Об утверждении Правил формирования кадрового резерва, требований к квалификации сотрудников, зачисляемых в кадровый резерв, и работы с ведомственным банком данных сотрудников, зачисленных в кадровый резерв оперативно-следственных подразделений органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 34-бабының 10-тармағына Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 6 Бұйрыққа 1 қосымша Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары
Бөлім 8. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 34-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Бөлім 2. 2-бөлім. Кадр резервін қалыптастыру тәртібі
2-бөлім. Кадр резервін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 2
2. ЭТҚ кадр резерві аттестаттау нәтижелері бойынша одан әрі басшы лауазымдарға немесе үлкен көлемді жұмысқа ұсынылатын қызметкерлер қатарынан, сондай-ақ ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсеткен және қызметтік міндеттерін не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ерекше көзге түскен тұлғалар қатарынан бос басшы лауазымдарға орналастыру үшін жоспарлы негізде қалыптастырылады.
Тармақ 3
3. Кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеу үш жылда бір рет жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеу кезінде келесі талаптар ескеріледі:
Тармақша 1
1) ұсынылып отырған лауазымға орналасу үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі;
Тармақша 2
2) қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;
Тармақша 3
3) қызметкердің қызметін бағалау нәтижелері;
Тармақша 4
4) ұсынылып отырған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіби даярлық пен жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 5
5) тиісті басшылар санатының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;
Тармақша 6
6) кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру нәтижелері;
Тармақша 7
7) тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазалардың болуы;
Тармақша 8
8) тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазаларының болмауы;
Тармақ 5
5. Қызметкердің кадр резервіне алынуы оның өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Кадр резервіне кандидаттарды сапалы іріктеу және алу туралы ұсынымды дайындау мақсатында кадр резервіне алу немесе одан шығару жөніндегі комиссия құрылады.
Тармақ 7
7. Комиссия отырысы кадр резервіне алу үшін ұсынымдардың және аттестаттау комиссиясы шешімдерінің келіп түсуіне қарай өткізіледі.
Тармақ 8
8. Кадр қызметі, кандидаттарды кадр резервіне алу үшін келіп түскен материалдарды біліктілік талаптарына сәйкестігіне қарай тексеріп, отырысты өткізгенге дейін кем дегенде күнтізбелік он күн қалғанға дейінгі мерзімде оларды қарастыру үшін комиссияға жолдайды.
Тармақ 9
9. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және бұл шешімге отырысқа қатысқан комиссия мүшелері санынан басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы дауыс берген шешім, қабылданды деп саналады. Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ. Комиссия шешімі комиссияның барлық мүшелері, оның отырысына қатысушылар және хатшы қол қоятын хаттамамен рәсімделеді.
Тармақ 10
10. Лауазымдардың тиісті санаттары бойынша кадр резервінің тізімі осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Агенттік төрағасының немесе аумақтық қаржылық мониторинг органдары басшыларының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 11
11. Мынадай жағдайларда қызметкерлер кадр резервіне алынбайды:
Тармақша 1
1) қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін;
Тармақша 2
2) алынбаған тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазасы болғанда;
Тармақша 3
3) қайта аттестаттаудан өту кезінде атқарып отырған лауазымға сәйкестігі туралы мәселені шешкенге дейін;
Тармақша 4
4) қылмыстық істі ақтау негіздері бойынша қысқартқанға дейін;
Тармақша 5
5) ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін;
Тармақша 6
6) қызметтік тергеп-тексеру аяқталғанға дейін.
Бөлім 3. 3-бөлім. Кадр резервінен шығару
3-бөлім. Кадр резервінен шығару
Тармақ 12
12. Кадр резервінен шығарудың негіздемелері болып табылады:
Тармақша 1
1) қызметкердің бос басшы лауазымына орналасуы;
Тармақша 2
2) кадр резервінде болу мерзімінің өтуі;
Тармақша 3
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін қызметкерге, сондай-ақ қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату немесе біліктілік сыныбында бір сатыға төмендеу түрінде тәртіптік жаза салынғанда;
Тармақша 4
4) қызметкердің бұдан әрі қызмет өткеруі үшін басқа құқық қорғау органына іссапарға жіберілуі;
Тармақша 5
5) қызметтен кетуі.
Тармақ 13
13. Кадр қызметі қызметкерлерді бұйрық шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кадр резервінен шығарылғаны туралы шешіммен таныстырады.
