Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по Павлодарской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 тіркелген) сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 15/1 қаулысымен бекітілген Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
Тармақ 1
1. Осы Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4- бабы 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
Тармақ 2
2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу шеңберінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) құны осы бұқаралық ақпарат құралдары әрбір түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағаларына байланысты айқындалады. Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін бойынша базалық бағаны осы әдістеменің қосымшасына сәйкес анықталады.
Тармақ 3
3. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pn (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды газеттерде орналастыру құны; Bn – газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық баға; V – см2-мен есептелетін, газетте орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі; Kq – газет таралымына түзету коэффициенті: 200 000 данаға дейін – 1,3; 100 000 данаға дейін – 1,15; 50 000 данаға дейін – 1; 30 000 данаға дейін – 0,9; 20 000 данаға дейін – 0,8; 10 000 данаға дейін – 0,65; 5 000 данаға дейін – 0,5;
Тармақша 2
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pm (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды журналдарда орналастыру құны; Bm – журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір см2 үшін базалық баға; V – см2-мен есептелетін, журналда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі; Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті: 15 000 данаға дейін – 1,2; 10 000 данаға дейін – 1,1; 8 000 данаға дейін – 1; 5 000 данаға дейін – 0,9; 3 000 данаға дейін – 0,8; 1 000 данаға дейін – 0,7.
Тармақ 4
4. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда: Pi (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды интернет-ресурста орналастыру құны; Bi – интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың бір символы үшін базалық баға; V – символмен есептелетін, интернет-ресурста орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі; Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті: айына 500 000 кірушіге дейін – 1; айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1; айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2; айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3; айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.
Тармақ 5
5. Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Ptv (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды телевизияда орналастыру құны; Btv – телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың бір секунды, минуты, сериясы үшін базалық баға; V – секундпен, минутпен, сериялармен есептелетін телевизияда орналастырылатын ақпараттық материалдың көлемі. Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.
Тармақ 6
6. Ақпараттық материалдарды және аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және құру) және оларды радиода орналастыру бойынша көрсетілетін қызмет құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Pr (price) – қосымша құн салығын есепке ала отырып, ақпараттық материалдарды радиоарнаның эфирінде орналастыру құны; Br – радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның бір минуты, радиоарнадағы аудиороликтің бір секунды үшін базалық баға; V – минутпен есептелетін, радиоарна эфирінде орналастырылатын ақпараттық бағдарламаның көлемі.
Басқа 14. Облыстық бюджет қаражаты есебінен өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша базалық бағалар
Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша Облыстық бюджет қаражаты есебінен өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша базалық бағалар № Қызметтің атауы Өлшем бірлігі Облыстың, қалалар мен аудандардың атауы 2022 жылға базалық баға (теңге) 2023 жылға базалық баға (теңге) 2024 және алдағы жылдарға базалық баға (теңге) 1 2 3 4 5 6 7 1 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bn) шаршы сантиметр Павлодар облысы 1312 1378 1447 2 Павлодар облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bn) шаршы сантиметр Павлодар облысы 185 194 203 3 Павлодар қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bn) шаршы сантиметр Павлодар қаласы 116 121 127 4 Қала мен аудандар аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газеттерде) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bn) шаршы сантиметр Қала/ аудандар 94 98 102 5 Павлодар облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (журнал) ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Bm) шаршы сантиметр Павлодар облысы 88 92 96 6 Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялаушы ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және интернет-ресурста орналастыру (Bi) символ Павлодар облысы 246 258 270 7 Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялаушы ақпараттық материалды әзірлеу (дайындау және құру) және интернет-ресурста орналастыру (Bi) символ Павлодар облысы 29 30 35 8 Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналар эфирінде, телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv) минут Павлодар облысы 574 933 603679 633 862 9 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Павлодар облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналардың эфирінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv) минут Павлодар облысы 19950 20947,50 21994,87 10 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, қала және аудандар аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналардың эфирінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv) минут Қала/ аудандар 19950 20947,50 21994,87 11 Екібастұз қаласы аумағында таратылатын еркін қолжетімді телеарналарда жаңалықтар сюжеттерінде, ақпараттық-талдамалық бағдарламаларда, бейнероликтерде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Btv) минут Екібастұз қаласы 5404 5674 5957 12 Павлодар облысының аумағында радиода ақпараттық бағдарламалар әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Br) минут Павлодар облысы 13578 14256 14968 13 Павлодар облысының аумағында аудиороликтерді радиода әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Br) секунд Павлодар облысы 226 237 248 14 Қала мен аудандар аумағында радиода ақпараттық бағдарламалар әзірлеу (дайындау және құру) және орналастыру (Br) минут Қала/ аудандар 13578 14256 14968