О городской комиссии по обеспечению безопасности на транспорте Күшін жойған
Басқа 0
Көліктегі қауіпсіздігі қамтамасыз ету жөніндегі қалалық комиссия туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі № 391 «Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» Қаулысына сәйкес және апатты азайту, көлік кешенінің жұмыс қауіпсіздігін көтеру, жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволардың көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің іс-әрекеттерін үйлестіру бойынша ұсыныстарын әзірлеу мақсатында Рудный қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жеке құрамы Рудный қалалық мәслихатында бекітілген Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қалалық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қалалық комиссия туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау және Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Кусаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Рудный қаласы әкімиятының
2003 жылғы 26 маусымдағы
№ 392 қаулысымен бекітілген
Көліктегі қауіпсіздігі қамтамасыз ету
жөніндегі қалалық комиссияның
ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі - комиссия) мемлекеттік басқарудың қалалық органдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ғылыми қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тиісті бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға, осы мақсаттарға бөлінген қаражатты тиімді пайдалануға байланысты мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге арналған кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін келесі бағыттарға жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Көліктегі апат себептерін қарау және талдау және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
Тармақша 2
2) Басымдықтарды анықтау және көліктегі апатты төмендету жөніндегі бағдарламаларды, жобаларды және іс-шараларды әзірлеуге және іске жәрдем беру;
Тармақша 3
3) Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басымды бағыттарында: автомобиль жолдары мен темір жол өткеледерін, қалалар мен елді мекендердің көше жүйелерін салу және қайта жаңарту, техникалық сипаттарын жақсарту бағдарламаларында ғылыми-техникалық әлеуеттің, материалдық-техникалық ресурстардың және бюджеттік қаржы бөлулердің дамуына және шоғырлануына жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) Шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамдық бірлестіктердің көлік оқиғаларының алдын алу және оның салдарынан болатын ауыртпалықтарды төмендету, осы жұмыстың дұрыс тәжірибесін тарату мәселелері жөніндегі жұмыс тәжірибелерін меңгеру;
Тармақша 5
5) Қалалық басқармалардың, комитеттердің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын талдау және көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
Тармақша 6
6) Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қалалық ведомстволық қызметтер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жәрдемдесу көмек көрсету;
Тармақша 7
7) Халықты барлық жасаралық топтарын «Жол қозғалысының ережелеріне» оқытуға, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша білімді насихаттауға жәрдемдесу;
Тармақша 8
8) Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шетелдік озық тәжірибені игеру, көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етудің халықаралық ұйымдастыру механизмдерін енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Тармақ 3
3. Комиссия мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) Қалалық басқармалардан, комитеттерден көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша олардың қызметін көрсететін мәліметтер сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) Қалалық басқармаларда, комитеттерде, кәсіпорындарда және ұйымдарда көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексерістер жүргізуді ұйымдастыруға;
Тармақша 3
3) Өздерінің мәжілістерінде қалалық басқармалардың, комитеттердің, ұйымдар басшыларының және кәсіпорындардың көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша баяндамаларын және есеп берулерін тыңдауға;
Тармақша 4
4) Қалалық басқармаларға, комитеттерге ведомствоға қарасты көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуші басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) Тиісті қалалық басқармалар, комитеттер басшыларының келісімі бойынша көлікте қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша материалдарды дайындауға қатысу үшін, сонымен қатар қалалық басқармалардың, комитеттердің осы мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін және қала әкімінің шешімдерін орындауын игеру және талдау үшін білікті мамандарды тартуға.
Тармақ 4
4. Комиссия өзінің жұмысын комиссияның төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жүргізеді. Комиссия мәжілістері тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсыныстық сипатта болады.
Тармақ 5
5. Комиссия жұмысын ұйымдастыру техникалық қамтамасыз етуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады.