Об утверждении Перечня товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются способом конкурса с использованием рейтингово-балльной системы Күшін жойған
Басқа 0
Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен
мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-2-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариалануға жатады.
Басқа 1. Мемлекеттік сатып алу рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 18 қаңтардағы
№ 46 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік сатып алу рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№
Атауы
1.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары
2.
Жобалау жұмыстары
3.
Техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер