Об утверждении Методики определения гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости товаров и (или) услуг, приобретаемых лицами с инвалидностью через портал социальных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаториялық-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың мөлшерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 15 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19900 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 20 қаңтардағы
№ 20 Бұйрығымен
бекітілген
Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 9-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау мақсатында қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектердің белсенді және баяу жүріп-тұруына арналған техникалық көмек түрі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарында оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісі болып табылады»;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдар – облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы;
Тармақша 4
4) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар – протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдар;
Тармақша 5
5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әлеуметтік-еңбек саласында, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау
2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау
Тармақ 3
3. Кепілдік берілген сома Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26087 болып тіркелген) мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп – тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың және арнаулы жүріп-тұру құралдарының (бұдан әрі – тауар) және санаторий-курорттық емдеудің әрбір түрі үшін айқындалады.
Тармақ 4
4. Кепілдік берілген соманы айқындауға арналған ақпарат дереккөздеріне (бұдан әрі – дереккөздер) мыналар жатады:
Тармақша 1
1) портал деректері (бұдан әрі – бірінші дереккөз) – өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдардың тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу деректері (бұдан әрі – екінші дереккөз) – өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні;
Тармақша 3
3) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуетті берушілердің коммерциялық ұсыныстары (прайс-парақтар) (бұдан әрі – үшінші дереккөз) – берушілер ұсынған үш коммерциялық ұсыныстың ішіндегі ең төменгі баға.
Тармақ 5
5. Екі дереккөздің біреуінің: бірінші немесе екіншісінің деректері болмаған кезде кепілдік берілген соманы айқындау үшінші дереккөздің және екі дереккөздің біреуінің деректері негізінде жүзеге асырылады.
Бірінші және екінші дереккөздердің деректері болмаған кезде кепілдік берілген соманы айқындау үшінші дереккөз негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Бағалардың орташа мәнін есептеу
1-параграф. Бағалардың орташа мәнін есептеу
Тармақ 6
6. Бағаның орташа мәні мынадай формула бойынша есептеледі:
БОМ = (Б1* Δ1 + ... Б∞ * Δ∞), мұнда:
БОМ – бағаның орташа мәні;
Б1 – бір бағамен сатылған тауардың/қызметтің бір түрі үшін баға;
Δ1 – сатылған тауардың/қызметтің бір түрінің жалпы санынан бір баға бойынша өткізілген тауардың/қызметтің бір түрі санының үлесі (бұдан әрі – үлес).
Үлес мынадай формула бойынша есептеледі:
Δ1... ∞ = C1... ∞/∑C, мұнда:
С1 – бір бағамен сатылған тауардың/қызметтің бір түрінің саны;
∑С – сатылған тауардың/қызметтің бір түрінің жалпы саны.
Бағаның орташа мәнін есептеу кезінде сатылған тауардың/көрсетілетін қызметтің саны сатудың жалпы санының 5% - ынан кем болатын ең төменгі және ең жоғары бағалардан басқа, бірінші көздің деректері пайдаланылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Ұсынылатын кепілдік берілген соманы есептеу мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) қызметтердің құнын өтеу ретінде
2-параграф. Ұсынылатын кепілдік берілген соманы есептеу мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) қызметтердің құнын өтеу ретінде
Тармақ 7
7. Бір бірлік тауар және (немесе) көрсетілетін қызмет үшін кепілдік берілген сома осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген дереккөздерден нақты бағаларды орташалау негізінде мынадай формулалардың бірі бойынша есептеледі:
Тармақша 1
1) барлық үш дереккөздің: бірінші, екінші және үшінші дереккөздердің деректері болған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:
КБС = (БОМ1 + БОМ2 + ЕТБ3)/3, мұнда:
КБС – кепілдік берілген сома;
БОМ1 – бірінші дереккөз бағасының орташа мәні;
БОМ2 – екінші дереккөз бағасының орташа мәні;
ЕТБ3 – үшінші дереккөз берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға;
Тармақша 2
2) екінші дереккөздің деректері болмаған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:
КБС = (БОМ1 + ЕТБ3)/2, мұнда:
КБС – кепілдік берілген сома;
БОМ1 – бірінші дереккөз бағасының орташа мәні;
ЕТБ3 – үшінші дереккөз берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға;
Тармақша 3
3) бірінші дереккөздің деректері болмаған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:
КБС = (БОМ2 + ЕТБ3)/2, мұнда:
КБС – кепілдік берілген сома;
БОМ2 – екінші дереккөз бағасының орташа мәні;
ЕТБ3 – үшінші дереккөз берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға;
Тармақша 4
4) бірінші және екінші дереккөздердің деректері болмаған кезде тауарларға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге кепілдік берілген сома мынадай формула бойынша есептеледі:
КБС = ЕТБ3, мұнда:
КБС – кепілдік берілген сома;
ЕТБ3 – үшінші дереккөз берушілерінің ұсынған үш коммерциялық ұсынысының ішіндегі ең төмен баға.
Тарау 3. 3-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтеріне құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау
3-тарау. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатып алатын жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтеріне құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау
Тармақ 8
8. Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің он екі пайызы есебінен айқындалады.
КБС = АЕК*12%, мұнда
КБС – кепілдік берілген сома
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 9
9. Ымдау тілі маманының бір сағаттық әлеуметтік қызметтеріне кепілдік берілген сома тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2,1 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады.
КБС = 2,1*АЕК, мұнда:
КБС кепілдік берілген сома;
2,1 – коэффициент;
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.
Тармақ 10
10. Келесі қаржы жылына арналған кепілдік берілген соманы айқындауды уәкілетті орган құратын комиссия ағымдағы қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей жүзеге асырады.