Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Талдысай Нуринского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұра ауданы Талдысай ауылының аумағында шектеу іс-шаралар белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 02-13-25 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Нұра ауданы Талдысай ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан вирустық диарея және инфекциялық ринотрахеит аурулар анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Нұра ауданы Талдысай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Нұра ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.