Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются способом конкурса с использованием рамочного соглашения Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі № Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы Негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып конкурс өткізуге уәкілетті бірыңғай ұйымдастырушының атауы 1. Бекітілген телефондық байланысы, ұялы байланыс және Интернетке қол жеткізу бойынша қызметтер облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы 2. Жанармай (АИ-92, АИ-95, АИ-98), дизельдік жанармай (жазғы, қысқы, арктикалық) облыс ауданы, облыстық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы