Об установлении публичного сервитута Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Восток нефть и сервисное обслуживание» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Темір ауданы, Саркөл ауылдық округі, Шұбарши ауылы мекен жайынан өндірістік базасы мен вахталық қалашыққа кірме жол орналастыру және қызмет көрсету үшін жалпы көлемі – 0,0163 га жер учаскесін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2022 жылдың маусым айына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Темір аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кешіктермей күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.