Об утверждении Перечня товаров, по которым государственные закупки осуществляются из электронного каталога товаров Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Электрондық тауарлар каталогінен мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылатын тауарлар тізбесін бекіту туралы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-1-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Электрондық тауарлар каталогінен мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылатын тауарлар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. Электрондық тауарлар каталогінен мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылатын тауарлар тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 52 бұйрығына 1-қосымша Электрондық тауарлар каталогінен мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылатын тауарлар тізбесі № п/п Атауы 1. Кеңсе тауарлары 2. Шаруашылық тауарлары 3. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды 4. Электр тауарлары