтерме базарлар;
Тармақша 7
7) сағатына 120 килограммға дейін медициналық қалдықтарды өртеу объектілері.
Тармақ 48
48. ІV сынып – СҚА 100 м:
Тармақша 1
1) бекеттер саны 10-ға дейін жүк автомобильдеріне қызмет көрсететін объектілер;
Тармақша 2
2) автобусты, троллейбус және трамвай парктері;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.04.2025 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
Тармақша 4
4) өнімділігі ауысымына 160 килограмнан астам химиялық тазалау;
Тармақша 5
5) жануарлар ұстайтын ветеринариялық емханалар, виварийлер, тәлімбақтар, кинологиялық орталықтар, жануарларды уақытша ұстау орындары;
Тармақша 6
6) автомобиль көлік құралдарына мотор отынының барлық түрлерімен (сұйық және газды мотор отынымен) құюға арналған объектілер (автомобиль жанармай құю станциялары, автомобиль жанармай құю станциялары және май құю бойынша басқа қондырғылар);
Тармақша 7
7) қалааралық жүк автомобиль көлігінің тұрақтары (парктері);
Тармақша 8
8) порталды үлгідегі жүк автомобильдерін жуу (өндірістік және коммуналдық-қойма аймақтарының шекараларында, қалаға кіреберістегі магистральдарда, автомобиль көлік кәсіпорындарының аумағында орналастырылады).
Тармақ 49
49. V сынып – СҚА 50 м:
Тармақша 1
1) қоғамдық көліктің бұрылу-тұндыру алаңдары;
Тармақша 2
2) 1000 шаршы метр (м2) және одан асатын сауда алаңы бар стационарлық сауда объектілері: жеке тұрған сауда объектілері, ұсақ көтерме сауда базарлар, азық-түлік және өндірістік тауарлар сауда базарлары. Ескертпе: Шағын сауда алаңдарын алып жатқан сауда объектілері үшін СҚА өлшемі тиісінше негізделген жағдайда белгіленеді.
Тармақша 3
3) кір жуу орындары;
Тармақша 4
4) қуаттылығы ауысымына 160 килограмнан аспайтын химиялық тазалау.
Бөлім 12. 12-бөлім. Кәріздік тазарту құрылыстары
12-бөлім. Кәріздік тазарту құрылыстары
Тармақ 50
50. Кәріздік тазарту құрылыстары үшін СҚА-ның ең аз өлшемі кестеге сәйкес белгіленеді. Кесте Шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардың кәріздік тазарту құрылыстары үшін ең аз СҚА № Cарқынды суларды тазартуға арналған құрылыстар Тазарту құрылыстарының есептелген өнімділігі кезіндегі метрге шаққандағы қашықтығы, тәулігіне мың шаршы метр (бұдан әрі – тәулігіне мың м3) 0,2-ге дейін 0,2-ден 5,0-ге дейін 5,0-ден 50,0-ге дейін 50,0-ден 280-ге дейін 1 2 3 4 5 6 1. Сорғы станциялары және апаттық-реттеуіш резервуарлар, жергілікті тазарту құрылыстары 15 20 20 30 2. Ашытылған тұнбалар үшін тұнба алаңы бар механикалық және биологиялық тазартуға арналған құрылыстар, сондай-ақ тұнба алаңдары 150 200 400 500 3. Жабық үй-жайларда тұнбаны термомеханикалық өңдеумен механикалық және биологиялық тазартуға арналған құрылыстар 100 150 300 400 4. Алқаптар: сүзгілеу 200 300 500 1000 суару 150 200 400 1000 5. Биологиялық тоғандар 200 200 300 Ескертпе:
Тармақ 1
1. Өнімділігі тәулігіне 280 мың м3 артық шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту үшін, сондай-ақ cарқынды суларды тазарту және тұнбаны өңдеудің жаңа технологияларын қабылдау кезінде СҚА жеке белгіленеді.
Тармақ 2
2. Алаңы 0,5 гектарға (бұдан әрі – га) дейінгі сүзгілеу алқаптары үшін, көлемі 1,0 га дейінгі коммуналдық үлгідегі суару алқаптары үшін, өнімділігі тәулігіне 50 м3 дейінгі cарқынды суларды механикалық және биологиялық тазарту құрылыстары үшін СҚА 100 м мөлшерінде қабылдау керек.
