Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртібі туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-шы сәуірдегі N 94-1 "Тұрғын үй қатынастары туралы" және 1999 жылғы 16-шы қарашадағы N 477-1 "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау мәселесі жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерту туралы" Заңдарына сәйкес Сайрам аудандық мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Сайрам ауданының аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртібі бекітілсін (қосымшасы).
Басқа 2. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртібі
Сайрам аудандық Мәслихатының 30.06.2003 ж. N ХХV-211 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртібі" шешімінің қосымшасы Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу тәртібі
Тарау 1. 1. Тарау. Тұрғын үй көмегi
1. Тарау. Тұрғын үй көмегi
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегi халықты әлеуметтiк қорғау нысандарының бiрi болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегi Сайрам ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға егер (тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерi шегiнде) отбасының жиынтық табысының 30 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрiнде төленедi. Бекiтiлген нормадан жоғары тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер үшiн ақы төлеудi азаматтар жалпы негiздерде жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормасымен баламады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегi ауданда тұрақты тұратын және меншiк нысанына қарамастан (жекешеленген тұрғын үйдi ұстаудан басқа) тұрғын үйдi меншiк иесi немесе пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
Тармақ 5
5. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi (пәтерлерi, тұрғын үйi) бар немесе тұрғын жайды жалға берушiлер немесе жалға алып, жалға берушiлер, сондай-ақ, жалға алушы тұлғалар үй көмегiн алу құқығын жоғалтады. Отбасында күтудi қажет етедi деп танылған мүгедектердi күтудi жүзеге асырушы немесе 3 жасқа дейiнгi,сондай-ақ кiшi баласы бiрiншi сыныпта (бiрақ 9 жастан аспаған) бiтiргенге дейiнгi төрт және одан көп балаларды тәрбиелеумен шұғылданушы (бiр және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтiн және жұмыспен қамту қызметiнде тiркелмеген еңбекке жарамды тұлға болса, отбасылардың тұрғын үй көмегiн алуға құқы болмайды.
Тармақ 6
6. Шиеленiстi, даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы мәселенi шешу жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өкiлдерiнен құрылатын әкiмi аппараттарының жанындағы арнаулы комиссияның қарауына енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй көмегi ақшалай төлем түрiнде атаулы тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтер үшiн төлемақы тұрғын үйдi жалдаушыға (меншiк иесiне) есептелген сомамен салыстырғанда азайту ретiнде берiледi.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтегi ақы төлеу жөнiнде жеңiлдiктерi бар және осымен бiр мезгiлде тұрғын үй көмегiн алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтiк қорғау нысандарының бiрiн таңдау мүмкiндiгi берiледi.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегi өтiнiш берiлген күннен бастап алты ай мерзiмге тағайындалады. Тұрғын үй көмегiн алушыларды қайта тiркеу рәсiмдеудiң алғашқы процедурасы секiлдi жүргiзiледi. Отбасының тұрғын үйдi ұстау коммуналдық қызметтер үшiн ақы төлеуге жұмсалуына жол беруге болатын шектi шығындар үлесi, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтерi өзгерген кезде тұрғын үй көмегi қызметтерi бұрын тағайындалмаған жәрдемақыларға қайта есептеулер жүргiзiледi.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегiн алушылар өз тұрғын үйiнiң меншiк нысанында, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерiстер туралы, сондай-ақ көмек дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөліміне он күн iшiнде хабардар етуге тиiс. Тұрғын үй көмегi қызметiне жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәлiметтердi әдейi бергенi үшiн жалға алушы (меншiк иесi) бiр жыл бойы жәрдемақы алу құқығынан айрылады. Тұрғын үй көмегi ретiнде заңсыз алынған сомалар заңда белгiленген тәртiппен қайтарылуға жатады.
Тармақ 11
11. Солар бойынша тұрғын үй жәрдемақылары заңсыз тағайындалған құжаттарды дұрыс рәсiмделмегенi үшiн осындай жағдай өздерiнiң кiнәсiнен болған лауазымды тұлғалар заңда белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.
Тарау 2. 2. Тарау. Тұрғын үй көмегiн есептеу
2. Тарау. Тұрғын үй көмегiн есептеу
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы шешiмдi аудан Әкiмiнiң еңбек халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту бөлімі жанында құрылған комиссия тұрғын үйдi жалға алушының (меншiк иесi), өтiнiшiнiң және оған қоса берiлетiн отбасы құрамы, табысы туралы анықтаманы (зейнетақы, жәрдемақы, шәкiртақы, алимент, еңбекақы) жұмыссыз ретiнде тiркелу жөнiнде анықтама (отбасында жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтiн еңбекке жарамды адамдары бар), жекешелендiру туралы келiсiм-шарты немесе ордерi (пәтердiң немесе үйдiң жоспары), телефон байланысынан басқа, барлық коммуналдық қызмет түрлерiне төлеген шығындарының түбiршектерi (квитанция) сияқты құжаттар негiзiнде қабылдайды.
Тармақ 13
13. Ақпараттың растығына күдiк туған жағдайда еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлімі заңмен белгiленген тәртiппен сұрау салуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер тұлғаның табысы туралы ақпарат беруге мiндеттi.
Тармақ 14
14. Көмек мөлшерi тұрғын үй алаңы мен коммуналдық қызметi тұтыну нормативтерi негiзiнде және осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шектi деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде есептеледi. Отбасының жол беруге болатын шектi деңгейi отбасының жиынтық табысының 30 пайыз мөлшерiнде белгiленедi. Отбасының жиынтық табысына өткен тоқсандағы барлық табыс түрлерi (тұрғын үй көмегi мен атаулы мемлекеттiк жәрдемақысынан басқа) кiредi.
Тарау 3. 3 тарау. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру көздерi
3 тарау. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру көздерi
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру аудандық бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Тұрғын үйдi ұстау мен коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептiк нормативтiк шығындарды анықтау табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан бойынша Департаментi ұсынған деректер негізiнде жүргiзiледi.
Тармақ 17
17. Аудандық Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау бөлімі комиссия шешiмiнiң негiзiнде берiлетiн жәрдемақылар сомасын көрсете отырып, көмек алушылардың тiзiмiн жасайды және ай сайын аудандық қаржы бөлiмiне бюджет орнын толтыруға көмек сомасына қажеттiлiктi тапсырады. Аудандық қаржы бөлiмi аталған қаржыны еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау ауданының арнайы есеп-шоттарына жiбередi, ол өз кезегiнде көмек алушылардың халықтық жинақ банкi бөлiмшелерiндегi есеп-шоттарына атаулы түрде аударылады.