Об утверждении Правил отбора и осуществления предварительного изучения кандидатов, принимаемых на службу (учебу) в оперативно-следственные подразделения органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 7-бабының 1-тармағына Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 10 бұйрыққа 1-қосымша Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
Бөлім 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асырудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. ЭТҚ қызметіне кандидаттарды іріктеудің негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) үміткер кандидаттардың қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес лауазымдарға тең дәрежеде қол жеткізуі;
Тармақша 2
2) кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін объективті әрі жан-жақты бағалау;
Тармақша 3
3) кәсіпқойлық;
Тармақша 4
4) ашықтық;
Тармақша 5
5) заңдылық.
Бөлім 2. 2-бөлім. ЭТҚ қызметіне (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
2-бөлім. ЭТҚ қызметіне (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
Тармақ 3
3. ЭТҚ-ға қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оларды алдын ала зерделеу Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша Экономикалық тергеу департаменттерінің (бұдан әрі – аумақтық органдар) басшыларына және кандидатты тағайындайтын кадр қызметіне жүктеледі.
Тармақ 4
4. ЭТҚ қызметіне түсуге ниет білдірген кандидат жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынады:
Тармақша 1
1) Агенттіктің ЭТҚ лауазымдарына – Агенттік төрағасының атына;
Тармақша 2
2) аумақтық органдарының ЭТҚ лауазымдарына – аумақтық қаржылық мониторинг органы басшысының атына.
Тармақ 5
5. Кандидат кадр қызметіне мынадай құжаттарды табыстайды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (іс жүзінде тұрғылықты орнының мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (диплом мен қосымшасы);
Тармақша 5
5) әскери қызмет өткергені немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 6
6) өлшемі 3*4 фотосурет (4 дана);
Тармақша 7
7) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және А4 форматында басылған түрде толтырылған Өмірбаян;
Тармақша 8
8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
Тармақша 9
9) егер құжат тігетін папкаға салынған арнаулы атақты беру туралы немесе біліктілік сыныбын белгілеу туралы (бұрын басқа құқық қорғау органдарында қызмет өткергендерге арналған) бұйрықтан үзінді болса, қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, жұмыстан шығару туралы бұйрықтан үзінді. Құжаттардың көшірмелерін қабылдаған кезде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады. Кандидаттар кадр қызметінің сұрау салуы бойынша біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты өзге де қосымша ақпаратты ұсынады.
Тармақ 6
6. Кандидаттың жеке басын зерделеу процесінде оның біліміне және арнайы даярлығына сәйкестігі, тағайындалатын лауазымға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі, отбасы жағдайы, еңбек жолы анықталады.
Тармақ 7
7. Кадр қызметі зерделеу нәтижелері және оның ЭТҚ басшысымен әңгімелесу қорытындысы бойынша кандидатты ЭТҚ қызметіне іріктелгені туралы немесе іріктеуден дәлелді бас тартуы туралы хаттама түрінде ресімделетін бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсетумен тиісті нәтижесі бар қорытынды шығарады. Хаттамаға кандидаттың құжаттарын зерделеген кадр қызметінің басшысы және қызметшісі, кандидатпен әңгімелесу жүргізген ЭТҚ басшысы қол қояды. Кандидатқа іріктеудің қабылданған шешімі туралы кадр қызметі кандидаттардың электрондық мекенжайларына және мобильді телефондарына ақпаратты жолдау арқылы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Тармақ 8
8. Қызметке кандидатты іріктеу бойынша мәселе оң шешілген кезде кандидаттың деректерін ЭТҚ қызметіне кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне енгізу туралы шешім қабылданады. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының кадр қызметі, кандидаттың деректерін бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсете отырып қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне енгізеді.
Басқа 1-1. Өтініш
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша Нысан ____________________________________ (қаржылық мониторинг органының атауы) Өтініш Мені __________________________________________________________ бос лауазымға орналасу үшін іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Қаржылық мониторинг органының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым. Қоса беріліп отырған құжаттар: _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ ___________ ______________________________________________ қолы аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тегі 20____жылғы «___» ___________
Басқа 1-2. Кадр есебі жөніндегі жеке І С П А Р А Ғ Ы Л И Ч Н Ы Й Л И С Т О К по учету кадров
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша Нысан Кадр есебі жөніндегі жеке І С П А Р А Ғ Ы Л И Ч Н Ы Й Л И С Т О К по учету кадров Тегі _______________________________ Фамилия аты _______________________________ имя әкесінің аты ________________________ отчество (при его наличии) 2. _________________________________ тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын өзгерткен болсаңыз, қашан, қайда және қандай себеппен өзгерткеніңізді көрсетіңіз если изменяли фамилию, имя или отчество (при его наличии), то укажите их, а также когда, где и по какой причине изменяли 3. Жынысы _________________________ Пол 4. Туған күні, айы және жылы __________________________________ Год, число и месяц рождения Туған жері _________________________ Место рождения (село, ауыл, қала, аудан, облыс, өлке, республика) (село, деревня, город, район, область, край, республика) 6. Ұлты ____________________________ Национальность 7. Азаматтық _______________________ Гражданство 8. Білімі ___________________________ Образование Оқу орнының атауы және оның тұрған жері Название учебного заведения и его местонахождение Түскен жылы Год поступления Бітірген немесе шыққан жылы Год окончания или ухода Бітірмесе, қай курстан кетті Если не окончил, то с какого курса ушел Қандай мамандық бойынша білім алды По какой специальности обучался Оқу орнын бітірген соң, кім болып шықты, диплом немесе куәлік нөмірін көрсету керек Какую квалификацию получил в результате окончания учебного заведения, указать № диплома или удостоверения 9. Қандай шетел тілдерін білесіз (оқи аласыз ба, әлде сөздікпен аудара аласыз ба, әлде түсінісе аласыз ба, еркін сөйлейсіз бе) _______________________________________________________________ Какими иностранными языками владеете (читаете и переводите со словарем, читаете и можете, объясняться, владеете свободно) 10. Ғылыми дәрежеңіз, ғылыми атағыңыз (қашан берілген, дипломдарыңыздың нөмірі) _______________________________________________________________ Ученая степень, ученое звание (когда присвоены, номера дипломов) 11. Қандай ғылыми еңбектеріңіз бен жетістіктеріңіз бар _______________ Какие имеете научные труды и изобретения _______________________________________________________________ 12. Еңбек жолыңыз (жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқыған жылдарыңыз, әскери қызмет, қоса атқарған жұмысыңыз, кәсіпкерлік қызметіңіз және т.