Об утверждении Правил оказания социальной помощи отдельным категориям граждан Қолданыста
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерін бекiту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк қорғау мақсатында Қарасу аудандық әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету Ережесi бекiтiлсiн (қосымша).
Тармақ 2
2. «Қарасу аудандық қаржы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне (Мамаев Т.К) «Жергiлiктi өкiлеттiк органдарының шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» бағдарламаны қаржыландыруы ауданның бюджетiнде қарастырылған қаражаттардың шегiнде қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкiмiнiң орынбасарына Н.Қ. Нөгербековке жүктелсiн.
Басқа 4. Азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтiк көмек көрсету Ережесi
Қостанай облысы Қарасу
аудандық әкiмиятының
2003 жылғы 30 маусымдағы
№ 113 қаулысына
қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтiк көмек көрсету Ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже ауданның бюджетiнде қарастырылған қаражаттар есебiнен азаматтардың жекелеген санаттарына және әлеуметтiк қолдауды мұқтаж ететiн отбасыларына әлеуметтiк көмектi тағайындауды реттейдi.
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк көмектi көрсету үшiн қазiргi бекiтiлген Ереже негiзiмен аудан бюджеттен қаражаттар есебiнен ақшалай түрде берiлетiн әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiнде аудандық комиссия (бұдан әрi комиссия) құрылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк көмек төмендегi түрде берiледi:
Тармақша 1
1) шұғыл әлеуметтiк қолдауды қажет ететiн отбасыларға бiржолғы төлемдер (емделу, тұрмыстық мұқтаждықтар, жеке куәлiктi алуға кететiн шығындар, коммуналдық қызметтер және тағы басқалар);
Тармақша 2
2) азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелiк күндерге бiржолғы әлеуметтiк көмек;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне тұрмыстық мұқтаждықтарына әлеуметтiк көмек;
Тармақша 4
4) тегiн тамақтандыру;
Тармақша 5
5) қарттар Күнiне бiржолғы әлеуметтiк көмек;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына және мүгедектерiне «Костанайские новости» немесе «Қостанай таңы» газеттерiне жазылуын ресiмдеуге әлеуметтiк көмек көрсету;
Тармақша 7
7) мерейтойға әлеуметтiк көмек көрсету;
Тармақша 8
8) «Кадрлар» аудандық басқармасының шеңберiнде табысы аз отбасылардың жастарын жоғары оқу мекемелерiнде оқыту.
Тармақ 4
4. 3-тармақтың 2, 5, 7) тармақшаларында көрсетiлген төлемдерден басқа әлеуметтiк көмектiң барлық түрлерi өтiнiш нысанында қарастырылады.
Тарау 2. 2. Шұғыл әлеуметтiк көмектi көрсетудi
мұқтаж ететiн отбасыларына бiржолғы
әлеуметтiк көмек
2. Шұғыл әлеуметтiк көмектi көрсетудi
мұқтаж ететiн отбасыларына бiржолғы
әлеуметтiк көмек
Тармақ 5
5. Ауданның аумағында тұрақты тұратын адамдары әлеуметтiк себептерi бойынша тiршiлiк етуге қаражатсыз қалғандар немесе ортажандық табысымен кедейлiк шегiнен төмен, отбасы құрамында жұмыс iстемейтiн отбасының мүшелерi, соның iшiнде зейнеткерлерi мен мүгедектерi, кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар, жұмыспен қамту сауалдары жөнiндегi уәкiлеттi органда ресми түрде тiркелген жұмыссыздар, туберкулезбен ауыратын адамдар, жалғызiлiктiлер мен жалғыз басты зейнеткерлер бiржолғы әлеуметтiк көмектi алушылар болып табылады.
Тармақ 6
6. Шұғыл әлеуметтiк қолдауды мұқтаж ететiн отбасыларға бiржолғы әлеуметтiк көмек жылына бiр рет 10000 теңгеге дейiн мөлшерде, ерекше жағдайларда емделуге екi реттен артық емес берiледi.
Тармақ 7
7. Әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн мынадай құжаттар қажет:
әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы өтiнiш;
тұрғылықты жерi мен отбасының құрамы туралы анықтама;
өткен тоқсандағы отбасының табысын растайтын құжаттар;
емделуге және коммуналдық қызметтерге көмектi көрсетуге арналған-медициналық мекеменiң, коммуналдық және қызметтер көрсету ұйымдарының анықтамалары.
