О переименовании некоторых республиканских государственных учреждений Министерства образования и науки Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң кейбiр республикалық мемлекеттiк мекемелерiн қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Республикалық қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдетіп оқытатын мектеп-интернаты" және "О.Жәутiков атындағы республикалық физика-математика мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты" және "О.Жәутiков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемелерi болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.