Тармақ 3
3. Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 15 м3-ге дейінгі жерасты сүзгілеу алқаптары үшін СҚА өлшемі 50 м өлшемінде қабылдау керек.
Тармақ 4
4. Құю станцияларының СҚА өлшемі 300 м болып қабылданады.
Тармақ 5
5. Ашық үлгідегі жер бетіндегі ағынды тазарту құрылыстарынан тұрғын үй аумаққа дейінгі СҚА өлшемі кемінде 100 м, жабық үлгісі – 50 м болады.
Тармақ 6
6. Өнеркәсіптік объектілер аумағында орналаспаған тазарту құрылыстарынан және өндірістік суды бұрудың сорғы станцияларынан өндірістік cарқынды суларды өздігінен тазарту және айдау кезінде, сол сияқты оларды тұрмыстық cарқынды сулармен бірге тазарту кезінде де СҚА өлшемін cарқынды сулар келіп түсетін өндірістердегідей, бірақ кестеде көрсетілгеннен кем емес қабылдау керек.
Тармақ 7
7. Қар ертінділері мен қар ерітетін пункттерден тұрғын үйдің аумағына дейінгі СҚА өлшемі 100 м қабылдау керек.
Бөлім 13. 13-бөлім. Жүктерді қайта тиеу және сақтау, жүктер мен кемелерді және теміржол көлігін фумигациялауды, газ дезинфекциясын, дератизациясын және дезинсекциясын жүргізу қоймалары, айлақтары және орындары
13-бөлім. Жүктерді қайта тиеу және сақтау, жүктер мен кемелерді және теміржол көлігін фумигациялауды, газ дезинфекциясын, дератизациясын және дезинсекциясын жүргізу қоймалары, айлақтары және орындары
Тармақ 51
51. І сынып – СҚА 1000 м:
Тармақша 1
1) жүк айналымы жылына 150 000 тонна және одан артық апатит концентратын, фосфорит ұнын, цементті және басқа да шаңданатын жүктерді түсіретін ашық қоймалар мен орындар. Ескертпе: І, ІІ және ІІІ сыныптардың 1-ші тобына жүктердің шаңын шығаруды болдырмайтын қойма элеваторлары мен пневматикалық көлікті немесе басқа қондырғыларды қолданатын көліктік технологиялық схемалар кірмейді;
Тармақша 2
2) сұйық химиялық жүктердің және көлемі 1000 м3 сұйытылған табиғи (мұнай) газдарды (оның ішінде метан, пропан, бутан қосындыларын), галогендердің, күкірттің, азоттың, аммиактың, көмірсутектердің (оның ішінде метанол, бензол, толуол), спирттердің, альдегидтердің өндірістік қосындыларын және басқа да қосындыларды қайта тиеу және сақтау орындары;
Тармақша 3
3) тазартатын және жуатын-булайтын станциялар, дезинфекциялау-қайта жуу объектілері, кемелерді, цистерналарды тазартатын пункттер, балласты және арнайы қалқымалы жинағыштардан құрамында мұнай бар шайынды суларды қабылдауға арналған қабылдау-тазарту құрылыстары;
Тармақша 4
4) жүктер мен кемелерді фумигациялауды газ дезинфекциясын, дератизациясын және дезинсекциясын жүргізу орындары мен айлақтары.
Тармақ 52
52. ІІ сынып – СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) жылына 150 000 тоннаға дейін тауар айналымы бар апатит концентратын, фосфорит ұнын, цементті және басқа шаңданатын жүктерді түсіретін ашық қоймалар мен орындар;
Тармақша 2
2) көмір түсіретін ашық қоймалар мен оны қайта тиеу орындары;
Тармақша 3
3) минералды тыңайтқыштарды, асбесті, әкті, кенді (радиоактивтіден басқа) және басқа минералдарды (оның ішінде күкірт, күкіртті колчедан, гипс) түсіретін ашық қоймалар мен қайта тиеу орындары;
Тармақша 4
4) шикі мұнайды, битумды, мазутты және басқа жабысқақ мұнай өнімдері мен химиялық жүкті қайта тиеу және сақтау орындары;
Тармақша 5
5) пек және құрамында пек бар жүкті түсіретін ашық және жабық қоймалар мен оларды қайта тиеу орындары;
Тармақша 6
6) антисептиктер сіңірілген ағаш шпалдарын сақтау және қайта тиеу орындары;
Тармақша 7
7) санитариялық-карантиндік станциялар;
Тармақша 8
8) көлемі 250-ден 1000 м3 дейінгі сұйытылған табиғи (мұнай) газдарды (оның ішінде метан, пропан, бутан қосындыларын) қайта тиеу және сақтау орындары.
Тармақ 53
53. ІІІ сынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) жүк айналымы жылына 5 000 тоннаға дейін шаңданатын жүкті (апатитті концентрат, фосфоритті ұн, цемент) түсіретін және қайта тиейтін ашық қоймалар мен орындар;
Тармақша 2
2) ыдысқа салынған химиялық жүктің (тыңайтқыштар, органикалық еріткіштер, қышқылдар мен басқа заттар) түсіретін жабық қоймалар, қайта тиеу және сақтау орындары;
Тармақша 3
3) ашық жер үсті қоймалары және магнезит, доломит және басқа да шаңданатын жүктерді тиейтін ашық орындар;
Тармақша 4
4) шаңданатын және сұйық жүк (аммиак суы, тыңайтқыштар, кальцийленген сода, лак бояу материалдары және тағы басқалары) қоймалары;
Тармақша 5
5) құрғақ құм, қиыршық тас, тас және басқа минералды құрылыс материалдарын түсіретін жер үсті қоймалары және орындары;
Тармақша 6
6) ашық әдіспен алынатын шрот, күнжара, копра және басқа шаңданатын өсімдік өнімін қайта тиеу қоймалары мен учаскелері;
Тармақша 7
7) кәдеге жаратылатын шикізатты қайта тиеу қоймалары, түсіру және сақтау;
Тармақша 8
8) ылғал тұздалған өңделмеген теріні (200 дана және одан да артық) және басқа жануар тектес өнім қоймалары, қайта тиеу және сақтау;
Тармақша 9
9) малды, жануарларды және құсты үнемі қайта тиейтін учаскелер;
Тармақша 10
10) балық, балық өнімдерін және кит сою кәсіпшілігі өнімдері қоймалары және оларды қайта тиеу;
Тармақша 11
11) көлемі 100-ден 250 м3 дейінгі сұйытылған табиғи (мұнай) газдарды қайта тиеу және сақтау орындары.
Тармақ 54
54. ІV сынып – СҚА 100 м:
Тармақша 1
1) тері шикізаты (оның ішінде 200 данаға дейін ылғал тұздалған тері) қоймалары және оларды қайта тиеу;
Тармақша 2
2) дәнді дақыл қоймалары және түсіретін ашық орындар;
Тармақша 3
3) ас тұзы қоймалары және оларды түсіретін ашық орындар;
Тармақша 4
4) жүнді, шашты, қылды және осыған ұқсас басқа өнім қоймалары және оларды түсіретін ашық орындар;
Тармақша 5
5) сыртқы ортаға шаң шығаруды болдырмайтын қойма элеваторлары мен пневматикалық көліктік немесе басқа да қондырғылар мен сақтау орнын қолдана отырып, үйіліп тасымалданатын апатитті концентрат, фосфоритті ұн, цемент және шаңданатын басқа да жүктерді тасымалдау, қайта тиеу және сақтаудың орындары;
Тармақша 6
6) көлемі 50-ден 100 м3 дейінгі сұйытылған табиғи (мұнай) газдарды қайта тиеу және сақтау орындары.
Тармақ 55
55. V сынып – СҚА 50 м:
Тармақша 1
1) ылғалдандырылған минералды-құрылыс материалдары (оның ішінде құм, қиыршық тас, шағыл, тас) ашық қоймалары және оларды қайта тиеу;
Тармақша 2
2) престелген күнжара, шөп, сабан, темекі-махорка бұйымдарын және басқаларын сақтау және қайта тиеу учаскелері;
Тармақша 3
3) тамақ өнімдерін (ет, сүт, кондитерлік), көкөністерді, жемістерді, сусындарды және басқа тамақ өнімдерін қайта тиеу, қоймалар;
Тармақша 4
4) тағамдық жүктерді (шарап, май, шырындар) сақтау және құю учаскелері;
Тармақша 5
5) рефрижераторлық кемелер мен вагондардың түсіру және тиеу учаскелері;
Тармақша 6
6) өзен айлақтары;
Тармақша 7
7) көлемі 50 м3 дейінгі сұйытылған табиғи (мұнай) газдарды қайта тиеу және сақтау орындары.
