О службах Гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций Мангистауской области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысының Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар қызметтерi туралы Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы № 100 , "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңдарына сәйкес, Азаматтық қорғаныстың арнайы шараларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында және осы мақсатта дайындық жүргiзу үшiн, ШЕШЕМIН:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысының Азаматтық қорғанысының бастығына тiкелей бағынышты облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi құрылсын және осы қызметтердiң басшылары бекiтiлсiн (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Маңғыстау облысының облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы ережесi бекiтiлсiн (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi бiр айлық мерзiмде қалалық және аудандық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiн құрсын.
Тармақ 4
4. Маңғыстау облысы әкiмiнiң "Маңғыстау облысының Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар қызметтерi туралы"»1998 жылғы 17 қазандағы № 266 шешiмi күшiн жойды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсiн.
Басқа 6
Маңғыстау облыс әкімиятының 2003 жылғы 16 шілдедегі № 89 қаулысына 1 қосымша Облысының Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар қызметтерiнің (әрі қарай АҚ және ТЖ) ________________________________________________________________ Р/б АҚ және ТЖ Т.А.Ә. Ескерту № қызметтерінің атаулы Қызмет орны ________________________________________________________________ 1 2 3 4 ________________________________________________________________ 1. Инженерлік қызмет Ақмалиев Меңдихан келісім бойынша Ідрісұлы ААҚ "Мұнайгазқұрылыс" 2. Медициналық қызмет Торалиев Сағыныш Көшербайұлы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 3. Өртке қарсы қызмет Маматов Хамит келісім бойынша Абдуллұлы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы 4. Жанар-жағар Шағыров Қараш келісім бойынша май материалдары Жамбырбайұлы қызметі ЖШС "Шугыла" 5. Жолдар және көпірлер Сүйебаев Қажымұрат келісім бойынша қызметі Борашұлы Облыстық автомобиль жолдары басқармасы 6. Жануарлар мен Сейбағытов Даржок өсімдіктерді Облыстық ауыл шаруашылығы қорғау қызметі басқармасы 7. Ақпарат қызметі Жылқайдаров Ерлік келісім бойынша Әуелханұлы Маңғыстау облыстық телерадиокомпаниясы 8. Құлақтандыру және Әбіров Сағынғали келісім бойынша байланыс қызметі Мүслимұлы Облыстық телекоммуникация дирекция 9. Қоғамдық тәртіп Оспанов Мұхамеджан келісім бойынша сақтау қызмет Абдулұлы Облыстық ішкі істер басқармасы 10. Радиациялық, Өтесинов Бекмұрат химиялық және Бұқарұлы биологиялық Маңғыстау облыстық қорғаныс қызметі мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау департаменті 11. Сауда және Таубалдиев Талғат келісім бойынша тамақтандыру қызметі Сатыбайұлы "Қазтрансойл" ЖАҚ Батыс филиалы 12. Энергетика қызметі Аймағамбетов Майлыбай келісім бойынша Әминұлы "Маңғыстау облыстық электртораптық бөлу компаниясы" ААҚ 13. Көліктік- Фаерфас Григорий Ильич келісім бойынша техникалық қызмет "Ойлтранспорткорпорейшэн" ЖШС
Басқа 7. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТТЕРI
Маңғыстау облыс әкімиятының 2003 жылғы 16 шілдедегі № 89 қаулысына 2 қосымша МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТТЕРI ТУРАЛЫ Е Р Е Ж Е АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТТЕРI Осы Ереже Қазақстан Республикасының«"Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 07 мамырдағы №№100 Заңының және Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар агенттiгi төрағасының бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргiзу жөнiнде нұсқау" негiзiнде әзiрленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi Азаматтық қорғаныстың бейбiт және соғыс уақытындағы арнайы шараларын орындауға, халықты төтенше жағдайлардың, қазiргi заманғы соғыс құралдарын пайдалану зардабынан сақтануын қамтамасыз етуге арналған. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi облыстық, аудандық, қалалық дәрежеде, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, ұйымдарда да құрылады. Облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң тiзбесi және оларды құрудың тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмдерiмен, ұйымдарда - олардың қажеттiлiгi және мүмкiндiгi тұрғысынан ұйым бойынша бұйрықпен белгiленедi. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiн құру базасы бағдары мен мақсатты бағытына сәйкес келетiн ұйымдар болып табылады. Аудандарда, қалаларда және ұйымдарда Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi облыстық қызметтер тiзбесiне сәйкес құрылады, дегенмен жергiлiктi жағдайлар мен сәйкес базасының болуы тұрғысынан, және де басқа қызметтер құрылуы мүмкiн. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң бастығы: облыстық, аудандық, қалалық қызметтерде - Азаматтық қорғаныстың тиiстi бастықтары әрекет үстiндегi басқару құрылымы тұрғысынан тағайындайтын лауазымды адамдары; ұйымдар қызметтерiнде - бiрiншi басшының орынбасарлары немесе ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалатын, бас мамандар болып табылады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң бастықтары, олардың базасында осы қызметтер құрылған кәсiпорындар, ұйымдар және мекемелер басшылары, қызметтердiң ұйымдастырылуы және жұмыс қызметi, күштер мен құралдардың қажеттi санының дайындығы, олардың дербес құрамамен, техникамен және мүлiкпен жарақтануына жекелей жауапкершiлiк артады. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi тiкелей тиiстi Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады. Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң бастықтары қызметтер туралы Ереженi әзiрлейдi және бекiтедi, ведомствосына қарасты барлық қызметтер орындалуы үшiн мiндеттi нұсқаулықтар мен нұсқаулар шығарады. Аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң, сондай-ақ, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң мiндеттерi, ұйымдастырылуы және жұмыс қызметi оны тиiстi қызмет бастықтары әзiрлейтiн қызметтер туралы Ережелермен белгiленедi. Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы Ережелердi: облыстық, аудандық, қалалық қызметтердiкiн - тиiстi әкiмдер - Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң бастықтары немесе олардың орынбасарлары; ұйымдардың қызметтерiнiкiн - Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармамен келiсiм бойынша ұйым басшылары бекiтедi. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрылымын олардың басшылары айқындап белгiлейдi. Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi бастықтарының жанынан қызметтер штабтары құрылады, олар бөлiмдерден, бөлiмшелерден, топтардан тұруы мүмкiн. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамына авариялық-құтқару қызметiнiң штаттық арнайы бейiмделген құрамалары, Азаматтық қорғаныстың аумақтық және объектiлiк құрамалары, сондай-ақ, басқа да арнайы бейiмделген құрамалары кiруi мүмкiн. Өзiнiң жұмыс қызметiнде Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi тиiстi деңгейдегi Азаматтық қорғаныс жоспарларын, Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 05 шiлдедегi және "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 07 мамырдағы Заңдарын, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар агенттiгiнiң төрағасының 2000 жылғы 13 шiлдедегi № 165 бұйрығыме н бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргiзу жөнiнде нұсқауында", Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелерi жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң негiзгi мiндеттерi
2. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң негiзгi мiндеттерi Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң негiзгi мiндеттерi: төтенше жағдайлардың, қазiргi заманғы қырып-жою құралдарын пайдаланудың зардаптарынан халықты қорғау және залалын азайту жөнiнде Азаматтық қорғаныс iс-шаралары кешенiн жоспарлау және қамтамасыз етудi жүзеге асыру; құтқару және басқа кейiнге қалдыруға болмайтын жұмыстардың ұйымдастырылуын және өткiзiлуiн қамтамасыз ету, зардап шеккен халыққа көмек көрсету; арнайы бейiмделген құрамаларды құру және дайындау, оларды арнаулы жұмыстар жүргiзуге даярлық сапында ұстау; бағынышты органдар мен күштердi басқаруды ұйымдастыру, оларды қажеттi материалдық - техникалық құралдармен қамтамасыз ету; басқарушы құрамаларды дайындау, халықты қорғаныс әдiстерiне және төтенше жағдайлар, қазiргi заманғы қырып-жою құралдарының қолданылуы кезiндегi әрекеттерге үйрету; Азаматтық қорғанысты басқару жүйелерiнiң құрылуын және жоғарғы дәрежелi дайындықта ұсталуын, халықты төтенше жағдайлар қаупiнiң төнуi және пайда болуы, қазiргi заманғы қырып-жою құралдарының қолданылуы туралы құлақтандыру және хабарландыру; радиоактивтiк, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) шалдығуына (ластануына) тұрақты қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру; тиiстi басқарушы органдармен және әскери басқару күштерiмен, iшкi iстер органдарымен өз ара iс-қимыл әрекеттерiн ұйымдастыру және қолдау; бағынышты ұйымдар мен мекемелердiң шоғырландырылуын және эвакуациясын басқару, олардың төтенше жағдайлар, қазiргi заманғы қырып-жою құралдарының; қолданылуы кезiндегi iс-әрекеттерiн қамтамасыз ету, қауiпсiз аймақта орналастыру аудандарын алдын ала дайындау жөнiнде шаралар қабылдау; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң Азаматтық қорғаныс жоспарларын әзiрлеу, бағынышты буындарда жоспарлауға басшылық жасау; Азаматтық қорғаныс бастығына құтқару және басқа да кейiнге қалдыруға болмайтын жұмыстар жүргiзу үшiн шешiм қабылдауға ұсыныстар дайындау; Азаматтық қорғаныс бастығы қойған мiндеттердi орындау кезiнде қызметке бағынысты күштер мен құралдарға басшылық жасау; Төтенше жағдайлар туындау қаупiн азайту, кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң жұмысының орнықтылығын арттыру жөнiнде iс-шараларды әзiрлеуге және iске асырылуына басшылық жасау; Белгiленген тәртiппен Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi жүргiзетiн Азаматтық қорғаныс iс-шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, олардың қосымша қорын жасау, төтенше жағдайлардың алдын алу, құтқару және басқа да кейiнге қалдыруға болмайтын жұмыстар жөнiнде шаралар қабылдау, зардап шеккендерге көмек көрсету; Азаматтық қорғаныстық барлық iс-шараларының кешенiне құзыреттерi шегiнде тiкелей басшылық жасалуын жүзеге асыру болып табылады.