Об утверждении Методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации по городу Нур-Султан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабының 4-1) тармағына, «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 506-209 Қаулысымен бекітілген Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі
Тармақ 1
1. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
Тармақ 2
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады. Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі бойынша базалық бағаны осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес айқындалады.
Тармақ 3
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны; Bn – газетте орналастырылатын бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы; V – газетте орналастырылатын, см2 - мен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі; Kq – газет таралымына түзету коэффициенті: 200 000 данаға дейін – 1,3; 100 000 данаға дейін – 1,15; 50 000 данаға дейін – 1; 30 000 данаға дейін – 0,9; 20 000 данаға дейін – 0,8; 10 000 данаға дейін – 0,65; 5 000 данаға дейін – 0,5;
Тармақша 2
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны; Bm – журналда орналастырылатын бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға; V – см2 есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі; Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті: 15 000 данаға дейін – 1,2; 10 000 данаға дейін – 1,1; 8 000 данаға дейін – 1; 5 000 данаға дейін – 0,9; 3 000 данаға дейін – 0,8; 1 000 данаға дейін – 0,7.
Тармақ 4
4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда: Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны; Bi – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы; V – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі; Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті: айына 500 000 кірушіге дейін – 1; айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1; айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2; айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3; айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.
Тармақ 5
5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны; Btv – телевизияда көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы; V – телевизияда көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.
Тармақ 6
6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны; Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы; V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі
Басқа 1.1. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасы
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесіне қосымша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасы № Қыз­мет­тің ата­уы Өл­шем бір­лі­гі 2022 жыл (тең­ге) 2023 жыл (тең­ге) 2024 жыл және ал­да­ғы жыл­дар (тең­ге) 1 2 3 4 5 6 1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ла­тын бас­па ба­сы­лы­мын­да­ғы (га­зет) қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды (ма­қа­ла/сұх­бат, тал­дау, лон­грид, фо­то­ре­пор­таж, жур­на­ли­стік зерт­теу, очерк, са­рап­шы­лық ком­мен­та­рий, ин­фо­гра­фи­ка/ кол­лаж, фо­то) әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Bn) шар­шы сан­ти­метр 577 606 636 2. Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ла­тын бас­па ба­сы­лы­мын­да­ғы (га­зет) қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды (ма­қа­ла/сұх­бат, тал­дау, лон­грид, фо­то­ре­пор­таж, жур­на­ли­стік зерт­теу, очерк, са­рап­шы­лық ком­мен­та­рий, ин­фо­гра­фи­ка/ кол­лаж, фо­то) әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Bn) шар­шы сан­ти­метр 303 318 334 3. Бас­па ба­сы­лы­мын­да­ғы (жур­нал) қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды (ре­пор­таж, сұх­бат, ма­қа­ла, шо­лу, очерк, ло­го­тип ор­на­лас­қан ар­найы ай­дар, ин­фо­гра­фи­ка/кол­лаж, фо­то) әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Bn) шар­шы сан­ти­метр 213 224 235 4. Ин­тер­нет-ре­сур­с­та­ғы қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­ды әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Bi) сим­вол 74 78 82 5. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ла­тын те­ле­ар­на­да­ғы қыз­мет (ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал (жа­ңа­лық­тар сю­же­ті) әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Btv) ми­нут 186 300 195 615 205 395 6. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да та­ра­ла­тын те­ле­ар­на­да­ғы қыз­мет (де­ректі фильм әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Btv) ми­нут 187 500 196 875 206 718 7. Ра­дио­ар­на­да­ғы қыз­мет (ақ­па­рат­тық бағ­дар­ла­ма­ны әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Br) ми­нут 10 600 11 130 11 687 8. Ра­дио­ар­на­да­ғы қыз­мет (аудио­ро­лик­ті әзір­леу және ор­на­ла­сты­ру) (Br) се­кунд 191 200 211