Бөлім 14. 14-бөлім. Минералды отын жағу кезінде электр және жылу энергиясын өндіру
14-бөлім. Минералды отын жағу кезінде электр және жылу энергиясын өндіру
Тармақ 56
56. I сынып – СҚА 1000 м:
Тармақша 1
1) отын ретінде көмірді және мазутты қолданатын, 600 мегаватт/сағ (бұдан әрі – МВт/сағ) және одан жоғары электр қуатына эквивалентті жылу электр станциялары (бұдан әрі – ЖЭС).
Тармақ 57
57. II сынып – СҚА 500 м:
Тармақша 1
1) газ және газ-мазут отынымен жұмыс істейтін 600 МВт/сағ және одан жоғары баламалы электр қуатының ЖЭС;
Тармақша 2
2) көмір және мазут отынымен жұмыс істейтін жылу электр орталықтары (бұдан әрі – ЖЭО) және жылу қуаты 200 гигакаллорий/сағ (бұдан әрі – Гкал/сағ) және одан жоғары аудандық қазандықтар.
Тармақ 58
58. III сынып – СҚА 300 м:
Тармақша 1
1) газ және газ-мазут отынымен жұмыс істейтін ЖЭО және жылу қуаты 200 Гкал/сағ және одан жоғары аудандық қазандықтар (соңғысы-резервтік ретінде) өлшемі 300 м үшінші сыныптағы объектілерге жатады.
Тармақша 2
2) ЖЭС және ЖЭО күл үйінділерінен СҚА ең аз өлшемі периметрі бойынша ағаштар мен бұталар отырғыза отырып, кемінде 300 м құрайды. Ескертпе.
Тармақ 1
1. Қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін, жылу қуаттылығы 200 Гкал-дан кем қазандықтың барлық түрінің СҚА ең аз мөлшерін белгілеген кезде жер беті қабатындағы есепті концетрациясын анықтау, ал көп қабатты тұрғын үй құрылыс салу жағдайында жергілікті жердің бедері мен құрылыс салуын, акустикалық есептеулерді ескере отырып, сондай-ақ вертикаль бойынша концетрациясы таралуын анықтау қажет. Жеке орналастырылған қатты және сұйық отындағы қазандықтардан халық үшін РЕШК аспайтын ластаушы заттардың ең көп бір рет және орташа тәуліктік қолданылатын концетрациясы кезінде СҚА 50 м. Газ отынындағы жеке тұрған қазандықтар үшін СҚА мөлшері есептік деректер негізінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Ластаушы заттардың шашырауын және физикалық факторлардың әсерін есептеу бойынша автономды шағын метражды қазандықтар мен пештерді тұрғын және қоғамдық үй-жайларда, үй маңындағы аумақтарда айқындалатын есептік нүктелерде қазандар мен пештерден ластаушы заттардың ШРЕК аспаған жағдайда жапсарлас-жанастыра салынған, жапсарлас салынған, жапсарлас салынған, объектілерде, көп қабатты тұрғын үйлерде, жеке тұрған ғимараттарда (емдеу-профилактикалық және сауықтыру ұйымдары, білім беру объектілері, мектепке дейінгі ұйымдар, ауылдық клубтар, дүкендер және басқа да ортақ пайдалану объектілері).
Тармақ 3
3. Қазандықтан барынша ластану аймағында көп қабатты үйлер бар болса, түтін мұржасының биіктігі ең биік тұрғын үй шатырының төбесінен минимум 1,5 м жоғары болуы көзделеді.
Тармақ 4
4. Жылу энергетикасы объектілерінен түтін газдарының шашырауын есептеу қосындының, оның ішінде күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің, күлдің әсерін ескере отырып жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Ыстық сумен жабдықтаудың сорғы станциялары кемінде 50 м санитариялық ажырауы бар V сыныптағы объектілерге жатады.
Тармақ 6
6. Эквивалентті электр қуаты – мегаваттпен көрсетілген жиынтық белгіленген электр және жылу қуаты.