Тарау 3. 3. Азаматтардың жекелеген санаттарына
мерекелiк күндерiне бiржолғы әлеуметтiк көмек
3. Азаматтардың жекелеген санаттарына
мерекелiк күндерiне бiржолғы әлеуметтiк көмек
Тармақ 8
8. Мерекелiк күндерiне бiржолғы әлеуметтiк көмек азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына:
Жеңiс Күнiне:
Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне үш мың теңгеден;
Қаза болған жауынгерлердiң жесiр әйелдерiне, Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер және кепiлдiктер бойынша қайсарлық, еңбек етiп және мiнсiз әскери қызмет үшiн ҚСР Одағының ордендерi мен медальдармен марапатталғандарына бес жүз теңгеден берiледi.
Тармақ 9
9. Осы түрлерге бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсетiлуi аудандық Ардагерлер Кеңесiмен, ауыл мен ауылдық округтардың өкiмдерiмен аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына ұсынған тиiстi құжаттардың тiзiмдерi негiзiмен жүзеге асырылады және әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясының хаттамасымен бекiтiледi.
Тарау 4. 4. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен
мүгедектерiне тұрмыстық мұқтаждықтарына
әлеуметтiк көмек
4. Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен
мүгедектерiне тұрмыстық мұқтаждықтарына
әлеуметтiк көмек
Тармақ 10
10. Әлеуметтiк көмектi тағайындау барысында мынадай құжаттар қажет:
өтiнiш;
Ұлы Отан Соғысының қатысушының немесе мүгедектiң куәлiгi (көшiрме).
Тармақ 11
11. Әлеуметтiк көмектiң аударуы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргiзiледi.
Тармақ 12
12. Әлеуметтiк көмек ай сайын 230 теңге мөлшерiнде берiледi.
Тарау 5. 5. Тегiн тамақтандыру
5. Тегiн тамақтандыру
Тармақ 13
13. Әлеуметтiк себептерi бойынша тiршiлiк етуге қаражатсыз қалғандарға немесе ортажандық табысымен кедейлiк шегiнен төмен ауданның азаматтарға отбасы құрамында жұмыс iстемейтiн отбасының мүшелерiне, соның iшiнде зейнеткерлерi мен мүгедектерге, кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға, жұмыспен қамту сауалдары жөнiндегi уәкiлеттi органда ресми түрде тiркелген жұмыссыздарға ең төменгi зейнетақының мөлшерiмен өмiр сүретiн, жалғызiлiктiлер мен жалғыз басты зейнеткерлерге тегiн тамақтануға құқығы бар.
Тармақ 14
14. Алушылардың тiзiмi әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясының шешiмiмен бекiтiледi.
Тармақ 15
15. Тегiн тамақтандыруға жолдауды алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
өтiнiш;
тұрғылықты жерi мен отбасының құрамы туралы анықтама;
өткен тоқсандағы отбасының табысын растайтын құжаттар.
Тармақ 16
16. Тегiн тамақтандыру нанды беру түрде берiледi.
Тарау 6. 6. Қарттар Күнiне бiржолғы әлеуметтiк көмек
6. Қарттар Күнiне бiржолғы әлеуметтiк көмек
Тармақ 17
17. Қарттар Күнiне материалдық көмектi мұқтаж ететiн зейнеткерлерге, жалғыз басты қартайған азаматтарға, сондай-ақ аудан бюджетiнiң есебiнен тұратын ұйымдардан зейнеткерлерге 500 теңге мөлшерiнде бөлiнедi.
Тармақ 18
18. Осы түрлерге бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсетiлуi аудандық Ардагерлер Кеңесiмен, ауыл мен ауылдық округтардың әкiмдерiмен аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына ұсынған тиiстi құжаттардың тiзiмдерi негiзiмен жүзеге асырылады және әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясының хаттамасымен бекiтiледi.
Тарау 7. 7. Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына және мүгедектерiне
«Костанайские новости» немесе «Қостанай таңы»
газеттерiне жазылуын ресiмдеуге
әлеуметтiк көмек көрсету
7. Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына және мүгедектерiне
«Костанайские новости» немесе «Қостанай таңы»
газеттерiне жазылуын ресiмдеуге
әлеуметтiк көмек көрсету
Тармақ 19
19. Аудандық Ардагерлер Кеңесi Ұлы Отан Соғысының қатысушылардың және мүгедектердiң тiзiмдерiн еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына газеттердiң жазылуын ресiмдеуiне әлеуметтiк көмек көрсету үшiн бередi.
Тармақ 20
20. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы тiзiмдердi әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясының қарауына бередi.
