Об утверждении Правил благоустройства санитарной очистки, соблюдения чистоты и организации уборки территории г.Аксая Күшін жойған
Басқа 0
Ақсай қаласының аймағын көркейту, санитарлық-тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19-ші мамырдағы №111, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4-і желтоқсандағы №361 , "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15-і шілдедегі №160 заңдары бойынша, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30-ы қаңтардағы №155 Кодексінің 3 баптағы 2 тармағын басшылыққа алып және аудандық тұрмыстық-коммуналдық және жол шаруашылығының басқармасының Ақсай қаласының аймағын көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру мәселесіне арналған ұсынысын еске ала отырып Бөрлі аудандық мәслихаты шешім етеді:
Тармақ 1
1. Аудандың мәслихаттың №28-8 2003 жылғы 15-і қаңтардағы "Ақсай қаласының аймағын көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Ақсай қаласының аймағын көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру Ережесі бекітілсін (қосымшасы бар).
Тармақ 3
3. Көрсетілген Ереженің тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 387 баптың нормасына сәйкес айыппұл шаралары ескерту, азаматтарға 20-ға дейін, қызметтік міндетті тұлғаларға 50-ге дейін, заңды тұлғаларға 300-ге дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы шешім заңмен бекітілген нормалар тәртібі бойынша іске енгізіледі.
Басқа 5. Ақсай қаласының аймағын көркейту, санитарлық
тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСІ
2003 ж. 29 сәуірдегі N 30-5
Бөрлі аудандық мәслихатының
шешімімен БЕКІТІЛДІ
Ақсай қаласының аймағын көркейту, санитарлық
тазарту, тазалық сақтау және жинауды ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ЕРЕЖЕ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19-ы мамырдағы N 111, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 361, "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15-і шілдедегі N 160-1 заңдарына сәйкес әзірленіп, сонымен қатар "Жоюға келмейтін қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонды құру және сақтау туралы" 1997 жылғы 29-ы сәуірдегі N 3. 0,16-97, "Қалдық суларды ағызу станцияларын құру және күту" 1997 жылғы 9-ы сәуірдегі №3. 0108-97, "Елді мекендерді таза ұстау" 1997 жылғы 9-ы сәуірдегі №3. 01.007-97 туралы санитарлық нормалар негізге алынып отыр.
Тармақ 2
2. Ережелермен белгіленген жағдайлар:
Тармақша 1
1) ортақ пайдаланатын орындарды жинау және ұстау;
Тармақша 2
2) оңашаланған аймақтардағы объектілерді жинау;
Тармақша 3
3) қала көшелерін жинау және күтіп ұстау;
Тармақша 4
4) тұрғын үйде ұстау және оны жинастыру;
Тармақша 5
5) жергілікті жерлердегі кіші архитектуралық ескерткіштерде орнату мен ұстаудың тәртібі;
Тармақша 6
6) коммуникация мен инженерлік құрылыстардың сақталуы мен тазартылуының тәртібі;
Тармақша 7
7) тұрғын орындардың территориясында ұйымдастыру мен ұстау шаралары;
Тармақша 8
8) осы ережелерге сай рұқсат етілмейтін жағдайлар;
Тармақша 9
9) осы ережелер бұзылған жағдайда жауапкершілік.
Тарау 2. 2. Ортақ пайдаланатын орындарды жинау және ұстау
2. Ортақ пайдаланатын орындарды жинау және ұстау
Тармақ 3
3. Парктер, демалыс аймақтары, серуен орындары және басқа да ортақ пайдаланылатын орындар осы ережелердің және Қазақстан Республикасының заңдары белгілеген талаптарға сәйкес ұсталады.
Тармақ 4
4. Барлық алаңдар мен көшелерде, бақтарда, парктерде, вокзалдарда, базарларда, қала көліктерінің аялдамаларында және басқа да орындарда жеткілікті мөлшерде қоқыс салатын жәшіктер қойылуы керек, олардың арақашықтығын коммуналдық шаруашылық органдары көшелердің (аймақтық) пайдалану жиілігіне қарай белгілейді, адам көп жүретін көшелерде 40 метрден және адам аз жүретін көшелерде 100 метрден арақашықтық белгіленеді.
Қоқыс жәшіктерін таза ұстауға сол аймаққа бекітілген ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер жауапты.
Тармақ 5
5. Меншік иелері қоқыс жәшіктерін үйлер мен офистердің, сауда орындарының, палаткалар мен дүңгіршіктердің, павильондардың, скверлердің, бульварлардың, парктердің алдына қоюлары керек.
Қоқыс жәшіктері әрқашанда таза ұсталып, толған сәтте тазартылып, күніне бір рет жуылып, уытсыздандырылып, жылына екі рет сырланып тұруы тиіс.
Тармақ 6
6. Ұсақ-түйек сауда орындарының, дүңгіршектердің, палаткалардың, павильондардың, дүкендердің жанына, олардың айналасына жәшіктер мен артық тауарларды үйіп қоюға болмайды.
Тармақ 7
7. Жазғы алаңдарда, палаткаларда, дүңгіршектерде, киоскілерде, сондай-ақ қолдан көкөністер, жемістер, тамақтар сатуға санитарлық- эпидемиологиялық станцияның рұқсаты керек және радиусы 30 метр аймақты жинау сауда кәсіпорыны мен объектілер меншіктері арқылы жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Меншік түріне қарамастан көгалдар мен өсімдіктер Мемлекеттік қор болып табылады және Заң бойынша қатаң бақылауға алынады.
Тармақ 9
9. Заңды және жеке тұлғалар өзіне бекітілген аймақтардағы жасыл өсімдіктерді сақтауға міндетті. Бұл үшін:
Тармақша 1
1) толық агротехникалық шаралар жүргізуге, атап айтқанда: суаруға, бұталарды кесуге, қураған ағаштарды кесуге, ағаштардың діңін тазартып, тамырланған өскіндерден арылтып отыруға, тыңайтқыштар енгізуге, ағаштардың түбін қопсытып, бұқырлап отыруға, кеуіп кеткен бұтақтарынан арылтып отыруға, арамшөптерден (жусан, алабота, шырмауық, сора) тазартуға тиіс;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы зиянкестерімен, арамшөптермен және өсімдік ауруларымен күресті өз күштерімен немесе өсімдік қорғау станцияларымен шартқа отыру арқылы жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет;
Тармақша 3
3) көгалдарға, скверлерге және басқа да өсімдік өсіп тұрған жерлерге көлік құралдарын қоюға тыйым салынады;
Тармақша 4
4) күз мезгілінде қураған жапырақтарды дер кезінде жинап алу керек және жиналған жапырақтарды арнайы белгіленген орындарға немесе жинақтау алқаптарына шығару қажет.
Тарау 3. 3. Оңашаланған аймақтардағы объектілерді жинау
3. Оңашаланған аймақтардағы объектілерді жинау
Тармақ 10
10. Оңашаланған аймақтарда (базарлар, жағажайлар, парктер, емдеу-сауықтыру мекемелері) санитарлық қондырғыларды санитарлық- эпидемиологиялық станциялардың келісімінсіз құруға және қайта жабдықтауға, қалдықтарды жинауға, автокөліктерді жууға, арнайы бөлінбеген жерлерде ыдыстар мен отын сақтауға тыйым салынады.
Тармақ 11
11. Базарлар объектілері бойынша:
Тармақша 1
1) базар аймағы (соның ішінде шаруашылық алаңдары, көлік жолдар, кіреберіс) қатқыл (асфальт, жұмыртас) төселіп, жаңбыр мен қар суы ағып кететіндей еңіс болуы, аймақтар көгалдандырылуы және қоршалуы тиіс;
Тармақша 2
2) базарлар оңашаланған аймақтарда тұрғын үйлерден кемінде 50 метр қашықтықта санитарлық ережелер және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес орналасуы тиіс;
Тармақша 3
3) кейбір ерекше жағдайларда көлемі 0,2 гектардан аспайтын базар алаңын тегістеп, шыңайтып кемінде қалыңдығы 3 сантиметр құм сеуіп пайдалануға рұқсат етіледі;
Тармақша 4
4) базар алаңында канализация мен су құбыры болуға тиіс;
Тармақша 5
5) канализациясы жоқ базарлардың дәретханалары сауда орнынан кемінде 50 метр қашықтықта орналасуы тиіс;
Тармақша 6
6) шаруашылық алаңдары сауда орындарынан кемінде 30 метр қашықтықта орналасуы тиіс;
Тармақша 7
7) базар алаңындағы сауда сөрелерінің арақашықтығы 10 метр шамасымен әрбір 50 шаршы метрге бір қоқыс жәшігі орнатылуы тиіс;
сиымдылығы 100 литрге дейінгі қоқыс жинағыштар сауда сөрелерінің бойына 200 шаршы метр базар алаңына біреуден қойылуы тиіс;
бұл орайда сөрелер қашықтығы 20 метрден аспауы керек, ал тағам қалдықтарын жинау үшін арнайы ыдыстар қондырылуы керек;
Тармақша 8
8) 0,2 гектар және одан да көп алаңы бар базарларда жиналған қоқыстар сыйымдылығы 0,75 текше метр контейнерлерде сақталуы тиіс;
Тармақша 9
9) базардың жұмыс істейтін уақыты жергілікті басқару органдарының шешімдерінің негізінде белгіленеді;
аптасына бір санитарлық күн жарияланып, базардың барлық аймағын негізгі және қосалқы орындарды, сауда орындарын, столдарды, сөрелерді, құрал-жабдықтарды жинауға және бұқырлауға арналады;
Тармақша 10
10) базардың техникалық қызметкерлері базар жабылғаннан кейін аймақты негізгі жинау жұмыстарына кірісулері керек;
қоқыс жинайтын жәшіктер күндіз тазартылып отырылады;
Тармақша 11
11) жылдың жылы кезеңдерінде қатқыл төселген базарлар сыпырылуымен бірге күн сайын жуылуы керек.
