Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел сельского хозяйства акимата Житикаринского района» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Жітіқара ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 6 қаулысымен бекітілген «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ) ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, Естай Ещанов көшесі, 13 құрылыс.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Міндеттері:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 4
4) аудан экономикасында аграрлық сектордың жалпы ішкі өнімінің үлесін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру;
Тармақша 6
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауын өзгерту тұрғысынан заңнама мониторингі;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін бағыттар бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері: Құқықтары:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіптік кешеннің жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқылы;
Тармақша 2
2) әкімнің, әкімдіктің қарауына «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік органының құзыретіне кіретін мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын әзірлеу және оларды аудан аумағында іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 7
7) «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің және аудандық мәслихаттың, аудандық консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысу;
Тармақша 8
8) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу; Міндеттері:
Тармақша 1
1) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде ауыл шаруашылығын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну болып табылады;
Тармақша 5
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтер көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру болып табылады;
Тармақша 3
3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
Тармақша 5
5) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
Тармақша 6
6) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдігіне) есептілікті ұсыну;
Тармақша 7
7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
Тармақша 8-1
8-1) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау;
Тармақша 8-2
8-2) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;
Тармақша 8-3
8-3) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
Тармақ 16
16. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшылықты «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 19
19. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 2
2) орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 3
3) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 5
5) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлердің штат санының лимиті шегінде «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ шығыстар сметасын, құрылымын және штат кестесін бекітеді;
Тармақша 6
6) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. «Жітіқара ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.