Об утверждении Правил охоты на территории Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiн бекiту туралы "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі N 741 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында аң аулаудың осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  42-бабына  сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Табиғи еркiндiк жағдайында мекендейтiн сүтқоректiлердi (теңiздегiден басқа), құстарды, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекендiлердi (бұдан әрi - жабайы жануарлар) аулау аң аулау болып табылады. Нысаналы мақсатына қарай аң аулау кәсiпшiлiк, әуесқойлық және спорттық болуы мүмкiн. Кәсiпшiлiк аң аулау шаруашылық пайда табу мақсатында, ал әуесқойлық және спорттық - азаматтардың эстетикалық, спорттық қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдердi жеке пайдалану үшiн жүргiзiледі.
Тармақ 3
3. Аң аулайтын жер:
Тармақша 1
1) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аң аулауды және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн бекiтiлген;
Тармақша 2
2) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аң аулауды және аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн бекiтілмеген;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен аңшылық шаруашылығын және аң аулауды жүргізуге жол берiлетiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан болып бөлiнедi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе онда әкелген, аң аулау минимумы бойынша сынақ тапсырған, аңшылық билетiн алған және мемлекеттiк баж төлеген Қазақстан Республикасының азаматы және басқа да тұлғалар (бұдан әрi - аңшы) аң аулау құқығын пайдаланады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен оларды аулауға рұқсат етiлген жабайы жануарлар аң аулау объектiлерi болып табылады.
Тармақ 6
6. Аңшылық қаруы, аң аулайтын құстар, иттер және қолдана отырып жабайы жануарларды аулауға болатын барлық техникалық құралдар аң аулау қаруы болып танылады.
Тармақ 7
7. Жабайы жануарлардың терiсi (мамық, терiлiк шикiзат, құстардың терiсi), олардың етi, майы, қауырсыны мен жүнi, бұғы мүйiзi мен жұпарсу, жабайы жануарлардың өтi, бас сүйектерi, мүйiздерi (табиғи жолмен тасталған немесе мерт болған жануарлардан басқа), жабайы жануарлардың азулары және денесiнiң басқа да бөлiктерi, құстардың және бауырымен жорғалаушылардың жұмыртқалары, сондай-ақ ауланған жабайы жануарлардың өздерi аң аулау өнiмдерi болып танылады.
Тармақ 2. 2. Аң аулау тәртiбi
2. Аң аулау тәртiбi
Тармақ 8
8. Аң аулау жануарлар дүниесiн мемлекеттiк басқаруға уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгiленген тәртiппен беретiн тиiстi рұқсат негiзiнде (бұдан әрi - Рұқсат) жүргiзiледi. Аң аулауға арналған Рұқсаттардың нысандарын, сондай-ақ оларды даярлаудың, есепке алудың, сақтаудың, берудiң, пайдаланудың және олар бойынша есептiлiктiң тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Тармақ 9
9. Аң аулауды жүргiзген кезде аңшыда:
Тармақша 1
1) мемлекеттік бажды төлегенi туралы белгiсi қойылған аңшылық билетi (мемлекеттік баж төлеу аңшылық билетiне желiмделген маркамен және арнайы мөртаңба басумен расталады);
Тармақша 2
2) Рұқсат;
Тармақша 3
3) оқ ататын аң аулау қаруын қолдана отырып аң аулаған кезде - Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының оны сақтау және алып жүру құқығына рұқсаты;
Тармақша 4
4) иттермен және аң аулайтын құстармен аң аулаған кезде - белгiленген тәртiппен берiлетiн оларды тiркеу туралы құжаттар;
Тармақша 5
5) кәсiпшiлiк аң аулаған кезде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығы берiлген заңды немесе жеке тұлғалармен (бұдан әрi - аң аулауды пайдаланушы) жасалған шарт немесе аңшының аңшылық өнiмдерiн өңдеу және сату құқығын куәландыратын құжат болады. Кәсiпшiлiк аң аулаудың ұжымдық (топтық) нысаны кезiнде аң аулауды пайдаланушы Рұқсатты пайдаланғаны үшiн жауапты адамды тағайындайды және аң аулауды жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 10
10. Аң аулау аяқталғаннан кейiн Рұқсатқа аң аулауды пайдаланушының уәкiлеттi тұлғасы аң аулаудың нәтижелерi туралы белгi қояды.