Тармақ 12
12. Парк объектілері бойынша:
Тармақша 1
1) жалпы көпшілік демалатын және жиналатын жерлерде (би алаңдары, эстрада, бұрқақтар, бас аллеялар, көрермендер павильондары, т.б.) ауыстырылмалы қоқыс жәшіктері бар шаруашылық аймақ демалушылар жиналатын жерден 50 метр қашықтықта орналасуы тиіс;
Тармақша 2
2) қоқыс жәшіктері парк алаңының 800 шаршы метріне біреуден келуі тиіс;
Тармақша 3
3) бас аллеяларда қоқыс жәшіктерінің арақашықтығы 10 метр шамасында болуы тиіс, әрбір дүңгіршектің, дүкеннің (азық-түлік, сувенир, кітап, т.б.) жанында сыйымдылығы кемінде 10 литрлік жәшіктер қойылуы тиіс;
Тармақша 4
4) демалушылар жиналатын орындардан қашық жерлерде қалдықтарды жинауға ыңғайлы болуы үшін, сыпырынды қалдықтарын уақытша сақтайтын жәшіктер болуы керек;
Тармақша 5
5) шаруашылық алаңдарындағы контейнерлер саны 3 күнде толатындай есеппен қойылулары тиіс;
Тармақша 6
6) қоғамдық дәретханалар демалушылар жиналатын орындардан кемінде 50 метр қашықтықта, бір орынға 500 адам есебімен орналастырылуы тиіс;
Тармақша 7
7) толық жинау парк жабылғаннан кейін таңертенгі сағат 8-ге дейін жүргізілуі тиіс. Күндіз кезекті жуып-сыпыру тазалық сақтау жұмыстары жүргізіліп, өсімдіктер суарылып, қалдықтар, қураған жапырақтар жиналады.
Тарау 4. 4. Қала көшелерін жинау және күтіп ұстау
4. Қала көшелерін жинау және күтіп ұстау
Тармақ 13
13. Жергілікті атқару органдарының шешімімен өз аймағына жақын жатқан қала көшелерін жинау, жергілікті мекемелерге жүктеледі.
Қала көшелерінде тиым салушылық және ескерту белгілерін қондыру әрі сақтау жағы ескерілуге тиіс.
Тармақ 14
14. Жазғы жинау:
Тармақша 1
1) жаз мезгілінде көшелерді жинау 15 сәуірден 15 қарашаға дейінгі кезеңде жуатын және сыпыратын машиналардың көмегімен, жолдарды жуу, сыпыру арқылы жүргізіледі;
Тармақша 2
2) жуу кемінде 1 рет, түнгі сағат 23.00 сағат 7.00 дейін жүргізіледі, ал күндіз сағат 7.00 сағат 21.00 дейін күніне 1 рет көшелер сыпырылып отыруы керек;
Тармақша 3
3) түнгі жинау жұмыстары жүргізілетін кезде (жыл мезгіліне қарамай) шуды бәсеңдету ережелері, экологиялық ережелер сақталып, жинау көліктері жол ережелерін бұзбаулары керек;
Тармақша 4
4) сыпырып-жуатын және сыпырып-жинайтын машиналарға скважиналар мен суаттардан су құю санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың келісімімен жүргізіледі;
Тармақша 5
5) өсімдіктер мен көгалдарды скважиналар мен суаттардан суаруға санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың келісімі керек.
