Об утверждении «Правил осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан» Күшін жойған
Басқа 0
«Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асыру ережелерін» бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148-ІІ Заңының 6-бабының 1-тармағының 9-тармакшасына сәйкес, «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеу» жөніндегі аудандық бюджеттік бағдарламаның орындалуын бақылау үшін аудандық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асыру ережелері» бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалу барысын қадағалау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет пен қаржы, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 4
Аудандық Мәслихаттың 2003 жылғы 20.06. сессиясының №С-39/6 шешіміне
№1 қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асыру ережелері
Осы ережелер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» №148-ІІ Заңының 6-бабының 1-тармағының 9-тармакшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» №357-1 Заңының 12-бабының 1-тармағының негізінде, халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қорғау мақсатында әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асырудың осы Ережелері (бұдан былай - Ережелер) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеу» жөніндегі 258.51 бюджеттік бағдарлама бойынша төлемдер ұйымдастырудың тәртібін ретке келтіріп отырады.
Тармақ 2
2. Ережелерді қабылдауға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», және «Бюджет жүйесі туралы» Заңдары құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Ережелердің күші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы ретке келтіруші қатынастарға таралмайды.
Тарау 2. 2. Төлемдер алу құқығы
2. Төлемдер алу құқығы
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлемдер алуға табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен және белгілі бір жағдайда дереу әлеуметтік қолдауды қажет етуші аз қамтамасыз етілген отбастары (азаматтар) құқылы. Отбасы мүшелерінің біреуінің қайтыс болуы, онкологиялық аурулармен және туберкулезбен ауыратындардың ұзақ уақыт емделуі, операция жасату қажеттілігі, Қазақстан Республикасының аумағында емделу үшін жол жүру және комиссияның шешімімен анықталған басқа да жағдайлар өмірдегі қиын жәйттер болып табылады.
Тармақ 5
5. Сол сияқты әр адамның орташа кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аудандағы отбастары (азаматтары) өрт шыққан, денсаулығы күрт нашарлаған және басқа да аяқасты болған ерекше жағдайларда әлеуметтік төлем алуға құқылы.
Тарау 3. 3. Төлем беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
3. Төлем беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Төлемдерді беру жұмысын ұйымдастыру мақсатында құрамына аудандық Мәслихаттың депутаттары, атқару органының, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің өкілдері енген комиссия құрылады. Комиссияның сандық және дербес құрамы аудандық Мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асыру жөніндегі комиссияның (бұдан былай - Комиссия) мәжілісіне ұсынылады. Комиссия шешімі ашық қабылданып, егер Комиссия мүшелерінің көпшілігі оған дауыс берсе, шешім қабылдаған болып есептеледі. Егер Комиссия мәжілісіне оның құрамының үштен екі бөлігі қатысса, Комиссия мәжілісі құқылы болып саналады.
Тармақ 7
7. Комиссияның негізгі міндеттері төмендегідей:
Тармақша 1
1) азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі өтініштерін қарау;
Тармақша 2
2) көмек беруді өтінген отбастарының (азаматтардың) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары мен қамтамасыз етілу деңгейін тексеру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек тағайындау немесе көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау.
Тарау 4. 4. Көмек көрсету тәртібі мен мөлшері
4. Көмек көрсету тәртібі мен мөлшері
Тармақ 8
8. Әлеуметтік төлем отбасының бір мүшесіне (азаматқа) жылына бір рет ақша түрінде төленеді.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік төлем алуға талап қоюшы адам аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне өтініш беріп, оған мына құжаттарды қоса тапсырады:
Тармақша 1
1) жеке басының куәлігін немесе төлқұжатын;
Тармақша 2
2) отбасының құрамы туралы анықтаманы;
Тармақша 3
3) соның алдындағы тоқсанда енген кірісі туралы анықтаманы;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек қажет екендігін растайтын құжатты.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік төлем тағайындау құжаттары өтініш түскеннен кейін 10 күн ішіндегі мерзімде қаралады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартқан жағдайда комиссия осы жөнінде өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Тармақ 12
12. Өтініш беруші заңнамаға сәйкес өтініш пен құжаттардағы мәліметтердің толығымен рас екендігіне жауапты.
Тармақ 13
13. Комиссия шешімі сот арқылы шағымдалуы мүмкін.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік төлем тағайындауға қажетті құжаттар салыстыру үшін тұпнұсқа және көшірме күйінде ұсынылады.
Тармақ 15
15. Құжаттар болмаған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тартылады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік төлемнің мөлшері Комиссияның шешімімен белгіленеді және әлеуметтік төлемге белгіленген бес айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Тармақ 17
17. Төлем өтініш берушінің есеп шотына қаржы аудару жолымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.