Тармақ 11
11. Мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) жабайы жануарлардың басқа түрлерiн аулауға Рұқсат болған кезде;
Тармақша 2
2) жануарлар дүниесiн қорғауды аң аулауды пайдаланушының уәкiлеттi тұлғасы жүзеге асырған кезде;
Тармақша 3
3) адамның денсаулығына және өмiрiне қауiп төнген, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларына залал келген кезде қасқырларды және шибөрiлердi аулауға Рұқсат талап етiлмейдi.
Тармақ 12
12. Ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын (оғы айналмалы тұтанатын қарудан басқа) қасқыр, шибөрi, түлкi, суыр, аю, бұлан, марал, аскания бұғысын, елiк, қабан, сiбiр тау ешкiсiн, құдыр аулағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Тармақ 13
13. Оғы айналмалы тұтанатын ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруын мамық жүндi ұсақ аңдарды кәсiпшiлiк аулау кезiнде қолдануға рұқсат етiледi.
Тармақ 14
14. Азаматтардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне қауiп төндiретiн iрi жыртқыш жануарларды жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшi негiзiнде уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша аң аулау мерзiмiнен тыс аулауға жол берiледi.
Тармақ 15
15. Рұқсат қолданыста болатын аумақтан тыс жерлерде аң аулайтын иттердi iздегенде және шақырғанда аңшы оғы алынып тасталған және бөлшектелген аңшылық атыс қаруымен болады.
Тармақ 16
16. Рұқсат қолданыста болатын аумақтан тыс жерлерде жараланған жануардың iзiне түсуге және оны олжалауға аң аулайтын жерiнде жаралы жануар жүрген аң аулауды пайдаланушының уәкiлеттi тұлғасының келiсiмiмен жол берiледi.
Тармақ 17
17. Жабайы жануарлар мекендейтiн жерлерде, белгiленбеген мерзiмдерде және аң аулау рұқсат етiлмеген жерлерде аң аулайтын жыртқыш құстармен, оларды қолдана отырып жабайы жануарларды аулауға болатын техникалық құралдармен, аң аулау өнiмдерiмен болуға, сондай-ақ қабынан алынған аңшылық қаруды алып жүруге және тасымалдауға жол берiлмейдi.
Тармақ 18
18. Сақина салынған (таңбаланған) құстарды немесе сүтқоректiлердi аулаған кезде сақинадағы (таңбадағы) жазу, ауланған күнi мен жерi көрсетiлген ақпарат аң аулауды пайдаланушының уәкiлеттi тұлғасына немесе уәкiлеттi органға одан әрi жануарларды таңбалауға тиiстi ғылыми ұйымға жiберу үшiн берiледi.