б. түгел жазылады) _______________________________________________________________ Бұл тармақты толтырғанда мекемелер мен кәсіпорындар кезінде қалай аталса, сол қалпында берілсін, әскери қызметтің лауазымы мен әскери бөлімі қоса көрсетілсін Трудовая деятельность (включая учебу в высших и средних специальных учебных заведениях, военную службу, работу по совместительству, предпринимательскую деятельность и т.п.) _______________________________________________________________ При заполнении данного пункта учреждения организации и предприятия необходимо именовать так, как они назывались в свое время, военную службу записывать с указанием должности и номера воинской части Айы және жылы Месяц и год Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік (ведомство) қоса көрсетілсін Должность с указанием учреждения, организации, предприятия, а также министерства (ведомства) Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері Местонахождение учреждения, организации, предприятия келген вступления кеткен ухода Айы және жылы Месяц и год Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік (ведомство) қоса көрсетілсін Должность с указанием учреждения, организации, предприятия, а также министерства (ведомства) Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері Местонахождение учреждения, организации, предприятия келген вступления кеткен ухода 13. Жақын туыстарыңыз (әкеңіз, шешеңіз, бауырларыңыз, апа-қарындастарыңыз және балаларыңыз), сондай-ақ жұбайыңыз (зайыбыңыз): Ваши близкие родственники (отец, мать, братья, сестры и дети), а также муж (жена): Туысқандық деңгейі Степень родства Тегі, аты, әкесінің аты Фамилия, имя, отчество Туған жері, датасы Дата, место рождения Жұмыс орны, қызметі Место работы, должность Тұрғылықты мекен-жайы Адрес местожительства 1Егер туысқандарыңыз тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын қоса көрсетіңіз Если родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то необходимо указать их прежние фамилию, имя, отчество (при его наличии) 14. Қандай мемлекеттік және өзге марапаттарыңыз бар Какие имеете государственные и другие награды (қашан, немен марапатталдыңыз) и (когда и чем награждены) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 15. Әскери қызметке қатысыңыз және әскери атағыңыз ____________________________________________________________________ Отношение к воинской обязанности и воинское звание 16.Құрамы _____________________________________________________ Состав (командалық, саяси, әкімшілік, техникалық және т.б.) 17.Әскер түрі ___________________________________________________ Род войск (командный, политический, административный, технический и т.д.) 18. Мекен-жайыңыз бен телефоңыз ________________________________ Домашний адрес и телефон 20_____жылғы «_____»_______________________ (толтырылған күні) (дата заполнения) Өзінің қолы _________________ Личная подпись (Жеке іс парағын толтырушы қызметкер кейінгі өзгерістер туралы (білімі, ғылыми дәреже, атақ алуы т.с.с.) қызмет орнына хабарлауға міндетті. Бұл мағлұматтар жеке іс қағазына енгізіледі). (Работник, заполняющий личный листок, обязан о всех последующих изменениях (образовании, присвоении ученой степени, ученого звания и т.п.) сообщать по месту работы для внесения этих изменений в его личное дело).
Басқа 1-3. Ө М І Р Б А Я Н А В Т О Б И О Г Р А Ф И Я
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша Нысан Ө М І Р Б А Я Н А В Т О Б И О Г Р А Ф И Я Өз қолымен еркін толтырылады, алайда төмендегідей деректер міндетті түрде көрсетілуге тиіс: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және туған жері; қай кезден, қандай қызметте, қай жерде жұмыс істеді; қашан жұмыс істей бастады, жұмыстан босау, ауысу себебі; Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге қашан шақырылды, қайда және қандай қызмет атқарды; әкесінің, шешесінің, жұбайының (ерінің), туған әпке-қарындастарының (сіңілілерінің), бауырларының және балаларының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні. Өзі, жұбайы (ері) және жақын туыстары қылмыстық жауапқа тартылған ба (қашан, не үшін). Пишется собственноручно в произвольной форме, но с обязательным указанием следующих сведений: фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата и место рождения; с какого времени начал работать, кем, где, когда где работал(а), причины перехода; когда и кем призывался на службу в Вооруженные Силы, где и в качестве кого проходил службу; фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата, месяц и год рождения родителей, жены (мужа), детей, близких родственников; привлекались ли Вы, Ваша жена (муж) и родственники к уголовной ответственности (когда, за что). «_____»________________20__ж./ г. (толтырылған күні) (дата заполнения) Өзінің қолы ________________________________ Подпись
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 10 бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (Экономикалық тергеу қызметіне) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 720 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12790 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 19 ақпандағы № 121 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18339 болып тіркелген) бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 5-тармағы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қарашадағы № 966 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17714 болып тіркелген) өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-тармағы.