Об утверждении Правил расчета прогнозных объемов доходов и затрат бюджета города Жанаозен сел Тенге, Кызылсай, Рахат и Кендерли Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдары бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №139 «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.
Тармақ 4. Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдары бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидасы
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «17» қаңтар 2022 жылғы №16 қаулысына қосымша Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдары бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Негізгі ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдары бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеудің осы қағидасы (бұдан әрі – қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және Жаңаөзен қаласы, Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдары бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу кезінде қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Кірістердің болжамды көлемін айқындау
2-тарау. Кірістердің болжамды көлемін айқындау
Тармақ 2
2. Бюджет кірістерінің болжамды көлемі Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.
Тарау 3. 3-тарау. Шығындардың болжамды көлемін айқындау
3-тарау. Шығындардың болжамды көлемін айқындау
Тармақ 3
3. Ауылдар бюджеті шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыс бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі. Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тұрақты сипаттағы мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін орындау қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі: коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, азық-түлік пен дәрілік заттарды сатып алу, жәрдемақылар төлеу және басқа да (бұдан әріде - ағымдағы шығындар) шығындардан; материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге жұмсалатын және басқа да (бұдан әріде - күрделі сипаттағы шығындар) шығындардан тұрады.
Тарау 4. 4-тарау. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу
4-тарау. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу
Тармақ 4
4. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін жалпы ағымдағы шығындардың болжамды көлемі анықталады.
Тармақ 5
5. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін анықтау кезінде:
Тармақша 1
1) Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамына сәйкес жоспарланатын кезеңде ағымдағы шығындардың (жалақыны қоспағанда) тұтыну бағалары индексіне өсуін ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі;
Тармақша 2
2) шығыстарды арттыруды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы заңдарының қағидалары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, құрылымына жергілікті бюджеттердің түсімдерін азайтуды немесе шығыстарын көбейтуді көздейтін ведомство кіретін орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кездегі және жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін нормативтік құқықтық қаулылары;
Тармақша 4
4) нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен бұрын қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;
Тармақша 5
5) жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізілетін бюджет шығыстарын көбейтуді немесе азайтуды көздейтін облыстық өкілетті және атқарушы органдар шешімдерінің қағидалары есепке алынады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне экологиялық үстемеақылар төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және қосымша демалыстарға арналған қаражат бюджеттің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен алып тасталады және ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалармен қосылады.
Тармақ 7
7. Ауылдар бюджетінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.
Тармақ 8
8. Бюджеттің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу функционалдық кіші топтардың тізбесінде келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып, осы қағиданың қосымшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды, көрсеткіштер мен коэффициенттерді жүзеге асыратын функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Жеке функционалдық кіші топ бойынша ағымдағы шығындар келесі формула бойынша есептеледі: бұл жерде: – j-ші функционалдық кіші топ бойынша i-ші ағымдағы есептік шығындар; Зj – j-функционалдық кіші топ бойынша ағымдағы шығындардың жиынтық болжамды көлемі; – j -функционалдық кіші топ бойынша i-ші мемлекеттік қызметті пайдаланушылардың саны; – i -шіден j-шіге дейінгі функционалдық кіші топ бойынша мемлекеттік қызмет көрсету құнының орташа қалалық деңгейден айырмашылығын негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.
Тармақ 10
10. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін келесі коэффициенттер қолданылады:
Тармақша 1
1) урбандалу коэффициенті: бұл жерде: – қала халқының болжамды саны – ауылдағы халықтың болжамды саны. Урбандалу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлерде мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты шығындардың орташа аудандық деңгейге қатысты неғұрлым жоғары деңгейін ескереді;
Тармақша 2
2) қоныстандырудың дисперстілік коэффициенті: бұл жерде: – -ші ауылдар халқының болжамды саны; – i-ші қаладағы халықтың жалпы болжамды саны. Қоныстандырудың дисперстілік коэффициенті елді мекеннің көлеміне қарамастан, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығындарды ескере отырып, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің белгілі бір жиынтығымен қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген шығындардың орташа қалалық деңгеймен салыстырғанда неғұрлым жоғары деңгейін ескереді;
Тармақша 3
3) масштаб коэффициенті: бұл жерде: – ауылдар халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ; – ауылдар халқы санының орташа аудандық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ; – i-ші ауылдардың халықтың болжамды саны Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен бір тұтынушыға шаққанда мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқым әсерін ескереді;
Тармақша 4
4) тығыздық коэффициенті: бұл жерде: – қала бойынша орташа халық тығыздығы; – і-ші ауылдардың халық тығыздығы; – ауылдар халқы тығыздығының орташа қалалық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ. Тығыздық коэффициенті аймақ халқының тығыздығының төмендеуіне байланысты ауылдар бюджеті шығындарының ұлғаюын ескереді;
Тармақша 5
5) жолдарды күтіп ұстау коэффициенті: бұл жерде: – «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін і-ші ауылдардың жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға арналған қаржыландыру нормативі. – ауылдар бойынша автомобиль жолдарын ұстауға арналған қаржыландыру нормативі;
Тармақша 6
6) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде): бұл жерде: – і-ші ауылдардағы халықтың жалпы санындағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі. Кедейшілікті есепке алу коэффициенті табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек бюджеті шығындарының ұлғаюын ескереді;
Тармақша 7
7) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті: бұл жерде: di – і-ші ауылдардағы жылыту маусымы кезеңі; – ауылдар бойынша орташа жылыту маусымы кезеңі; – ауылдар бюджетінің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға арналған шығындарға шаққандағы үлесі. Жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті қала бюджеті шығындарының қаланың жылыту маусымының ұзақтығына тәуелділігін ескереді.
