Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории сельского округа Кемеңгер Павлодарского района Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Павлодар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы «Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» № 78/367 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7167 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі
Павлодар
аудандық мәслихатының
2022 жылғы 26 қаңтардағы
№ 20/108 шешімімен
бекітілген
Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі (бұдан әрі – тәртіп) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2-тарау. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
2-тарау. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін Кемеңгер ауылдық округінің аумағы: Кемеңгер, Шанды, станция Красноармейка ауылдары учаскелеріне бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын Кемеңгер ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Кемеңгер ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастықтың халқы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Кемеңгер ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Кемеңгер ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Кемеңгер ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Кемеңгер ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Кемеңгер ауылдық округ әкімінің аппаратына тапсырады.
Тарау 3. 3-тарау. Кемеңгер ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
3-тарау. Кемеңгер ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Тармақ 13
13. Кемеңгер ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны мынадай тәртіппен айқындалады:
Кемеңгер ауылы үшін – 3 адам;
Шанды ауылы үшін – 2 адам;
Красноармейка станциясы үшін – 2 адам.