Об утверждении Правил благоустройства, санитарной очистки территорий, содержания и защиты зеленых насаждений в населенных пунктах Карасуского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасу ауданының елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл көшеттердi күтiп ұстау және қорғау Ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 300, 387-баптарына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Қарасу ауданының елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл көшеттердi күтiп ұстау және қорғау ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы ереженiң орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың басқару, экономика қаржы, ауылды дамыту және экология мәселелерi бойынша тұрақты комиссияға жүктелсiн.
Басқа 3. Қарасу ауданының аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережесi
Қарасу аудандық мәслихатының 2003 жылғы 19 маусымдағы № 135 шешiмiне қосымша Қарасу ауданының аумақтарын абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау ережесi Осы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес әзiрлендi, абаттандыру, күтiп ұстау, қорғау және оның элементтерiн пайдалану тәртiбiн, тазалықты күту, аумақтары және көшелердi тазалау, жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау тәртiбiн Қарасу ауданының елдi мекендерiнде, сондай-ақ осы мәселеде заңды тұлғалар мен жеке адамдардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Меншiк нысандарына және ұйымдастыру-құқық нысандарына қарамастан кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымдық тұлғалар және азаматтар ауданның аумағында абаттандыру ережелерiн сақтауға, тиiстi тазалықты және тәртiптi қамтамасыз етуге ғимараттар мен имараттардың түзеу күйiн қуаттауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Осы Ереже негiзiмен санитарлық күтiп ұстау мен сыртқы аббаттандыру жөнiндегi аумақтардың учаскелерi заңды тұлғалар мен жеке адамдарға орнықтырылады.
Тармақ 3
3. Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың басшылары, жеке көлiктiң жүргiзушiлерi көшелерге автокөлiктердi шығаруды, тек қана санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауымен сәйкес қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Жол үстiн кiрлетудi, сондай-ақ сыртқы механикалық бүлiнудi тудыратын санитарлық, гигиеналық және экологиялық талаптарға жауап бермейтiн автокөлiктердi және басқа механикалық құралдарды пайдалануға және кiруге тыйымдалынады.
Тармақ 5
5. Жүк автокөлiктер құралдарының иелерi сусымалы және басқа жүктердi тасымалдағанда жол үстiн кiрлетудi келтiруi мүмкiн, сондықтан осы көлiктердi артқы ернеулермен және жабылатын тентпен жарақтандыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 6
6. Көгалдарға, тынымбақтарға және басқа жасыл желектердiң орындарына, жалпы пайдалану жерлерiне, тұрғын үйлерге, дүкендерге, дәрiханаларға, базарларға, қызметтiк ғимараттарға көлiктердiң құралдарына кiру мен тұруға тыйым салынады.
Тармақ 7
7. Тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк және басқа ғимараттар мен имараттардың иелерi көшелердiң көрсеткiштерiн және нөмірлiк белгiлерiн түзеу күйде ұстауға мiндеттi.
Тармақ 8
8. Меншiктiң барлық нысандарының заңды тұлғалар кiрерде заңды тұлғаның атауын мемлекеттiк және орыс тiлде бар болуын және олардың тиiстi күйде қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тарау 2. 2. Жасыл желектердiң күтiп ұстаудың тәртiбi
2. Жасыл желектердiң күтiп ұстаудың тәртiбi
Тармақ 9
9. Тынымбақтардың, көгалдардың және саябақтардың, басқа жасыл шаруашылықтың нысаналарының ағымдағы ұстауын заңды тұлғаларға және жеке адамдарға бекiтiлген аумақтары жүктеледi.
Тармақ 9-1
9-1. Бекітілген орындардан тыс хабарландыруларды, жарнамаларды, үндеулерді жапсыруға, сондай-ақ көшенің жүргінші бөлігін, құрылыстан бос аймақтарды және басқа да жалпы пайдаланатын орындарды қоқыстың әр түрлі түрлетімен, соның ішінде үндеулермен, үгіттік материалдырымен ластануға жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Жер пайдаланушылар өзiне берiлген аумақтағы жасыл желектердi қорғап және олардың жаңғыртуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 11
11. Жасыл желектердiң алынуы мен қайта отырғызуы құрылысшылардың күштерiмен және құралдарымен өндiрiледi.
Тармақ 12
12. Жасыл желектердiң алынғандардың орнын қалпына келтiруiн, сондай-ақ ғимараттарды, имараттарды немесе құрылыс жөндеу жасап жатқан ұйымға жүктеледi.
Тармақ 13
13. Заңды тұлғалар және жеке адамдар жұмыстарды жасаған кезде жасыл желектердi зақымданудан қоршауға мiндеттi.
Тармақ 14
14. Мыналарды:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарды, жерлердi, отынды, көмiрдi және басқа заттарды қоймалауға. Көгалдарды, көшеттердi ластатуға;
Тармақша 2
2) көгалдарда жүру, ағаштарды, бұталарды сындыру мен кесу, басқа механикалық зақымдануды келтiруге;
Тармақша 3
3) тынымбақтарда, аллеяларда, қалқа орман алқаптарда, өзендердiң, табиғи және жасанды суқоймаларының жағаларында өсiп тұрған ағаштарды жаппай кесуге;
Тармақша 4
4) ауылшаруашылықтық малдарын елдi мекендердiң шегiнде, жасыл желектердiң аумақтарында бағуға тыйым салынады.
Тармақ 15
15. Жеке аулада ауылшаруашылықтық малдары бар азаматтар жасыл желектердi таптауды келтiрмеу үшiн жазғы мезгiлде оларды қоғамдық табында, қысқы уақытта албарда немесе байлауда ұстауға мiндеттi.
Тарау 3. 3. Осы ереженi бұзған үшiн жауапкершiлiк
3. Осы ереженi бұзған үшiн жауапкершiлiк
Тармақ 16
16. Осы ереженi бұзғанға кiнәлiлер заңды тұлғалар мен жеке адамдар «Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 300, 387-баптарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылынады.