О присвоении имени воина-интернационалиста Айтугана Смагулова Тегистыкской средней общеобразовательной школе Качирского района Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Качиры ауданы Тегiстiк жалпы бiлiм беретiн орта мектебiне жауынгер-интернационалист Айтуған Смағұловтың есiмiн беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасының ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" № 281 қаулысына , облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы "Качиры ауданы Тегiстiк жалпы бiлiм беретiн орта мектебiне жауынгер-интернационалист Айтуған Смағұловтың есiмiн беру туралы" № 102/4 қаулысына , Качиры ауданы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 16 қаңтардағы " Качиры ауданы Тегiстiк жалпы бiлiм беретiн орта мектебiне жауынгер-интернационалист Айтуған Смағұловтың есiмiн беру туралы" № 4/1 қаулысына, II сайланған Качиры аудандық мәслихатының 2002 жылғы 5 шiлдедегi ХIХ сессиясының "Жаңа құрылыс ауылдық округiнiң Тегiстiк жалпы бiлiм беру орта мектебiне жауынгер-интернационалист Айтуған Жақсыбайұлы Смағұловтың есiмiн беру туралы" № 19/6 шешiмiне, облыстық ономастикалық комиссияның 2002 жылғы 22 тамыздағы ұйғарымына сәйкес, Павлодар облыстық Ауған ардагерлер кеңесiнiң өтiнiшiн және Тегiстiк жалпы бiлiм беретiн орта мектебiнiң педагогтар ұжымы мен Качиры ауданының Жаңа құрылыс ауылдық округiнiң Тегiстiк ауыл тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қачир ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының Качиры ауданының Тегiстiк жалпы бiлiм беретiн орта мектебiне жауынгер-интернационалист Айтуған Смағұловтың есiмiн беру жөнiндегi ұсыныстарымен келiсiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы шешiм қазақстан Республикасының үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының қарауына енгiзiлсiн.