Об утверждении Положения о государственном учреждении «Рудненский городской отдел предпринимательства» акимата города Рудного Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулыны Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
Тармақша 3
3) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Рудный қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «25» қаңтардағы № 81 қаулысымен бекітілген Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Мекеменің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111500, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Ленин көшесі, 95 құрылыс.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Рудный қаласының кәсіпкерлік саласын дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Тармақша 2
2) қаланың кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлік саласындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің тізілімін жүргізу және өзекті ету;
Тармақша 5
5) мереке өткізу кезінде бөлшек сауданы ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) Мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Мекеменің мүддесін білдіру; өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс және қала әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау; бөлім құзыретінің мәселелері бойынша қала әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) туристік қызметтер көрсету нарығын талдау және уәкілетті органға қала аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
Тармақша 3
3) қалалық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
Тармақша 4
4) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға және дамытуға байланысты мәселелерде әдістемелік және кеңес беру көмегін көрсету;
Тармақша 5
5) Рудный қаласының аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) кеңестер мен конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мекеме атынан өкілдік етеді;
Тармақша 2
2) Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 3
3) Мекеме қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Мекемеге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
Тармақша 4
4) Мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті емес шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 5
5) бұйрықтар шығарады;
Тармақша 6
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
Тармақша 7
7) еңбек қатынастарының мәселелері құзыретіне жататын мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мекеменің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерді тағайындайды, босатады, оларға тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;
Тармақша 8
8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 20
20. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 21
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 22
22. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.