Об уплате акцизов по импортируемым подакцизным товарам, подлежащим обязательной маркировке марками акцизного сбора Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Акциздік алым маркаларымен міндетті таңбалауға жататын импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздер төлеу туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметіні 1999.04.19. № 431 қаулысымен Бюджетке акциздік алым маркаларымен міндетті таңбалауға жататын импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Акциздік алым маркаларымен міндетті таңбалауға жататын импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша акциздер төлеу, акциздік алым маркілерін сатып алу сәтінде, импортталатын таңбаланған акцизделетін тауарларды кедендік ресімдейтін кеден органына жүргізіледі деп белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі акциздік алым маркаларымен міндетті түрде таңбалауды енгізу туралы" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 518-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 7-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі бұрын қабылданған шешімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялауға жатады.