Об утверждении регламента собрания местного сообщества поселка Жайрем города Каражал Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаражал қаласы Жәйрем кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 қыркүекте № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаражал қаласы Жәйрем кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаражал қалалық мәслихатының «Қаражал қаласы Жәйрем кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» 2018 жылғы 17 тамыздағы №230 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4923 болып тіркелген) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін халық саны екі мың адамнан көп Қаражал қаласы Жәйрем кенті үшін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Қаражал қаласы Жәйрем кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
Қаражал қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №80 шешіміне қосымша Қаражал қаласы Жәйрем кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаражал қаласы Жәйрем кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
Тармақша 3
3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты Жәйрем кентінің қызметінің мәселелері;
Тармақша 4
4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
Тармақша 5
5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады. Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны Жәйрем кенті халқының жалпы санына байланысты, 11 - ден 15-ке дейін жиналыс мүшелеріне айқындалады.
Тармақ 3-1
3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі
2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі
Тармақ 4
4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі: бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау; Жәйрем кентінің бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу; аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, Жәйрем кентінің бюджетін түзетуді келісу; Жәйрем кентінің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі Жәйрем кенті аппаратының шешімдерін келісу; Жәйрем кенті бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру; Жәйрем кенті бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау; Жәйрем кентінің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу; Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау; Жәйрем кентінің әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті Қаражал қалалық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Қаражал қаласы әкімінің Жәйрем кентінің әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу; Жәйрем кентінің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау; Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және Жәйрем кентінің аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу; жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.
Тармақ 5
5. Жиналысты Жәйрем кентінің әкімі дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі. Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, Жәйрем кентінің әкіміне еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды. Жәйрем кентінің әкімі үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 6
6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, жиналыстың мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе жиналысқа шақырылғаны туралы қағаз нұсқада ақпараттық стендтерде, телефон арқылы оның ішінде ұялы байланыс арқылы қоңырау шалу немесе Whatsapp, Instagram, Telegram мессенджерлерін пайдалану арқылы хабарлама жіберу тәсілімен хабардар етіледі. Жәйрем кенті әкімнің аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.
Тармақ 7
7. Жиналысты шақыру алдында Жәйрем кенті әкімнің аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін Жәйрем кентінің әкімі немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді. Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Жиналысты шақыруды Жәйрем кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады. Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.
Тармақ 9
9. Жиналыстың күн тәртібін Жәйрем кенті әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады. Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады. Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін. Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді. Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
Тармақ 10
10. Жиналысты Қаражал қаласының әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға Қаражал қалалық мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 11
11. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады. Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады. Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады. Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.
Тарау 3. 3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі
3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі
Тармақ 12
12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Жиналыстың шешімі хаттамамен рәсімделеді, онда:
Тармақша 1
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
Тармақша 2
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
Тармақша 3
3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген тізім;
Тармақша 4
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
Тармақша 5
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі. Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама Жәйрем кенті әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Жәйрем кенті әкіміне беріледі. Жәйрем кенті әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Қаражал қалалық мәслихатына беріледі.
Тармақ 13
13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді Жәйрем кенті әкімі қарайды және Жәйрем кенті әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.
Тармақ 14
14. Жәйрем кентінің әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі. Жәйрем кенті әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім шешеді. Жәйрем кентінің әкімі екі жұмыс күні ішінде жоғары тұрған әкімнің және Қаражал қалалық мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді. Бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен Қаражал қалалық мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін жоғары тұрған әкім шешім қабылдайды.
Тармақ 15
15. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және Жәйрем кентінің әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді Жәйрем кенті әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе ақпараттық стендтерде қағаз нұсқадағы хабарландыруды ілу немесе WhatsApp, Instagram, Telegram мессенджерлерін пайдалану арқылы хабарлама жіберу жолымен таратады.
Тарау 4. 4-тарау. Жергілікті қоғамдыстық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау
4-тарау. Жергілікті қоғамдыстық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау
Тармақ 17
17. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.
Тармақ 18
18. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы Қаражал қаласының әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды. Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс Қаражал қаласының әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың тәртіптік жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.