Тармақ 15
15. Қысқы жинау:
Тармақша 1
1) қала көшелерін қысқы жинау 15 қарашадан 15 сәуірге дейінгі кезеңде жүргізіледі. Табиғаттың кенеттен болатын апаттық жағдайларына байланысты жедел жүргізілетін жұмыстар: қозғалыс жолдарын қардан ашу, көктайғақ салдарын жою үшін пайдаланылатын арнаулы машиналар тәулік бойы кезекшілікте болуы тиіс;
машиналар шұғыл жолға шығуға үнемі дайын болып, кезекші жүргізушілерге демалатын бөлмелер және басқа да тұрмысқа қажетті бөлмелер болуы керек;
Тармақша 2
2) хлорид қосылған қиыршық құм себу қар жаңа жауа бастағанда-ақ немесе көктайғақ болғанда, қар жаңа түскенде 1 рет, бұдан кейін әрбір сыпырғаннан кейін қар жауу аяқталғанша қажетінше қайталанып отырылуы керек;
көктайғақ кезінде бірінші кезекте тік қия, құлама, жол қиылыстары, қоғамдық көлік аялдайтын орындар, жүргіншілер өтетін жерлер мен тротуарларға қиыршық құм төселуі тиіс;
Тармақша 3
3) жиналған қар арнайы бөлінген қар үйетін жерлерге тасылып шығарылады және қарды басқа жерлерге тасуға тыйым салынады;
Тармақша 4
4) төбелерді қардан тазарту және төбеден еріп қатқан мұздарды түсіру құрылыс иелерінің міндетіне кіреді және осы жұмыстарды атқарғанда сақтық шаралары (кезекшілер қою, тротуарларды қоршау) сақталуы тиіс, сондай-ақ төбеден лақтырылған қар тез арада үйіліп, қажет болса, тасылуы тиіс;
мұз ойындылары мен ластанған қарды өсімдік алаңдарына шығаруға тыйым салынады;
Тармақша 5
5) ішкіорамалық жолдарды, аулаларды жинау тұрғын үй иелері кооперативтеріне жүктеледі, тұрғын үй алаңдарына жатпайтын тротуарлар мен жолдарды, өткелдерді тазарту сол жұмысқа мамандырылған ұйымдарға, сондай-ақ, осы жерлерге жақын орналасқан кәсіпорындарға, басқармаларға жүктеледі;
бақтар мен парк жолдарын тазарту парктерді, скверлерді, бульварларды күтумен айналысатын ұйымдарға жүктеледі;
Тармақша 6
6) жаяу адамдар жүретін жолдарды тазарту жергілікті атқару органдарының шешімімен мекемелердің, басқармалардың, ұжымдардың келісімімен солардың біреуіне тапсырылады.
Тарау 5. 5. Тұрғын үйді ұстау және оны жинастыру
5. Тұрғын үйді ұстау және оны жинастыру
Тармақ 16
16. Үй иесінің объектілерінде:
Тармақша 1
1) ведомстволық бағынуына және меншіктік түріне қарамастан үй иелері тұрмыстық қалдықтарды жоспарлы түрде, жабдықталған көлікпен, еш ескертусіз шығарулары тиіс;
Тармақша 2
2) үй иесінің ауласында көлік кіруге ыңғайлы жерде қоқыс контейнері қойылуы керек;
контейнер тұрған жер ашық, құмдақ, су келмейтін болуы тиіс және мүмкіндігінше айналасына ағаш отырғызған дұрыс;
Тармақша 3
3) қалдықтар жинайтын контейнерлерді орнату осыны пайдаланатын адам санына және қалдықтардың жинақталу нормасына, сақтау мерзіміне байланысты есеппен алынады;
қалдықтарды жинайтын ыдыстың есеп мөлшері, кезекті мерзімінде қалдықтың жиналуына сәйкес болуға тиісті;
Тармақша 4
4) тұрмыстық қатты қалдықтар арнаулы контейнермен тасылып, канализациясы жоқ үйлерден сұйық қалдықтар ассенизациялық сорғыш көліктерімен әкетіледі;
Тармақша 5
5) тұрғындардың мазасын алмау үшін, тұрмыстық және азық-түлік қалдықтары үйден ертеңгілік сағат 7.00 кешкі сағат 23.00 дейін шығарылуы керек.
Тармақ 17
17. Тұрмыстық қалдықтарды жинау:
Тармақша 1
1) қалдықтардың уақытша сақталатын, жинақталатын ыдыста шіруіне, иістенуіне жол бермеу қажет;
қалдықтарды салқын кезде үш тәуліктен, ал жылы уақытта бір тәуліктен асырмай шығару керек;
қалдықтарды шығару мерзімін қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциялармен келісу арқылы шешеді;
Тармақша 2
2) барлық жағдай жасалған тұрғын үйлер тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін (0,75 текше метр) стандартты темір контейнерлерді пайдалану керек, ал канализациясы жоқ тұрғын үйлерде ағаш және темір жинағыштарды пайдалануға болады;
Тармақша 3
3) контейнерлер қоятын жер тұрғын үйлерден, балалар алаңынан, спорт алаңдарынан және тұрғындар демалатын жерден 20 метр қашықтықта болғаны дұрыс, бірақ 100 метрден қашық болмауы тиіс;
контейнерлер саны алаң көлеміне байланысты, 5-тен артық болмауы керек және олардың арақашықтығы 1,0 метрден болуы шарт;
уақытша қалдықтар сақтау орнын архитектура мен қалалық санэпидемстанциямен келісу қажет, әсіресе тұрғын үйлер маңында;
егерде осы қашықтықты сақтай алмайтын жағдайда уақытша қалдықты сақтау қашықтығы қаланың бас архитектура және тұрғын-пайдалану ұйымы, санитарлық дәрігермен белгіленеді және комиссия актісін жергілікті басқарма орган бекітеді;
жеке үй аймағында қалдықтар жинайтын жер және әжетхана, қоқыс шұңқырының орналасуын үй иелерінің өздері шешеді, олардың арақашықтығы 8-10 метрден кем болмауы керек, егерде өзара келісе алмаған жағдайда, бұл мәселені қоғамдық ұйымдар өкілдері шешеді, әкімшілік комиссиясында қарайды;
Тармақша 4
4) қалдық сақталатын темір жинағыштар босаған соң 10 күн сайын жуылып, ағаш жинағыштар уытсыздандырылады;
Тармақша 5
5) қалдықтар салынатын жинағыштардан және қалдықтар шығаратын көліктерден мата бұйымдарын, шөлмектерді, банкілерді т.б. заттарды алуға болмайды;
Тармақша 6
6) көлемі үлкен бұйымдар тұрғын үйлерден жиналуына байланысты аптасына 1 рет жиналған уақытта шығарылады;
Тармақша 7
7) зат камераларының қалдық жинағыштарын, сол айналаны күту сол үйге иелік ететін мекеменің құзырында;
Тармақша 8
8) жеке үйлерден шығатын сұйық қалдықтарды төгетін ыдыстар су келмейтін биіктеу жерде орналасып, қақпақпен жабылып, қатты заттармен араласпауы керек;
тазартуға жеңіл болу үшін алдыңғы қақпағы ашылып жууға ыңғайлы болуы керек, ал бірнеше үйге арналған жинақ орны болса тазартатын жері ортақ болуы тиіс;
Тармақша 9
9) канализациясы жоқ жерде қоғамдық әжетхана тұрғын үйден, қоғамдық үйден, балалар ойнайтын және демалатын алаңнан 20 метрден жақын емес, 100 метрден алыс емес қашықтықта болуы керек;
Тармақша 10
10) жеке үйлердегі қалдық құю орындары (әжетханалар) орналасу қашықтығын үй иелері өздері шешеді, олардың арақашықтығы 6-10 метр болуы мүмкін;
өзара келіспеушілік болған жағдайда қоғамдық орындардың жіберген адамы арқылы шешіледі;
орталық су жүйесі болмаған жағдайда әжетханалар, қалдықтар жинау шұңқыры құдықтардан не су көздерінен 50 метрлік қашықтықта болуы керек;
Тармақша 11
11) ауладағы әжетхана тақтайдан, кірпіштен, тұтас материалдан жасалып тазартылатындай етіп, су кірмейтін жерге орналасуы қажет;
жинақ шұңқырының көлемі адам санына байланысты;
шұңқыр тереңдігі жер асты суларына байланысты қазылып 3 метрден терең болмауы керек;
шұңқыр толуы 0,35 метрден аспауы керек;
Тармақша 12
12) шұңқыр толуына қарай жылына кем дегенде 2 рет тазартылады;
Тармақша 13
13) аула әжетханалары таза ұсталып, күніне бір мезгіл тазартылуы керек және жұмасына бір рет ыстық сумен жуылып уытсыздандырылуы керек;
сұйық қалдықтар төгілетін орын және әжетханалар кеміргіштер мен жәндіктер кіре алмайтындай етіп жасалуы керек;
канализациялық әжетханалар мен сұйық қалдық жинау шұңқырлары СЭС-ның нормаларына сәйкес уытсыздандырылады;
хлорланған құрғақ әкті пайдалануға тиым салынады (хлорлы әк тек тамақтандыру орындары мен емдеу мекемелерінде қолданылады);
шыбындарды жою энтомологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Жергілікті жерлердегі кіші архитектуралық
ескерткіштерді орнату мен ұстаудың тәртібі
6. Жергілікті жерлердегі кіші архитектуралық
ескерткіштерді орнату мен ұстаудың тәртібі
Тармақ 18
18. Барлық сыртқы көркейту жұмыстары, үйлердің алды, сол аймақ құрылысының ережелеріне сай жасалуы керек.
Тармақ 19
19. Қоршаулар, қақпалар, гүлзарлар, дүңгіршектер, палаткалар, павильондар, кіші-гірім дүкендер, маңдайшалар, жарнама стендтері, көрнекілік заттары, парктерге қойылатын отырғыштар архитектура органдарының келісімімен жасалады.
Бұл кіші архитектуралық қондырғыларды күтіп ұстап кемінде жылына бір рет сырлап тұру керек.
Тармақ 20
20. Көше шамдары, жарық жарнамалар, маңдайшалар, үйге кіре берістегі шамдар кеш түскенде жағылып жарық түсісімен сөндіріліп отырулары керек.
Тармақ 21
21. Тұрғын үйлердің, кеңселердің, өндіріс және басқа ғимараттардың иелері көрсеткіштер мен көше аттарын, номерлері мен тағы басқа белгілерінің қазақ, орыс тілдерінде жазылып дұрыс болуларын қадағалауға міндетті.
Тарау 7. 7. Коммуникация мен инженерлік құрылыстардың
сақталуы мен тазартылуының тәртібі
7. Коммуникация мен инженерлік құрылыстардың
сақталуы мен тазартылуының тәртібі
Тармақ 22
22. Өз жерлерінде жер асты желілері орналасқан мекемелер немесе жеке иелер газ желілерінің, канализацияның, су жүйелерінің, құдықтардың үсті жол тегістігімен бірдей қақпақпен жабық болып бұзылмағандықтарын қадағалаулары керек.
Тармақ 23
23. Құрылыс жобаларын немесе жер асты желілерін жоспарлау кезінде жобалау мекемелері төмендегі тәртіпті сақтауды ескерулері қажет:
Тармақша 1
1) құрылыс салынатын жерде неғұрлым көбірек жасыл алқапты сақтау, құрылыс кезінде жойылған ағаштар мен бұталарды қайта отырғызуды жоспарлау және соған кететін қаржыны ескеру;
Тармақша 2
2) көгалдарды қосымша отырғызу;
Тармақша 3
3) құрылысқа бөлінген жердегі өсіп тұрған жабайы ағаштарды сол мөлшерде атқарушы органдардың көрсетуімен басқа жерде отырғызуды жоспарлау.
Тармақ 24
24. Каналдарды, су құбырларын, жер сулары және көше сулары жиналатын орындарды, жаңбыр суларын жинайтын коллекторларды тазалау керегіне қарай, қоқыстарды тез арада жинай отырып іске асырылады.
Тармақ 25
25. Қойма, баз, карьер, құрылыс т.б. объект иелері қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) кіру-шығу жолдарының, көліктердің бұрылу алаңдарының мүлтіксіз болуы және жолдардың қатқыл болуы керек;
Тармақша 2
2) құрылыс алаңынан көліктер жуылып-шайылып таза күйінде шығулары керек және құрылыс механизмдері мен басқа көліктерді көшеде лас күйінде жүрулеріне тыйым салынады;
Тармақша 3
3) құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан мерзімінде құрылыс салушы мекемеге негізгі жолдың ары-бері жағынан 600 метрлік ұзындылығын тазалап отыру міндеттеледі.
Тармақ 26
26. Ескі құрылыс ғимараты бұзылатын болса ол жер алдын ала, келісілген үлгімен түгелдей қоршалуы тиіс.
Тармақ 27
27. Қоршаудан шығатын қақпа неғұрлым аз болғаны дұрыс және шығу қақпалары екіншілік көше жағынан болмауы керек, шлагбаум орнатылуы тиіс.
Тармақ 28
28. Транспорт иелері, жеке көлік иелері өз техникаларын таза ұстауы міндетті, сонымен қатар:
Тармақша 1
1) автокөліктерді жуу әдейі бөлінген орындарда ғана жүргізіледі;
Тармақша 2
2) қалада лас көліктермен жүруге рұқсат етілмейді;
Тармақша 3
3) шашылып-төгілетін, көшелерді ластайтын жүк мұқият жабылып, шашылмайтындай тасылуы тиіс.
Тарау 8. 8. Тұрғын орындардың территориясында ұйымдастыру
мен ұстау шаралары
8. Тұрғын орындардың территориясында ұйымдастыру
мен ұстау шаралары
Тармақ 29
29. Жергілікті басқару органдары (әкімшілік) бекітеді:
Тармақша 1
1) қысқы және жазғы мезгілде механикаландырылған техникамен тазартылатын көшелер мен алаңдардың жүру жолдарының дәреже тізімі;
Тармақша 2
2) орта есеппен қатты қалдықтардың жылда адам басына шаққандағы мөлшері;
Тармақша 3
3) меншік түріне қарамастан мекемелердің, ведомстволардың, қоғамдардың күшімен тазартылатын аймақтардың тізімі;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаны қорғау инспекциясының тізімі;
Тармақша 5
5) қоршаған ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын сақтау шаралары;
Тармақша 6
6) парктердің, бақтардың, гүлзарлардың, жаяу адам жүретін жолдардың, қиылыстардың, қызмет көрсету мекемелерінің, құрылыс алаңдарының, ойын-сауық мекемелерінің тазалығына жауап беруші орын ұйымдары.
Тармақ 30
30. Тұрғын үйлерді пайдалану туралы мекемелер, тұрмыстық бөлімдер, кәсіпорындар, мекемелер тұрғын үйлердің басқарушылары, КСК міндеті:
Тармақша 1
1) тұрмыстық қалдықтарды жоюға жасалатын келісім-шартты уақытында жасау;
Тармақша 2
2) санитарлық ережелерді сақтауға, халық тұратын аймақты күтіп ұстауға бағытталған түсініктеме жұмыстарын жүргізу және шаралар ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) қоқыс салатын жәшіктеріне су келмейтін жерден орын әзірлеу;
Тармақша 4
4) көше және аула сыпырындыларын, тамақ қалдықтарын жинауға арналған құралдармен жабдықтау;
Тармақша 5
5) қоқыс жинау камераларын, алаңдарын, қуыстарын және қалдық жинау ыдыстарын уақытында жуып, уытсыздандырып отыруды қадағалау.
Тармақ 31
31. Жинау мекемелеріне ескерту:
Тармақша 1
1) қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды уақытында шығаруды ұйымдастыру (келісім шарт бойынша).
Тармақша 2
2) әдейі жабдықталған машиналардың жүріп-тұру кестесін, қозғалыс бағытын жасау;
Тармақша 3
3) әртүрлі себептермен өзгеріске түскен маршруттар кестесін түзету;
Тармақша 4
4) кесте бойынша бекітілген бағытта жүру маршрутын бұзбауды қамтамасыз ету.
Тармақ 32
32. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының қызметкерлері экологиялық қызмет көрсету мамандарымен бірігіп орындауға тиіс тапсырмалар:
Тармақша 1
1) тұрғылықты жерлердегі санитарлық тазалау жобасын жасауда жергілікті басқару органдарымен бірге қатысу;
Тармақша 2
2) өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған жерді бөлу және оған кететін қаржы мөлшерін анықтауға қатысты құжаттарды қарау және келісу;
Тармақша 3
3) тұрғылықты жердің санитарлық жағдайына байланысты халықтық денсаулығын қадағалап қорытындылау;
Тармақша 4
4) тұрмыстық-коммуналдық орган басшыларына эпидемиологиялық жағдайға байланысты аймақтардың тазалығын тексеру туралы рейдтер жасауға ұсыныс беру;
Тармақша 5
5) белгіленген жоспар бойынша қоғамдық санитарлық инспекторлар кеңесін құру оларды үйрету және жұмыстарына басшылық ету.
Тармақ 33
33. Ішкі істер бөлімінің бөлімше инспекторларының міндеті:
Тармақша 1
1) өзіне бөлінген аймақтық санитарлық жағдайын бақылау;
Тармақша 2
2) санитарлық тәртіп бұзушыларды анықтап, олар жайында тиісті органдарға дерек беру;
Тармақша 3
3) меншіктік түріне қарамастан мекемелерге, ұйымдарға, тұрғындарға ауланың кез келген жеріне не көшелерге қоқыс төгіп, оны өртеуге қатаң тыйым салуы керек.
Тармақ 34
34. Жоспарлық күнделіктік қала аймақтарын жинауды ұйымдастыру қызметі "Жоюға келмейтін қатты тұрмыстық қалдықтарда арналған полигонда құру және күту", "Қалдық суларды ағызу станцияларын құру және күту", "Елде мекендерді таза ұстау" санитарлық ережелерге, сонымен қатар басқа да нормативтік актілерге сәйкес қолданылып жүргізіледі.
