О координационно-методическом совете по правовой пропаганде и правовому всеобучу акимата Костанайской области Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөнідегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі туралы ұсынылып отырған ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Кеңестің жеке құрамы заңнамамен белгіленген тәртіпте облыстық маслихаттың бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппаратының басшысы А.В. Твердохлебовке жүктелсін.
Басқа 5. Қостанай облысы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің ережесі
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
1 шілдедегі 2003 ж. № 165
қаулысымен бекітілген
Қостанай облысы әкімиятының құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесінің ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының құқықтық насихат және құкықтық жалпы оқыту жөнідегі үйлестіру-әдістемелік кеңес (бұдан әрі - Кеңес) облыстың атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері, ұйымдары қызметін кұқықтық білім насихаты және құқықтық жалпы оқыту жөнінде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес Қостанай облысы әкімиятының жанында құрылады.
Тармақ 3
3. Кеңестің төрағасы облыс әкімі аппаратының басшысы болып табылады.
Тармақ 4
4. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
2. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 5
5. Кеңестің негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) азаматтардың құқықтық білімінің деңгейін жоғарлату, бұл жұмысқа кәсіби заңгерлерді тарту;
Тармақша 2
2) халықтың құқықтық мәдениетін жоғарлату;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің құқықтық жұмысын үйлестіру.
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) облыстың атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері, ары қызметін құқықтық білім насихаты және құқықтық жалпы оқыту е ведомстоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) құқықтық білім насихаты және құқықтық жалпы оқыту жөнінде облыстың атқарушы органдарының, мемлекеттік мекемелерінің, ұйымдарының жұмысын талдау;
Тармақша 3
3) құқықтық білім насихаты және құқықтық жалпы оқыту жөнінде облыстың атқарушы органдарына, мемлекеттік мекемелеріне, ұйымдарына ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 4
4) оң тәжірибе тарату, құқықтық тәрбие беру жұмысын жетілдіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық әзірлеу, азаматтарды құқықтық
тәрбиелеудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметтерінің түрлері
3. Кеңес қызметтерінің түрлері
Тармақ 7
7. Кеңес жұмысының негізгі түрлері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өзара ақпарат алмастыру;
Тармақша 2
2) құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту мәселелеріндегі жұмыстың жағдайын бірлесіп талқылау;
Тармақша 3
3) облыстың атқарушы органдарымен, ұйымдарымен бірлескен іс-шараларды (дөңгелек столдар, дискуссиялар, кездесулер, семинарлар, дәрістер) ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 4
4) құқықтық білім «күндерін», «аптасын», «айлығын» өткізу;
Тармақша 5
5) құқықтық жалпы оқыту және құқықтық жұмыстың жақсы ұйымдастырылуына арналған конкурстың шартын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 6
6) халықты құқықтық насихаттау және құқықтық тәрбие беру мәселелері жөнінде ғылыми іс-тәжірибелік конференциялар өткізу.
Тармақ 8
8. Кеңес қабылдаған барлық шешімдері, ұсыныстары және құжаттары ведомстволарға, қоғамдық ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберіледі.
Тарау 4. 4. Кеңестің функциялары
4. Кеңестің функциялары
Тармақ 9
9. Кеңес келесі функңияларды жұзеге асырады:
Тармақша 1
1) облыстың мемлекеттік кәсіпорындарында, мекемелерінде, құқықтық білім және құқықтық жалпы оқытуды насихаттау жөніндегі жұмыстың жағдайымен танысады, осы мәселелер бойынша олардың басшыларының ақпаратын тыңдайды, құқықтық тәрбие беру және құқықтық жалпы оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру жөнінде қажетті ұсыныстар, қорытындылар және ұсынымдар әзірлейді, жүзеге асыруда көмек көрсетеді;
Тармақша 2
2) облыстың атқарушы органдары, мемлекеттік мекемелері, ұйымдарының дәрістік бағдарламаларының тақырыптық бағыттарын және кәсіби мазмұнын талдайды;
Тармақша 3
3) облыстың атқарушы органдарына, мемлекеттік мекемелеріне, ұйымдарына тақырыптық жоспарларды әзірлеуде және құқықтық тақырыптарға арналған материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында басуда іс-тәжірибелік көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) Кеңестің құзыретіне жататын басқа функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 10
10. Кеңес жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жұмыс атқарады. Кеңестің отырысы тоқсанда бір рет өткізіледі.
Тармақ 11
11. Отырыс төраға басшылығымен немесе оның тапсырысы бойынша кеңестің бір мүшесі басшылық етумен өткізіледі.
Тармақ 12
12. Отырыс кеңес мүшелерінің жартысынан аса мүшелері қатысуында ғана заңды деп есептеледі.
Тармақ 13
13. Талқылаудың қорытындылары мен қабылданған ұсыныстар кеңестің отырысынан кейін 2 күн ішінде ресімделетін хаттамаға енгізіледі. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды және жүзеге асыру үшін оның мүшелеріне барлық қажетті құжаттар қоса беріліп таратылады.
Тармақ 14
14. Кеңес өз жұмысына құқық қорғау органдарының, заң қызметтерінің қызметкерлерін, жергілікті атқару органдардың басшыларын тартуға және шешімдерді, жоспарлы іс-шараларды орындау жөнінде ұсыныстар беруге құқылы.