Басқа 1
«Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 2-қосымша Жеңіл автомобильдерге арналған ашық тұрақтардан (паркингтерден), гараждардан, автомобильдерді жуу орындарынан, жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету объектілерінен (бұдан әрі – ТҚКС) құрылыс салу объектілеріне дейінгі ең аз санитариялық ажырату № Оған дейін қашықтық айқындалатын ғимараттар Санитариялық ажырату, метр жеңіл автомобильдер саны кезінде гараждар, паркингтер және ашық тұрақтардан (паркингтерден) бекеттер саны кезінде ТҚКС және автомобильдерді жуу орнынан 10 және одан аз 11-50 51-100 101-300 10 және одан аз <1> 11-30 <1> 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Тұрғын үйлердің қасбеттері мен терезелері бар бүйір жақтары 10 15 25 35 15 25 2 Тұрғын үйлердің терезесі жоқ бүйір жақтары 10 10 15 25 15 25 3 Қоғамдық ғимараттар 10 10 15 25 15 20 4 Жалпы білім беретін мектептер, интернаттық білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелер, демалуға, ойындар мен спортқа, балаларға арналған алаңдар аумағының шекаралары 15 25 25 50 50 <2> 5 Емдеу мекемелері, жалпыға ортақ пайдаланылатын ашық спорт ғимараттары, халықтың демалыс орындары (бақтар, скверлер, саябақтар), денсаулық сақтау ұйымы аумағының шекаралары 25 50 <2> <2> 50 <2> <1> Сырлау, дәнекерлеу, қаңылтыр жұмыстарын орындай отырып, жеңіл автомобильдерді жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі объектілерге санитариялық ажырату, өткізу қабілетін ескере отырып, атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының шашырауы және физикалық әсер ету деңгейлері есептерінің негізінде айқындалады, бірақ кемінде 50 м. болады. <2> Санитариялық ажырату атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының таралуын және жеңіл автомобиль тұрақтарының (паркингтердің) өткізу қабілетін ескере отырып, физикалық әсер ету деңгейлерін есептеу негізінде айқындалады, бірақ кемінде 50 м. болады. Ескертпелер:
Тармақ 1
1. Арақашықтықты тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың терезелерінен және жалпы білім беретін мектептердің, интернаттық білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі ұйымдар мен пациенттер тәулік бойы болатын стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жер учаскелері шекараларынан гараждардың, паркингтердің, ТҚК және автожуу орындарының қабырғасына, ашық тұрақтың шекарасына дейін айқындау керек. Ашық типтегі автотұрақ (паркинг) деп кемінде ең үлкен ұзындықтың қарама-қарсы жақтары ашық құрылыс та саналады. Егер жақ бойынша бөлінген саңылаулардың жалпы алаңы әр қабатында (қабат) осы жақтың сыртқы бетінің кемінде 50 % құрайтын болса, жақ ашық деп саналады.
Тармақ 2
2. Секциялық тұрғын үйлерден қасбеттің ұзына бойына орналастырғанда 101-300 машина сыятындай ашық алаңдарға дейінгі арақашықтықты кемінде 50 м деп қабылдау керек.
Тармақ 3
3. Кестеде көрсетілген отқа төзімділігі І-ІІ дәрежелі гараждар үшін арақашықтықты гараждарда ашылатын терезелер, сондай-ақ тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар жағына бағытталған кіру жолдары болмаған кезде 25 %-ке қысқартуға жол беріледі.
Тармақ 4
4. Сыйымдылығы 300 машина-орыннан артық жеңіл автомобильдерді сақтауға арналған гараждар мен ашық тұрақтар (паркингтер) және жеңіл автомобильдерді жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі объектілер бекеттер саны 30 бірліктен артық болған кезде тұрғын үйлерден кемінде 50 м қашықтықта өндірістік, коммуналдық-қойма, санитариялық-қорғаныш аумағында тұрғын үй аудандардан тыс орналастырылуы тиіс.
Тармақ 5
5. Жерасты, жартылай жерасты гараж-тұрақтар, паркингтер мен тұрғын үйдің астында немесе тұрғын үйдің жер беті қабатының ішіне салынған (ішіне салынған-жалғастыра салынған), гараж-тұрақтары, паркингтер үшін кіру-шығудан және желдеткіш шахтадан жалпы білім беру, кәсіптік білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ, медициналық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, тұрғын үйлер, тұрғын үй-жайлар, демалу алаңдары және басқаларының аумағына дейінгі арақашықтық регламенттеледі, ол атмосфералық ауаға ластанудың тарауын есептеу нәтижелері және физикалық әсердің деңгейі бойынша қабылданады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйлердің жеңіл автокөлікті орналастыруға арналған және заңды тұлғаға (немесе жеке кәсіпкерге) тиесілі емес қонақ автотұрағынан жерасты гараж-тұрағы аумағынан ара қашықтық белгіленбейді.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың астында орналасқан жерасты гараж-тұрақтарынан шыққан желдету шығындылары ғимараттың ең биік бөлігінің төбесінен 1,5 м жоғары ұйымдастырылады.