Тармақ 19
19. Аң аулау: егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулауды пайдаланушыға бекiтiлiп берiлмеген аң аулайтын жерлерде; астық жинау аяқталғанға дейiн ауыл шаруашылық дақылдары егiлген жерлерде; Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiне (заңнамаға сәйкес оларды аулау жағдайларынан басқа); түнде көретiн көздеуiштердi және дыбыссыз атуға арналған құрылғыларды, лазерлiк нысана көрсеткiштi қолдана отырып; жарық беру приборларын қолдана отырып (қасқырды, шибөрiнi, түлкiнi, қарсақты кәсiпшiлiк аулауды қоспағанда); пневматикалық, лақтыратын қаруды қолдана отырып (жануарлар дүниесi объектiлерiн иммобилизациялауға және дәрiлеуге байланысты ғылыми-зерттеу және алдын алу жұмыстарын жүргiзу үшiн садақтар мен арбалеттердi пайдаланудан басқа); сауыт бұзар, өртегiш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолдана отырып; тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған иiр ойықты салмалы (қосалқы) ұңғыны қолдана отырып; апатты жағдайға тап болған және дәрменсiз (дауылдан, су тасқынынан, өрттен, су тоғандары арқылы жүзiп өту кезiнде, мұздақ жағдайында бас сауғалаған, аштықтан тұралаған, жусанды паналаған суда жүзетiн құстар) жабайы жануарларға; өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатрға аңшылық қаруды қолдана отырып; кейiннен iннiң диаметрiн қалпына келтiрiп және шұңқырды көме отырып, аң аулайтын иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жабайы жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдай отырып; құндыз бөгеттерiн бұзумен; бос жерлердi, су бетiндегi өсiмдiктердi жағумен, түбiрiмен қопарумен, басқа да өсiмдiктердi жоюмен; өздiгiнен атылатын қаруды, қысқышты, қаусырманы, қапсырманы, кескiштi, дыбыс шығарғыш электрондық құрылғыларды, тұяқты жануарларға және аюға тұзақ құруды, құлама, қамту орларын, адам байқамайтын айқындаушы белгiлерсiз iрi қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, сүңгi құс желiмiн, түтiн салып шығаруды, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап әкелудi, аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды, қоршап аулауды, таға әдiсiн қолдана отырып; торларды, су құю арқылы iннен шығаруды (уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жабайы жануарларды мекенiн ауыстыру немесе оларды ырықсыз ұстауды қоспағанда) қолдана отырып; жарылғыш құрылғыларды, улы химикаттарды қолдана отырып (уәкiлетті органмен келiсiм бойынша тышқан тектес кемiргiштердi, саршұнақтарды, сұр егеуқұйрықтарды, аламандарды жойған кезде, сондай-ақ басқа да жабайы жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда); Рұқсатта көрсетiлген саннан тыс аң аулау өнiмдерiн олжалау жолымен; әуесқойлық және спорттық мақсаттарда авиа-, авто-, мото-, көлiк құралдарын, оның iшiнде қарда жүретiн техниканы қолдана отырып; двигателi iске қосылған шағын көлемдi кемелердi қолдана отырып; алкоголымен немесе нашақорлықпен мас болу жағдайында жүргiзiлмейді.
Тармақ 3. 3. Аң аулауды жүргiзу мерзiмдерi
3. Аң аулауды жүргiзу мерзiмдерi
Тармақ 20
20. Жабайы жануарлардың популяциясын сақтау, олардың өсiмiн молайтуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және барынша көп шаруашылық пайда табу мақсатында Қазақстан Республикасында осы Ережеге қосымшаға сәйкес аң аулау мерзiмдерi белгiленедi.
Тармақ 4. 4. Аң аулау ережесiнiң сақталуын бақылау органдары және оларды бұзғаны үшiн жауаптылық
4. Аң аулау ережесiнiң сақталуын бақылау органдары және оларды бұзғаны үшiн жауаптылық
Тармақ 21
21. Осы Ереженiң сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган, iшкi iстер органдары және аң аулауды пайдаланушылар жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Осы Ереженi бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк, азаматтық-құқықтық немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Басқа 41. Жабайы жануарларды аулаудың мерзiмдерi
Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесiне қосымша Жабайы жануарларды аулаудың мерзiмдерi Жануарлардың түрлерi             Аң аулау мерзiмдерi Борсық                      20 тамыздан 31 желтоқсанға дейiн Қоңыр аю (тяньшань аюынан   1 қыркүйек - 30 қараша аралығында
Тармақша басқасы
басқасы) Кәдiмгi тиiн                20 қазан - 15 ақпан аралығында Марал                       1 қыркүйек - 30 қараша аралығында Аскания бұғысы              1 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында Жанат тектес ит, Қарсақ,    1 қараша - 15 ақпан аралығында Түлкi, Бұлғын, Құну, Сарғыш күзен, Ақ қалақ, Ақкiс, Сары күзен, Сасық күзен, Американ су күзенi, Кәмшат (ортаазиялықтан
Тармақша басқасы
басқасы), Сiлеусiн (түркiстандықтан
Тармақша басқасы
басқасы), Жанат, Құм қоян, Ақ қоян, Ор қоян Зорман                      Ұйқыдан шыққаннан - 30 сәуiр аралығында Қабан                       1 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында Құдыр                       1 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында Бұлан                       1 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында Ондатр                      1 қазан - 15 ақпан аралығында Құндыз                      15 қазан - 31 желтоқсан аралығында Ciбip тау ешкiсi            1 қыркүйек - 30 қараша аралығында, аталығына 15 шiлдеден бастап Ciбip елiгi                 1 қыркүйек - 30 қараша аралығында, аталығына 15 шiлдеден бастап Суыр (ұзын құйрықты немесе  1 шiлдеден бастап ұйқыға қызыл, сұр немесе           жатқанына дейiн алтайлық-тяньшандық) Суыр (боз суыр немесе дала  15 маусымнан бастап ұйқыға
Тармақша суыры
суыры)                      жатқанына дейiн Маймаққаз (қара жемсаулы    20 тамыз -15 желтоқсан аралығында және қызыл жемсаулы), Қаз (ақмаңдайлы, қырманқаз, аталық үйректердi көктемгi аулауға
Тармақша сұр
сұр), Қарашақаз, үйрек      15 күнтiзбелiк күннен асырмай (барылдауық, отүйрек,       1 наурыз - 10 мамыр аралығындағы сарыалақаз, қырылдақ        кезеңде рұқсат етiледi шүрегей, ысылдақ шүрегей, даурықпа шүрегей, бозүйрек, сарыайдар үйрек, қыл құйрық, жалпақ тұмсық, қызылтұмсық сүңгуір, қызылбас сүңгуір, көк сүңгуір, айдарсыз сүңгуір, айдарлы сүңгуір, ұшқыр үйрек, сусылдақ, қара тұрпан, айдарлы үйрек, секпiлтас бейнарық, бейнарық, кiшi бейнарық), Қасқалдақ Шiл (аққұр, тундралық,      1 қыркүйек - 15 қараша аралығында сұр шiл)                    (аң аулайтын иттердiң тұқымымен 15 тамыздан бастап) Шiл (дала шiлi, сақалды     15 қыркүйек - 30 қарашa
Тармақша шiл
шiл), Кекiлiк               аралығында (аң аулайтын иттердiң тұқымымен 1 қыркүйектен бастап) Саңырау құр                 1 қазан - 30 қараша аралығында аталықтарын көктемгi аулауға 15 күнтiзбелiк күннен асырмай 1 наурыз - 10 мамыр аралығындағы кезеңде рұқсат етiледi Құр, Жылқышы                1 қыркүйек - 30 қараша аралығында аталықтарын көктемгi аулауға 15 күнтiзбелiк күннен асырмай 1 наурыз - 10 мамыр аралығындағы кезеңде рұқсат етiледi, оңтүстiк аймақта көктемгi аң аулау 30 сәуiрден кешіктірiлмей аяқталады Бөдене, Кептер (дыркептер,  20 тамыз - 30 қараша аралығында түзкептер, көк кептер,      (аң аулайтын иттердiң тұқымымен құз кептер), Түпкептер      бөдене аулау 15 шiлдеден бастап, (кәдімгі, үлкен)            ұшып кеткенге дейiн, Шалшықшы (қызғыш, күжiркей, шалшықшыларды аулау 15 наурыз - шаушалшық, тауқұдiрет,      10 мамыр аралығында) ауылдық тауқұдiретi, маңқы, тау маңқысы, орман маңқысы, үлкен шалшықшы, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кiшi
Тармақша шырғалақ
шырғалақ) Гималай ұлары               1 қазан - 31 желтоқсан аралығында Сұр құр                     1 қыркүйек - 31 желтоқсан аралығында Қырғауыл                    15 қазан - 31 желтоқсан аралығында (аң аулайтын иттердiң тұқымымен 1 қазаннан бастап)