Тармақ 21
21. Әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясы Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына және мүгедектерiне газеттерге жазылуына әлеуметтiк көмектi көрсету үшiн он күндiк мерзiмде қарастырады. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясының шешiмi негiзiмен газеттерге жазылуына әлеуметтiк көмек тағайындалғандардың тiзiмдерiн құрастырады және аудандық қаржы басқармасына қаржыландыруға өтiнiм ұсынады. «Қазақстан Республикасының бюджет шығындарының экономикалық топтастыру ерекшелiгi» құрылымына сәйкес жазылуға бөлiнген қаражаттар ұйымдарға аударылады.
Тарау 8. 8. Мерейтойға әлеуметтiк көмек көрсету
8. Мерейтойға әлеуметтiк көмек көрсету
Тармақ 22
22. Аудандық Ардагерлер Кеңесi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына Ұлы Отан Соғысының және еңбектiң Ардагерлерiнiң мерейтойымен байланысты әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясының қарауына бередi.
Тармақ 23
23. Әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясы тiзiмдердi қарастырады және жалпы еңбек стажына және ауданның экономикасын даму салымына байланысты 3000 теңгеден 10000 теңгеге дейiн мөлшерде мерейгерлерге әлеуметтiк көмектi көрсету сомасын анықтайды.
Тармақ 24
24. Мерейгерлерге әлеуметтiк көмектiң төлеуi жергiлiктi бюджеттiң қаражаттар есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 25
25. Әлеуметтiк көмектi тағайындауды дәлелдеген бас тартқан жағдайда Ардагерлер Кеңесiне бұл туралы жазбаша хабарланады.
Тармақ 26
26. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясының шешiмi негiзiмен мерейтойға әлеуметтiк көмектi тағайындалған азаматтардың тiзiмдерiн мадақтау сомаларын көрсетуiмен құрайды және аудандық қаржы басқармасына қаржыландыруға қолдаухатты ұсынады.
Тармақ 27
27. Мерейтойға әлеуметтiк көмектiң төлеуi аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының берген тiзiмдерi бойынша банк арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 9. 9. «Кадрлар» аудандық басқармасының шеңберiнде табысы
аз отбасылардың жастарын жоғары оқу мекемелерiнде оқыту
9. «Кадрлар» аудандық басқармасының шеңберiнде табысы
аз отбасылардың жастарын жоғары оқу мекемелерiнде оқыту
Тармақ 28
28. Табысы аз отбасылардың жас азаматтары ауданға аса қажет мамандықтарына жоғары оқу мекемелерiне (бұдан әрi ЖОМ) түскендерге ЖОМ-де оқуына әлеуметтiк көмек көрсетiледi. Әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясы өтiнiштердi қарайды және тексеру актi отбасының табысын растайтын құжаттары, тұрғылықты жерi мен отбасының табысын растайтын анықтамалары негiзiмен ЖОМ-де оқу үшiн әлеуметтiк көмектi алушылардың тiзiмдерiн анықтайды. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясының хаттамасы негiзiмен әлеуметтiк көмектi алған студенттердiң тiзiмдерiн даярлайды және аудандық қаржы басқармасына қаржыландыруға қолдаухатты ұсынады. Төлем жергiлiктi бюджеттiң қаражаттар есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 29
29. Әлеуметтiк көмектiң төлеуi аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының берген тiзiмдерi бойынша жеке есепшотқа аудару үшiн банк арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 10. 10. Әлеуметтiк көмектi тағайындау мен төлеу тәртiбi
10. Әлеуметтiк көмектi тағайындау мен төлеу тәртiбi
Тармақ 30
30. «Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер» бағдарламасының әкiмгерi Қарасу аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы болып табылады.
Тармақ 31
31. Өтiнiштер мен басқа құжаттар ауылдық округтарына берiлгеннен соң, оның қызметкерлерi өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайын тексеру актiсiн даярлайды. Барлық құжаттар 3-тармағының 4) тармақшасынан басқа әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясы қарайды.
Тармақ 32
32. Қарасу ауданның бюджетi әлеуметтiк көмектi көрсетудiң қаржыландыру көзi болып табылады.
Тармақ 33
33. Әлеуметтiк көмектi бөлу (бас тарту) туралы шешiмiн қабылдайтын әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясының шешiмi әлеуметтiк көмектi төлеуге негiз болып табылады.
Тармақ 34
34. Әлеуметтiк көмектi алушылардың тiзiмдерi әлеуметтiк көмектi көрсету жөнiндегi аудандық комиссиясының шешiмi негiзiмен жасалады және қойылған заңдар тәртiбiмен конкурсты тып алған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң тиiстi операциялардың түрлерiне лицензиясы бар ұйымдарға берiледi.