Тармақ 8
8. Жерасты гараж-тұрағының жобаланатын, пайдаланылатын шатырында желдеткіш шахталарынан, кіру-шығу жолдарынан, өту жолдарынан 15 м қашықтықта пайдаланылатын шатырды атмосфераға шығарылатын сағада ШРЕК қамтамасыз ету шартымен демалыс алаңдарын, балалар, спорт, ойын алаңдарын және басқа да құрылыстарды орналастыруға жол беріледі.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй құрылысын салу жаңадан орналастырылған темір жолдан шеткі теміржол жолы ортасынан санай отырып ені 100 м кем емес санитариялық ажыратумен ажыратылады. Темір жолдарды ойыққа орналастырған кезде немесе гигиеналық нормативтерді сақтауды қамтамасыз ететін шудан қорғайтын арнайы іс-шараларды жүзеге асырған кезде санитариялық ажыратудың енін 50 м азайтуға жол беріледі. Бақша учаскелерінің шекараларына дейінгі санитариялық ажыратудың ені кемінде 50 м болуы керек.
Басқа 3. Құрамында күкіртсутегі жоқ жерасты және жерүсті магистральдық газ құбырларына арналған ең аз санитариялық ажырау
«Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 3-қосымша Құрамында күкіртсутегі жоқ жерасты және жерүсті магистральдық газ құбырларына арналған ең аз санитариялық ажырау № Құрылыс салу элементтері, су қоймалары Құбыр диаметрі мынадай миллиметр болатын бірінші және екінші сыныптағы құбырлар үшін метрге шаққандағы ажыраулар 1-сынып 2-сынып 300-ге дейін 300-600 600-800 800-1000 1000-1200 1200-ден жоғары 300-ге дейінгі 300-ден жоғары 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 Қалалар және басқа елді мекендер; ұжымдық бақшалар мен саяжай кенттері; жылыжай комбинаттары; адамдар көп жиналатын жекелеген қоғамдық ғимараттар 100 150 200 250 300 350 75 125 2 Жекелеген аз қабатты ғимараттар; ауыл шаруашылық алқаптары мен мал жайылымдары, егіс қостары 75 125 150 200 250 300 75 100 3 Магистральдық суландыру арналары, өзендер мен су қоймалары; су жинау құрылыстары 25 25 25 25 25 25 25 25
Басқа 4. Сұйытылған көмірсутек газдарына арналған құбырлардан ең аз санитариялық ажыраулар
«Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 4-қосымша Сұйытылған көмірсутек газдарына арналған құбырлардан ең аз санитариялық ажыраулар № Құрылыс салу элементтері Құбыр диаметрі мынадай миллиметр кезінде метрге шаққандағы қашықтық 150 қоса алғанға дейін 150-ден артық 300-ді қоса алғанға дейін 300-ден артық 500-ді қоса алғанға дейін 1 2 3 4 5 1 Қалалар мен қала үлгісіндегі елді мекендер 2000 3000 5000 2 Саяжай кенттері 1000 2000 3000 Ескертпе: Тұрғын үй құрылысы арқылы газ құбырларының өтуіне жол берілмейді.
Басқа 5. Мұнай тасымалдайтын магистральдық құбырлардан ең аз санитариялық ажыраулар
«Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 5-қосымша Мұнай тасымалдайтын магистральдық құбырлардан ең аз санитариялық ажыраулар № Құрылыс салу элементтері Құбыр диаметрі мынадай болғанда метрге шаққандағы қашықтық, миллиметрмен ІV сынып ІІІ сынып ІІ сынып І сынып 300 және одан кем 300-ден артық 500-ге дейін 500-ден артық 1000-ға дейін 1000-нан артық 1200-ге дейін 1 2 3 4 5 6 1 Қалалар мен кенттер 75 100 150 200 2 Жеке тұрған: 1-2 қабатты тұрғын үй ғимараттары 50 50 75 100 3 Су асты мұнай құбырларын және мұнай өнімі құбырларын ағыс бойынша мыналардан жоғары жерге салған кезде: 1) гидротехникалық құрылыстардан 300 300 300 500 2) су жинайтын орындардан 3000 3000 3000 3000
Басқа 6. Компрессорлық станциялардан ең аз санитариялық ажыраулар
«Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 6-қосымша Компрессорлық станциялардан ең аз санитариялық ажыраулар № Құрылыс салу элементтері, су қоймалары Құбыр диаметрі мынадай болғанда 1 және 2-сынып құбырлары үшін метрге шаққандағы ажыраулар, миллиметрмен 1-сынып 2-сынып 300-ге дейін 300- 600 600- 800 800- 1000 1000- 1200 1200-ден жоғары 300-ге дейін 300-ден жоғары 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 Қалалар мен кенттер 500 500 700 700 700 700 500 500 2 Су құбыры құрылыстары 250 300 350 400 450 500 250 300 3 Аз қабатты тұрғын үй ғимараттары 100 150 200 250 300 350 75 150 Ескертпе: 1. Санитариялық ажыраулар компрессорлық цех ғимараттарынан бастап орнатылады.
Басқа 7. Мұнай айдау станцияларынан ең аз санитариялық ажыраулар
«Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 7-қосымша Мұнай айдау станцияларынан ең аз санитариялық ажыраулар № Құрылыс салу элементтері Мұнай айдайтын станциялардың санаттары бойынша метрге шаққандағы ажыраулар III II I 1 2 3 4 5 1 Қалалар мен кенттер 100 150 200 2 Су құбыры құрылыстары 100 150 200 3 Жекелеген аз қабатты ғимараттар 50 75 100 Ескертпе: 1. Мұнай қоймасына арналған санитариялық ажыраулар шамасы әрбір нақты жағдайда іргелес жатқан аумақтардың атмосфералық ауасының көмірсутектермен ластануының есептеулері және нақты сипаттамалары негізінде нақтыланады. 2. Өзен портының құрамында орналасатын тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қоймаларының санатына қарай тұрғын аймаққа дейінгі ең аз аралықтары 5000 м-ден (I санат) 500 м-ге дейінгіні (санатсыз) құрайды.
Басқа 8. Мал сою пункттерінен және мал сою алаңдарынан ең аз санитариялық ажыраулар
«Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 8-қосымша Мал сою пункттерінен және мал сою алаңдарынан ең аз санитариялық ажыраулар № Құрылыс салу элементтері Мыналардан метрге шаққандағы қашықтық мал сою пункттерінен қуаты тәулігіне 10 тоннаға дейін ет шығаратын мал сою алаңдарынан қуаты тәулігіне 10 тоннадан 30 тоннаға дейін ет шығаратын қуаты тәулігіне 30 тоннадан артық ет шығаратын 1 2 3 4 5 1 Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар 300 500 50 Ескертпе: Мал сою пункттері және мал сою алаңдары жанында бір тәуліктілік қордан аспайтын малды сою алдында ұстауға жол беріледі.
Басқа 9. Санитариялық-қорғаныш аймағы жобасының құрамына қойылатын талаптар
«Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 9-қосымша Санитариялық-қорғаныш аймағы жобасының құрамына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. СҚА жобасына түсіндірме жазба мынаны қамтиды:
Тармақша 1
1) жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін объектілер туралы жалпы мәліметтер;
Тармақша 2
2) объектілер орналасқан ауданда аумақтың функционалдық пайдаланылуын талдау;
Тармақша 3
3) аумақтардың табиғи-экологиялық ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 4
4) атмосфералық ауаның ластану факторы бойынша СҚА есептеу;
Тармақша 5
5) шудың әсер ету факторы бойынша СҚА есептеу;
Тармақша 6
6) теріс әсердің басқа факторлары бойынша СҚА есептеу;
Тармақша 7
7) су тұтынуды және су бұруды талдау;
Тармақша 8
8) өндірістік қалдықтардың түзілуі;
Тармақша 9
9) адамның өмір сүру ортасына теріс әсерді азайту жөніндегі іс-шаралар;
Тармақша 10
10) көрсеткіштер жиынтығы бойынша СҚА шекараларын негіздеу;
Тармақша 11
11) СҚА шекаралары атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындылары көзінен және (немесе) физикалық әсер ету көздерінен немесе объект аумағының шекараларынан (СҚА мөлшерін белгілеу тәсіліне байланысты) қашықтықтар мен есептік нүктелерді көрсете отырып, 8 (сегіз) румбадан СҚА шекарасын трассалаудың мәтіндік сипаттамасы бар схемада;
Тармақша 12
12) СҚА бос аумағын жоспарлы ұйымдастыру, абаттандыру жөніндегі іс-шаралар мен құралдар;
Тармақша 13
13) СҚА аумағын пайдалану режимі (СҚА аумағында немесе шекараларында орналастыруға рұқсат етілетін объектілерді);