Тармақ 11
11. Келесі екі жылдағы қалалық бюджеттің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтынушылық бағалар индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңдегі бірінші жылғы қалалық бюджеттердің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.
Тарау 5. 5-тарау. Ауылдар бюджетінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
5-тарау. Ауылдар бюджетінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу
Тармақ 12
12. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдардың ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады. Ауылдардың күрделі сипаттағы шығындарын қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі: КЗi = k * РЗi, бұл жерде: КЗi – i-ші ауылдардың күрделі сипаттағы есептік шығындары РЗi – i-ші ауылдардың есептік ағымдағы шығындары; k – ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне күрделі сипаттағы шығындардың пайыздық қатынасының шамасы. Қалалық бюджет пен ауылдар бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін K коэффициентінің шамасы қалалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Тарау 6. 6-тарау. Ауылдар бюджетін дамытудың бюджеттік бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
6-тарау. Ауылдар бюджетін дамытудың бюджеттік бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу
Тармақ 13
13. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдар кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бойынша бөле отырып айқындалады. Ауылдардың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: ЗБПРi = (r1 * РЗi) + (r2 * ПОДi), бұл жерде: ЗБПРi – i-ауылдардың бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындар; РЗi – i-ші ауылдардың есептік ағымдағы шығындары; ПОДi – і-ші ауылдар кірістерінің болжамды көлемі; r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне шаққандағы пайыздық қатынасының шамасы; r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ауылдар бюджеті кірістерінің болжамды көлеміне шаққандағы пайыздық қатынасының шамасы.
Тармақ 14
14. R1 және r2 коэффициенттерінің шамасы қалалық бюджет комиссиясының шешімімен қалалық бюджет пен ауылдар бюджеті арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін белгіленеді.
Басқа 37. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттері
Ауылдар бюджетінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу қағидасына қосымша Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, олардың көрсеткіштері мен коэффициенттері Функционалдық кіші топтардың атауы Көрсеткіштер Коэффициенттер 1 2 3 1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілетті, атқарушы және басқа органдар Тұрақты халық саны таратып орналастыру дисперсиялығы; тығыздығы; ауқымы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Қаржылық қызмет таратып орналастыру дисперсиялығы; тығыздығы; ауқымы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу а Жоспарлау және статистикалық қызмет таратып орналастыру дисперсиялығы; тығыздығы; ауқымы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу а Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер таратып орналастыру дисперсиялығы; тығыздығы; ауқымы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу а 6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру Әлеуметтік қамсыздандыру 6-18 жастағы балалар саны және зейнеткерлік жастан асқан халық саны таратып орналастыру дисперсиялығы; жылыту маусымының ұзақтығы Әлеуметтік көмек Тұрақты халық саны таратып орналастыру дисперсиялығы; кедейлікті есепке алу (табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде); жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге де қызметтер таратып орналастыру дисперсиялығы; тығыздығы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Тұрғын үй шаруашылығы Тұрғын үй қорының жалпы ауданы урбанизация; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу шаруашылық Тұрақты халық саны урбанизация; тығыздығы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу елді мекендерді абаттандыру тығыздығы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік Мәдениет саласындағы қызмет Тұрақты халық саны урбанизация; ауқымы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Спорт урбанизация; ауқымы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Ақпараттық кеңістік урбанизация; ауқымы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер урбанизация; ауқымы; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 12. Көлік және коммуникация Автомобиль көлігі жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекеннің ішіндегі және мен көшелердегі жолдардың ұзындығы, (километр) урбанизация; жолдарды күтіп ұстау; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу Көлік және коммуникация саласындағы өзге де қызметтер Жолаушылар айналымы (миллион жолаушы-километр) урбанизация; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу 13. Өзгелері Кәсіпкерлік қызметті қолдау және бәсекелестікті қорғау аймақтағы жалпы өңірлік өнімге шаққандағы шағын және орта бизнестің үлесі жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу на өзгелері тұрақты халық саны жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу