Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 1-1
1-1. Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Басқа 8. Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына 1-қосымша Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы № Елді мекен Тәрбиеленушілердің саны Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) 9 сағаттық режимдегі топта болу 10,5–12 сағаттық режимдегі топта болу санаторлы топта арнайы топтар 1 қала 19795 53890 58344 86250 103250 2 ауыл 5958 59600 64768 96957 116633
Басқа 9. Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына 2-қосымша Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері № Мектепке дейінгі ұйымдардың орналасқан жері Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы ата-ананың бір айдағы төлемақысының мөлшері (теңге) 3 жасқа дейін/3 жастан бастап 9 сағаттық режимдегі топтар 10,5 сағаттық режимдегі топтар 12 сағаттық режимдегі топтар 1 2 3 4 5 1 Алтынсарин ауданы 3 жасқа дейін – 13828 3 жастан бастап – 16922 - - 2 Амангелді ауданы - 3 жасқа дейін – 11817 3 жастан бастап – 15747 - 3 Арқалық қаласы 3 жасқа дейін – 16240 3 жастан бастап – 19161 3 жасқа дейін – 20000 3 жастан бастап – 24000 3 жасқа дейін – 20800 3 жастан бастап – 25100 4 Әулиекөл ауданы - 3 жасқа дейін – 14151 3 жастан бастап – 18046 - 5 Бейімбет Майлин ауданы 3 жасқа дейін – 16500 3 жастан бастап – 19500 3 жасқа дейін – 18043 3 жастан бастап – 21089 - 6 Денисов ауданы - 3 жасқа дейін – 15067 3 жастан бастап – 19362 - 7 Жангелдин ауданы - 3 жасқа дейін – 13640 3 жастан бастап – 16500 - 8 Жітіқара ауданы - 3 жасқа дейін – 17451 3 жастан бастап – 20865 - 9 Қамысты ауданы 3 жасқа дейін – 17820 3 жастан бастап – 21298 3 жасқа дейін – 17820 3 жастан бастап – 21298 - 10 Қарабалық ауданы - 3 жасқа дейін – 16500 3 жастан бастап – 19900 - 11 Қарасу ауданы - 3 жасқа дейін – 15272 3 жастан бастап – 18297 - 12 Қостанай ауданы - 3 жасқа дейін – 16093 3 жастан бастап – 19479 3 жасқа дейін – 19696 3 жастан бастап – 23819 13 Қостанай қаласы - - 3 жасқа дейін – 20312 3 жастан бастап – 24020 14 Лисаков қаласы - 3 жасқа дейін – 15902 3 жастан бастап – 20199 - 15 Меңдіқара ауданы - 3 жасқа дейін – 15539 3 жастан бастап – 20557 - 16 Науырзым ауданы - 3 жасқа дейін – 15500 3 жастан бастап – 19131 - 17 Рудный қаласы - 3 жасқа дейін – 21587 3 жастан бастап – 23864 18 Сарыкөл ауданы 3 жасқа дейін – 14358 3 жастан бастап – 17173 3 жасқа дейін – 14358 3 жастан бастап – 17173 - 19 Ұзынкөл ауданы - 3 жасқа дейін – 15630 3 жастан бастап – 120620 - 20 Федоров ауданы - 3 жасқа дейін – 15370 3 жастан бастап – 20156 -