Тармақша 14
14) халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау (қауіптіліктің I және II сыныптарындағы объектілер үшін);
Тармақша 15
15) топографиялық негізде (1:500 – 1:2000) масштабта орындалған графикалық және кестелік материалдар. Объектінің шекарасынан нормаланатын аумақтардың шекарасына дейін нормативтік (ең аз) СҚА 2 (екі) есе және одан артық қашықтықта, сондай-ақ зираттар, мал шаруашылығы және құс шаруашылығы объектілері үшін халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау орынсыз. Нормаланатын аумақтардың шекарасына дейінгі қашықтық, нормативтік (ең аз) СҚА 2 (екі) еседен аспайтын қысқарған кезде халықтың денсаулығы мен өмірі үшін тәуекелді бағалауды орындау қажет. СҚА шекараларын трассалау – ластаушы заттар шығарындыларының ең жақын көзінен және (немесе) физикалық әсер ету көзінен СҚА шекарасына дейінгі (солтүстік батыс, солтүстік, солтүстік шығыс, шығыс, оңтүстік шығыс, батыс, оңтүстік батыс, оңтүстік) сегіз (8) румба бойынша бақылау нүктелері мен қашықтықтары бар жергілікті жердің жағдаяттық жоспарындағы трасса (сызық).
Тармақ 2
2. СҚА жобасының құрамында мынадай кестелік материалдар ұсынылады:
Тармақша 1
1) объектілер аумағының теңгерімі;
Тармақша 2
2) объектілердің атмосфералық ауаға шығарындыларымен негізделген ластаушы заттардың тізбесі;
Тармақша 3
3) фондық шоғырлануларды ескере отырып, атмосфералық ауадағы ластаушы заттар шығарындыларының шашырауын есептеу нәтижелерін талдау;
Тармақша 4
4) есеп айырысу нүктелерінде ластаушы заттардың шоғырлануы (СҚА шекарасында, одан тыс, тұрғын үй құрылысында);
Тармақша 5
5) қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі іс-шаралардың жоспар-кестесі;
Тармақша 6
6) аумақты ұйымдастыру, абаттандыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың жоспар-кестесі;
Тармақша 7
7) СҚА шекарасында және объектілер үшін іргелес тұрғын аймақ аумағында өндірістік бақылау бағдарламасы.
Тармақ 3
3. СҚА жобасының құрамында мынадай графикалық материалдар ұсынылады:
Тармақша 1
1) объектілер орналасқан ауданда аумақты функционалдық пайдалану схемасы;
Тармақша 2
2) объектілердің бас жоспары;
Тармақша 3
3) атмосфералық ауаның шығарындылары мен ластану көздерін орналастыру схемасы (қазіргі жағдай және болжам);
Тармақша 4
4) шу, діріл, ЭМӨ және басқа да физикалық факторлар көздерін және олардың әсер ету аймақтарын орналастыру схемасы (қазіргі жағдай және болжам);
Тармақша 5
5) СҚА шекарасын белгілеу жөніндегі схема;
Тармақша 6
6) СҚА жоспарлау ұйымының схемасы;
Тармақша 7
7) СҚА абаттандыру жоспары;
Тармақша 8
8) өндірістік бақылау бекеттерін орналастыру схемасы. Кесте № Ластаушы заттың атауы (коды) РЕШК үлестеріндегі атмосфералық ауаның беткі қабатындағы ластаушы заттардың ең жоғары концентрациясының мәні. Тұрғын аймақтың шекарасын-да фонды есепке алмай Тұрғын аймақтың шекарасын-да фонды ескере отырып Фонды есептеме-генде СҚА шекарасын-да Фонды ескере отырып, СҚА шекарасын-да 1. Көміртек оксиді (337) 0,04 0,50 0,03 0,49 2. Азот диоксиді (301) 0,282 0,65 0,282 0,65 3. Күкірт диоксиді (330) 0,004 0,02 0,004 0,02 4. Шекті көмірсутектер С12-С19 (2754) 0,12 0,12 0,12 0,12