Тармақ 14
14. Қызметкер оның кадр резервінен шығарылғаны туралы шешіммен келіспеген жағдайда осы шешімге жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
Бөлім 4. 4-бөлім. Кадр резервіне алынған ЭТҚ қызметкерлерінің ведомстволық деректер банкімен жұмыс тәртібі
4-бөлім. Кадр резервіне алынған ЭТҚ қызметкерлерінің ведомстволық деректер банкімен жұмыс тәртібі
Тармақ 15
15. Кадр қызметі қалыптастырылған ведомстволық деректер банкі арқылы кадр резервіне алынған немесе одан шығарылған қызметкерлердің есебін жүргізеді.
Тармақ 16
16. Ведомстволық деректер банкі есептеу техника құралдарын пайдаланумен автоматтандырылған ақпараттық жүйелер негізінде, сондай-ақ қағаз және электрондық тасымалдағыштарда құжаттамалық материалдарды жинақтау жолымен қызмет етеді.
Тармақ 17
17. Кадр қызметі ведомстволық деректер банкін комиссияның әрбір отырысынан кейін жаңартады.
Тармақ 18
18. Мәліметтер ведомстволық деректер банкіне кадр резервіне алынған қызметкерлер тізімі негізінде, ол бекітілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде енгізіледі.
Басқа 1.1. Жеке және іскерлік қасиеттері мен қызметтік әрекетінің нәтижелерін зерделеу және бағалау негізінде қызметтік міндеттерін не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ерекшеленген қызметкерлерді Агенттік төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарының, департамент директорларының, дербес басқармаларының және аумақтық орган басшыларының кадр резервіне алу үшін
Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Жеке және іскерлік қасиеттері мен қызметтік әрекетінің нәтижелерін зерделеу және бағалау негізінде қызметтік міндеттерін не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ерекшеленген қызметкерлерді Агенттік төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарының, департамент директорларының, дербес басқармаларының және аумақтық орган басшыларының кадр резервіне алу үшін ҰСЫНЫМ 1. Аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі _______________________ 2. Туған күні, айы, жылы және жері ________________________________ 3. Жынысы _____________________________________________________ 4. Ұлты ________________________________________________________ 5. Білімі, мамандығы, біліктілігі __________________________________ 6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _______________________________ 7. Лауазымы, тағайындалған күні ________________________________ 8. Бар біліктілік сыныбы, оны белгілеу туралы бұйрықтың күні және нөмірі, есептеу күні ___________________________________________________ 9. Қызметкердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, сондай-ақ қызметтік жұмысының сандық өлшемді көрсеткіштерін көрсете отырып, қысқаша мінездемесі: ______________________________________________________________ 10. ___________________________________________________________ лауазымға кадр резервіне алынуға ұсынылады. Кадр резервіне алу мүмкіндігін болдырмайтын негіздемелер жоқ (қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін, алынбаған тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазасы болғанда, қайта аттестаттаудан өту кезінде атқарып отырған лауазымға сәйкестігі туралы мәселені шешкенге дейін, ақталатын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқартқанға дейін, ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін, қызметтік тергеу аяқталғанға дейін қызметкерлер кадр резервіне алынбайды) _______________________________________________ _______________ (басшының лауазымы, қолы, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі) _______________________________________________ _______________ (ішкі қауіпсіздік бөлімшесі басшының лауазымы, қолы, аты әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі) 202__ж. «___» _____________
Басқа 1.2. Кадр резервіне алынған қызметкерлердің тізімі
Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне алынған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларына 2-қосымша Нысан «Бекітемін» _____________________ _____________________ (тізімді бекітетін тұлғаның лауазымы, тегі (ол болған кезде), аты-жөні және қолы, күні) Кадр резервіне алынған қызметкерлердің тізімі № р/с Бас­шы ла­у­а­зым­ның ата­уы Ре­зерв­те­гі тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Ат­қа­рып отыр­ған ла­у­а­зы­мы Ту­ған кү­ні, айы, жы­лы Бі­лік­ті­лік сы­ны­бы Ат­қа­рып отыр­ған ла­у­а­зым­да­ғы өті­лі Құқық қор­ғау ор­ган­да­рын­да­ғы өті­лі Ла­у­а­зым­ға та­ғай­ын­дал­ға­ны неме­се кадр ре­зер­ві­нен шы­ға­ры­л­ға­ны ту­ра­лы бел­гі және негіз­де­ме 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Қолы _____________________________________________ (тізімді жасаған тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні және қолы)
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Председатель Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу от 6 января 2022 года № 6 Бұйрыққа 2 қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне алынатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервіне қойылған қызметкерлерінің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 728 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12787 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қарашадағы № 966 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17714 болып тіркелген) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 7-тармағы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 12-тармағы.