Об утверждении правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания Министерства образования и науки Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 3 ақпандағы № 37
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтанушылық зерттеу – зерттеу нысанасын жан-жақты талдаумен сипатталатын әлеуметтік процестер мен құбылыстарды зерделеуге, сондай-ақ оларды кейіннен орын алған проблемаларды шешуде пайдалану үшін анық деректер алуға бағытталған зерттеу;
Тармақша 2
2) зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;
Тармақша 3
3) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген) бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау жөніндегі не ахуалды егжей-тегжейлі талдау; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін (мынадай негізгі қызмет түрлері шеңберінде: басқару консалтингі, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалтингтік қызметтер) арттыру үшін одан әрі іс-қимылды түзеу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша консалтингтік қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, «Aстана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын «Елбасы Aкадемиясы» корпоративтік қорына, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс;
Тармақша 5
5) талдамалық зерттеу – талдамалық әдістер негізінде экономиканың нақты сегментінде мемлекеттік міндеттерді шешу және мемлекеттік саясатты іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеуге бағытталған зерттеу.
Тарау 2. 2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Зерттеудің, консалтингтік қызметтің, мемлекеттік тапсырманың құны зерттеу жүргізуге, консалтингтік қызмет көрсетуге, мемлекеттік тапсырманы орындауға тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды, тікелей шығыстар мен жанама шығыстарды негізге ала отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
Қ = ∑еат + тш + ЖШ, мұндағы
С – зерттеудің, консалтингтік қызметтің, мемлекеттік тапсырманың құны;
∑еат+тш – еңбекке ақы төлеу бойынша шығыстар сомасы;
ЕАТ – қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;
ТШ – осы Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, тікелей шығыстар;
КР – жанама шығындар.
Тарау 3. 3-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің, мемлекеттік тапсырманың құнын айқындауға арналған шығындардың түрлері
3-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің, мемлекеттік тапсырманың құнын айқындауға арналған шығындардың түрлері
Тармақ 4
4. Зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету және мемлекеттік тапсырма құнына мынадай шығыстар енгізілмейді:
Тармақша 1
1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;
Тармақша 2
2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;
Тармақша 3
3) демеушілік көмек;
Тармақша 4
4) айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыптары.
Тармақ 5
5. Тікелей шығындарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) зерттеулерді, консалтингтік қызметтерді, мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын қызметкерлердің (штаттағы және штаттан тыс) жалақысы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, персоналды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілердің аударымдары, зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін, мемлекеттік тапсырманы орындайтын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;
Тармақша 3
3) қосылған құн салығы;
Тармақша 4
4) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін, мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе)елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
Тармақша 5
5) сыртқы сарапшыларды тарту;
Тармақша 6
6) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын материалдарды сатып алу;
Тармақша 7
7) байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулері, телефон үшін абоненттік төлем, пошта-телеграф шығындары, факс, электрондық пошта, интернет);
Тармақша 8
8) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын көліктік көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 9
9) полиграфиялық шығындар (бланк өнімдерін тираждау: сауалнамалар, бағыт парақтары, карточкалар, есептер, тест тапсырмалары, түптеу, құжаттарды тігу және өңдеу);
Тармақша 10
10) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);
Тармақша 11
11) жалға алынатын үй-жайларда тікелей зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет болған жағдайларда жалдау ақысы;
Тармақша 12
12) банктік қызметтер;
Тармақша 13
13) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорына қолжетімділік;
Тармақша 14
14) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын аударма қызметтері;
Тармақша 15
15) халықаралық ұйымдарға мүшелік жарнаны төлеуге арналған шығыстар.
Тармақ 6
6. Жанама шығыстар көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнына тікелей жатпайды және мынадай шығыстарды қамтиды:
Тармақша 1
1) әкімшілік персоналдың жалақысы;
Тармақша 2
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары, жұмыс берушінің, әкімшілік персоналдың міндетті зейнетақы жарналары;
Тармақша 3
3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және басқалар);
Тармақша 4
4) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстары (Ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
Тармақша 5
5) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
Тармақша 6
6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу;
Тармақша 7
7) өзге де шығыстар (коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, ақпараттық қызметтер (жарнаманы қоспағанда), өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптардың сақталуы, күзет жөніндегі қызметтер, аудиторлық қызметтер, Банк қызметтері, нотариаттық қызметтер, типографиялық шығыстар).
Тармақ 7
7. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау кезіндегі шығыстардың әрбір бабын Тапсырыс беруші әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын пайдалана отырып қалыптастырады. Бұл ретте, баға дерекқорында көзделген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін нақты орташа бағадан аспайтын бағаға бағдарланады. Деректер базасында бағалар болмаған кезде жоспарланған шығыстарды негіздейтін құжаттар (шарттардың көшірмелері, прайс-парақтар) пайдаланылады.
Тармақ 8
8. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін қажетті тауарлардың құнын айқындау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын пайдалана отырып қалыптастырылады. Бұл ретте, баға дерекқорында көзделген тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін нақты орташа бағадан аспайтын бағаға бағдарланады. Деректер базасында бағалар болмаған кезде жоспарланған шығыстарды негіздейтін құжаттар (шарттардың көшірмелері, прайс-парақтар) пайдаланылады.