Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы Күшін жойған
Басқа 0
Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31- бабы 1 - тармағының 14-1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1 және 2- қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауын;
Тармақша 2
2) оның ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Селихановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 442 қаулысына
1 қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы
Жылдың басына тізім бойынша жұмысшылардың саны (адам)
Жұмысшылардың тізімдік санынан бекітілген квота мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
«Шығыстүстімет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Орлов өндірістік кешені
1793
0.2
4
Бородулиха ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Коммуналдық шаруашылық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
35
3
1
«Красный Партизан» шаруа қожалығы
56
2
1
«Семейгидрогеология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
104
2
2
Басқа 8. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 442 қаулысына
2 қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы
Жылдың басына тізім бойынша жұмысшылардың саны (адам)
Жұмысшылардың тізімдік санынан бекітілген квота мөлшері (%)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемелекеттік мекемесінің Бородулиха филиалы
114
3
3
«Новая Заря» шаруа қожалығы
140
0,5
1
«Семейгидрогеология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
104
1
1
«Красный Партизан» шаруа қожалығы
56
2
1