Об утверждении методики определения стоимости услуг, закупаемых для проведения государственной информационной политики в средствах массовой информации на территории Туркестанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі міндетін атқарушының «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А.Қалқамановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 20 қаулысымен бекітілген Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
Тармақ 1
1. Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі міндетін атқарушының «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» 2021 жылғы 19 мамырдағы № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22807 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
Тармақ 2
2. Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
Тармақ 3
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны; Bn – газетте орналастырылатын бір шаршы сантиметр көрсетілетін қызметтің базалық бағасы; V – газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызмет көлемі; Kq – газет таралымына түзету коэффициенті: 200 000 данаға дейін – 1,3; 100 000 данаға дейін – 1,15; 50 000 данаға дейін – 1; 30 000 данаға дейін – 0,9; 20 000 данаға дейін – 0,8; 10 000 данаға дейін – 0,65; 5 000 данаға дейін – 0,5;
Тармақша 2
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда: Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны; Bm – журналда орналастырылатын бір шаршы сантиметр көрсетілетін қызмет үшін базалық баға; V – шаршы сантиметрмен есептелетін журналда орналастырылатын көрсетілетін қызмет көлемі; Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті: 15 000 данаға дейін – 1,2; 10 000 данаға дейін – 1,1; 8 000 данаға дейін – 1; 5 000 данаға дейін – 0,9; 3 000 данаға дейін – 0,8; 1 000 данаға дейін – 0,7.
Тармақ 4
4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда: Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны; Bi – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундінің, минутының, данасының базалық бағасы; V – интернет-ресурста көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі; Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті: айына 500 000 кірушіге дейін – 1; айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1; айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2; айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3; айына 5 000 000 кірушіден жоғары – 1,4.
Тармақ 5
5. Телевизияда көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, теледидардағы көрсетілетін қызметтің құны; Btv – телевизияда көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы; V – телевизияда көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады. 6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда: Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны; Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының базалық бағасы; V – радиоарнада көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Басқа 12. Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтің әрбір түрі үшін базалық бағалар
Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау Әдістемесіне қосымша Түркістан облысы аумағында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтің әрбір түрі үшін базалық бағалар № Қызметтің атауы Өлшем бірлігі 2022 жылға базалық баға (теңге) 2023 жылға базалық баға (теңге) 2024 және алдағы жылдарға базалық баға (теңге) 1 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) (ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bn) шаршы сантиметр 853 887 923 2 Түркістан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) (ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bn) шаршы сантиметр 281 292 304 3 Түркістан облысының қалалары мен аудандары аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) (ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bn) шаршы сантиметр 150 156 162 4 Түркістан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) (ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bm) шаршы сантиметр 625 650 676 5 Республикалық маңызы бар мәселелерді қамтитын интернет-ресурста (ақпараттық материалды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bi) таңба 195 203 211 6 Өңірлік маңызы бар мәселелерді қамтитын интернет-ресурста (ақпараттық материалды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bi) таңба 6 6,2 6,5 7 Өңірлік маңызы бар мәселелерді қамтитын интернет-ресурста (бейнероликтер, фильмдер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bi) секунд 10000 10400 10816 8 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 520 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) 520 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) 520 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) 9 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (жаңалықтар сюжеттерін әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 666 667 666 667 666 667 10 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (ойын-сауық шоулар, музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 85 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) 85 000 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 10 000) 85 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) 11 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (реалити шоулар әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 72 500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) 72 500 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 10 000) 72 500 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 10 000) 12 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (телевизиялық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут *60 812 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) *60 812 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 10 000) *60 812 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 10 000) 13 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (ток шоулар әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 46 250 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000) 46 250 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 10 000) 46 250 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 10 000) 14 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (деректі фильмдер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 187 500 187 500 187 500 15 Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (бейнероликтер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) секунд 22 000 22 000 22 000 16 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (ақпараттық-талдамалық бағдарламалар әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 45 000 (оның ішінде орналастыру қызмет- тері 21 667) 46 267 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 22 264) 47 467 (оның ішінде орналастыру қызметтері 22 833) 17 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (жаңалықтық сюжеттер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 33 333 34 250 35 167 18 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (білім беру бағдарламаларын әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 27 667 (оның ішінде орналастыру қызметтері 13 000) 28 600 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 13 433) 29 467 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 13 833) 19 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (танымдық бағдарламалар әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 31 667 (оның ішінде орналастыру қызметтері 15 000) 32 600 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 15 433) 33 467 (оның ішінде орналастыру қызметтері 15 833) 20 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (телевизиялық бағдарламалар әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут *41 667 (оның ішінде орналастыру қызметтері 20 000) *42 933 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 20 600) *44 133 (оның ішінде орналастыру қызметтері 21 167) 21 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (ток шоулар әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 59 500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 29 500) 61 500 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 30 500) 63 500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 31 500) 22 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (реалити шоулар әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 110 000 113 000 116 000 23 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (деректі фильмдер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 70000 72000 74000 24 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (анимациялық фильмдер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 220 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 110 000) 226 000 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 113 000) 232 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 116 000) 25 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (бейнероликтер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) секунд 16 750 (оның ішінде орналастыру қызметтері 1 750) 17 300 (оның ішінде орналас-тыру қызметтері 1 800) 17 850 (оның ішінде орналастыру қызметтері 1 850) 26 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (бір маусымды сериалдық өнімдер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 1 000000 1 025 000 1 050 000 27 Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының қалалары мен аудандары аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (ақпараттық-талдамалық бағдарламалар, жаңалықтық сюжеттер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv) минут 5000 5200 5408 28 Жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз ету (Btv) минут 2581 2684 2791 29 Түркістан облысының аумағында таратылатын радиоарнада (ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Br) минут 20 000 20 800 21 632 30 Түркістан облысының аумағында таратылатын радиоарнада (аудиороликтерді әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Br) секунд 580 603 627 Ескертпе: *Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру құны базалық (Btv) болады.