Тарау 9. 9. Осы ережеге сай рұқсат етілмейтін жағдайлар
9. Осы ережеге сай рұқсат етілмейтін жағдайлар
Тармақ 35
35. Тұрғын орын аймағында тыйым салынады:
Тармақша 1
1) аудандық (қалалық) санитарлық-эпидемиологиялық станциясының рұқсатынсыз тұрмыс қалдықтарын кез келген орынға жинауға болмайды;
Тармақша 2
2) тұрмыстық және ас қалдықтарын шығару кестесін бұруға болмайды;
Тармақша 3
3) құрылыс заттарын, отын, көмір, шөп, сабан, улы химикаттар, темір қалдықтары, техника құралдары, тыңайтқыштар т.б. заттарды көшелерге, тротуарларға, гүлзарларға, үй ауласының көше жағына жинауға тыйым салынады;
Тармақша 4
4) көшенің көлік жүретін, жаяу адамдар жүретін жерлерін, суаттарды, су жағалауларын, құрылыс салынбаған ашық алаңдарды, көгалдарды т.б. қоғамдық орындарды ластауға болмайды (шылым қалдықтары, шөлмектер, қағаздар т.б.);
Тармақша 5
5) өзендер мен сулардың ауыз су алатын жерлерінде, артезиан скважиналары, құдықтар, су алатын колонкалар маңында транспорт құралдарын жууға, кір жууға, мал суарып суға айдауға болмайды;
Тармақша 6
6) көшелерде, гүлзарларда, бақтарда, парктерде, стадиондарда, мектеп ауласында т.б. қоғамдық орындарда мал, құс жаюға не айдауға болмайды;
Тармақша 7
7) әдейі көрсетілген жерден басқа орында иттерді серуендетуге, босатуға, орындарды ластауға болмайды. Ластаған жағдайда ит иелері өздері тазалаулары керек;
Тармақша 8
8) қала көшелерінде шынжыр табан тракторлар жүруіне тыйым салынады;
Тармақша 9
9) жасыл алқаптарда отырғызылған қоғамдық орындарда дәнді дақылдар, көкөністер отырғызуға болмайды;
Тармақша 10
10) әдейі жабдықталмаған көліктермен төгіліп шашылатын жүк тасуға болмайды;
Тармақша 11
11) жол жөндеу және басқа жер жұмыстарын жүргізу кезінде жол жиегіндегі көгалдарды, жол үстін, жиегін, құдық қақпақтарын, су ағызатын торларды, жолдың шетіндегі жерді, құбырларды, геодезиялық белгілерді топырақпен көмуге не зақым келтіруге болмайды;
Тармақша 12
12) жылу су жүйелерінің немесе канализация жүйелерінің істен шығу кезінде жүргізілетін шұғыл жұмыстары кезінде қалдық суларды жолға немесе тротуарға ағызуға болмайды;
Тармақша 13
13) кәсіпорын, мекеме, ұйым аулаларында, көшелерде, тротуарларда, гүлзарларда, халық тұратын жерлерде, жеке аулаларда қоқыстарды және қалдық шөп-жапырақтарды өртеуге болмайды;
Тармақша 14
14) әдейі арналған жер болмаса өз бетімен әр жерде хабарландырулар, жарнамалар, жарқағаздар, ескертулер ілуге болмайды;
Тармақша 15
15) түн мезгілінде, сағат 23.00 ден таңғы сағат 6.00 дейін қатты музыка не басқа дабылдармен тыныштық бұзуға болмайды.
Тармақ 36
36. Жасыл алаңқайлардың территориясында тиым салынады:
Тармақша 1
1) өсімдіктерді жұлуға, кесуге, шөп өсіп тұрған жермен жүруге, сындыруға болмайды;
Тармақша 2
2) жолдарды тазарту кезінде ас тұзын тағы басқа көкөніске зиянды заттарды қолдануға болмайды;
Тармақша 3
3) шөп өсіп тұрған жерлерде автокөлікпен, мотоциклмен, велосипедпен т.б. транспорт түрлерімен жүруге болмайды (тек әдейі арналған жұмыс машиналарға ғана рұқсат етіледі);
Тармақша 4
4) ағаш қатарларының қасына, гүлзарларға, балалар ойнайтын алаңдарға көліктер қоюға, аялдама жасауға болмайды;
Тармақша 5
5) өртке қарсы ережелер бұзуға от жағуға болмайды;
Тармақша 6
6) өсіп тұрған ағаштарды электр жүйесі тарту, сымдар ілу, өткеншек жасау үшін пайдалануға болмайды;
Тармақша 7
7) көк алқап өсіру мекемесінің рұқсатынсыз мезгілсіз уақытта ағаштарды бұтауға болмайды;
Тармақша 8
8) экология мамандарымен келіспей ағаштар мен бұталарды кесуге болмайды;
Тармақша 9
9) өз бетімен қоршаулар орнатуға болмайды.
Тарау 10. 10. Осы ережелер бұзылған жағдайда жауапкершілік
10. Осы ережелер бұзылған жағдайда жауапкершілік
Тармақ 37
37. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің орнатқан тәртібіне сәйкес осы ережелерді бұзушы жеке және заңды тұлғалар жауапкершілікке тартылады.